Материалдар / 2000 сөз есеп
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

2000 сөз есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибиедегі рефлексия курсындағы 2000 сөздік есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
997
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәжірибедегі рефлексия» курсы бойынша алған білімдерімді іс-тәжірибемде қолдана отырып, күнделікті өткізілген сабақтарым бойынша Бағдарламаның бір модулін таңдап сабақтарыма қалай жүйелі түрде енгізуіме болатындығын жан-жақты ойластырдым. Менің таңдап алған модулім ол – Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі болады. Бұл модульде біз ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алуымыз қажет. Яғни, баланың оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін, ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде екендігін анықтап, оның ары қарай дамуына ықпал етуіміз керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың мінез – құлықтарында айырмашылықтар болады. Мінез – құлықты психология ғылымы зерттейтіні баршаға мәлім. Бірақ сол үлкен саланың бихевиористикалық бағыты адамдар мінез – құлығының қоғаммен өзара байланысын зерттеп зерделеу үшін пайдаланылады. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулыққа» сүйенетін болсақ, бихевиоризмнің негізін салушы Джон Б. Уотсон болған. Ол зертханалық эксперименттерге сүйене отырып тәжірибе жүргізген. Соның нәтижесінде «түрткі – реакция» моделі жасалды. Бұл модельде жеке тұлға қоршаған ортаға қарай іс – әрекет ететін түрткі жасаушы ретінде қарастырылған. Кейін келе Эдвард Л. Торндайк және Скиннер секілді зерттеушілер осы модельді негізге ала отырып бұл көзқарасты ары қарай дамытты. Осы теорияға сүйенетін болсақ, адамның іс – әрекеттерін ынталандыру үшін оларға қолдау көрсетіп, көтермелеу және жат мінез – құлықтан арылту үшін оны тоқтату немесе жаза қолдану керек екендігі айтылған («Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» 77 бет). Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ұйымдастыруда балалардың танымдық танымдық қасиеті, зейіні, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі және ойлауы ескеріледі. Жан Пиаже, Джин Пиагет, Мария Монтессори және Лев Выготский секілді ғалымдар балалардың танымы ерте жастан дамитынын атап айтқан. Олардың айтуы бойынша кішкентай балалар өзін қоршаған орта мен адамдардан оқып, үйренеді. Осы арқылы балалардың танымын ерте жастан бастап-ақ дамытуға болады. Балалардың зейіні әр жаста әртүрлі болатындығын Хаген және Хейл (1973ж) зерттеп, анықтады. Олар зерттеуінде бірнеше ашықхат суреттерін пайдаланып, оларды 5-6 және 14-15 жастағы балаларға көрсетті. Онда екі сурет қолданылды, бірақ оның біреуін ғана есте сақтау қажет еді. 14-15 жастағы балалар қажетті суретті есте сақтаған, ал 5-6 жастағы балалар керісінше есте сақтауға қажет болмаған суретке көбірек зейінін аударған. Бұдан шығатын қорытынды, ересек балалар зейінін дұрыс әрі тиімдірек пайдаланады, ал кіші жастағы балалар оны толық түсіне алмағандықтан зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды. Демек мұғалім оқыту процесінде тапсырмаларды тартымды, қызықты және оқушыларға лайықты етіп жасау қажет. Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауды өздерінің зерттеулерінде анықтады. Олардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, қысқа мерзімді жады адамның жадында негізгі орын алады. Ұзақ мерзімді жады негізгі үш компоненттерден тұрады. Олар: рәсімді жады, эпизодтық жады және семантикалық жады. Рәсімдік жады адамдардың іс – әрекеттерді қалай орындау қажет екендігін үйренгенін есте сақтайтын «қойма» болса, эпизодтық жадыға көзбен көрген, сезім мүшелерімен келген мәліметтерді есте сақтау кіреді, ал семантикалық жадыға келер болсақ, ол адамның естеліктерін, өмірінде орыналған эпизодьары мен оқиғаларын, идеяларын, пікірлерін және жалпы тұжырымдамаларын есте сақтау үшін қолданады. Жоғарыда айтылған бихевиористикалық көзқарастарға сүйенетін болсақ, балалардың тілді фрагментін ғана айтады. Уақыт өте келе ол сөздерді толық айтуға, сөйлемдер құрауға үйренеді. Жасы ұлғайған сайын балалардың сөздік қоры артады. Демек осы жағдайларды ескере отырып біз әртүрлі жастағы балаларда кездесетін кедергілерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып оқыту үдерісін іске асырамыз. Ол үшін мұғалім жоспар жасап, оны орындау үшін қолайлы тәсілдерді таңдап, оны дұрыс, әрі ұтымды пайдалана білуі керек. Сол кезде оқыту процесінде мұғалім жақсы нәтижеге қол жеткізе алады деп ойламын. Ал оқушы болса, өзіне лайықты әрі қажетті деңгейде білім ала алады.