Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
§24. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
11 сынып ЖМБ №20
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.
§24. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
Координация және реттелу |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 11 «ә» ЖМБ |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі. §24. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру; |
Сабақтың мақсаты: |
гормондардың әсер ету механизмін түсіндіреді; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру. Гормон Рецептор Мембраналар Гормон-рецептор кешені |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Дескриптор: - Кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды- 4 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж |
Оқушылардың назарын аудару |
«Қызықты деректер мен оқиғалар» - Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді. Өмірмен байланысты сұрақ: Инсулиннің дене үшін маңыздылығы неде? Оның әсері қандай ауруларға қарсы күресуге көмектеседі? |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Жауабы: Инсулин дененің қант деңгейін реттеуде маңызды, диабет ауруы сияқты жағдайларда көмектеседі. |
Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б Дескриптор: -өз ойын сипаттайды – 1 балл; - сұраққа жауап береді - 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация |
Сабақтың мақсатын таныстыру |
11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру; |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж |
Құндылық: «жасампаздық және жаңашылдық» |
Теориялық білім: гормондардың әсер ету механизмін сипаттайды; Практикалық дағдылар: гормондардың әсер ету механизмін салыстырады; Функционалдық сауаттылық: гормондардың әсер ету механизмін түсіндіреді; |
Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж |
Сабақтың ортасы Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Кілт сөздерді сәйкестендіру». Төменде берілген кілт сөздерді мазмұнымен сәйкестендіріңіз. Гормон Рецептор Мембраналар Нысана-жасушалар Инсулин Эстроген |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Дескриптор: - Кілт сөздерді мазмұнымен сәйкестендіреді – 3 балл; |
Интерактивті панель Презентация |
Практикалық тапсырмалар беру. |
Жұптық жұмыс «Ерекшелігі неде?» Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру. «Инсулин және эстроген гормондарының нысана жасушаларға әсер етуінің......» |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Инсулин гормоны мен нысана-жасушалардың өзара әрекеттесуін сипаттайды. Эстроген гормоны мен жұмыртқа жолының нысана-жасушасына әсерін түсіндіреді. |
Дескриптор: - Инсулин гормоны мен нысана-жасушалардың өзара әрекеттесуін сипаттайды – 3 балл. - Эстроген гормоны мен жұмыртқа жолының нысана-жасушасына әсерін түсіндіреді – 3 балл. |
Интерактивті панель, презентация Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар |
Бағалау |
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Білім алушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
«Жетістік баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! |
Интерактивті панель Презентация «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс. §25. Өсіргіш заттар |
Оқушылар берілген тақырып бойынша тірек-сызба жасайды. Келесі сабаққа дайын болып келеді. Келесі тақырыпты біледі. Өзін өзі бағалайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Жұмыс дәптері Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ҚОСЫМШАСЫ
Қызықты фактілер:
-
Инсулин соғысы: ХХ ғасырдың басында инсулин өндірісімен айналысқан әртүрлі фармацевтикалық компаниялар арасында шынайы "инсулин соғысы" өтті. Бұл препараттың қол жетімділігін қамтамасыз етуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми және өндірістік жарыс болды.
-
Эстрогеннің әлеуметтік әсері: Эстрогеннің психоэмоционалдық күйге әсер етуі туралы да зерттеулер бар. Мысалы, эстроген деңгейінің өзгеруі әйелдердің көңіл-күйіне әсер етіп, депрессия немесе эмоционалды тұрақсыздыққа себеп болуы мүмкін.
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.
