Материалдар / §23. Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі.

§23. Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
152
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 сынып ЖМБ №19

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі.

§23. Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 11 «ә» ЖМБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі.

§23. Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

гормондардың әсер ету механизмін түсіндіреді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру.



Басқару жүйесі

Реттелуші модулятор

Эффектор

Гомеостаз

Детектор


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.




Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

- Кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды- 5 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж

Оқушылардың назарын аудару

«Қызықты деректер мен оқиғалар»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

-өз ойын сипаттайды – 1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: гормондардың әсер ету механизмін сипаттайды;

Практикалық дағдылар: гормондардың әсер ету механизмін салыстырады; Функционалдық сауаттылық: гормондардың әсер ету механизмін түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.



Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б


Интерактивті панель, презентация



Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж

Сабақтың ортасы


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.



Кілт сөздер:(топқа/жұпқа бөлуге болады)

Гормон

Рецептор

Мембраналар

Гормон-рецептор кешені

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель


бейнефильм

https://drive.google.com/file/d/1E4u_Vjj0iaY0TnnsRaskolCgt7YuCou5/view?usp=drive_link


Практикалық тапсырмалар беру.

«Ерекшелігі неде?»

Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар бойынша гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру керек.




1-топ/жұп: «Пептидті және нәруызды гормондар»

2-топ/жұп: «Аминдік гормондар»

3-топ/жұп: «Стероидты гормондар»

4-топ/жұп: «Май қышқылдарына жататын гормондар»


Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.



Пептидті және нәруызды гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін сипаттайды.

Аминдік гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін атайды.

Стероидты гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін анықтайды.

Май қышқылдарына жататын гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін түсіндіреді.

Дескриптор:

- пептидті және нәруызды гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін сипаттайды – 3 балл;

- аминдік гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін атайды – 3 балл;

- стероидты гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін анықтайды – 3 балл;

- май қышқылдарына жататын гормондардың жасуша мембранасына әсер ету механизмін түсіндіреді – 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Бағалау

Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Білім алушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы


Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель Презентация


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.


§24. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.

Оқушылар берілген тақырып бойынша тірек-сызба жасайды. Келесі сабаққа дайын болып келеді. Келесі тақырыпты біледі. Өзін өзі бағалайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША



«Қызықты деректер мен оқиғалар»

  • Адреналин және “Ұш немесе күрес” реакциясы

Адреналин гормоны – адамның немесе жануардың стресс жағдайларында жылдам әрекет етуге көмектесетін маңызды гормон. Бұл гормон жасуша мембранасындағы бета-адренорецепторларға байланысып, сигналды беру механизмін бастайды. Соның нәтижесінде жүрек соғу жиілігі артады, қан қысымы жоғарылайды, бұлшықеттердің жұмысқа қабілеті жақсарады. Мұндай физиологиялық өзгерістер адамға немесе жануарға тез арада қашып құтылуға немесе шабуыл жасауға мүмкіндік береді.

  • Инсулин және қант диабеті

Инсулин гормоны қандағы қант деңгейін реттейтін маңызды гормон. Ол жасуша мембранасындағы инсулин рецепторларына байланысып, жасушалардың глюкозаны қабылдауына және пайдалануына ықпал етеді. Қант диабеті сияқты аурулар кезінде бұл механизм бұзылады – яғни инсулиннің рецепторлармен байланысуы әлсірейді немесе мүлдем болмайды. Бұл қандағы қант деңгейінің жоғарылауына және денсаулықтың нашарлауына әкеледі.

  • Тарихи мысал – адреналиннің ашылуы

19-шы ғасырдың соңында адреналин алғаш рет анықталған кезде, ғалымдар оның жүрекке және қан қысымына әсерін зерттей бастады. Бұл жаңалық жаңа дәрілердің пайда болуына және алғашқы медициналық шұғыл көмек көрсету әдістерінің дамуына үлкен әсер етті.









«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.



Оқушыға беретін мәтін

Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады:

  1. Жасушаға ене алмай, жасуша сыртынан әсер етеді

Бұл жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон эффектінің жасушалық іске асырушысы болып табылады.

  1. Жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер етеді.

Бұл жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон-рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНК-сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНК-сы пайда болады. Матрица РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды.


Гормондардың әсер ету механизмі

Жасушаға ене алмайтын гормондарға аминдік және пептидтік гормондар жатады. Олар жасушаға ене алмайтындықтан, аденилатциклаза ферменті арқылы сырттан әсер етеді.


