Материалдар / 20-ға дейінгі сандарды салыстыру

20-ға дейінгі сандарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2018
685
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспарыМатематика
Тақырып: 20-ға дейінгі сандарды салыстыру Мектеп «Ұрбұлақ» жалпы орта мектебі
Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Б. Асилова
Сынып 1 «Ә»Қатысқандар саны:Қатыспағандар:
Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары:1.2.1.6 екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу1.1.2.2 қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсіну, осы амалдардың компоненттері, нәтижелері арасындағы тәуелділікті анықтау
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың барлығы орындай алады:


бір таңбалы және екі таңбалы сандарды салыстырады;


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:“+”, “-”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын пайдаланады


Кейбір оқушылар орындай алады:20-ға дейінгі сандардың ондығы мен бірлігін ажырата алады.
Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану



Бағалау критерийлеріДескриптор
20-ға дейінгі бір таңбалы және екі таңбалы сандарды салыстырады.Тура және кері санайды
Тілдік мақсат Оқушылар:20-ға дейінгі бір таңбалы және екі таңбалы сандарды салыстыруды үйренеді.


Негізгі сөздер мен тіркестер:Сандар, салыстыру


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін Пазлдағы сандарды салыстыруБос пазлдарға сандар жазу және оларды салыстыру


Талқылауға арналған сұрақтар:Кімдердің көп екенін анықта: ұлдар ма, әлде қыздар ма?Барлық аққалаға баскиім жете ме?


Жазылым бойынша ұсыныстар :Дәптермен жұмыс


Неге екенін айта аласыңдар ма?Сандарға қандай амалдар қолдана алатыныңды айта аласың ба?
Алдыңғы тақырыпҚысқы математикалық ойындар
Жоспар

Уақыт аясы Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 5 минут



  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • (Ұ) Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Математика ең негізгі ғылым бұл Сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
  • Суреттерді біріктіру арқылы топқа біріктіру
  • Суреттер
    Сабақтың ортасы 35 мин
  • Жаңа сабақ
  • Оқушылар сандарды салыстыру тәсілдерімен бұған дейін таныс. Берілген сабақ сандарды салыстыру білігін 20-ға дейінгі сандар және 100-ге дейінгі ондықтар арасында жүргізілген жұмыстың мысалдарымен бекітуге бағытталған. Оқушылар сандардың арасындағы өзара байланысты (артық, кем, тең) орнатады. Бір санның екінші саннан неше бірлікке артық немесе кем екенін салыстыру үшін айырмалық салыстыру тәсілін пайдаланып нақтылайды. Айырмалық салыстыру ережесі осы типтес есептерді шығару кезеңінде енгізіледі. Сондықтан осы кезеңде айырмалық салыстыруды сандық сәуленің көмегімен, яғни бір саннан екінші санға дейінгі қадамдарды санау тәсілімен жүргізеді. Сабақтың сюжеттік желісі табиғи ерекшеліктерге сәйкес құрылып, “Қысқы ойындар” деп аталған. Екі таңбалы сандармен (20-ға дейінгі) танысу кезінде оқушылар оларды разрядтық құрамы бойын­ ша салыстыруды үйренді және оның салыстыру ере­ жесін біледі:Екі таңбалы сандарды салыстыру үшін ондықтар разрядындағы­ санға қарау керек. Ондықтар разря­ дындағы сан үлкен болса, онда сан да үлкен болады.Екі таңбалы сандардың ондықтар разрядын­-да бірдей сандар тұрса, бірліктер разря­дындағы­ сандар салыстырылады.

