Материалдар / 24-сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділік. Менің жұмсайтын шығындарым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

24-сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділік. Менің жұмсайтын шығындарым

Материал туралы қысқаша түсінік
24-сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділік. Менің жұмсайтын шығындарым 3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
1062
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

1-бөлім.

Машықкердің аты-жөні:

Абилмажинова Б.Е.

Күні:

06.10.2021

Сыныбы: 3в

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

24-сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділік. Менің жұмсайтын шығындарым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

  • шамалар арасындағы тәуелділікке, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді шығарады.

  • 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдей алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

  • шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептердің шығарылу жолын талдайды.

Кейбір оқушылар үшін:

  • өз бетімен кері байланысты үштік есеп құрастыра алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Үй тапсырмасын тексеру.



Сабақтың ортасы

3 минут

(Т) Ақпарат беру.

Заттың санын, құнын, бағасын анықтау жолдарын түсіндіру.



Тақта, оқулық


7 минут

(Ж.А.) №1 тапсырма

Шамалар арасындағы тәуелділікке, пропорцияның белгісіз мүшесін табу бойынша берілген кестедегі заттың құнын, санын, бағасын анықтаңдар. Кесте бойынша есеп құрастырыңдар.

Есептің шешуі бойынша кері байланысты үштік есеп құрастырыңдар.


Дескриптор:

- Кесте бойынша есеп шығарады;

-Формуланы қолдана алады;

-Белгісіз мүшені табады.

-Шешуі бойынша кері байланысты үштік есеп құрастырады.

Кестені толтықтырып, есепті дұрыс құрай алса, кері байланысты үштік есеп құрай алса-

3 балл

Есепті құрастыру барысында санаулы қателіктер жіберсе 2 балл

Есепті дұрыс құрастырмаса 1 балл

Оқулық, тақта


6 минут









































Сергіту сәті

2 минут

(Ж) №2 тапсырма

Сызбаны пайдаланып формула бойынша есеп құрастырып жазыңдар.







































Дескриптор:

- Сызба бойынша есеп құрай алады; - Формуланы қолдана алады;

- Шешуін түсіндіре алады; - Жауабын дәлелдей алады.












Мұғалімнің соңынан қайталайды



Сызба бойынша есепті дұрыс құрылымдап, шешуі де дұрыс болса-

3 балл

Сызба бойынша есепті дұрыс құрылымдап, бірақ қате есептесе-2 балл

Аталған екі талап бойынша да қате жұмыс істесе-1 балл


Тақта, оқулық






5 минут






















(А.Ж) №3 тапсырма

«Дүкен» ойыны

Тақтадағы асық-түліктердің ішінен 500 теңгеге не сатып алатын едіңдер?

Барлық алған заттарыныңның бағасын, санын, құнын анықтау үшін есеп құрастырыңдар.














Дескриптор:

- Сурет бойынша мысалдарды түсінеді;

- 500 тенгеге қанша зат алуға болатынын айта алады;

-формуланы пайдаланып, есеп құрайды.


Есеп дұрыс құрастыра алса және шешуі дұрыс болса-3 балл

Есептің құрылымы дұрыс, бірақ қате есептесе 2 балл

Аталған екі талап бойынша да қате жұмыс істесе-1 балл

Тақта, суреттер, оқулық























7 минут










(Ж.) №4 тапсырма

2 және 3 амалмен орындалатын есептердің шешуін табыңдар.


Дескриптор:

-2 және 3 амалмен шығаратын есепті шығарады;

-тиімді есептеу жолын көрсетеді;



Барлық амалдарды дұрыс және шапшаң орындаса-

3 балл

Амалдардың шешуінде санаулы қателіктер болса, бірақ шапшаң орындаса-

2 балл

Амалдардың шешімінде көп қате жіберсе-

1 балл

Оқулық, тақта









Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 минут

«Білім ағашы»

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін стикерға жазып, білім ағашына жабыстырады. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Бағалау

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын жеткізу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Жинаған фишкалары бойынша

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Стикер, тақта, білім ағашының суреті


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.



Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!