Материалдар / 1а сынып оқушысы Маратқызы Аяла
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1а сынып оқушысы Маратқызы Аяла

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял Мұғалімдерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2021
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ильясова Азима Рамазановна Информатика пәні мұғалімі



«Ұстаз – ұлы қызмет»

тақырыбында эссе

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Адам бойындағы ең асыл қасиеттер — ізгілік пен білімділік. Ал адам жанына осы асылды дарытушы — ол мұғалім. Елбасымыздың сөзінде: «Мұғалімдер — қоғамның ең білімді, ең отаншыл бөлігі. Олай дейтінім, ұстаз еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.Осы тұста өзім туралы қысқаша айта кеткім келіп отыр. Алтын ұя мектептен қанат қаққан балапан университет қабырғасында жүріп қанаты қатайған құсқа айналадым. Осылайша мен жоғары оқу орнында информатика мұғалімі мамандығының тізгінін ұстап ұштым. Жаным сүйген салаға жұмысқа орналасқан сәттен – ақ, енді ол жарқын елге сәулелі нұрын берер шамшырақ іспетті «жас маман» атандым. Бұл сөзді кеудесінде оты бар жалынды жас, белсенді де жаңашыл тұлға деп ұғынуымыз орынды. Жастық туралы халық даналығы: «Жастық – жалын, кәрілік – құл», демекші жастық шағымды оқу – білімге сарнап, еліме адал қызмет етуге арнадым. Өз мамандығыма деген өр сүйіспеншілік осы күнге жеткізген. Жас маман болған соң, барлығына төзу керек. Жас маман демекші менің де мамандықтар әлемінде өз орнымды тапқаныма 4 жылдан асып барады. Мен таңдаған мамандық —  сырттай қарапайым болып көрінгенімен, тарихта ең ұлы істердің бірі. Яғни, ұстаздық ету мамандығыма деген махаббат мені сол баяғы тақта алдына қайта әкелді. Мектептің парталары да, сыңғырлаған қоңырау үні де, мені тағы қарсы алды. Бірақ, бұл жолы оқушы емеспін. Алдыңдағы ақ жүректерге тәлім – тәрбие берер, білім нәрімен сусындатар мұғаліммін, жас маманмын. Жас маман бола жүріп, мен нені ұқтым? Нәтижеге жету үшін жұмысыма махаббатпен, ерекше құлшыныспен кірісуді жөн көрдім. Өз ісіме, жауапкершілікпен қарауды, өз ісіме есеп беруге үйрендім. Жаңашыл болуға, тың нәрсені байқап, жаңа жол табуға талпындым. Ізденісті тоқтатқан жағдайда мұғалім атынан айырылатыным анық. Сондықтан да, үйренуден жақсыға ұмытулға жалыққан емеспін. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі,оның ұлы қызмет атқарғаны болса керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Сонымен қатар қазіргі замандағы ұстаздар қауымының педагогикалық шеберлігін арттыру алдындағы үлкен мақсат өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан- жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек ұстаздың, мұғалімнің шеберлік қолынан келеді. Мұғалімнің әдістемелік шеберлік бойында батылдық,еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, заңдылықтарды анықтау,шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі- мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру арқылы мектеп мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Сондықтан да бүгінгі мектеп мұғалімдерінің бойында шеберлік, шығармашылық қабілеттердің көрініс табуы, мектеп оқушыларының терең білім алуының бірден бір факторы екені даусыз.

Жалпы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қамтиды. Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын озық ойлы да іскер, жігерлі де батыл,өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша екенін педагогика ғылымында тереңінен зерттелген дүние екені белгілі.

Дегенмен, баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен мінез құлқы мектепке дейінгі тәрбие негізінде қалыптасса, одан ары қарай бастауыш сынып, жоғары сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі.Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс- тәсілдері енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұғымды ұйымдастыра білу- мұғалімнің шеберлігінің басты міндеті. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі,ұйымдастырушылық қабілеті үлкен роль атқарады.Жалпы мектеп мұғалімінің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі кезде білім беру жүйесінің негізгі принциптері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің обьектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жай ғана түсіндірп қана қоймай әрбір түсіндірген сөздерінің мән-мағынасын тереңінен түсіндіруге бүгінгі күні оқытудың ақпараттық жүйесі интерактивті тақтаны тиімді пайдалану арқылы түсіндірудің мүмкіншіліктері көп. Бұндай жағдайда көзбен көрген нәрсені сезіну арқылы өткен әрбір сабағының сапасын арттырып,мұғалім жұмысын жеңілдете түседі. Осы фақторларының барлығы мектеп мұғалімінің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талаптандырады. Олай болса,күнделікті, ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып- үйреніп өз тәжірибемізді шеберлікпен қолдануымызды алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз. «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.

