Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
§20. Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
11 сынып ЖМБ №17
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Биологиядағы басқару
жүйесі.
§20. Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы.
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
Координация және реттелу |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 11 «ә» ЖМБ |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Биологиядағы басқару жүйесі. §20. Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау; |
Сабақтың мақсаты: |
биологиядағы басқару жүйесін сипаттайды; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру. Активті тасымалдау, Мембрана, тосқауыл, шлюз, нәруыз, сорғы, ко-тасымалдау. |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. |
Дескриптор: - Кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды- 3 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж |
Сабақтың басы Оқушылардың назарын аудару |
«Ой қозғау» әдісі Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша / ауызша келтіру; |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б |
Интерактивті панель, презентация, Қазпоштадан келген хаттар |
Сабақтың мақсатын таныстыру |
11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау; |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж |
Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Сабақтың ортасы Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Айырмашылығы неде?» Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру. Х.К.Сәтбаев, И.П.Павлов және А.Д.Соколов Тура және кері байланыс Оң және теріс байланыс |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Дескриптор: - Кілт сөздердің айырмашылығын сипаттайды – 2 балл; |
Интерактивті панель Презентация |
Практикалық тапсырмалар беру. |
Топтық жұмыс: «Зерттеудің алты қадамы» әдісі. 1. Тапсырманы анықтау. 2. Ақпараттың орналасқан орны. 3. Тиісті ресурстарды таңдау. 4. Ақпаратты ұйымдастыру. 5. Идеяларды ұсыну. 6. Соңғы өнімді бағамдау. Зерттеуге арналған тақырыптар: 1-топ. «Биологиядағы басқару жүйесінің негізгі компоненттерін сипаттау» 2-топ.«Басқарудың жолдарын түсіндіру» 3-топ.«Басқарудың негізгі принциптерін талдау» 4-топ.«Тірі организмдердегі басқарудың жолдарын салыстыру» 5-топ.«Тірі организмдерде басқару жүйелерінің өмірлік белсенділік деңгейіне жауап беретінін мысалдармен дәлелдеу» |
Оқушылар тапсырманы анықтайды. Ақпараттың орналасқан орнын сипаттайды. Тиісті ресурстарды таңдайды. Ақпаратты ұйымдастырады. Идеяларды ұсынады. Соңғы өнімді бағамдайды. |
Дескриптор: - биологиядағы басқару жүйесінің негізгі компоненттерін сипаттайды – 6 балл; - басқарудың жолдарын түсіндіреді – 6 балл; - басқарудың негізгі принциптерін талдайды – 6 балл; - тірі организмдердегі басқарудың жолдарын салыстырады – 6 балл; - тірі организмдерде басқару жүйелерінің өмірлік белсенділік деңгейіне жауап беретінін мысалдармен дәлелдейді – 6 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар |
Бағалау |
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Білім алушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
1,2-«Бүгін сабақта зерттедім» 3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты» 4-«Менің жеңісім» |
Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс. §21.Басқару жүйесінің негізгі компоненттері |
Оқушылар берілген тақырып бойынша тірек-сызба жасайды. Келесі сабаққа дайын болып келеді. Келесі тақырыпты біледі. Өзін өзі бағалайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Жұмыс дәптері Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
«Ой қозғау» әдісі
ОСЫ ПРОЦЕСС ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Мәтін
Биологиядағы басқару жүйесі
Басқару теориясын ұсыну биологиялық құбылыстардың құрам бөліктері мен физиологиялық механизмдері арасындағы функционалдық әрекеттестерді терең түсінуге мүмкіндік берді. Мысалы, тірі жүйелер қазіргі таңда ашық жүйе ретінде қарастырылады, себебі олар қоршаған ортамен үздіксіз зат алмасуға мұқтаж. Негізінен, тірі жүйелер қоршаған ортамен динамикалық «қозғалмалы» тепе теңдікте болады, сондықтан қоршаған ортамен теңесіп кетпеу үшін үнемі ішкі энергия қажет болады. Мысал ретінде қарапайым аналогия субүріккішті (фонтан) алайық. Оның жұмысы үнемі энергия мен судың ағынын қажет етеді (сорғы арқылы мүмкін болады). Тек осы жағдайда ғана оның жұмысы тұрақты, яғни қоршаған ортаға қатысты тұрақталықты сақтайды. Кез келген жүйені басқарудың негізгі компоненттері 1.1 кестеде келтірілген. Әрқайсысын әртүрлі терминдермен атауға болады. Сонымен, сүтқоректілердің реттеушісі не гормон бөлетін эндокриндік жүйе, не ми (бас ми немесе жұлын) болып табылады.
