Өтілу формасы: дәріс сабақӨтілген мерзімі:17.07.20181 сыныпқа бару алдындағы қобалжу сезімі баланың ғана емес,ата-ананың алаңдаушылығы қаншалықты тез басылса,бала да,мектептен қорықпауды үйреніп,сабақтарға қызығушылық арта бастайды.Алаңдамас үшін балаңызға алдын-ала мұғалімді,баланың бойы мен салмағына сай сөмкесіне,мектепке киетін формасын,қажетті құралдарын таңдап,сатып алу керек.Бұл сіздің алаңдаушылығыңызды басады.Алаңдаушылықтың тағы бір түрі үй тапсырмасын орындауға кімнің көмектесетіні,оқушы мектептен келген соң демалып тынығуы керек.Үйге берілген тапсырманы бала анасының жанында үйде отырып дайындалуы қажет.Анасы қасында болған бала өзін еркін жайлы сезінеді.Білмеген жерін үйретер анасының бар екенін білген бала күннің қалай өткенін,мектепте не болғанын анасына сеніп айтып береді.Баламен дұрыс қарым-қатынас жасай білсеңіз ол отбасына жақын болады.Баланы мектепке дайындау кезін де ең маңызды әрекеті-ойынды тартып алмау керек.Баланың есте сақтау,ойлауын,сөйлеуін,елестету қабілетін дамыту керек.Балаңыз мектепке бармаймын деп қиқарланса оны алдымен тыныштандырыңыз,неге барғы келмейтінін анықтаңыз.Оқудың,білім алудың қызық екенін,кім көп білсе соның ұтатынын айтып түсіндіріңіз.Ең алдымен бала үшін партада отырып,мұғалімді тыңдау қиын,балабақшаға бармаған балалар да кездесуі мүмкін,бұл жағдайда баланы бір жыл дайындап,тыңдау,үйрену секілді әдеттерді қалыптастырыңыз.Егер отбасында ата-ананың біреуі жұмысына атүсті қараса,бала оны іліп алады.Бала ата-анасына қатты еліктейді,әсіресе жаман әдеттері мен қылықтарын қағып алады.Екінші жағдайда балаға мектеп қызық болмауы мүмкін.Оның бір себебі балаңыздың мәтінді жүргізіп оқуы,жаза білуі,өлеңді тез жаттап алуы,балаңыз қатарластарына қарағанда әлдеқайда озық.Үшінші жағдай мектепке балалардың төбелесуінен қорқуы.Ата-ана баласының сәттілігін шыдамдылықпен күткен жөн.Баланы мектептен алған бағасына,жақсы оқығанына қарай емес,адами қалпында жақсы көретініңізді білсін.Мектептен келген соң,асын ішіп,одан кейін,тынығып немесе таза ауада серуендеуі керек,осыдан кейін үй тапсырманы орындауы керек.6-7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар кіші мектеп жасындағы балалар болып саналады.6-жастан бастап бала ағзасында аналитикалық,физиологиялық пісіп,жетілуі болады.Сондықтан 6-7 жастағы балалар өте шапшаң,қозғалғыш,эмоционалдық қызығушылығы жоғары болады,бір орында тұрақтылып отыра алмайды.Зейіні тұрақсыз, сабақ үстінде көп алаңдайды. Балалар сабақта 25-30 минуттан кейін шаршай бастайды. Бейімделу кезеңі 4 аптадан -. Аптаға дейін созылуы мүмкін. Бейімделу кезеңі әр балада әр түрлі болады. Біреулері айқайлап шулайды, дәлізде әрі-бері жүгіріп жүреді,сабақ үстінде көп қозғалып,жан-жағына алаңдап отырады.Ал кейбіреуі керсінше көп сөйлемей,өзімен-өзі тұйықталып,ешкіммен сөйлеспей жүреді.Ұйқысы бұзылады,тамаққа тәбеті төмендейді,ашушаң болады,ауру сырқауы көбейеді.Ата-аналарға,кеңестер: 1.Баланың дмуына назар аударыңыз,баланың ағза қызметінің қалыптасумен мұқият танысу.Баланың білім алуына көмек жасаңыз.Балаңызды болашақ өмірге даярлаңыз.Бала тәрбиесінде алға қойған мақсатыңызды анықтап алыңыз.Жақсылықтың үлгі өнегесін көрсетіңіз.Балаға өз мүмкіндігінен артық үміт артпау.Балаға қай істе,қай жағдайда болсын сенім білдіріңіз.Отбасында тәртіп пен әдептілікті,салт-дәстүрге негізделген болсын.Салауатты ұрпақ өсіру үшін ең алдымен денсаулығына ерекше мән беріңіз.Әрбір ата-ана өз баласының ақыл ойының,жан-жақты дамуына жақсарту жолында әр түрлі үйірмелерге қатысуына жағдай жасау керек.Баланы мақтау жетілдірмейді,тәрбиелеу,баптау жетілдіреді.Әкеден-ақыл,Анадан-мейірім.Баланың бас ұстазы-ата-анасы.Бала-әр жанұяның бақыты,олай болса,өз бақытымызды бағалай білейік.Бала біздің болашағымыз болғандықтан жанұя мен мектептің байланысы өте жақсы болуы қажет.
Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Бірінші сыныптың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету. Дайындаған:Төлеубаева Ш.Б.
2018 жыл