Күні:
20.11.2020.
Тақырыбы: Балаларды құқықтарымен
таныстыру тренингі.
Мақсаты: балаларға құқықтық білім
беру.
Міндеттері: балалардың құқықтық
түсініктерін қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту, тәртіп
ережелерін сақтауға үйрету.
Әдіс
тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
Құрал-жабдықтар: Сәлемдесу белгілері, суреттер,
дидактикалық ойындар, құтқарушы бас киімі, ойыншықтар, теледидар,
табиғат дыбысы әуені.
Сабақтың
барысы:
І. Сәлемдесу
рәсімі
Психолог: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Барлығымыз шеңберге тұрайық. Бүгін біз ерекше сәлемдесейік. Ол үшін
тақтада ілініп тұрған белгілерге қарап өздеріңе ұнаған сәлемдесу
рәсімін таңдап менімен сәлемдесіңдер..
Балалар: белгілер бойынша психологпен
сәлемдесу түрін таңдап, амандасады.
ІІ. Байланыс орнату
жаттығуы
«Біз адамбыз»
жаттығуы.
Психолог: Балалар, біз барлығымыз бір
адамбыз деп елестетейік, өзіміздің дем алғанымызды тыңдайықшы.
Бәріміз бірге терең дем алайық.
Балалар: бір-бірінің дем алғанын
тыңдап, терең демалады.
Психолог: Ал, енді жүрегіміздің соққанын
тыңдайық: бір қадам алға - тук-тук, бір қадам артқа –
тук-тук.
Балалар: бір қадам алға, бір қадам
артқа жасайды.
Психолог: Біз өте мейірімді, сүйкімді
адамбыз. Күннің сәулесінен алған жылулылықты бойымызға жинап, жақсы
көңіл-күймен жүрейік. Жарайсыңдар,
балалар!
ІІІ. Негізгі
бөлім
Психолог: Балалар, бүгін біз сендердің
құқықтарыңмен танысатын боламыз! Құқық дегеніміз- бұл мемлекет
шығарған тәртіп ережелері. Барлық адамдардың тәртіп ережелері, яғни
құқықтары бар және бүгін біз балалардың құқықтарымен
танысамыз.
«Бір сөзбен ата»
ойыны.
Мақсаты: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау,
жіктеу қабілеттерін дамыту.
Ойын
барысы: Психолог бірнеше сөздерді
атайды, ал балалар топтарды
жіктейді.
Арна, Лида, Жания, Іңкәр бұл-
қыздардың есімдері.
Рахим, Альназар, Мадияр, Саян
бұл- ұлдардың есімдері.
Заставина, Хусман,
Жасқайратов бұл- балалардың
тегі.
Сериковна, Зарлыковна,
Жумашевна бұл –апайлардың әкесінің аты.
Ана, әке, аға, әпке бұл-
отбасы мүшелері.
Психолог: Тамаша, балалар. Барлық
адамдардың туғаннан кейін есімі қойылады және тегі мен әкесінің аты
беріледі. Оны туу туралы куәлікке жазады. Ол сендердің
барлықтарыңда бар. Үйге барған соң аналарыңнан оны көрсетулерін
сұрауға болады. Және бұл құжатты ешқашан жоғалтуға болмайды. Мысалы
басқа қалаға барғанда мен өзімнің Айгерім немесе Диана өзінің Диана
екенін қалай дәлелдейді. Тек осы құжат арқылы, сондықтан онымен
ойнауға, жыртуға болмайды.
Отбасы мүшелеріне тоқталып
кетсек, әр бала өзінің ата- анасымен тұруға құқылы. Ешкім сендерді
ата- аналарыңнан алып кетуге құқығы
жоқ.
Балалар: психологты мұқият тыңдайды, өз
сұрақтарын қояды.
«Енесін тап»
ойын.
Мақсаты: үй жануарларын тауып, атауды
үйрету, балалардың сөйлеуін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін
дамыту, жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру және әр кімнің өз
отбасында өмір сүруге құқығы бар екенін
бекіту.
Ойын
шарты: Балалар төлдердің енесін тауып
көрсетеміз, атаймыз.
Психолог: Кезек –кезек шығып бір төлді
таңдап, оның енесін көрсетейік.
Балалар: дұрыс- не бұрыс тапқанын
анықтайды.
«Құтқарушы»
ойыны.
Мақсаты: Қауіп төніп тұрған ойыншықты
құтқару, әр баланың өмір сүруге, қауіп төнгенде қорғануға құқығы
бар екендігін бекіту.
Ойын
шарты: Балалар екі қатарға бөлініп
тұрады. Алыста қауіп төніп тұрған ойыншықтарды кезек- кезек жүгіріп
құтқарады. Бірінші бір бала, екінші кезекте екі бала, үшінші
кезекте бір бала т.т.