1)Гормон жасуша мембранасындағы арнайы рецепторларға әсер етеді

2) Рецепторлар G-нәруыздардың көмегімен

аденилатциклаза ферментімен байланысады

3) Гормон-рецептор кешені аденилатциклаза ферментін белсендіріп, АТФ-ті цАМФ-ке дейін ыдыратады

4) цАМФ күрделі реакция тізбегі арқылы алдымен белсенді емес протеинкиназаны, кейін басқа да ферменттерді фосфорлау жолымен белсендіреді

5) Соңғы биологиялық әрекет (эффект) пайда болады



Жасушаға ене алатын гормондарға стериоидты гормондар және тироксин (Т3) мен трийодтиронин (Т4) жатады.

  1. Гормон жасуша мембранасы арқылы цитоплзамаға өтеді

  2. Жасуша ішінде (цитоплазмада) гормон рецептормен байланысып, гормон-рецептор кешенін түзеді

  3. Гормон-рецептор кешені ядроға еніп, ДНҚ-мен байланысады (транскрипция)

  4. аРНҚ (мРНҚ) синтезделеді (нәруыз синтезін тудырады), ол ядродан цитоплазмаға шығып, рибосомамен байланысады

  5. Цитоплазмада нәруыз синтезделеді (трансляция)



Циклдық аденозинмонофосфат (цАМФ) биохимиялық реакциялардың молекулалық делдалы

цАМФ-клетка ішінде бесаспап медиаторға жатады және сол клеткада көптеген негізгі реакциялардың жылдамдығын реттейді. Қазір анықталғандай, ол-ең алдымен көптеген гормондардың клеткаға әсер етуінің күрделі механизміндегі молекулалық делдал. цАМФ барлық ұлпалар мен органдардың клеткаларында синтезделеді. Әр түрлі ұлпада цАМФ синтезіне әр түрлі гормондар мен медиаторлар әсер етеді, ондай заттың саны 20-дан астам. цАМФ адреналиннің әсерін зерттеу кезінде ашқан Э. Сазерленд (1959), сол үшін 1971 жылы Нобель сыйлығын алды.

Химиялық табиғаты. Циклды аденозинмонофосфат АТФ-тан синтезделеді. Бұл процесті аденилатциклаз ферменті катализдейді, ол фермент клетканың мембранасымен байланысқан.

Биохимиялық қасиеті. Егер гормондар клеткадағы биохимиялық реакцияларды алғашқы реттегіштер болса, гормондар хабарын әрі қарай жеткізуші цАМФ-ты екінші қатардағы (аралық) реттегіштер деп атайды.

Әсер ету механизмі. Циклды аденозинмонофосфаттың әсер ету механизмін бауырдағы гликогеннің фосфорилиттік ыдырауына адреналиннің әсері мысалында қарастырып көрейік.

Қанмен бірге келген адреналин нысана-клеткалардың үстіңгі сырт жағында өзінің рецепторымен қосылады. Бұл жағдай мембранада аденилатциклаза ферментін активтендіреді және клетка ішінде цАМФ деңгейін көтереді. цАМФ арнайы протеинкиназа ферметтін активтендіреді, ол фермент бұдан кейін фосфорландыру жолымен фосфорилаза киназасын активтендіреді. Киназа өз кезегінде фосфорлизаны фосфорлайды және активтендіреді, фосфорилаза гликогеннің ыдырауының алғашқы реакциясын катализдейді. Осындай көптеген реакциялар тізбегі арқылы гликоген ыдырап бөлінеді де, глюкоза қажетті мөлшерде қанға бөліріп шығады.


Белоктық, пептидтік гормондармен мен аминқышқылдың туындылары болып табылатын гормондардың әсер ету механизмі


Бұл топқа жататын гормондардың (адреналин, глюкогон, кальцитонин, паратгормон, гипофиз гормондары, т.б) гтдрофильдік қасиеті болады, сондықтан олар олар клетка мембранасының липидтік қабатынан өтіп кете алмайды. Олардың рецепторлары клетканың үстіңгі бетінде орналасады.

Бұл гормондардың әсер ету механизмі плазмалық мембранамен байналысқан рецепторлармен өзара әрекеттесуден басталады. Гормондардың өзі клеткаға енбейді, сондай-ақ плазмалық мембранамен байланысқан аденилатциклаза ферментіне қолайлы жағдай туғызу жолымен әрекет етеді. Осының нәтижесінде, клеткадығы цАМФ мөлшері көбейеді, оны жоғарыда біз екінші кезектегі реттегіш деп атағанбыз.

Клеткадағы гормондар қасиеттерінің әрі қарай іске асуы цАМФ арқылы, оның синтезін күшейту немесе тежеу жолымен орындалады. Жануар клеткасындағы цАМФ әсері клетка ферменттерін активтендіру арқылы басталады, ондай ферменттер цАМФ-тәуелді протеинкиназа деп аталады. Ол ферменттер АТФ-тен фосфатты ерекше белоктардың (солардың ішінде ферменттердің) серин мен треониннің белгілі бір қалықтарына ауыстырылуын катализдейді. Фосфорланған белоктар биологиялық активті болады. Фосфорланбаса олар өздерінің арнайы қызметін атқара алмайды. Активтенген протеинкиназа әртүрлі ферменттерді (мысалы, фосфорилазаны); хроматин белоктарын және клеткадағы әр гормонға ерекше тән басқа да белоктарды фосфорлайды. Гормонның бір молекуласы белоктың 10 5 молекулаларын фосфорлай алады.

