Материалдар / «2016- 2017 оқу жылында Жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын 1 сыныптардағы жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері »
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«2016- 2017 оқу жылында Жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын 1 сыныптардағы жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері »

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқыту түріде өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2019
412
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Зеленов АББ бөлімі Володар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ



БАЯНДАМА«2016- 2017 оқу жылында Жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын 1 сыныптардағы жеке пәндерді оқытуерекшеліктері »



Дайындаған: Умбетова А.Б











2016-2017оқу жылы2016- 2017 оқу жылында Жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын 1 сыныптардағы жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқыту түріде өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болғандықтан осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен міндет, үлкен сын.Тәжірибеден өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның бірі коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе , жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының 6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай . Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде « ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса назар аударып отыру оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.Әр пәнде үш тілділік саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы , сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді.Үш тілділік саясат оқу процесінде ғана емес, сыныптан тыс шараларда да көрініс табуы көңілге қуаныш ұялатады.Сабақ барысында қызықты ойындар, түрлі суреттерді пайдалана отырып оқушылардың оқу деңгейі көтеріле бастады. Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.
  • Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады.
  • Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді.
  • Мұғалім үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді.
  • Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады.
  • Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп , сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр.
  • Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына қол жеткізетіндігі.
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр. Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде.Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.Сабақтар тартымды болу үшін оқушылар арасында топтық, жұппен жұмыстар жүргізіліп үш тілдік қолданады. Бағдарламаның тек оқушы ғана үшін емес мұғалімнің де кәсіби дамуына үлкен ықпалын тигізетіндігін айта аламын. Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл ата-анаға да ,оқушыға да,мұғалімге де аз қиындық болмай тұр.Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып ,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей , мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенемін.Жаратылыстану,Дүниетану сабақтарында балдар жұмыстанады



Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей , мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенемін.



.

Көркем еңбек сабақтарында оқушылар тек қана сурет салып, қағазбен, ермексазбен жұмыс жасап қоймай жасаған жұмыстарын тіл дамыту мақсатында айтып қорғап отырады.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!