Материалдар / 2021 жылдың 24 караша күні колледждің ДТжС 19-01,19-02 топтарының арасында «Елбасы ұраны – Мәңгілік Ел» тақырыбында дөңгелек
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

2021 жылдың 24 караша күні колледждің ДТжС 19-01,19-02 топтарының арасында «Елбасы ұраны – Мәңгілік Ел» тақырыбында дөңгелек

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Білімгерлерге елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. Өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
245
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2021 жылдың 24 караша күні колледждің ДТжС 19-01,19-02 топтарының арасында «Елбасы ұраны – Мәңгілік Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: студенттерге Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Білімгерлерге елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. Өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар.

Сабақ түрі: дөңгелек үстел.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

ІІ. Кіріспе

І. Мұғалімнің сөзі: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ендеше, студенттер, бүгінгі дөңгелек үстелімізде әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз. Мәңгілік ел идеясының тарихи бастамасы бойынша ой-пікірімізді ортаға саламыз.

Бүгінгі шара біз үшін Елбасымыздың өмір жолына шолу жасап, еңбек жолынан үлгі аларлық мүмкіндік. Ендеше, Елбасының өмір жолына, тоқталалайық деп, 19-01 ДТжС тобының ІІІ курс, бокс бөлімінің, студенті Тоғамбай Қуандық сөз алды.

Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.

Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты-деп, Елбасының өмірінен мағлұмат берді.

.

19-01 ДТжС тобының ІІІ курс, бокс бөлімінің, студенті Өтеміс Ермұхан сөз алды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алғандығын айтты. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.  Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».

19-01 ДТжС тобының ІІІ курс, конькимен жүгіру бөлімінің, студенті Жәрдембекұлы Алтай сөз алды.

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі аңсаған асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,   ең мәртебелі жол болып табылады. Біздің армандарымыз ақиқатқа айналды . Елбасымыздың көреген саясатының, ерең еңбегінің нәтижесінде Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды,

19-01 ДТжС тобының ІІІ курс, конькимен жүгіру бөлімінің, студенті Бейбарыс Әмірхан сөз алды.

Мәңгілік ел идеясының тарихи бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел»идеясы. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп тұр.

Қорытынды. Мұғалімнің сөзі: Сөзіміздің соңын айтар болсақ, «Мәңгілік Ел» – жалпы қазақстандық ортақ шаңырақтың ұлттық идеясы, әрі бабаларымыздың асыл арманын, аманатын жүзеге асыру болып қарастырылғаны абзал. Яғни, «Мәңгілік Ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі жарасқан алдыңғы қатарлы, әлем таныған алпауыт елге айналу. Сондықтан да, мәңгілік, әрі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңірген болуы керек. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!