Материалдар / 21 ғасыр көшбасшысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

21 ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
химия, биология және география апталығында сыныптан тыс іс - шара "21 ғасыр көшбасшысы"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2018
1153
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Армысыздар, бүгінгі  «Көшбасшы оқушы» интеллектуалды сайыс сабағымызға  жиналған  қауым! Бүгінгі  біздің сайысқа  қош  келіпсіздер!  

Мақсаты:

 Оқушылар жаратылыстану пәндерінен білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді. Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіруі, өз көзқарасын жеткізе білуі, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байытады.
Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейтеді. Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдайды, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімделеді, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіреді.
Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сыйлықтар, тест тапсырмалары.
Сайыстың барысы:

Бірінші кезең «БӘЙГЕ»

Екінші кезең «ДОДА»

Үшінші кезең «ЖОРҒА»

Әділ қазыларды таныстыру.

1. Қусаинова Күмісжан математика пәні мұғалімі

2. Кеншимбаева Кенже физика пәні мұғалімі

3. Искакова Балкүміс қазаұ тілі және әжебиет пәні мұғалімі


Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысушылармен таныс болайық

1. Жарлғасынова Айым 8 сынып

2. Зеннатов Адильхан 8 сынып

3. Сатыбалды Ерден 9 сынып

4. Назарбекова Асем 9 сынып

5. Кавкеш Дамир 10 сынып

6. Искакова Алма 10 сынып


Бүгінгі  «Көшбасшы оқушы» интеллектуалдық сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық.

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

«БӘЙГЕ»

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз

дей келе  біз  келесі  кезең БӘЙГЕ  кезеңін бастайық.

6 адам қатысады.
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.

1-сұрақ. Дүние жүзіндегі ең терең мариан шұңғымасы ашылған жыл? (1957)

2-сұрақ. Құсжолы қандай пішінде болады? (шиыршық)

3-сұрақ. Молдаваның астанасы (Кишинев)

4-сұрақ. Жануарларды жүйелеген ғалым (К.Линней)

5-сұрақ. Ең кіші планета? (Меркурий)

6-сұрақ. Жануарларды жіктеудегі ең кішісі (түр)

7-сұрақ. Балықтардың неше мың түрі бар? (20000)

8-сұрақ. Паразит құрттарды зерттейтін сала ( гельминтология)



Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша әділ қазыларға сөз кезегін береміз.

Сайыскерлеріміздің жинаған ұпайларын есептейік.

  

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ

«ДОДА»

 

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын  деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік. 

Алты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады.  Екінші турда мектеп бағдарламасына сай биология, география пәндерінен сұрақтар қойылады. 
1. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр пәннен бес сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына  он балдан қосылып отырады. 
3. Жауап ауызша беріледі. 
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады. 


География

1.     Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)

2.     Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)

3.     АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)

4.     Аустралиядағы уақытша кеуіп қалатын өзен арналары (криктер)

5.  Тайланд астанасы?(Бангкок)

 

Биология

  1. Қалқанша безінен бөлінетін гормон (тироксин)

2. Жасушаның көбеюге қатысатын органоиды (ядро)

3. Өсімдіктерге жасыл түс беретін ( хлоропласт)

4. Адам ағзасындағы сүйектер саны (200 ден астам)

5. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым (генетика)


Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріміздің жинаған ұпайларын білейік. Ең жоғары балл жинаған 3 оқушы келесі үшінші турға өтеді. Аз ұпай жинаған сайыскерлерімізбен қоштасамыз.

 


ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
”ЖОРҒА”

1. Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді. 
2. Қатысушыларға 3 тақырып берілген. «Материктер», «Биолог ғалымдар», «Химиялық байланыс». Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша  бағаланатын сұрақ жасырылулы.
Кестедегі ұпай бойынша ұяшық таңдайды. Оған сәйкес 10;20;30; 40 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған  мөлшерде ұпайға ие болады. 
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы  дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады. 
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур өткізіледі.