1.1 кесте Басқару жүйесінің негізгі компоненттері.
Стимул (тітіркендіргіш, кіретін сигнал) |
Детектор |
КООРДИНАТОР не РЕГУЛЯТОР не Басқару орталығы эталонмен (салыстыру жүйесімен) |
Эффектор |
Жауап (реакция шығатын сигнал) |
Басқару жүйесінің нәтижелілігін бағалауға болады:
1) Реттеуші көрсеткіш деңгейінің оптималды деңгейден ауытқу дәрежесімен;
2) Осы деңгейге қайтып келу жылдамдығымен.
Кез келген ауытқу басқару жүйесін белсендіреді, ал ол оның қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Жағдай қайта оптималды болғанда, реттеуші үрдістер теріс кері байланыс атты механизм бойынша тоқтайды. Кері байланысты жүзеге асыру үшін, берілген жүйенің жұмыс қорытындысын алдын ала талап етілген мәнмен, реттеуші көрсеткіштің оптималды мәні салыстырылуы керек (айнымалы, яғни, термостат шкаласындағы тіркелген температура деңгейі). Басқару жүйесінде екі кері байланыс түрі бар – теріс және оң. Біріншісі тірі ағзалардың гомеостатикалық жүйелерінде кеңінен таралған.
Оң кері байланыс
Оң кері байланыс биологиялық жүйелерде сирек кездеседі, себебі ол жүйелерді тұрақсыздыққа және төтенше жағдайларға (экстремальды) әкеледі. Бұл жағдайларда пайда болған қарсылық (возмущение) оның әсерін одан әрі дамытады (1.1 сурет). Мысалы, жүйке импульстарының таралу кезінде нейрон мембранасының деполяризациясы натрий иондарының өткізгіштігін арттырады. Аксон арқылы мембранаға өтіп, натрий иондары деполяризацияны арттырады, ал бұл арқылы өзінің жасушаға мембрана арқылы өтуі артады. Бұл өту жылдамдығы қарқынды артады, нәтижесінде әрекет потенциалы жинақталады. Бұл аталған жағдайда оң кері байланыс жүйенің жауап беруін (деполяризациясын) арттыруға қызмет жасайды. Бұл жауаптың мөлшерін басқа механизмдер шектеп отырады. Оң кері байланыс дүниеге бала әкелуде де жұмыс жасайды, окситоцин гормоны жатырдың жиырылуын арттырады, ал мұның өзі гормонның жаңа порцияларының бөлінуін жылдамдатады.
1.1 сурет. Гомеостатикалық басқару жүйесі
Оң кері байланыс кезінде реттелетін параметрдің бастапқы деңгейден шағын ауытқуы реттеуіштің осы ауытқуды одан әрі күшейтуге (белгілі бір шекке дейін) бағытталған әрекетін туғызады. Нәтижесінде өздігінен күшейетін, секіру тәрізді үдеріс дамиды. Оң кері байланыс ағзадағы қандай да бір жылдам және күшті өзгеріске қол жеткізу қажет болғанда іске қосылады. Мысалы, жүйке жүйесінің белсенділігін арттыратын адреналин шығару, бұл осы гормонның одан көп секрециясына алып келеді. Осылай оң кері байланыс шеңбері тұйықталады, нәтижесінде қандағы адреналин құрамы күрт көтеріледі.
