Материалдар / 22 наурыз сценарий

22 наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
22 наурыз мерекесіне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
1327
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ІІІ-блок:

(4 жігіт труба мен және музыка ойналады 6 қыз,1 әже шығады.Әже алдыға шығады,4 жігіт артқа кетеді)

Әже:

Кел Наурыз,жаңа күні төріне шық.

Халқымның көтерілсін көңілі өсіп,

Төрт түлік төлді ергізіп шықсын қырға.

Барады күміс қырға сырғып ағып.

Наурыз келді құт пен ырыс арқалап.

Жаңа күнді жатыр күтіп әр тарап,

Қызыл,жасыл гүлге бояп даланы.

Табиғатым тосып тұр ғой бояуды.

Ал,қанекей қыздарым бояндар даланы

Түрлі-түсті бояуға.

Алас,алас,көзі жаманның көзінен алас.

Тілі жаманың тілінен алас

Жаңа жылым ұрпақтарымды

Пәле-жаладан сақтай көр

Алас-алас,алас-алас.


(Танец тюльпанов, в это время раздаются шашу 6 девочек)

(Әже қыздарымен артқа жылжып тұрады. Наурыз жігіт пен Көктем аруы шығады)


Наурыз: Көктем,көктем.бүгін күн мен түннің,жақсылық пен жамандықтың тенескен ұлы күні әкеннің алдынан өтейін деп едім.Өйткені мен бұдан былай сенсіз өмір сүре алмаймын.Сен маған берген сертінде тұра аласын ба? Әкен мені қалай сынаса да мен дайынмын.

Көктем: Наурыз бұл дүниеде аспан мен жердің бір бүтіндігі рас болса,табиғат заңы әмір еткен көктемсіз наурыз бола ма,наурызсыз көктем басталады ма?

Наурыз: Көктем ендеше,алла қолдап жолым ақ болсын деп тіле.

Көктем: Наурыз ақ жол тілеймін саған,жолын болсын.


(Музыка ойналады,әкесі сөйлейді)


Наурыз: Ассалаумағалейкум байеке ұлыс оң болсын.

Бай: Уағаликумассалам иә жігітім жол болсын.

Наурыз: Әли болсан,тілегім қабыл болсан көктем мен өмір бойы қол ұстасып өтсем деп едім.Осы бір ерекше күнде тілегімді айта келдім.

Бай: Тәйт,мынау қайтеді-ай.Көзімнің қарашағындай көктемге сегіз қырлы бір сырлы жігіт қана лайық.Бағынды көппен қатар сынап,женсен көре жатармыз.Бүгін мен сайыс өткізіп қызыма лайықты жігіт таңдаймын.Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар,қызыма лайық кәне қайсын бар,жігіттеріміз ортаға шықсын.

(Ортаға жігіттер шығып Наурыз бен күш сынасады)

(Тенге алу, күресу, айтыс)



Тенге алу- Наурыз және ортадан шыққан жігіттер

Күресу- Наурыз және ортадан шыққан жігіттер

Айтыскерлер- Габдуллина Мирамкуль и Айдын

Наурыз бай алдына тізерлеп отырады

Бай: Әй,қу дегеніне жеттің,жарайсың!

Наурыз: Тілек бәрінде женеді екен,енді сөзінізде тұрсаныз оң батанызды берініз.

Бай: Айтылған сөз атылған оқпен тең қайтарып алмайсын алмайсын және сен қызыма лайықты жігіт екенінді дәлелдедін.Қол жайып батамды берейін. Бақытты бол айналайын,

Тәңірім сені қолдасын

Жолындысәт қылып ондасын.

Берік болсын босаған,

қосағанмен қоса ағар. Аумин.


(Музыка ойналады Наурыз бен Көктем алдыға жүреді)


1-Жүргізуші: О халайық бері мұнда қарайық,бетін ашып көктемнің.


(музыка ойналады,Көктем беті ашылады)


Жігіт: а-а-а-а-а,е-е-е-е-е Асалау мұғалейкум жиналған мынау ағайын.

Әсем сөзден тізбектеп,уақыты болып ағайын.

Ұлы күні ұлыстың,белгісі ғой шаттықтың

Ақ бауырсақ,ақ көже

Бастамасы,бастамасы ырыстың.

Көктем келін шаршамай,

Қол аяғын балтадай.

Иіліп сәлем бере ғой,мына отырған баршаға

Құтты болсын қадамын

Жаңа түскен келіннің

Осы жұртқа арайлап,жарқырап

Ата берсін,ата берсін ақ таңын.

Алдар көсе: (домбырасымен ән айтып келеді)

Мен Алдармын,Алдармын
Елмен бірге өсемін 
Қайтарамын байларға 
Кедейлердің есебін.

Алдар көсе: Алла-ау, сақтайгөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт? Шығайбай ас беріп жатырсын ба? Байеке неге үндемейсін,неге мұнайып отырсын.

Бай: Бұл, Алдар пәле, қайдан тап болды екен — а. Алдаржан, Наурызға Көктем қызымды ұзаттым,қимай отырғаным ғой. Сен, немене, тоңған жоқсың ба?

Алдар көсе:Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді.
Бай: Мүмкін емес!

Алдар көсе: Немене, көрмей тұрсың ба?

Бай: Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!

Алдар көсе: Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.