 

 География

10 –Ең соңғы ашылған материк? (Антарктика)

20 – Сөнбеген жанартаулары жоқ бірден – бір материк (Аустралия)

30 – Дүние жүзінде ең үлкен, әрі ең терең Колорадо коньоны орналасқан материк (Солтүстік Америка)

40 – бейне сұрақ

Биология

10 – Гүлдеп жеміс беретін өсімдіктер не деп аталады? (Жабық тұқымдылар)

20 – Эндемиялық зоб ауруына қандай балдыр тағам ретінде ұсынылады? (ламинария)

30 – Өзен шаянының зәр шығару жүйесі (екі жұп жасыл без)

40 –


«ҚЫЗЫҚТЫ ЖАҒДАЯТТАР»
Ойлану уақыты 5 секунд.
1) Бес жұмыртқа 12 минутта піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі?
 
/12 минут/
2) Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? /6 бала/
3) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды? /Түйеқұс ұшпайды/
4) Ұшақ Алматыдан Астанаға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? /Тең/
5) 1 т мақта ауыр ма? әлде 1 т темір ауыр ма? /Тең/
6) Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында, біреуі артында. Барлығы қанша үйрек? /3 үйрек/




 


















Қосымша тапсырма (ұпайлары тең болған жағдайда)

қара алтын деген не?(көмір)

География
1) Барлық жағынан мұхиттармен және теңіздермен қоршалған құрлықтың үлкен көлемі. / Материк /
2) Әлемдегі ең үлкен шөл. / Сахара /
3) Әлемдегі ең ірі арал. / Гренландия /
4) Қандай теңізге бірде-бір өзен құймайды. / Қызыл теңіз /
5)
Биология
1) Таныстыру және зерттеу үшін кептірілген өсімдіктер жиынтығы.
/ Гербарий /
 
2) Адамзат тарихындағы бірінші антибиотик. / Пенициллин /
3) Бұл вегетативтік органның арқасында өсімдік коректенеді.
 
/ тамыр /
4) Асқабақ тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады.
/ Қауын, қарбыз, қияр /

География.

Бұл шыңның биіктігі 8848 метр.Оны Непалда Сагарматха деп атайды екен. Аспан әміршісі деген сөз.Ал Үндінің геодезия жүйесінде қызмет еткен ағылшын полковнигі әлемнің ең биік шыңы осы деп есептеп, байлам жасаған. Бір ғажабы, ол бұл шыңның басына шықпақ түгіл, етегінде де болмаған. Оның тапқыр да дәл есебі бағаланған.Сондықтан осы полковниктің атын қойған. Сол полковниктің және шыңның атын айтыңдар. (Эверест)

Биология.

Ол біздің организміздегі  микробтармен күреседі. Оларды қаптап алып, өлтіреді.  Сен дем алатын оттегін бүкіл денеңе таратады.  Пайдалынылған газды  өкпеге жеткізеді, сосын сен оны деммен шығарасың. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетің жабатын жабысқақ  ерекше бір зат өндіреді. Ол не? (қан)

Арнайы сұрақ.

Жаңа сауылған жылы сүтті ашытып, ірітеді одан кейін суалғанша қайнатады. Әбден қайнатқаннан  кейін   қызыл, сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Кепкен соң  май, жүзім қосып жент жасайды. Бұл қандай ұлттық тағам? (Ірімшік)

Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)

Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс)





























Көруге бұл сайысқа жиылғандар,
Д. И. Менделеевке құрметпенен сиынғандар.
Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар!