Ал енді сабағыма келер болсам, бұл модульді, яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін мен тізбектелген сабақтар топтамасына енгіздім. Мектеп тәжірибесінде өткізілеген төрт сабағымда да осы модуль көрініс табады. Бұл модульді алғандағы мақсатым, оқушылардың өз ойлау деңгейіне, қабылдауына және жасына сай білім алуын ұйымдастыру. Яғни, пән бойынша өтілетін тақырыпқа байланысты тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес етіп, сонымен қатар олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып дайындап, пәнді меңгеруіне ықпал ету. Оқушылардың жасы бірдей болғандықтан немесе кішкене ғана айырмашылықпен болғандықтан олардың қызығушылықтары мен ойлау және сөйлеу деңгейлері ұқсас болады. Мектеп тәжірибесінде өтілген тізбектелген сабақтар топтамасында мен бұл модульді оқушылардың пәнге қызығушылықтарын ояту үшін, олардың жасына сай білімді меңгерту үшін, осылар арқылы көздеген нәтижеме жету үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін негізге алдым. Қалған алты модульді осы модульге байланыстыра отырып төрт сабағымды да жоспарладым. Мектеп тәжірибесіндегі бірінші сабағымда мен жоғарыда аталған модульді ескере отырып оқушыларға қызықты тапсырмалар дайындадым. Бірінші сабағымның тақырыбы «Astana» болды. Сабақ тақырыбына, оқушылардың деңгейіне сәйкес сурет түрінде берілген кестені өз беттерінше оқып ауызша cөйлем құру және жазбаша сұрақтар құрып соған өздері жауап беру керектігін ескерттім. Сонымен қатар, сабақ барысында мен кеспе қағаздарда дайындалған оқушылардың қызығушылығын оятуға септігін тигізетін түрлі тапсырмалар әзірлеп келдім. Мысалы үшін, «ойлан, тап» керек және сол есеп бойынша постер қорғайды. Кім жылдам ойыны арқылы жұмбақтың жауабын шығарады. . Мұндай тапсырмаларды оқушылар бұрынғы сабақтарында да орындаған еді. Алайда ол кезде олар жеке жұмыс істеген. Бұл сабақта оқушылар жеке емес топпен пікірлесе отырып, ақылдаса отырып орындады. Оқушыларға сабақ барысында мұндай тәсілді пайдаланған қатты ұнады. Себебі, ізнеде отырып және бір-біріне үйрете отырып олар бұрын түсінбеген нәрселерін түсінді. «Адасқан әріптер» деп аталатын тағы бір тапсырмамда оқушылар менің берген әріптерімнен бір сөз құраулары керек еді. Бұл тапсырманы оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін және ойларын сергіту үшін бердім. Тапсырманы орындау барысында барлық оқушылардың белсенділігі байқалды. Мен сабақ барысында осыған ұқсас тапсырмалардың бірнешеуін дайындап келдім. Оқушылардың барлығы жұмысты орындау барысында үлкен қызығушылық пен белсенділік танытты. Олардан: «Бұндай тапсырмалар ұнада ма?» деп сұраған кезімде оқушылардың барлығы да ұнағандығын айтты және сол нәрсені рефлексияда да жазды.Өткізген сабақтар топтамасының екінші сабағымда мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу модулін пайдалана отырып балаларға өз деңгейінде тапсырмалар жасап келдім. Екінші сабағымның тақырыбы «Number». Сандардырды мен видео көрсетілім арқылы, көрнекіліктер,ойындар арқылы түсіндіруді жөн көрдім. Себебі баланың жас ерекшілітеріне сай қызықты қолдандым , әрі оларға өте қызықты болды.Одан кейінгі сабағымда «Season» тақырыбы болды. Оқушылардың танымы мен зейінін дамыту үшін оларға тақырыпқа сай сұрақтар дайындадым .Топқа 4-мезгіл бойынша бөлуды жөн көрдім. Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушыларымдың дайындығын тексеру үшін топ басшыларының бағалау парағына түртіп алуын ескерттім. 2- топта суретті кесте бойынша логикалық сұрақтарға жауап беріп, берілген мәтін бойынша постер қорғады. Нәтижесінде оқушылар тапсырманы бірлесе отырып орындады.Тапсырманы орындау кезіңде топ мүшелері түгел қамтылып барлығы жауап берді.