«Б.Сейсекенов атындағы
ЖОББМ» КММ-сі 2018-2019 оқу жылындағы өткізілген құқықбұзушылық
іс-шараларынан
Анықтама
«Б.Сейсекенов атындағы жалпы
орта білім беретін мектебі» КММ-де
Құқық бұзушылықтың алдын алу
мақсатында 2018-2019 оқу жылына арналған құқық бұзушылық жоспары
құрылып, жыл бойы жұмыстар атқарылды. Мектебімізде «тәуекел топқа»
жататын және есепте тұрған оқушылар болған жоқ. Сонымен қатар жас
өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
жүргізілетін іс-шаралардың жоспары оқушылардан бөлек жыл сайынғы
дәстүр бойынша ата-аналарға да жиналыс жасалып түсіндіріліп өтті.
Оқу жылының басында құқықбұзушылық туралы әр класс жетекшілері де
өз кластарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.
Құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында мектебімізде мектеп
психологы мен әлеуметтік маман да өз жұмыстарын атқарып өтті.
Сондай –ақ ,құқық пәнінің мұғалімі ретінде мектепте жоспарға сәйкес
«Өз құқығыңды қорғай біл!» тақырыбында баяндама оқып, құқықтық
шаралар да өткіздім. Ақпан айында «Өз құқығыңды білесің бе?»
тақырыбында 8-10кластар арасында сыныптан тыс шара өтті. Наурыз
айында мектеп психологының міндетін алған Қуанышева Бейбітгүлмен
5-10 класс оқушыларынан «жасөспірімдер арасындағы қылмысты
болдырмау» тақырыбы бойынша ононимді түрде сауалнама алынды. Сәуір
айында әлеуметтік маман Сахиев Жасұлан әкімшілік құқықбұзушылық,
қылмыстық құқықбұзушылыққа апарар жол туралы соның ішінде «сыбайлас
жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында баяндамасын оқыды. Жалпы айтқанда
мектеп оқушыларына ай сайын пән мұғалімдерімен және психолог,
әлеуметтік мамандармен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын
жүргіздік.
Анықтама беруші:
О.Т.Оразбекова
Құқық бұзушылықтың алдын
алу бойынша жүргізілетін 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыстың
мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Кәмелеттік жасқа
толмаған мектеп оқушыларының құқық бұзушылығының алдын
алу
Міндеттері:
-
Құқық бұзушылықтың алдын алу
жұмысының жүйесін құру;
-
«Тәуекел топ» тізіміне жататын
оқушыларды анықтау барысында олармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру,
құқық бұзушылықтың алдын алу;
-
Сәтсіз жанұяларды анықтау
барысында оларға кеңес беру, көмек
көрсету;
-
Кәмелеттік жасқа толмаған
құқық бұзушылыққа бейім оқушылардың бос уақыттарын үнемді пайдалану
мақсатында әртүрлі спорттық секцияларға қатысуына ықпал
ету;
Ата-аналарға бала тәрбиесінде
әдістемелік көмек көрсету, кеңес
беру
Бекітемін:
«Б.Сейсекенов атындағы
ЖОББМ»
КММ-нің директоры:
Б.А.Тулеутаев
№
|
Іс шаралар
атауы
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
1
|
2019-2020 оқу жылына
арналған оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
жүргізілетін іс-шаралар жоспарын
бекіту.
|
Қыркүйек
|
О.Т.Оразбекова
|
2
|
«Жас өспірімдер арасындағы
құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыс түрлерін
ұйымдастыру» атты тақырып бойынша класс жетекшілерге
баяндама.
|
Қазан
|
О.Т.Оразбекова
|
3
|
Жас өспірімдер арасындағы
құқық бұзушылыққа жол бермеу. Оқушылардың мінез-құлқы мен тәртібін
қадағалау.
|
Ай
сайын
|
М.Ж.Молдабаева
О.Т.Оразбекова
Ж.Б.Сахиев
Р.Н.Абаева
|
4
|
«Балам бол, басқа бол бәріңе
заң ортақ» 5-11 класс оқушыларына арналған
баяндама.
|
Желтоқсан
|
О.Т.Оразбекова
|
5
|
«Зорлық-зомбылықсыз балалық
шақ» тренинг .
|
Қаңтар
|
М.Ж.Молдабаева
Р.Н.Абаева
|
6
|
«Отбасы- бақыт мекенім!»
тренинг сабақ.
|
Ақпан
|
М.Ж.Молдабаева
О.Т.Оразбекова
|
7
|
«Есірткіге жол жоқ!» дөңгелек
үстел.
|
Наурыз
|
О.Т.Оразбекова
|
8
|
«Сыбайлас жемқорлық – ғасыр
дерті»
|
Сәуір
|
О.Т.Оразбекова
|
9
|
«Сен өз құқығыңды білесің бе?»
сыныптан тыс шара.
|
Мамыр
|
О.Т.Оразбекова
|
10
|
2019-2020 оқу жылына
арналған оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
жүргізілетін іс-шаралардың өткізілгендігі туралы
анықтама.
|
Оқу жылының
соңы
|
О.Т.Оразбекова
|