Қазіргі таңда осыған ат салысып жатқан жас мамандарды да айта кеткен жөн болар.Қазіргі таңдағы жас мұғалімдердің білім беру сапасын көтеру мақсатында әр түрлі онлайн біліктілікті арттыру курстары жүргізіліп жатыр.Қазіргі таңда жас мұалімдердің өз білімін жетілдірудің қатарына мыналар жатады.

1.Мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік сауаттылықтарының артуына өзіндік құлшыныстарының жоғарылауы;
2.Республикалық,халықаралық байқауларға қатысуы;
3.Оқушылар арасында логикалық,онлайн бағытындағы сайыстарға белсене қатысу көрсеткіші;
4.Мұғалімдер ресурстың қажеттігі және білім сапасына тигізер әсерін сараптай алуы;
5.Желілік қоғамдастық аясындағы іс шаралар мазмұнына қызығушылықпен қарау,қатысу арқылы өздернің құзіреттіліктерін таныту қадамдары қалыптаса бастайды.
6.Әр түрлі мазмұндағы ,ойлануға ,қолдануға мүмкіндігі жоғары ресурстарды коучтармен талқылай отырып ұсыну қалыпты үдеріске айналады.
7.Мұғалімдер арасында бөлінген көшбасшылықтың тиімді ұйымдастыру арқылы сапалы жұмыстар атқарылып оң нәтижелер береді;
8.Интернет сайт ашып өз тәжірибелерін тарату, бақылаушы әріптестердің пікірін алу мүмкіндігі жане қарым-қатынас мүмкіндіктері артады.

 Қазіргі таңда жас ұстаздарының біліктілігі мен тәжірибесін арттыруда мұндай семинар-практикумдардың пайдасы орасан зор. Өйткені болашақ ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында. Шығыс ойшылы Ж.Баласағұнның «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген сөздері заман ағымына қарай жан-жақты ізденген мұғалім білімді, озық ойлы шәкірттер тәрбиелей алады. Ал ондай ұстаздардың біліктілігін шыңдауға, жетілдіруге жағдай жасауымыз тиіс және өте қажет.

Ұстаз білімді болса оқушының да, бір жерден шығары хақ.Сонымен қатар мектеп оқушыларының білімге деген ынта жігерін ояту жане ынталандыру жолында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Негізінен оқушылардың өздігінен білім алуын екі жақты қарастыруға болады. Ол сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта. Қайсы бір жағдайда да мұғалім - нұсқаушы, бағыттаушы. Осы тұрғыдан ойланатын болсақ, сабақты жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізу, оқушының білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндіктерін молайтуға көмектеседі. Үнемі жаңа сабақта өзінің бұрынғы алған білімін, ұғымдар мен түсініктерін жаңа ақпаратпен толықтырып отыру баланың өткенін есіне салып, жаңасын қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан қарастырылып отырған мәселе туралы оқушы «не біледі, не білді, не білгісі келеді», яғни ББҮ әдісін сабақта қолдану өте тиімді. Сабақта сыныптан тыс қосымша жазушының өмір жолы, шығармалары туралы іздену жұмыстары алдын ала беріліп, шығармаларын өз бетінше оқуға бағыттайтын болсақ, оқушының танымдық қабілеті артып, сөздік қоры да молаяды. Бүгінгі күні балалардың көркем әдебиет оқуға қызығушылығы өте төмен. Себебі ақпарат көп. Теледидардан бастап, ұялы телефон, интернет, whatsapp желілеріне қызығады. Әрине, бүгінгі заман - ақпараттық техналогия заманы. Одан қалыс қалуға да болмайды.Қазіргі таңда интернет дамыған заман болғандықтан оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологияларын қолданған жөн. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 1. Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
3. Телекоммуникациялық технологиялар; 4. Электронды оқулықтар.Жалпы айтқанда компьютерлік желілерді пайдалану; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы: Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.Мен өз сөзімді қорытындылай келе өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болу-менің басты мақсатым боп қала бермек! Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет, - деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, осы бір ұлы қызметті мамандық етіп таңдағаныма еш өкінбеймін!!!







Қатысушы туралы толық ақпарат

Қатысушының толық аты-жөні:

Ильясова Азима Рамазановна

Қаласы\ауданы\ауылы:

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылы

Мектеп:

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Туылған жылы \ жасы:

08.05.1990ж

Байланыс телефоны:

87789541978 87076536520

Эл.почтасы:

Ilyasova.azima@bk.ru


















Сертификатты жүктеу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!