Теріс кері байланыс
Теріс кері байланыс жүйенің тұрақтылығын күшейтеді (сурет 1.1). Жүйенің тепе–теңдігі бұзылғанда бастапқы жағдайды қалпына келтіруге бағытталған әрекеттердің реттілігі іске қосылады. Теріс кері байланыс принципін электрпешіндегі термостат көмегімен температураны реттеу мысалымен түсіндіруге болады. Электрпешінің реттеу жүйесі эффектордан (қыздырғыш элемент, ол арқылы электр тогы өтеді – кіру), шығу (пеш температурасы) және термостат, ол алдын ала қажетті температураға қойылған (эталон). Термостат детектор (не рецептор) және регулятор ретінде әрекет етеді. Егер термостат эталон температурасы бойынша 150 оС қойылған болса, онда электр тогы қыздырғыш элемент арқылы пештегі температура 150 оС жеткенше жұмыс жасайды, сосын термостат өшеді және қыздыру тоқталады. Температура 150 оС төмендегенде, термостат қайта қосылады және электр тогы қызметін атқарады. Қате кірудегі сигнал мен эталон мәні арасындағы айырма болып табылады, ол эффектордың (қыздырығыш элементінің) қосылуы арқылы жөнделеді. Теріс кері байланыс принципі, жүйенің стационарлық жағдайын ұстап тұратын, ағзадағы физиологиялық процестердің көбіне тән.
1.1 сурет. Гомеостатикалық басқару жүйесі
Биологиялық механизмдерде теріс кері байланыспен реттелетіндері:
1) Тыныс алудың жиілігі мен тереңдігінің өзгеруі арқылы қандағы оттегі мен көмірқышқыл газының деңгейі;
2) Жүректің жиырылу жиілігі;
3) Қан қысымы;
4) Қандағы гормондар мөлшері, мысалы тироксин және жыныс гормондары;
5) Метаболиттер мөлшері, мысалы глюкоза;
6) су–электролит балансы;
7) рН;
8) Дене температурасы.
1.3 суретте қалқанша безінен тироксиннің бөлінуін реттеудегі кері байланыстың ролі көрсетілген. Бұл мысалда детектор – гипоталамус, регулятор – гипофиз, эффектор – қалқанша безі.
1.3 сурет
Теріс кері байланыс кезінде реттелетін параметрдің кез келген өзгеруіне жауап ретінде реттеуіш оны бұрынғы шамасына қайтаруға ұмтылады. Мысалы, егер қанға глюкозаның көп көлемі келіп түссе, инсулиннің – қандағы глюкозаның жасушаға өтуіне жәрдемдесетін гормон секрециясы күшейеді. Нәтижесінде қандағы глюкоза құрамы азаяды. Керісінше, қандағы глюкозаның шоғырлануының төмендеуі инсулин секрециясының бәсеңдеуіне алып келеді және қандағы глюкоза деңгейі қайта көтеріледі. Теріс кері байланыс қандай да бір параметрлерді белгілі бір деңгейде қолдап тұру үшін пайдаланылады.
Жүйкелік және эндокриндік жүйелер ағза қызметтерін бірлесіп реттейді және тепе – теңлдікті сақтайды. Жүйке жүйесі арқылы реттелу өте тез жүреді және ол жүйке жүйесінің тікелей бақылауында болады. Гормондар арқылы реттелу жүйке арқылы реттелуден баяуырақ жүреді. Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді. Гуморальдық (латынша - сұйықтық) реттелу ағзаның ішкі ортасы (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) мен жасушалардан, ұлпалардан бөлінетін биологиялық белсенді заттар арқылы жүзеге асады. Гуморальдық реттелуде гормондар негізгі рөл атқарады. Жүйкелік-гуморальдық реттелуде гуморальдық реттелу жүйкелік реттелуге бағынышты. Жүйкелер мен гипофиздің байланысының арқасында, жүйкелік-гуморальдық реттелу жүзеге асады. Екінші жағынан гормондар да жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл екі жүйенің өзара бірлесуі бұзылса, барлық мүшелер жұмысы да бұзылады. Жүйкелік реттелу мен гуморальдық реттелу арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларына бейімделеді.