Химиялық топ |
Гормон |
Өндірілетін орны |
Пептидті және нәруызды |
Либерин және статин |
Гипоталамус |
Соматотропин Фолликулынталандырушы гормон Лютеиндеуші гормон Пролактин Тиреоынталандырушы гормон Адренокортикотропты гормон |
Гипофиздің алдыңғы бөлімі |
|
Окситоцин АДГ (вазопрессин) |
Гипофиздің артқы бөлімі |
|
Паратгормон |
Қалқаншамаңы безі |
|
Кальцитонин |
Қалқанша безі |
|
Инсулин Глюкагон |
Лангерганс аралшықтары (ұйқы безі) |
|
Гастрин |
Асқазанның сілемейлі қабаты |
|
Секретин |
Он екі елі ішектің сілемейлі қабаты |
|
Аминдік |
Адреналин (эпинефрин) Норадреналин (норэпинефрин) |
Бүйрекүсті безінің милы заты |
Тироксин Трийодтиронин |
Қалқанша безі |
|
Стероидты |
Тестостерон |
Аталық жыныс бездері |
Эстроген Прогестерон |
Аналық жұмыртқа безі және ұрықжолдас (плацента) |
|
Кортикостероидтар |
Бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты |
|
Май қышқылдары |
Простагландиндер |
Көптеген ұлпалар |
«Кілт сөздерді сәйкестендіру». Төменде берілген кілт сөздерді мазмұнымен сәйкестендіріңіз.
Кілт сөздер |
Мазмұны |
|
|
Оқушыға беретін мәтін
Гормондар (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар.
Қызметі: Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады . Өсу мен көбеюді реттейді . Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді.
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады.
Қызметі: инсулин ( латынша «insula» - аралша, топ) - карапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген - глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Ол суда ерімейді, сондықтан қанда болмайды. Тағамнан алынған артық мөлшердегі көмірсулар гликоген түрінде бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Инсулин гормоны жетіспегенде (азбөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам қант ауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бұзылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль/ л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген қоры азайып, қанда глюкоза мен май кышқылы көбейеді. Жасушада аминкышкылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі нашарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зәрдің кұрамында глюкоза пайда болады.
Эстрогендер (лат. estrus - ағын ) — аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі. Шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон жəне эстриол. Эстрогендер көбінесе белокпен байланысқан түрінде қан арқылы таралады. Əйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі.
Нысана-жасуша
түсінігі.
Гормондардың эндокринді без жасушаларында түзілетін биологиялық
белсенді заттар екені естеріңде болар. Синтезделген гормондар
бездер бойынша қанға түседі де, ағзаға таралады.
«Нысана» түсінігі барлық екі – жүйкелік және гуморальдық
реттелуге тән. Рефлекс доғасы бойынша келетін жүйке импульсінің
қайда түсетінін еске түсіріңдер. Ол үшін нысана бір бұлшық ет,
бұлшық ет топтары, белгілі бір мүшенің бұлшық ет қабаты немесе
нақты без болады. Гуморальдық реттелудің ерекшелігі гормондардың
әртүрлі үдерістерге кешенді әсері болып табылады. Яғни «нысанасы»
нақты бір мүше болып табылатын жүйкелік реттелуден айырмашылығы
гормондар биобелсенді зат ретінде ағзадағы бірқатар биохимиялық
және физиологиялық өзара байланысты үдерістерге әсер етеді. Осы
себептен «нысана» түсінігі әр гормонның әсері үшін жүйкелік реттелу
кезіндегіге қарағанда едәуір кең. Нысана ретінде көбінесе жеке
мүше, тіпті жасушалар не ұлпалар тобы емес, кешенді жүре бастайтын
бірқатар биологиялық үдерістер болады. Бұл гормондар әсері
кезіндегі қысқа «бір реттік» жауап әрекеті сияқты емес, ағзаның
физиологиялық жағдайындағы өзгерістерге әкеледі.
Гормондардың биохимиялық
топтары. Химиялық заттар типі бойынша барлық гормон үлкен үш
топқа бөлінеді. Ол топтың
біреуін нәруызды
гормондар деп аталатын топ құрайды. Әдетте, бұл –
аминқышқылдарынан тұратын, құрылымы күрделі пептидтер. Яғни бұл
сульфидті (үшінші реттік құрылым) немесе басқа химиялық байланыс
түрімен байланысқан әртүрлі бірнеше нәруыз молекулаларынан тұратын
ірі кешендер. Кейде бір гормон құрамына кіретін әртүрлі нәруыз
тізбектері түрлі генде кодталған.