І бөлім: «Бәйге» (Оқушылар жылдамдығына қарай, қайсысы тез, әрі дұрыс жауап берсе, сол 10 ұпай алады).
Сұрақтар:
1. Қандай қышқылды барлық қышқылдардың анасы дейді? (күкірт қышқылы)
2. Денесінде қышқыл бар жәндік? (құмырсқа)
3. Қандай химиялық элементтің атауы оның табиғаттағы рөліне сәйкес келмейді? ( Азот - грек тілінен аударғанда «өмірді құптамаймын» )
4. Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен тісжегі ауруы (кариес) пайда болады? (фтор)
5. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент? (мырыш)
6. Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)
7. Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы? (ас тұзы)
8. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? (тұз қышқылы)


ІІІ бөлім: «Көкпар»
Көп ұпай жинаған 3 оқушы – А тобына, ал аз ұпай жинаған 3 оқушы – Б тобына жиналып, топ болып жауап береді.
Берілген тапсырма:
1. Алкогольдің зияны.
2. Судың пайдасы мен зияны.
Бұл бөлімнен кейін ұпай саны басым 4 оқушы қалады.

IV бөлім: “Қызықты 5 сұрақ». (10 ұпаймен бағаланады)
1. Сөндірілмеген әктің формуласы?
2. Антибиотик дегеніміз не?
3. Алманың кесілген жері неліктен сарғаяды?
4. Қандай суда қоспалар аз?
5. Тұз түзбейтін оксид?

V бөлім: «Тікелей сұрақтар» (Әр дұрыс жауапқа 40 ұпай қосылады).
1. Өздеріңізге белгілі табиғи газ түссіз, иіссіз. Ал тұрмыста қолданылатын газдың иісі бар. Неліктен?
2. А және Б газ күйінде жай заттар әрекеттескенде түзілген В заты – иіссіз, түссіз, дәмсіз сұйықтық. Қыздырғанда, салқындатқанда агрегаттық күйі өзгергенімен, бастапқы молекуласын сақтайды. Тұрмыста, халық шаруашылығында, өндірісте кеңінен қолданылады. А, Б, В затын атап, формуласын құрастырыңыз.
3. Екі ыдыста да көзге көрінбейтін түссіз, иіссіз газ толтырылған.
Бірінші ыдысқа тышқанды жібергенде сергек сезінеді.
Екінші ыдысқа шала жанған шырпыны апарғанда лап етіп жанып кетеді. Ыдыстарға толтырылған қандай газдар?
4. Бірінші буыны «қабылда» деген сөздің мағынасын білдіреді, екінші буыны «шараппен улану» деген мағынаны білдіреді, ал өзім тұзбын. Ойлаңызшы сонда мен кіммін?
Бұл турда 2 оқушы қалады.

VI бөлім: «Жорға» (20 ұпаймен бағаланады)
1 - оқушыға.
1. Ең қатты металл.
2. Қандай элемент қазақ тіліне аударғанда «сасық» деп аталады?
3. Ең жеңіл металл.
4. Иіс газы.
5. Бөлінбейтін кішкентай бөлшек.
6. Қандай көк қағазды лезде қызартуға болады?
7. Қандай су ем үшін пайдаланылады?
8. Крахмалды қандай затпен бояуға болады?
9. Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз?
10. Сутектен кейінгі ең жеңіл газ?.
11. Барлық жер қыртысында ең көп таралған элемент?
12. Ең ауыр металл?.

2 - оқушыға.
1. Қанның құрамына кіретін металл.
2. Ас содасының формуласы.
3. Адам тыныс алатын газ.
4. Бейметалдардың жалпы саны.
5. Жұмыртқаны отсыз, электр қуатынсыз пісіруге болады ма?
6. Тоқты ең жақсы өткізетін металл.
7. Ең иілгіштігі жоғары металл.
8. Фермент деген не?
9. Бірінші бөлігім «алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептеледі. Мен кіммін?
10. Көмірдің жануы қай құбылысқа жатады?
11. Фтордың салыстырмалы атомдық массасы.
12. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сан.

VIІ бөлім: « Шешендік өнер».
(Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. 50 ұпаймен бағаланады.)
1. Химия ғылымының пайдасы.
2. Химия ғылымының зияны













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!