Жүйкелік реттелістің гуморалдық әсерге қарағанда артықшылығы болады:
1. Жүйкелік байланыс белгілі бір мүшеге, жасушалар тобына дәл бағытталады. Гуморалдық реттеуде химиялық белсенді заттар қан немесе лимфа арқылы бірнеше мүшеге, тінге бірдей әсер етеді. Сондықтан ол заттарға организмнің жалпы әсерленісі байқалады.
2. Жүйкелік байланыс әрекеттерді жылдам реттейді. Жүйке серпіністерінің өрістеу жылдамдығы қан қозғалысынан жүз еседей тез.
3. Жүйке жүйесі әрекетті тек қана тудырып қоймай, қажет болмаса оны мүлде тоқтатып тастайды. Ал, химиялық заттың әсері ол зат әбден ыдырағанша жалғасады. Адам мен жануарлар организмінде қызмет біртұтас нейрогуморалдық жолмен реттеледі. Оның ішінде жүйкелік реттеу басты, қан арқылы реттеу қосымша тетіктер болып саналады.
Жүйкелік реттелу |
БЕЛГІЛЕРІ |
Гуморальдық реттелу |
грек. «neuron»-жүйке, лат. «regulo»-реттеймін |
Шыққан атауы |
лат.«humor»-сұйықтық, лат. «regulo»-реттеймін |
Кешірек пайда болды (жүйке жүйесінің калыптасуына байланысты) |
Филогенезде қалыптасуы |
Реттелудін ежелгі түрі |
Мінсіздігі көптеу |
Мінсіздік |
Мінсіздігі аздау |
Тек қана жануарларға |
Тән ағзалар |
Жануарлар мен өсімдіктерге |
Жүйке импульсі |
Не арқылы жүзеге асады |
Биологиялық белсенді заттар. Гормондар. |
Синапс арқылы қосылатын нейрондар |
Реттелудін жолы |
қан, лимфа и жасушааралық сұйықтық |
Адресі болады. Дәл анықталған, нақты жасуша топтары |
Әсер ету аймағы |
Адресі болмайды. Кең, мүшелер мен жүйелер |
Тезірек. 120 м/сек (жүйке импульсінің жылдамдығы) |
Реттелу жылдамдылығы |
Салыстырмалы баяу. 0,5 м/сек (қан ағысының жылдамдығы) |
Ұзақтылығы аса көп емес |
Әрекет ұзақтылығы |
Маңыздырақ, минуттар, сағаттар |
Ең басты рольді атқарады |
Доминирлену |
Жүйке жүйесіне бағынады |
Жүйкелік реттеу
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді. Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасушасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері.
Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).
Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.
Адамның жүйке жүйесі
Иммундық реттеу
Иммунды жүйе-барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Иммундық жауап - бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әр-түрлі иммундық жауап бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В лимфоциттердің «иммундық есте сақталуының», иммундық төзімділіктің, аллергияның пайда болуы..
Иммундық жауап организм антигенмен алғаш және кейін кездесуіне байланысты:
-біріншілік;
-екіншілік;
Біріншілік иммундық жауап-антидене плазмалық торшалардың саны бәсеңдеп немесе көбеюуімен, иммуноглобулин жинақталуымен және олардың қанда пайда болуымен сипатталады. Антиген енгеннен кейін алғашында ИГМ антиденесі пайда болады, ал бірнеше күн өткен сон ИГМ-ның орнына ИГО антиденелері жинақтала бастайды.
Екіншілік иммундық жауап антигенмен екінші рет қайталап кездескенде пайда болады,бұл кезде ИГМ мен ИГО антиденелері пайда болады
Механизміне байланысты:
-Жасушалық;
-Гуморалдық;
-Аралас
Иммунды жауаптың нейроэндокринді реттелуі.