Барлық топ мүшелері жауап беруге тырысып жатты. Сабағымның келесі ой жинақтау тұжырымға келу кезеңінде Үш топқа «Кім алғыр» ойынын қолдандым.Берілген кестеден ағылшын тіліндегі термин сөздер табу арқылы ассосация құру тапсырылды. Олар бұндай тапсырмаларды бірлесе отырып орындады. Сабақтың қорытынды бөлімінде мен оқушыларға тақырыпқа сай және жас ерекшеліктерін ескере отырып екі топқа сөзжұмбақ дайындап келдім. Берген сөзжұмбақты оқушылар үлкен қызығушылықпен, жарыса отырып шешті. Бұны мен ойын әрі ой сергіту тәсілі ретінде қолдандым. Бұл әдіс оқушыларға қатты ұнады, кейбір балалар осындай тәсілді жиірек қолдануға ұсыныс берді. Олардың айтуы бойынша өздері жасаған нәрселер естерінде қалады және оны тереңірек түсінетіндіктерін де білдірді. Келесі сабақтарымды жоспарлаған кезімде оқушылардың алғашқы екі сабақта білдірген пікірлерімен және айтқан ойларымен санаса отырып оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін қандай тәсіл арқылы пайдалансам тиімді болады деп ойладым. Сабақ жоспарыма енгізбес бұрын бұл жайында жан – жақты ойландым. Ойлана келе оқушылар тапсырмаларды орындау барысында менің емес достарының, яғни бір – бірінің көмегіне сүйене отырып жасауы қызығырақ және өздеріне түсініктірек болатынын байқадым. Одан кейінгі сабағымның тақырыбы «Transport». Бұл сабағымда жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес етіп балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға төмендегідей тапсырмалар бердім. Олар, «Сәйкестікті тап», «Миға шабуыл», «Адасқан сөздер» секілді кеспе қағаздарда және интер белсенді тақтада берілген жұмыстар. Бірінші тапсырма бойынша оқушылар суреттердегі көліктерді реттік сандармен ретке келтіріп сәйкестендіру қажет еді. Бұл тапсырманы олар жылдам, бірлесе отырып орындады. Екінші тапсырма бойынша оқушылар топ бойынша ақылдаса отырып пазл құрады, өздерінің барғысы келетін немесе ұнататын армандарындағы жердің суретін салды, және не себепті сол ел туралы сурет салғаны жөнінде сыныпқа түсіндіріп өтті. «Адасқан сөздер» деген тапсырманы орындауда оқушылар араластырып берілген сөздерден бір дұрыс сөйлем құрады және оны қазақ тіліне аударды. Мектептегі соңғы ашық сабағымның тақырыбы «My bithday» болды. Соңғы сабағымда оқуышалардың қызығушылығын арттыру мақсатында интер белсенді тақтада бірнеше сурет көрсеттім.Топқа «Гүлмен тілек »әдісі арқылы топқа бөлдім. «Brainstorming» арқылы сабақтың тақырыбын ашу. « Жарғы кетті » әдісі бойынша үйге берілген тапсырманы тексеру. «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы оқушылар бір-бірімен диалог құрады.Тапсырманы орындату барысында тағы бір «Қабырға сөйлейді» әдісін пайдаландым, бұл жерде қабырғадағы суреттерді пайдалана отырып, себеттерге салды. Келесі «Мозаика» әдісі бойынша келесі тапсырманы ашты. «Постер қорғау» әдісі арқылы оқушылар Винни Пухтың туған күніне арнап тамақтардың атттарын пайданалаа отырып, дастархан жасап постер қорғады.Қызықты сұрақтар.арқылы ой қозғау.Оқулықпен жұмыс. Бұдан басқа тапсырмаларда оқушылар бір – біріне сұрақ қойып жауаптар алды және дұрыс, дұрыс емес екендігін айтты. Сонымен қатар алдыңғы сабақта қолданылған «Сәйкестікті тап» тапсырмасын бұл сабағымда да қолдандым, себебі оқұшыларға бұл тапсырма қатты ұнаған еді. Адын ала дайындалған тапсырмалар өз кезегімен орындала берді, алайда оқушыларды тек оқытып, жазғызып қана қоймай мен олардың қиялдарын қозғау үшін миға шабуыл арқылы әр түрлі сұрақтар қойылды. «What’s the missing?» ойыны тамақ аттарын табу. Біздің сүйікті көліктер деген тақырыпта постер қорғауды тапсырдым. Оқушылар бұл тапсырманы орындауға құлшына керісті. Барлығы өзінің сүйікті колігінің суретін салып, топтан бір оқушы оны қорғады. Өтілген сабақ топтамасында берілген тапсырмалардың барлығы да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес етіп жасалған. Яғни бұл жерде олардың ойлау және сөз сөйлеу деңгейлері, белгілі бір мәселені қабылдау және оны шеше алу дағдылары, оқушылардың зейіні және шығармашылық қабілеттері толығымен ескерілді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін қалған алты модульмен байланыстыра