Психолог: Балаларға құтқарушы бас киімін
кигізіп, жануарларды құтқаруға белгі
береді.
Балалар: жүгіріп жануарларды құтқарады,
құтқарушы бас киімін бір біріне кезек- кезек
береді.
Психолог: Жарайсыңдар, балалар! Сендер
барлық жануарды құтқарып алдыңдар. Осы жануарлар сияқты сендердің
барлықтарыңның өмір сүруге және қауіп төнгенде қорғануға құқықтарың
бар. Сендер қауіп төнсе не істейсіңдер? Мысалы: өрт болса, қайда
хабарласасыңдар?
Балалар: өрт сөндірушілерге- 101
нөміріне қоңырау шаламыз.
Психолог: Ал егер ауырып
қалсаңдар қайда
хабарласасыңдар?
Балалар: жедел жәрдемге -103 нөміріне
қоңырау шаламыз.
Психолог: Егер өмірлеріңе қауіп төнсе,
қайда хабарласасыңдар?
Балалар: полицияға -102 немесе 112
нөміріне хабарласамыз.
Психолог: Дұрыс айтасыңдар балалар, егер
сендер ауырып қалсаңдар немесе қауіп төнсе, сендер емделуге және
қорғалуға құқықтарың бар.
Тыныштық
сәті
Шарты:Табиғаттың дыбысы, балалардың
күлкісі естілетін әуен қойылады. Балалар кілемге жатады, көздерін
жұмады.
Психолог:
Балалар бірнеше рет терең
тыныс аламыз!
Ребята несколько раз делаем глубокий
вдох!
Ал енді өзімізді табиғат
аясында жүргендей елестетеміз....
А
теперь представим себя, как будто мы находимся
на
природе....
Сенің қасыңда ең сүйікті жақын
адамдарың жүр...
Рядом с тобой самые любимые близкие
люди...
Сен олармен табиғат аясына
демалуға шықтың...
Ты
вышел отдохнуть с ними на природу...
Сендер доп ойнап, жүгіріп
жүрсіңдер....
Вы
играете в мяч и бегаете....
Күн жылы шуағын шашып
тұр....
Солнце греет своим теплом....
Саған өте
көңілді......
Тебе очень весело......
Балалар бірнеше рет терең
тыныс аламыз!
Ребята несколько раз делаем глубокий
вдох!
Ал енді көзімізді
ашамыз.
А
теперь открываем глаза.
Психолог: кішкене кідіріп,
балалар сендер кіммен жүргендеріңді
елестетіңдер? Табиғат аясында не
істедіңдер?
Балалардың
жауаптары.
Психолог: Тамаша балалар, сендердің
демалып, ойнауға құқықтарың бар. Ал тағы қандай құқықтарың бар
екен. Оны келесі ойынан білеміз.
«Менің құқығым бар»
ойыны.
Мақсаты: Құқықтық білім
беру.
Ойын
шарты: Бала құқықтары туралы БҰҰ
Конвенциясының баптарына сәйкес ертегілерден сюжеттік суреттер
жиынтығы ілініп, балаларға баптарға сәйкес ертегіні табу
ұсынылады.
Психолог: Балалар мен қазір сендерге
бала құқықтарын айтып отырамын, ал сендер осы құқыққа сәйкес
келетін ертегіні суреттерден тауып
көрсетесіңдер.
Балалар әр бапқа сай
ертегіні атайды.
- Оқуға құқығың бар: Маша мен
аю.
- Жақсы тамақтануға құқығың
бар: Түлкі мен тырна.
-Өмір сүруге құқығың бар:
Бауырсақ.
- Емделуге құқығың бар:
Айболит.
- Үйде тұруға құқығың бар:
Үйшік.
-Қауіп төнсе қорғануға құқығың
бар: 7 лақ.
VІ. Қорытындылау, қоштасу
рәсімі
Психолог: Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі
сабақ сендерге ұнады ма? Көңіл күйлерің қандай? Егер жақсы болса
қолмен «Күшті» деп көрсетейік, егер көңіл күйлерің жақсы болмаса
қолмен «Нашар» деп көрсетейік. Тамаша, балалар сендерге бүгінгі
сабақта не ұнады?
Балалар өз ойларын
айтады.
Психолог: міне сендер өз
жауаптарыңды бердіңдер, бұл да сендердің өз ойларыңды білдіруге
құқықтарың бар екенін көрсетті. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқндарыңа
рахмет. Мен сендерге жақсы қатысқандарың үшін мынадай сыйлық бергім
келеді,- деп смайликтар таратып беру. Әрқашан осылай күлімдеп
жүріңдер балалар. Сау, болыңдар!