Ағзаның иммунды жауабы - жоғары спецификалық үрдіс,бірақ оның қарқындылығы бейспецификалы нейрогуморальды реттеледі.
Иммунды жауапты модульдейтін мидың мынадай құрылымдары жатады: артқы гипоталамус аймағы, алдыңғы гипоталамус аймағы, гипокамп, ортаңғы мидың ретикулярлы формациясы шванн ядролары, миндалиндер.
Иммунды жауаптың реттелу механизімдері.
Бас миынан иммунды жүйеге баратын сигналдарды модульдейтін негізгі механизмдер: гормональді, жүйкелік және нейропептидті болады.
Жүйкелік және гуморальді реттелу нейромедиаторлар, нейропептидтер және гормондар арқылы жүзеге асады.
Иммундық жүйенің бас ми арқылы баратын сигналдардың реттелуі горманалдық, нервтік және нейропептидтік жолдармен байланысты.
Нейромедиаторлар мен нейропептидтер иммундық жүйеге аксоплазматикалық транспорттың көмегімен жетеді.
Гормондар қанға эндкриндік бездің бөлінуі арқылы иммундық жүйеге барады.
Иммундық жауаптың нейроэндокринді реттелуі күрделі процесс болып тобылады. Иммундық жауап іске осырылу үшін ОЖЖ де гипофиз, гипоталамус секілді гормондармен тығыз функционалдық байланыста болады. Нейроэндкринді реттелу қандағы гормондардың мөлшерімен тығыз байланысты.
Адамның иммундық жүйесі.
1 - қызыл сүйек кемігі, 2 - тимус, 3 - тіл бадамшасы, 4 - таңдай бадамшасы, 5 - түтік бадамшасы, 6 - жұтқыншақ бадамшасы, 7 - кеңірдек және ауатамыр қабырғаларында лимфоидты түйіндер, 8 - қолтықасты лимфоидты түйіндер, 9 - көкбауыр, 10 - аппендиктің лимфоидты түйіндер, 11 - тоқ ішек қабырғаларындағы лимфоидты түйіндер.
Эндокринді реттеу
Эндокриндік жүйе-қандай ұлпадан дамуына байланыссыз ішкі ортаға спецификалық реттеуші заттарды бөлетін барлық бездердің,ұлпалардың және жасушалардың бірігуінен тұратын жүйе. Эндокриндік жүйе құрамына эндокриндік бездер мен жекелеген эндокриндік жасушалар жатады.
Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік звеносы болып табылады және ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы атқарылады. Бұл органдардың белсенділігінің өзгеруі олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін гормондарының мөлшерін өзгертеді.
Эндокриндік жүйе-ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Эндокринді бездер ағзадағы барлық процесстерді реттеп отырады. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Бірінің бұзылысы екіншісінің қызметінің бұзылысына әкеледі.
Гормон-биологиялық активті заттар,олар арнайы эндокриндік ұлпада түзіліп шығарылады,яғни зат алмасуға және организмнің функциональдық реттеуге қатысады.
Гормондардың қасиеттері:
а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) арнайы мамандаған инкреторлы жасушада өндіріледі, ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Адамның эндокриндік жүйесі.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Биологиялық басқару жүйесі бойынша мәтінге тәуелді сұрақтар
-
Өмірмен байланысты сұрақ: Басқару жүйесі қалай организмдердің өмір сүруіне әсер етеді?
-
Көп таңдауы бар тапсырма: Басқару жүйесінің қандай компоненттері бар?
a) Нерв жүйесі
b) Эндокрин жүйесі
c) Тек нерв жүйесі
d) Тек эндокрин жүйесі -
Салыстыру тапсырмасы: Нерв жүйесі мен эндокрин жүйесін салыстырыңыз. Олардың функциялары мен құрылымдарын қалай ерекшелеуге болады?