отырып мен оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйреттім, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыра алдым, балалардың арасында талантты және дарынды балаларды анықтай алдым. Бірақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін пайдаланбай іске асыру мүмкін емес екендігін де атап айту керек. Себебі қандай да болсын тапсырманы орындауда оқушылар арасында диалог орынайды, яғни олар тапсырмаларды жекелеп емес топпен орындап келді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс жүргізу арқылы мен оларға қызықты ойындар мен сергіту сәттерін дайындай алдым, олардың ойлау және қабылдау деңгейіне сәйкес танымдық тапсырмалар бере алдым. Осының арқасында сынып оқушылары пәнді тереңірек түсінді, олардың пәнге деген қызығушылығы артты, белгілі бір мәселені топпен бірлесе отырып шешуді үйренді және сынып оқушылары арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Мен әр сабағымның соңында рефлексия жүргізіп отырдым. Рефлексияға оқушылар өтілген сабақ жайында өз ойларын, яғни сабақ ұнады ма, әлде ұнамады ма, қандай тапсырмалар ұнады, келесі сабақта не үйренгілері келеді, не орындағанды жөн көреді деген сияқты пікірлерін жазды. Осыларды пайдалана отырып мен келесі сабақтарымды оқушылардың қызығушылықтарын ескеріп жоспарладым. Бұл тәсілді барлық оқушылар өте жақсы қабылдады, олардың барлығы «апай, келесі оқу жылынан бастап сабақтарымызды осылай өтейікші. Сабақтар қызық әрі түсінікті болады екен», «апай, бұдан кейінгі сабақтарда да осындай тапсырмалар орындап, ойындар ойнайықшы» деген сияқты пікірлерін айтып жатты. Осындай тәсілдің нәтижесінде мен оқушылардың пәнді тереңірек меңгеруіне ықпал еттім. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі арқылы мен олардың қызығушылығын арттырдым, танымдық және шығармашылық қасиеттерін дамыттым, сонымен қатар топқа бөлініп жұмыс істеудің арқасында оқушылар ұйымшылдықты және бір – бірімен ынтымақтастықта болуды үйренді. Әрбір баланың даму деңгейіне қарай тақырыпты, тапсырманы дұрыс ұсынудың нәтижесінде біз оның дұрыс білім алуын қамтамасыз ете аламыз. Бұдан шығатын қорытынды, сабақ жоспарлаған кезде оқушыларға қандай білім қажет, олар өз жасында нені білуі тиіс, нені істей алуды үйрену керек, нені түсіне білу керек және қандай қорытынды шығарулары мүмкін деген сияқты сұрақтарға жауап беруіміз қажет. Сол кезде бізден жақсы мұғалім шығады, ал жақсы мұғалім әр уақытта жақсы шәкірт тәрбиелей алатындығына мен сенімдімін. Демек мұғалім үйрену мен ізденуден жалықпауы керек.Мектеп тәжірибесін өткізгеннен кейін менің түсінгенім, болашақта әрбір сабақ жақсы нәтиже беру үшін және оқушылардың өз деңгейінде білім алуларын қамтамасыз ету үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін пайдалану өте маңызды. Себебі әр сынып оқушылары бір – бірінен ерекшеленеді, сабақты жоспарлау және өту барысында қандай тапсырма орындатсаң да осыларды ескеру қажет. Алдағы уақытта мен тек осы бір ғана модульді емес, бағдарламаның жеті модулін де пайдалана отырып сабақтарымда орындалатын тапсырмаларды жүйелі түрде жоспарлап, сабақ өтуді жақсы ұйымдастырамын. Осының нәтижесінде мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта аламын, пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыра аламын, сынып ішінде Жақын арадағы даму аймағын, яғни көпіршелер құра аламын. Осының нәтижесінде мен оқушылардың жақсы білім көрсеткішін беретіндігіне және жақсы оқушы тәрбиелей алатындығыма сенімдімін. Бірақ өзім қалағандай көрсеткішке жету үшін мен өзгеруім қажет, және мен осы бағдарламаны оқу барысында және мектеп тәжірибесінен өту барысында өзімнің өзгергендігімді, көзқарасымның өзгергендігін байқадым. Демек, менің көзқарасым қалай өзгерсе, мен де дәл солай оқушылардың да көзқарасын өзгерте аламын, және тәжірибе барысында біршама өзгерттім деп айта аламын. Осылайша мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін әртүрлі әдіс – тәсілдермен сабақтарыма енгіздім. Сол арқылы сабақтарымды қызықты, оқушыға түсінікті ете алдым және сабақтарымның жақсы нәтижеге жеткендегіне көзім жетті.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!