Материалдар / §21 Ғылым мен білімнің дамуы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

§21 Ғылым мен білімнің дамуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
564
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сыныбы: 7 сынып.

Пәні:Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §21 Ғылым мен білімнің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске баулу..

Тәрбиелік: Адамгершілік, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мақал- мәтелдердің талдау, ойын элементтері, зерттеу жұмыстары, тірек сызба , (сәйкестендіру, салыстырмалы, ). (Интерактивті тақтаны пайдалану).

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы,Әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А. Иүгнеки, Қожа Ахмет Йассауидің т.б.даналардың портретттері, тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ой қозғау. Әр топқа 1 сұрақтан.

І топ. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діні нанымдар болды?

ІІ топ. Ислам діні қай кезде қабылданды және оны дін деп кім жариялаған?

ІІІ топ. Мұсылман дінінің мәдениет дамуына тигізетін әсері.

1. Тапсырма. Сөздерді тап?

І топ.

Қойға табынудың ғылыми атауы--------------------------------------------------------------

Қойға табыну кең етек жайған аймақ пен тайпалар,халықтар------------------------------------------Түріктерден келе жатқан -------------------------табыну рәсімі Ұмай анамен байланыстырылады.

Кілт сөздер: зооастралық фарна, Сырдария, оғыздар мен түрікмендер,отқа.

ІІ топ.

Ертедегі діни нанымдардың кең тараған аймағы------------------------------------------

----------------------------------------------------- христиандық шіркеудің қалдықтары табылған.

Ислам дінінің енуіне байланысты сәулет өнеріне енгізілген өзгеріс-----------------------------------------------------------------------

Кілт сөздер: Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Ақбешім қаласы, күмбезденіп жабылған мұнаралар

ІІІ топ.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Х ғасырда мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған----------------------------Жұма мешіті табылды. --------------------------------------------------мұсылманша жерлеу ерекшелігі мен айырмашылығы----------------------------------------------------

------------------------------- ғылым мен білімнің дамуына үлес қосты.

Кілт сөздер:Отырардан 4 км жерде, Құйрықтөбе қала жұртында, адамның басы құбылаға қаратып, Ислам дінінің енуі.




2. Тапсырма. «Кім жылдам?»

1. Тотемге табыну дегеніміз не? (шығу тегін аңмен байланыстыру)

2. “Дін үшін соғыс” қай жылдары болды? ( 633ж)

3. Атлах шайқасы қай жылы болды ? (751ж)

4. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслимнің  Шашты басып алған жылы? (714ж)

5. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған кім? (Мұса хан)

6. ІХ- Х ғғ түркі әлемінде орныға бастаған ислам дінінің бағыты? (сунниттік)

7. Ислам діні қай кезде қабылданды? (ІХ- Х ғғ)

8. Фарн- сөзінің мағынасы? (береке-байлық, денсаулық, бақыт беруші)

9. Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай қай дін тарады? (христиан діні)

10. Қыпшақтар арасында қай ғасырдан бастап ислам діні тарай бастады? (ХІІ ғ)

11. Орта ғасырлық қай қалаларға алғашқы кезде мешіт медреселер салына бастады?( Отырар, Тараз, Сығанақ т.б)

12. Жібек жолы бойымен Иранда III ғасырда қалыптасқан дін –(Манихейлік)
Үй тапсырмасын қортындылау:

Уақыт өте келе Ислам діні ертедегі наным-сенімдерді Қазақ даласынан біртіндеп ығыстырып шығарды.

ХІІ ғасырда Қыпшақтар орталығы Сығанақ қаласында мешіт-медреселердің салынуы Хисамадин әл-Сығанақи сынды бірнеше ғұламалардың шығыуына жол салды.

Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білімнің дамуына ықпал етті.

ІІІ. Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабақ жоспары:

1. Ғылымның дамуы.

Әбу Насыр Әл-Фараби

Әбу Райхан әл-Беруни

2. Тіл білімінің дамуы.

Махмуд Қашғари

Жүсіп Баласағұн

3. Әдебиет.

  1. Ахмет Игүгенеки

  2. Қожа Ахмет Йассауи

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін мақал – мәтелдердің жалғасын тап ойыны арқылы тапсырмалар беріледі.

3. Тапсырма. Қызығушылықты ояту.

1. Ғылым – теңіз, ……………………………(білім қайық).

2. Ақыл азбайды, ……………………………( білім тозбайды).

3. Оқу – білім азығы, ………………………(Білім ырыс қазығы).

4. Ілім бұлақ …………………………………..(білім шырақ).

5. Тіліңмен жүгірме, ……………………….(Біліммен жүгір).

6. Білім арзан, …………………………………(білу қымбат).

4. Тапсырма. «Мағынаны тану» (7мин)
1.Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

І топ.

Ғылымның дамуы.

Әбу Насыр Әл-Фараби

Әбу Райхан әл-Беруни

ІІ топ.

Тіл білімінің дамуы.

Махмуд Қашғари

Жүсіп Баласағұн


ІІІ топ.

Әдебиет.

  1. Ахмет Игүгенеки

  2. Қожа Ахмет Йассауи


5. Тапсырма. Ғұламалармен таныстыру.

Әбу Насыр әл – Фараби (870–951) – Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерде шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған.

Әл-Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркстан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда-саттық мәселесіне ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тілі болған. Сондықтан құмарлығы оянған Әл-Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.

Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия болып келеді.

Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Әбу Насыр әл – Фараби, Ғаббас әл-Жауһари т.б дәстүрлерін жалғастырды. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина,салаларынан 150-ден астам еңбектері бар. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.

Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029–1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды.

Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы.

Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Онда жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды.


Ахмед Иүгінеки. Шын аты Әбід Ахмед Махмұдұлы (туған-өлген жылы белгісіз) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Ахметтің туған жері Түркістан қаласының аймағы. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған. Оның бізге жеткен еңбегі – «Ақиқат сыйы». Дастан қарахан халқына түсінікті түркі тілінде жазылған. «Ақиқат сыйы» халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге,арамдықтан аулақ болуға шақырады.

Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж. ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, дін уағыздаушысы.

Әкесі ИбраҺим атақты ғұлама адам болған. Алғаш әкесінен оқып, сауатын ашып үйренген.

Рухани ұстазы Арыстан Бабты пір тұтқан. “Диуани-и хикмет” даналық кітабы шығармасы тарихи әлеуметтік тілдік дерек. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.

Диуани ақыры” және “Дүниенің ақыры” еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланған.


Сабақты бекіту:

Ойлан тап. (таңбаларды дұрыс қой)

1.(2013 -93) :2 = 960 ж (Х ) (Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дін болып жарияланды)
2. 40х2 + 790 = 870 ж (Фарабидің туған жылы, Хижра бойынша қазақ хандығының құрылған уақыты)
3. 90+ (1200 – 200) =1090 ж (М.Қашғаридің қайтыс болған жылы)

Сұрақ – жауап.
1. 10 – 12 ғасырларда ғылымның дамуына себеп болған не?

2. Әл – Фараби музыка саласында қандай еңбектер жазған?

3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалымды ата?

Қорытындылау

10 – 12 ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, ислам дінінің қанат жаюы Қазақстан жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлденгенін айтамыз.

2008 жыл ЮНЕСКО шешімімен Махмұт  Қашқари жылы болып жарияланды

1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Иассауи жылы болып жарияланды. 



Үйге тапсырма: §21 оқу. Түсінік айту.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!