-
Сәйкестендіру тапсырмасы: Төмендегі терминдерді олардың анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.
a) Нерв жүйесі - i) гормондарды өндіретін жүйе
b) Эндокрин жүйесі - ii) сигналдарды жылдам жеткізетін жүйе -
Шындық немесе жалған тапсырмасы: Басқару жүйесі тек адам организмінде ғана болады. (Шындық/Жалған)
-
Дұрыс реттілікті анықтау тапсырмасы: Басқару жүйесінің қызметін көрсететін кезеңдерді дұрыс реттілікте орналастырыңыз.
a) Сигналды қабылдау
b) Реакция жасау
c) Сигналды өңдеу -
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмасы: Басқару жүйесінің негізгі функциясы не?
a) Ақпарат жинау
b) Дене температурасының тұрақтылығын ұстап тұру
c) Тек қоректену -
Биологиялық диктант тапсырмасы: Басқару жүйесі _ мен _ арасындағы байланыс болып табылады.
-
Суреттегі бөлікті анықтау тапсырмасы: Суретте нерв жүйесінің бөліктерін көрсетіңіз. Нерв клеткасының (нейронның) құрылымын атаңыз.
-
Көп таңдауы бар тапсырма: Басқару жүйесінде сигналды тасымалдаушы қандай элементтер бар?
a) Гормондар
b) Нерв импульстары
c) Екеуі де
d) ешқайсысы
Жауап Кілті:
-
Басқару жүйесі организмдердің өмір сүруіне қажетті ақпараттарды өңдеп, реакцияларды басқарады.
-
c) Тек нерв жүйесі, d) Тек эндокрин жүйесі
-
Нерв жүйесі жылдам сигналдармен әрекет етеді, ал эндокрин жүйесі гормондар арқылы баяу әрекет етеді.
-
a) Нерв жүйесі - ii, b) Эндокрин жүйесі - i
-
Жалған
-
a, c, b
-
b) Дене температурасының тұрақтылығын ұстап тұру
-
Басқару жүйесі ақпарат жинау мен сигналдарды өңдеу арасындағы байланыс болып табылады.
-
Нейронның құрылымы: дендрит, аксон, клетка денесі.
-
c) Екеуі де
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Биологиядағы басқару жүйесі туралы жұмыс парағы
Биологиядағы басқару жүйесі тірі организмдердің өмір сүру процестерін реттейтін және үйлестіретін механизмдерді зерттейді. Бұл жүйелер организмдердің ішкі ортасын тұрақты ұстап тұруға, сыртқы ортаға бейімделуге және тиімді жұмыс істеуге көмектеседі. Басқару жүйесі ақпаратты қабылдау, өңдеу және жауап беру элементтерінен тұрады. Биологиялық жүйелердегі басқару механизмдері кері байланыс, гомеостаз және гормондық реттеу сияқты процестерді қамтиды.
Бос орындарды толтырыңыз: Дұрыс сөздермен бос орындарды толтырыңыз.
-
Биологиядағы басқару жүйесі организмдердің __ ортасын тұрақты ұстап тұруға көмектеседі.
-
Басқару жүйесінің негізгі элементтері: ақпаратты __, өңдеу және жауап беру.
-
__ - бұл организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау процесі.
-
Кері байланыс механизмі __ жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.
-
Гормондар арқылы реттеу - биологиялық __ жүйесінің бір түрі.
Кілт сөздер: басқару, қабылдау, ішкі, гомеостаз, басқару
Көп таңдауы бар сұрақтар: Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.
-
Биологиядағы басқару жүйесінің негізгі мақсаты:
a) Организмнің өсуін тездету
b) Организмнің ішкі ортасын тұрақты ұстау
c) Организмнің генетикалық құрылымын өзгерту
d) Организмнің энергия шығынын арттыру -
Қандай процесс организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды?
a) Мутация
b) Гомеостаз
c) Фотосинтез
d) Митоз -
Кері байланыс механизмі қалай жұмыс істейді?
a) Тек бір бағытта ақпарат жібереді
b) Жүйенің шығысы оның кірісіне әсер етеді
c) Тек оң әсерлерді қабылдайды
d) Тек теріс әсерлерді қабылдайды -
Гормондық реттеу қай жүйе арқылы жүзеге асырылады?