Бұл – инсулин,
соматотропин, пролактин, лактин сияқты және т.б. гормондар.
Гормондардың басқа бір биохимиялық тобына липидті заттар не
стероидтар жатады. Бұл – аминқышқылдарынан тұрмайтын, суда
ерімейтін, бірақ майлар мен эфирлерде еруге қабілетті гидрофобты
қосылыстар. Олардың химиялық формулалары көбінесе циклді құрылымды
болады. Стероидты гормондарға мысал ретінде аталық және аналық
жыныс гормондарын келтіруге
болады.
Эстроген мен андрогеннің биохимиялық формулалары ұқсас. Бұл кездейсоқтық емес. Жасушаларда аналық жыныс гормоны – эстроген (эстрадиол) синтезі, аталық жыныс андрогені – тестостерон синтезі арқылы жүреді. Яғни алдымен болашақ гормон үшін құрылыс материалы ретінде аталық тестостерон түзіледі, содан кейін жасуша оны аналық эстрогенге (эстрадиол) өзертеді. Бірақ «аралық аталық өнім» эстроген түзілетін жасуша цитоплазмасы шегінен шықпайтынын түсіну керек. Аталық «ізашар» қанға түспейді, сәйкесінше ағзаға әсер етпейді.
Гормондардың үшінші
тобына аминқышқылдары
туындылары жатады. Бұл –
химиялық формулалары белгілі бір аминқышқылдарына жақын, шамалы
биохимиялық өзгерістерден кейін оның туындысы болып табылатын
гормондар. Мұндай гормондарға мысал
ретінде тироксин,
адреналин және норадреналинді келтіруге болады. Бұл
үш гормон тирозин аминқышқылының
туындысы болып табылады. Олардың барлығының формулалары әртүрлі
және түрлі химиялық айналулар, шын мәнінде, бір заттың нәтижесі
болып табылады (16-сурет).
Эстроген мысалында
липидті немесе стероидты гормондардың «нысана-жасушаға» әсер ету
механизмі. Барлық стероидты
гормондардың оларды пептидті гормондарынан айырмашылық жасайтын
«нысана-жасушаға» нақты әрі қатаң белгілі бір әсер ету механизмі
бар. Олар гидрофобты және майларға ұқсас формуласы бар.
Фосфолипидтер қабатынан тұратын сыртқы жасушалық мембрана оларға
кедергі болып табылмайды. Стероидты гормондардың молекулалары
нысана-жасуша ішіне, цитоплазмаға енеді. Нысана-жасушалар липидті
гормондармен қосылуға қабілетті күрделі протеин молекулаларын
синтездейді. Оларды стероидты
гормондардың рецепторлы
кешендері деп атайды.
«Рецепторлы кешен» стероидты гормондармен кездеспей тұрғанда ол
белсенді емес күйде болады. Цитоплазмаға түскен кезде эстроген,
ұқсас заттар сияқты рецепторлы кешенмен
қосылып, «эстроген-рецепторлы
кешеннің» белсенді молекуласын
түзеді. Бұл қосылыстың белсенділігі: ол ядро мембранасы арқылы
өтіп, жасуша ядросының ішіне енуге, хромосомалық ДНҚ-ға тікелей
әсер етуге қабілетті. Осылай әсер ету нәтижесінде цитоплазмаға
түсіп, белгілі бір нәруыз синтезін қамтамасыз ететін белгілі бір
РНҚ молекулалары түзіледі. Осындай күрделі үдерістер барысында
түзілген нәруыздар ағзада гормондар әсерінің нәтижесі болып
табылатын механизмдерді іске қосады. Мысалы, эстрогеннің қыз бала
ағзасына жыныстық жетілу кезеңінде белсенді әсер ету нәтижесі
екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуы болып
табылады.