Фосфорлану жолымен активтенген фосфорилаза гликоген ыдырауын катализдейді де, ол бірнеше аралық өнімдерден кейін глюкоза береді.

Хроматин белоктарын фосфорлау оның құрылымын өзгеретді, ДНҚ-ның жекелеген учаскелері белоктан босанады (дерепрессия болады), оларда әр гормонның өзіне ғана тән иРНҚ синтезі (транскрипция) басталады. Бұдан кейін сәйкес белоктар трансляцияланады.

Клеткадағы цАМФ әсерімен ферменттердің активтенуі арқылы, жоғарыда аталғандардан басқа гликолиз, липолиз процестері, тасымалдау және басқалар (сурет) іске асады.

Аденилатциклазаның активтенуі қалай болады? Гормонның өзінің рецепторымен байланысуы оның активтенуіне тікелей емес, үшінші байланыстырушы белок-мембраналық ГТФ Г-белок арқылы әсер етеді. Гормонның рецепторға қосылуы рецептордың пішінін өзгертеді, соның нәтижесінде ол Г-белокпен байланысады. Осыдан кейін Г-белокта ГТФ-пен өзара әрекеттесе алатындай қасиет пайда болады және оның пішінін өзгертеді. Осылайша өзгеріске ұшыраған Г-белок қана аденилатциклазаны активтендіреді, бұдан кейін аденилатциклаза цАМФ түзілуін катализдейді. Аденилатциклазаның жұмысын тоқтатудың да маңызы зор. Клеткадағы бұл ферметтің үздіксіз жұмыс істей беруіне жол беруге болмайды.

Аденилатциклазаның жұмысын қалай тоқтатуға (активсіздендіруге) болады? Г-белок дегеніміз ГТФ-аза ферменті болып табылады екен. Ол өзімен байланысқан ГТФ-ты гидролиздеп ГДФ және органикалық емес фосфатқа айналдыру арқылы активсізденеді. Осының нәтижесінде аденилатциклаза өзінің бастапқы күйіне түседі де, цАМФ түзілуі тоқтатылады.


Бездің атауы

Бөлінетін гормон

Гормонның химиялық табиғаты

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Өсу гормоны




Паратгормон

Пептидтер және нәруыздар

Аталық без


Стероид

Бүйрекүсті безінің милы қабаты

Адреналин




Кальцитонин

Пептидтер және нәруыздар

Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты

Кортикостероидтер


Қалқанша безі


Аминдер


Эстроген

Прогестерон

Стероид

Ұйқы безі

Инсулин

Глюкагон



Гомондардың әсер ету механизмі

Төменде кестеде көрсетілгендей омыртқалылар гормондарын химиялық табиғаты бойынша 4 топқа бөлуге болады:

  • Пептидтер мен нәруыздар;

  • Амин туындылары;

  • Стероид;

  • Май қышқылдары.


Химиялық топ

Гормон

Негізгі көзі

Пептидтер және нәруыздар

Либериндер мен статиндер


Өсу гормоны

Фолликулстимулдеуші гормон

Лютеин гормоны

Пролактин

Тиреостимулдеуші гормон

Адренокортикотропты гормон


Окситоцин

АДГ (вазопрессин)


Паратгормон


Кальцитонин


Инсулин

Глюкагон


Гастрин


Секретин

ГShape1 ипоталамус




Гипофиздің алдыңғы бөлігі



Shape2

Гипофиздің артқы бөлігі



Қалқаншамаңы безі


Қалқанша безі


Лангергенс аралшалары

(ұйқы безі)


Асқазанның шырышы


Онекіелі ішек шырышы

Аминдер

Адреналин


Норадреналин



Тироксин

Трииодтиронин

Бүйрекүсті безінің милы қабаты


Бүйрекүсті безінің милы қабаты мен симпатикалық жүйке жүйесі

Shape3

Қалқанша безі

Стероид



Тестостерон


Эстроген

Прогестерон


Кортикостероидтер

Аталық безі

Shape4

Аналық без және плацента



Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты

Май қышқылдары

Простагландиндер

Көптеген ұлпалар



Гормонның әсер ету механизмі


Ағза көптеген әр түрлі гормондарды бөліп шығарады, бірақ әр гормон тек оның нысан- жасушаларына әсер етеді. Нысана-жасушалар – бұл гормон белгілі бір әсер беру үшін оны тасымалдайтын арнайы жасушалар. Нысана-жасушалардың нәруыз-рецепторлары болады, жасушаның жауап беруіне себеп болатын арнайы сигналды молекулаларды байланыстырады. Әрбір рецептор белгілі бір гормонмен байланысады. Гормон рецептормен байланысқан кезде байланыс жасуша ішінде өзгерістерге әкелетін жағдайларды тудырады. Рецепторлар жасуша мембранасында, цитоплазма немесе жасуша ядросынан табуға болады.


















































ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР


Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________



Стероидты гормондар

1

2

3

4

5

6

7

8.мРНҚ

Нәруыздық/пептидтік гормондар

1

2

3

4

5

6

7.Жасушалық жауап

Айырмашылықтары

1.


2.

1.


2.

Ұқсастықтары

1.

2.




Тапсырма

1 (а) Адреналин гормонының гомеостазға әсерін кестеге толтырыңыз


Бауыр

Жүрек

Тері

Өкпе

Адреналин






[2]

(ә) 5.1 графикті пайдаланып, адреналин гормонының қанда глюкоза мөлшерін арттыруға әсер ету механизмін сипаттаңыз

5.1 график

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]


Тапсырма.

2.Адреналин ағзада бірнеше эффектіні тудырады, солардың бірі – жүрек соғуы жиілігінің артуы.


(а) Адреналин гормонын бөлетін безді атаңыз ......................................................................................... [1]


(ә) Ағзаның мобилділігі үшін қандағы глюкозаның концентрациясының жоғарылауы қажет болады.

3.1 суретте адреналин гормонының қанда глюкоза мөлшерін арттыруға әсер ету механизмі сызба түрінде ұсынылған.

Picture 2

3.1 сурет


Адреналин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін арттыру механизмін «Адреналин» гормонынан бастап, суреттегі X, Y, Z, W заттарын атай отырып, реттілікпен толық сипаттаңыз.

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................

........................................................................................................................................................................ [2]

Дескриптор:

- адреналин гормонының гомеостазға әсерін кестеге толтырады – 2 балл;

- адреналин гормонының қанда глюкоза мөлшерін арттыруға әсер ету механизмін сипаттайды – 2 балл;


Дескриптор:

- адреналин гормонын бөлетін безді атайды – 1 балл;

- адреналин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін арттыру механизмін суреттегі X, Y, Z, W реттілікпен толық сипаттайды – 2 балл;



ЖАУАП ПАРАҒЫ

1


(а)

Бауыр - Гликогеннің мөлшері азаяды, глюкозаға ыдырайды.

Жүрек - Жүрек соғысы жиілейді, артады.

Тері - Тер көп бөлінеді.

Өкпе - Кеңейеді / үлкейеді

2

(ә)

Көмірсуларды тұтыну қандағы глюкоза мөлшерін арттырады.

Ұйқы безінен бөлінген инсулин гормоны әсерінен қандағы глюкоза дене жасушаларына өтіп, қандағы глюкоза мөлшері төмендейді.

Қан құрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде, сондай-ақ жүйке қозған кезде және кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде бүйрекүсті безінің милы қабатында адреналиннің секрециясы артады.

Адреналин гормоны қанға, кейін қаннан бұлшықет, бауыр жасушалары мембранасындағы арнайы рецепторларға әсер етеді.

Рецепторлар G-нәруыздардың көмегімен аденилатциклаза ферментімен байланысады.

Гормон-рецептор кешені аденилатциклаза ферментін белсендіріп, АТФ-ті цАМФ-ке дейін ыдыратады.

цАМФ күрделі реакция тізбегі арқылы алдымен белсенді емес протеинкиназаны, кейін басқа да ферменттерді фосфорлау жолымен белсендіреді.

Соңғы биологиялық әрекет (эффект) пайда болады, яғни бұлшықет, бауыр жасушаларындағы қордағы гликоген глюкозаға ыдырап, глюкоза қанға түседі.

2

2

(а)

Бүйрек үсті безі

1

(ә)

Адреналин бауыр жасушаларының беткейінде рецепторлармен байланысада.

Адреналиннің байланысуы рецептордың кеңістіктегі құрылымының өзгеруіне алып келеді, ол өз кезегінде жасушалық мембрананың ішкі беткейінде орналасқан (Х) аденилатциклаза ферменттін белсендіреді. Аденилатциклаза АТФ-ті (Y) цАМФ айналдыра бастайды, және оның жасушаішілік концентрациясы жылдам жоғарылайды. Нақты белгілі деңгейге жеткен кезде цАМФ протеинкиназа ферментін белсендендіреді.

цАМФ-мен белсенген протеинкиназа тағы келесі ферментті – киназаны фосфорлайды.

Киназа, (Z) гликогенфосфорилазаны фосфорлайды, нәтижесінде (W) гликогеннен глюкоза молекуласын ажыратады.

2















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