a) Жүйке жүйесі
b) Қан айналым жүйесі
c) Эндокриндік жүйе
d) Ас қорыту жүйесі -
Биологиялық басқару жүйесінің қай компоненті ақпаратты алғаш қабылдайды?
a) Эффектор
b) Рецептор
c) Процессор
d) Реттегіш
Ашық сұрақтар: Келесі сұрақтарға толық сөйлемдермен жауап беріңіз:
-
Биологиядағы басқару жүйесінің маңыздылығын түсіндіріңіз. Оның организм үшін қандай рөлі бар?
-
Гомеостаз дегеніміз не және ол организмде қалай жүзеге асырылады? Мысал келтіріңіз.
-
Кері байланыс механизмінің биологиялық жүйелердегі рөлін сипаттаңыз. Оның маңыздылығы неде?
Жауаптар кілті:
Бос орындарды толтырыңыз:
-
ішкі
-
қабылдау
-
гомеостаз
-
басқару
-
басқару
Көп таңдауы бар сұрақтар:
-
b) Организмнің ішкі ортасын тұрақты ұстау
-
b) Гомеостаз
-
b) Жүйенің шығысы оның кірісіне әсер етеді
-
c) Эндокриндік жүйе
-
b) Рецептор
Ашық сұрақтар:
-
Биологиядағы басқару жүйесі организмнің тіршілік әрекеттері үшін өте маңызды. Ол организмнің ішкі ортасын тұрақты ұстап тұруға, сыртқы ортаның өзгерістеріне жылдам және тиімді жауап беруге көмектеседі. Басқару жүйесі организмнің әртүрлі функцияларын үйлестіреді, энергия тиімділігін арттырады және организмнің өмір сүру мүмкіндігін жоғарылатады.
-
Гомеостаз - бұл организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау процесі. Ол әртүрлі физиологиялық механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, дене температурасын реттеу: егер дене температурасы көтерілсе, тер бөліну арқылы салқындау процесі іске қосылады; егер температура төмендесе, бұлшықеттердің дірілдеуі арқылы жылу өндіру артады.
-
Кері байланыс механизмі биологиялық жүйелердегі басқарудың негізгі элементі болып табылады. Ол жүйенің шығысын оның кірісімен салыстырып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл механизм организмнің тұрақтылығын сақтауға және сыртқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделуге көмектеседі. Мысалы, қандағы глюкоза деңгейін реттеу кері байланыс арқылы жүзеге асырылады.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Биологиядағы басқару жүйелері бойынша жұмыс парағы
Биологияда басқару жүйелері - организмдердің тұрақты ішкі жағдайларды сақтау үшін қолданатын механизмдері. Бұл жүйелер рецепторлар, эффекторлар және басқару орталықтарын қамтиды, олар бірге қоршаған ортаның өзгерістерін бақылап, оларға жауап береді. Бұл жүйелерді түсіну тірі организмдердің қалай жұмыс істейтінін және қоршаған ортаға қалай бейімделетінін талдау үшін өте маңызды.
Бос орынды толтырыңыз: Дұрыс сөздермен бос орынды толтырыңыз.
-
Биологиялық __ негізгі функциясы тұрақты ішкі жағдайларды сақтау болып табылады.
-
Басқару жүйесінде __ қоршаған ортаның өзгерістерін анықтайды.
-
Басқару орталығы ақпаратты өңдеп, сигналдарды __ жібереді.
-
__ рецепторлар анықтаған өзгерістерге жауап беруге жауапты.
-
Кері байланыс циклі ішкі жағдайлардың тұрақтылығын __ көмектеседі.
Кілт сөздер: эффекторлар, реттеу, басқару жүйесі, рецепторлар, эффекторлар
Көп таңдаулы сұрақтар: Әр сұраққа берілген жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыз.
-
Биологиялық басқару жүйесіндегі рецепторлардың негізгі рөлі қандай?
-
A) Ақпаратты өңдеу
-
B) Өзгерістерді анықтау
-
C) Энергия өндіру
-
D) Қоректік заттарды тасымалдау
-
-
Басқару жүйесінің қай компоненті жауапты орындауға жауапты?
-
A) Рецепторлар
-
B) Басқару орталығы
-
C) Эффекторлар
-
D) Кері байланыс циклі
-
-
Биологиялық басқару жүйесіндегі кері байланыс циклі не істейді?
-
A) Өзгерістерді күшейтеді
-
B) Сыртқы қауіптерді анықтайды
-
C) Гомеостазды сақтайды
-
D) Дене температурасын бақылайды
-
-
Адам ағзасындағы эффекторға мысал қайсы?
-
A) Терінің жасушалары
-
B) Нерв ұштары
-
C) Бұлшықет тіндері
-
D) ДНҚ
-
-
Басқару орталығы рецепторлардан алынған ақпаратқа қалай жауап береді?
-
A) Энергия өндіру арқылы
-
B) Эффекторларға сигналдар жіберу арқылы
-
C) Қан ағынын арттыру арқылы
-
D) Жаңа жасушалар жасау арқылы
-
Ашық сұрақтар: Келесі сұрақтарға толық сөйлемдермен жауап беріңіз:
-
Кері байланыс циклі тірі организмдерде гомеостазды қалай сақтауға көмектеседі?
-
Биологиялық басқару жүйесіндегі эффекторлардың рөлін сипаттап, мысал келтіріңіз.
-
Организмдер үшін тұрақты ішкі жағдайларды сақтау неге маңызды екенін талқылаңыз.
Жауап кілті:
Бос орынды толтырыңыз:
-
басқару жүйесі
-
рецепторлар
-
эффекторлар
-
эффекторлар
-
реттеу
Көп таңдаулы сұрақтар:
-
B) Өзгерістерді анықтау
-
C) Эффекторлар
-
C) Гомеостазды сақтайды
-
C) Бұлшықет тіндері
-
B) Эффекторларға сигналдар жіберу арқылы
Ашық сұрақтар:
-
Кері байланыс циклі ішкі жағдайларды үнемі бақылап, оларды тұрақты, тар ауқымда сақтау үшін қажетті өзгерістерді жасай отырып, гомеостазды сақтауға көмектеседі.
-
Эффекторлар басқару орталығынан келген сигналдарға жауап беруге жауапты. Адам ағзасындағы эффектордың мысалы - қозғалыс жасау үшін жиырылатын бұлшықет тіндері.
-
Ұйымдардың жасушаларының дұрыс жұмыс істеуін және олардың жалпы денсаулығы мен өмір сүруін қолдау үшін тұрақты ішкі жағдайларды сақтау маңызды.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
1.Жүйкелік және гуморальдық реттеу бойынша тұжырымдарды жіктеңіз.
-
Тұжырымдардың мысалдары:
-
Жүйке жасушалары арқылы іске асырады.
-
Электр импульстары және медиаторлардың көмегімен іске асырылады.
-
Бұлшық ет қысқаруының бір ғана реттеуіші болып саналады.
-
Психикалық үдерістердің өтуін қамтамасыз етеді.
-
Биологиялық белсенді заттар арқылы іске асырады.
-
Баялау іске асырылады.
Жүйкелік реттелу |
Гуморальдық реттелу |
|
|
2.Белгілері бойынша жүйкелік және гуморальдық реттелу сипаттамаларын кестеге толтырыңыз.
Жүйкелік реттелу |
БЕЛГІЛЕРІ |
Гуморальдық реттелу |
|
Шыққан атауы |
|
|
Филогенезде қалыптасуы |
|
|
Мінсіздік
|
|
|
Тән ағзалар |
|
|
Не арқылы жүзеге асады |
|
|
Реттелудін жолы |
|
|
Әсер ету аймағы |
|
|
Реттелу жылдамдылығы |
|
|
Әрекет ұзақтылығы |
|
|
Доминирлену |
|