    Берілген тұжырымдарды бекіту үшін оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру.Кіріспе тапсырма. Оқушыларға 0-ден 20-ға дейінгі сандары бар парақшалар жиынтығын алуды ұсыну.Ойынға дайындық:Әрбір ойыншы өз парақшаларын аралас­ тырып, үстел үстіне сандарын төмен қаратып орна­ ластырады. (Нұсқалары: 2 Х 5; 4 Х 5; 5 Х 4.)Сосын ойыншылар өз парақшаларын қандай ретпен ашатынын келіседі.Ойын тәртібі:Бірінші ойыншы жоғары қатардың сол жағын­ дағы бірінші парақшаны ашады.Екінші ойыншы да өз жиынтығынан жоғары қатардың сол жағындағы бірінші парақшаны ашады.Ойыншылар сандарды салыстырады. Кімнің қолындағы сан артық болып шықса, екі парақша да соның қолына көшеді.Егер екі ойыншының қолындағы сандары тең болса, онда парақшалар әркімнің өзінде қалады.Барлық парақшалар аяқталғанша ойын жалғаса береді. Кімнің қолында көп парақша қалса, сол жеңіске жетеді.Сөз құрастыр. Бұл кезеңде оқушыларға ондық сандарды қосу мен азайтудың тәсілдері әлі таныс емес. Сондықтан олар сандық сәулені (қосқанда қадамдарды оң жаққа есептеу, азайтқанда сол жаққа есептеу) немесе қосу кестесін қолдана алады. Барлық мысалдарды шығарып болған соң тапсырманы топта орындату.. Тапсырманы орындап болған әр топ өз парақтарын тақтаға іліп, басқа топтардың жауабымен салыстырады.Жауабы:18, 17, 16, 13, 12, 10.АҚҚАЛАОрындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұп­қа бірігіп орындауды және әр жұпқа санның арасына белгілер қоюды ұсыныңыз. Оқушылар­ салыстыру­ кезінде жұптағы бір санның екінші сан­нан қанша артық немесе кем екенін нақтауы тиіс. Ол үшін олар сандық сәулені (қадамдарды бір саннан екінші санға дейін есептеу) қолдана алады. Айырмалық салыстыру туралы ереже әзір айтылмайды. Бұл тапсырманы оқушылар сандық­ теңсіздіктерді жаза отырып, жеке қағазға орындайды. Берілген тапсырманы “тізбектей орындатуға”­ да болады.

    Жауабы:10 = 10 жазуы артық, өйткені қалған жазуларда “>” немесе “<” белгілері қолда­нылған
  • Дәптермен жұмыс
  • Сергіту сәтін жүргізу.
  • Топтық тапсырма
  • 1-топ 5?1510?102- топ 7?1710?20
    ОқулықЖұмысДәптерімаркерлер
    Сабақтың соңы 5 мин Математикалық диктант орындау

    Қосымша ақпарат
    Саралау – сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсізБағалау – балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАТК -мен байланыс Құндылықтармен байланыс
    Пазлдағы сандарды салыстыр. Оқушылар 20 көлеміндегі сандарды және 100 көлеміндегі дөңгелек сандарды салыстыра алады. Екі пазлдың арасына салыстыру белгілерін қояды. Оқушылар санды теңсіздіктерді құрады, ол үшін бос тор­көздерге­ ойлаған сандарды жазады және олардың арасына салыстыру белгілерін қояды.— Қай сан 5-тен 2-ге артық?— Қай сан 15-тен 3-ке кем?— Қай сан 10-нан артық, бірақ 12-ден кем?— Барлық екі таңбалы сандардың ең кішісі қандай сан?— Қай сан барлық бір таңбалы сандардан үлкен?— Қолыңда бар сандардың ішіндегі ең аз сан қайсы? Ал ең үлкен сан қайсы?

    Сауат ашуЖаратылыстануШапшаңдыққа тәрбиелеу
    Рефлексия Сабақ мақсаты/ оқыту мақсаты шынайы болды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақтағы ахуал қалай болды?Менің жұмысқа деген саралау тәсілім тиімді болды ма?Кесте бойынша жұмыс жүргізе алдым ба?

    Мен жоспарыма қандай өзгеріс енгізгім келеді? неге?


    Жалпы баға
  • Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
  • 1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1.2.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?









    Тексерілді: Б. Момышев





    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