Бай: Ішігіңді маған сатсаңшы?
Алдар көсе: Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін!

Бай: Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз шапанымды беремін. Ол да сондай жылы.


(Бай шапаныңшешіп алдарға береді.Алдар көсе байдың шапаның киіп кете барады. Тонған бай алданып қалғанын түсінеді)


Бай: Қап бәле,қайдан ғана тап болды,қайдан ғана алданып қалдым. Кетейін, көрінбей көздеріне.

Алдар көсе: Оу, оу Шәке қайда бара жатырсыз жылыстап. Бүгін той, көктем мерекесі, ел мерекесі. Көппен бірге болмайсыз ба?

Бай:Сен мені алдап шұрық тесік шапанынды маған беріп менің шапанымды алып кеттің.Әкел менің шапанымды.

Алдар көсе: байеке,сүйінші мынадай тойда саған шапанды керегі не.

Сәби, сенің немерен дүниеге келді байеке.


(Музыка ойналады шырылдаған сәби дауысы естіледі. 4 бала шығады)


1-жүргізуші: Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді!Жаңа жылда жаңа өмір басталды. Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын. Қуаныш құтты болсын, Қыдыр ата қолдап жүрсін.

1-бала: Сүйінші,сүйінші мерекесі халықтың наурыз тойы басталды.

2-бала: Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурызды!

3-бала:Келе жатыр жылымыз, мейрамдаймыз мұны біз.
4-бала:Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

Барлығы: Келе жатыр,келе жатыр,біздің ата келе жатыр.


(Топтың ортасынан Қыдыр ата ақбоз атпен келеді)

Қыдыр ата:

Армысын жылы нұрлы шуағым

Көктем,көктем жеткен кезде наурызым

Жапан біткен жаңғырар,тұман орап тау басын

Жансыздарға жан бітіп,әуен билеп жанды нұр

Жел көгеріп,шөп құлатып мерейін бір қандырар

Күнге тосып әр қасым жан-жануар жылынар

Аунап,құлап барлығы жерге бүгін алдырар

Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын

Бірлігі жарасқан халқым менің.





(Сахнаға шыққан Қыдыр ата халыққа бата береді)

Қыдыр ата:

Уа халқым қолынды жай мен бата берейін

Жарылқап алла пендесін,ошақтың оты сөнбесін

Бастарына ешқашан қайғының оты төнбесін

Қайнасын күнде қазаның,тірліктің көрме азғанын

Жұлдызы жанып қашанда,бақытты болсын қазағым.

Әр үйден шықсын даналар,қуансын ата-аналар

Қырықтың бірі қыдыр боп,басынан бақыт таймасын

Салтымыз берік орнасын,жамандық елде болмасын.

Бақытты болсын балалар,гүлдесін қала далалар.

Тілегін алып халқымның,енселі болсын ел енді

Қайда барсан жол болсын,тіл мен көзден қорғасын

Өрісіміз малға толсын,дастарханымыз нанға толсын

Төрт түлік ақты болсын,Аумин!

































Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Төрлет-ақ батаның бастауы-Наурыз!» атты мерекелік іс-шараның сценариі.


Өткізілу уақыты: 21.03.2016ж

Өткізілетін жері: орталық алаңы

І-блок:

1-жүргізуші: Іргесі берік елден қашан да жау тайсалған. Сондықтан тәуелсіз Қазақстанды қорғау үшін мемлекетіміздің қарулы күші болуы қажет. Бүгінгі ұлдар – ертеңгі елдің қорғаны. Бабаларымыздай жерімізді, елімізді, егемендігімізді сырт көзден қорғар қайсар азамат болған. Біздің елдің тарихында ер әр кезде қорғаушы азамат болған. Қазақ тарихында басқа елдің жеріне таласқан халық емеспіз. Біз осыны мақтанышпен айта аламыз. Біздің бабаларымыз Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай тағы ұлы батырларымыз – елін, жерін қорғау үшін қолдарына қару алып, елінің болашағын қорғаған.

Елім, жерім деп жаудан қорғаған, азат еткен, қазақтың қазақ болып қалуына зор үлес қосқан ұлы бабаларымыз аз емес. Ел қорғаны болған Абылай ханды неге айтпасқа?

Абылай 30 жасқа жетпей алғыр, жігерлі қайрат-қуатымен ел билігіне араласады. Бірінші – ел бірлігі, екінші – қарулы күш болуы қажет екендігін түсінеді.


Көрініс

Абылай хан: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр. Ел тыныштығын ойлап батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш-қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық!

Төле би: Халықтың қамын ойлайтын күн туды. Алаштың басын біріктіріп, ақылы мен айласын іске асыратын кезі келді.

Қазыбек би: Елдің кегін қайтаратын күн туды.

Әйтеке би: Келсін алдымызға батырлар, берейік ақ батамызды.

Абылай хан: Шақырыңдар батырларды!

Батырлар келеді: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай

Абылай хан: Келді алдарыңызға батырлар. Ел намысын қорғау, жерімізді бөліске түсірмеудің бір жолы – сендердің қолдарыңда. Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар.

Қазақтың туын биік ұстап, елге жеңіспен оралыңдар! Айтыңыздар өсиет сөздерді, беріңіздер баталарыңызды.

Төле би: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің баласы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің санасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп елдің ағасы бол.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