«Ерекшелігі неде?»
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру. «Инсулин және эстроген гормондарының нысана жасушаларға әсер етуінің.....»
Көкбауыр суреті
Ұйқы безінің суреті
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
1. Диаграммада қандағы глюкоза деңгейі сұйықтық бар резервуар ретінде көрсетілетін модель көрсетілген. Бұл модельде
• диаграммадағы құбырлар глюкозаны қосуға немесе алып тастауға болатын «бағыттарды» білдіреді;
• B арқылы резервуарға глюкозаның негізгі көзі;
• ақуыздың бөлінуіне байланысты глюкоза аз мөлшерде С арқылы өтеді;
• ұлпалардан сұйықтық резервуарға Е арқылы ағып кетеді;
• D резервуарында қан глюкозасына айналатын көмірсулар бар;
• А арқылы кез-келген артық глюкозаны D сақталған қосылыстардан өзгеше резервтік қосылыстарды алу үшін қолдануға болады.
(a) В арқылы өтетін «қандағы глюкозаның негізгі көзі» дегеніміз не?
………………………………………………………………………………………………………………………………………
(1)
(b) Ағзадағы инсулин мен глюкагон қан глюкозасының концентрациясын реттеуге қатысады
(1) Осы гормондардың екеуін де шығаратын органды атаңыз.
……………………………………………………………………………………………………
(1)
(2) Кестеде гормондардың бір немесе бірнеше әсерінің сипаттамасына сәйкес келетін белгілерді қойыңыз.
Гормонның әсері |
инсулин |
глюкагон |
D резервуарындағы көмірсулардың мөлшерін азайтады |
|
|
А арқылы қан глюкозасының жоғалуына ықпал етеді |
|
|
Ақуыздың ыдырауына ықпал етеді, сондықтан С глюкозасына көбірек түседі. |
|
|
Е-де ағып кету жылдамдығын арттырады |
|
|
(2)
(c) (1) D резервуарында сақталған көмірсуларды атаңыз
……………………………………………………………………………………………………
(1)
(2) А-да глюкоза айналатын сақтау қосылысын атаңыз ……………………………………………………………………………………………………
(1)
2. Диаграммада жасуша бетінің мембранасындағы рецептормен үйлескенде глюкагон гормонының жасушада өзгеруі көрсетілген.
(a) Глюкагон рецепторлары бар жасушалары бар адам ағзасындағы бір органды атаңыз.
……………………………………………………………………………………………………..
(1)
(b) (1) Диаграмманы қолдана отырып, ағзаға глюкагонның аз мөлшерін енгізу қан плазмасындағы глюкоза концентрациясының тез артуына әкелетінін түсіндіріңіз.
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
(1)
(2) Қандағы глюкозаның концентрациясы глюкагон енгізгеннен кейін бір сағат ішінде өзінің қалыпты мәніне оралады. Қалай жүретінін түсіндіріңіз.
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
(2)
(барлығы: 10)
Дескриптор:
- суреттегі В арқылы өтетін «қандағы глюкозаның негізгі көзін» сипаттайды – 1 балл;
- инсулин мен глюкагон қан глюкозасының концентрациясын шығаратын мүшені атайды – 1 балл;
- инсулин және глюкагон гормондарының әсерін сәйкестендіреді – 2 балл;
- D резервуарында сақталған көмірсуларды атайды – 1 балл;
- А-да глюкоза айналатын сақтау қосылысын атайды – 1 балл;
- глюкагон рецепторлары бар жасушалары бар адам ағзасындағы бір мүшені атайды – 1 балл;
- ағзаға глюкагонның аз мөлшерін енгізу қан плазмасындағы глюкоза концентрациясының тез артуына әкелетінін түсіндіреді – 1 балл;
- қандағы глюкозаның концентрациясы глюкагон енгізгеннен кейін бір сағат ішінде өзінің қалыпты мәніне оралуын түсіндіреді – 2 балл;