21ғасыр мұғалімі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

21ғасыр мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» дегені мәлім. Шынында, оқушылардың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындаунда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кадирова Мадина

XXI ғасыр мұғалімі”

Кіріспе:

Мұғалім-мектептің жүрегі. Әр адам баласын білімге шақырып,тәрбиелеп,өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді.Алайда заман дамыған сайын тек шәкірттің қабілетіне қарай талап қоймайды,ендігі жерде мұғалімдердің де әдістемелік әлемін Қонысбайқызы өзгертпек

XXI ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек,дегенді алға тартуда.Яғни сіз әмбебап болуыңыз керек.Бұл талап мұғалімдер қауымына да қатысты.Сонымен XXI ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?

Негізгі бөлім:

Жаңа ғасырдың мұғалімі кез-келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады.

Мұғалім тек білім беріп қана қоймай,алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек.Топтан бөлек,әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс басты талап.Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі.

Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс.Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабак беріп,лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды.Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек.Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы ісіне берік әрі тиянақты болған жөн.Көштің басын бастау әрине қиын,дегенмен бұл жаңа дамыған заман талабы.

Классикалық кітаптың,қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып,оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфақұрылымдарды,техниканы меңгеру керек.Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін,офистік бағдарламаларды,электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да,сабақты қызықты өткізе де алады. Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек.Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғаты бала бойына терең сіңіруге,отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал.Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса,шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес. XXI ғасырдың кез-келген адам баласына қояр талабы осы.Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып,әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ.Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді,білікті,тартысқа түссе тарпаңдап шығып,додаға түссе бәйгені бермес,шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес,бір мектептің,бір елдің абыройы болар еді. Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы,киім киісі,жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек.Әрбір сөзге сауатты,әрбір ісіне жауапты,мәдениетті,интелегентті тұлға болуы керек.Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады.Ал көзін ашқан күннен бастап,үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары-мұғалім.Ендеше оның интеллектуалды қабілетті аса маңызды.

Қорытынды:

Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек.Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты.Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі.

Қай ғасыр болмасын,мұғалімнің орны тақтан биік!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2021
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі