Материалдар / 27 есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

27 есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
27 есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
520
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Юлдашева Фируза Анваровна Мұғалім портфолиосы «А» есеп

ПШО филиалы Шымкент қаласы «ПҚМК»

16-ПҚМК-0513 15.09.2017ж.


А 1есебі

Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп

Адам бір жылын ойласa - дән себеді, бар ғұмырын ойласа- ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа – ұрпақ тәрбиелейді (халық даналығы). Ия, шынында да ақылдың кені болған бабалар сөзі тегін айтылмаған болса керек. Менің ұстаздар әулетінен шығып, ұстаз атануым да осы ұлағатты сөздің әсері шығар. Ұстаздық ету – ұлы қызмет екенін ескере отырып, ел келешегін тәрбиелеудегі үлкен жауапкершілікті өз мойныма алып қана қоймай, жан-тәніммен кәсібіме адал болуды мақсат еттім. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде білім ала жүріп, көп жаңа әдіс-тәсілдер үйрендім, оқушының білімі мен дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың бойына метасананы- қалай оқу керектігін үйретуді қалыптастыруға мән беру керектігін білдім. (МАН 5-бет) Сонымен қатар, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыруды, диалогтық оқыту теориясын, дарынды және талантты балаларды қалай оқыту керектігін, бағалаудың түрлерін, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуды, қалай оқу керектігін, бағалаудың түрлерін, сабақта АКТ-ны қолдану жолдарын, көшбасшылық пен қоғамдастық, тәлімгерлік туралы анықтама алдым. Бағдарламаның мақсатын негізге ала отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибеме ықпалдастыруды көздедім. Математика пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес 3-сыныпқа арналған тізбектелген сабақтар топтамасын, яғни орта мерзімді сабақ жоспарын дайындадым. Жоспарға негізгі төрт тақырыбын енгізіп, «1санын көбейту және бөлу», «0санын көбейту және бөлу», «Берілгендегіден бірнеше артық немесе кем»,«Еселіктік салыстыруға арналған есептер» тақырыптарына түсінік қалыптастырып қана қоймай, 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіруді дұрыс деп санадым. Сындарлы оқыту теориясының жетістікке жетелейтін бұл модульдері оқушылардың оқуға деген ықыласын арттырады деген сеніммен әр сабақтағы жоспарыма енгіздім Сабаққа қызығушылығын арттыру үшін,ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін әр сабақта психологик тренинг өткізуді жоспарлап отырмын. Топтарды геометрик фигуралар арқылы, «санамақ» әдісі(ағылшын тілінде),шариктер арқылы топтастырамын.Өткен тақырыпты терең түсініп және жаңа біліммен байланыстыру үшін үй тапсырманы «Серпілген сауал»,«кір жәйғыш»әдістер арқылы сұраймын.Жаңа сабақты «Миға шабуыл», «Ой қозғау» әдістерін пайдаланып проблемалық сұрақтар беруден бастаймын,себебі оқушылар сын тұрғысынан ойланып материалды жақсы есте сақтап қалады.Сабақ барысында курделі тапсырмаларды шешу үшін «сиқырлы алма», «қима сөздер»әдістер арқылы топтық тапсырмалар ұйымдастырамын. Бунда оқушылар арасында өзара қарым-қатынасты, тиімді араласуды және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға болады.Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың оқуына деген белсінділігін арттыруға болады.Дарынды оқушылар топтық жұмыста белсенділік танытып, топ мүшелерін алға жетелейді. Дарынды балаларға тапсырмаларды блум таксаномиясының жоғарғы үш сатысына негіздеп беруді жоспарлап отырмын. Оқұшылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жеке жұмыстарды ұйымдастырамын. Сонымен қатар АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы түрлі нысандардағы ақпараттарға қол жеткізуіне мүмкіндік беремін. Бұл модуль оқушылардың тақырыпты аудио-визуалды қабылдауына көмек береді.Есептерді топта талқылайды ,әр топтан бір оқушы шығып қорғайды,бул әдіс арқылы көшбасшылықты дамытуға болады. Сабақты қорытындылау кезенде диалогтық оқытудың «Зерттеушілік әңгіме» әдісін пайдаланамын. Мұндай әдіс барысында оқушылар өз сыныптастарымен, яғни топ мүшелерімен ортақ проблеманы шешуге тырысады, берілген тапсырма бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды. Сабақ барысында «бас бармақ», «смайликтер», «бағалау сендвичі», «бағдаршам»әдістермен қалыптастырушы бағалауды жүргіземін.Бұл әдістер арқылы оқушылар баға ушін емес білім алуына ынтасы, қызығушылығы артады, оқуын жақсартуға көмек береді. Нәтижесінде оқушылар өзін өзі және өзара бағалауды уйренеді. Ондағы мақсат –оқушыларға өз жұмыстарын сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартуға мүмкіндік беру. Жоспарлаған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі «1санына көбейту және бөлу» тақырыбындағы сабағыма Бағдарламаның бірнеше модулін енгіздім. Сабақ мақсатын , оқу мақсатын негізіне ала отырып оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып,СМАРТ форматында құрастыруға тырыстым.Сабақ мақсатына жету үшін , білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып критерийлер құрастырдым,осы критерийлерге жету мақсатында әрбір әдіс-тапсырмаларамаға дискрипторлар жасадым.Мен сабағымның ұйымдастыру сәтіні жағымды ахуал қалыптастырудан бастаймын .Сын тұрғысынан ойлану модуліне сүене отырып үй тапсырмасын сұрау барысында «доп лақтыру» әдісін пайдаланамын. Бұл әдіс рәсмдік жадының орындалуына тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Оқушыларды ағылшын тілінде «санау»әдісімен топтарға бірлестіремін. Бұл әдіс оқушылардың зейнін дамытады деп ойлаймын.Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін жаңа тақырыпты «миға шабуыл» әдісімен оқушылардың өзі ашады. Сұрақ қоя отырып біз оқушыны дамытуға жетелейтініміз белгілі. Сабақ барысында қойылған сұрақтардың саны емес, сапасы мен қундылығы маңызды дегендей ,балалардың сөйлеу және ойлау дағдыларын дамыту мақсатында оқушыларға мынандай ашық сұрақтарды беремін: Не үшін 5-ті 1-ге көбейткенде 5 шығады? Неліктен 6-ны 6-ға бөлгенде 1 шығады? Өрнекке сай қандай қорытынды жасауға болады? Ереженің мән мағынасы қандай? Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып жеке тапсырмалар беруді жоспарлап отырмын. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «қима сөздер», «сиқырлы алма» әдістерінен пайдаланып топтық жұмыстарды ұйымдастырамын. «Кима сөздер» әдісі арқылы оқушылар бірлесіп өрнектерге сай жаңа тақырыптың ережесін құрастырады. Қурастырған ережені АКТ арқылы тексіріп топтар өзін өзі бағалауға уйренеді. Бундағы мақсат –оқушыларға өз жұмыстарын сапасын көтеруге қызығады және оларға оны жақсартуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Жуптық жұмыста «Кім тапқыр»әдісі арқылы оқушылар ережеге байланысты теңдеу қурады.Бунда дарынды оқушылар белсінділік көрсетеді деп ойлаймын. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады дегендей. «Сиқырлы алма»әдісінде оқушылар бір-біріне көмек беріп, пікірлерімен ауысып,қарым қатынас арқылы өрнектерден теңдіктер және теңсіздіктер құрастырады,алманың сәрі түсіне теңдіктерді жазады,ал теңсіздіктерді қурып қызыл түсіне жазады.Топтардың тиімді жұмысына қолдау көрсету үшін оңтайлы нәтижеге жету мақсатында кері байланыс беруді жоспарлап отырмын.



Бекітемін

Мектеп директоры Д.Ибрагимов.


Орта мерзімдік жоспарлау


Пәні: Математика

Тарауы:Көбейту және бөлу

Сыныбы:3

Осыған дейін меңгерілген білім:Үштаңбалы сандарды жазбаша тәсілі бойынша қосады және азайтады, разрядтарын анықтайды ,ауызшаесептеудағдыларынпайдалана алады, 2,3,4 сандарына көбейту және бөлу кестесін ,амалдарды орындау ретін біледіжәнетенгдеулер шеше алады.


Контекст 0 және 1 сандарына көбейту және бөлуді уйренеді. Бір сан басқа саннан неше есе артық немесе неше есе кем екенін табады.


Осы бөлімдегі « математика » пәнінің тілдік мақсаты


Пәндікмақсат

Тілдікмақсат

Пәнгеқатысты лексика және терминология

Диалогқа/жазылымғақажеттітіркестер

Көбейту мен бөлудіңнақтымағынасынбілужәнетүсіну. Тақырыптыәрекеттергенегізделгенкөбейтужәнебөлуамалдарынорындау.Компоненттер мен көбейтужәнебөлуамалдарыныңнәтижесіарасындағыбайланыстыменгеру.. Өрнектеоқужәнежазукезіндекөбейтужәнебөлукомпоненттерінің атауынпайдалану.

бөлу –көбейтуге кері амалдар екенін түсінеді .0-ға,1-ге көбейту және бөлу ережелерін түсінеді.Бір сан басқа саннан неше есе артық немесе неше есе кем екенін табуға үйренеді.

көбейту, бөлу, кері амал, нәтиже,көбейткіш,көбейткіштің мәні,бөлінгіш, бөлгіш,бөліндінің мәні.Бірнеше есе кем,бернеше есе артық.

Не үшін 5-ті 1-ге көбейткенде 5 шығады?

Неліктен 6-ны 6-ға бөлгенде 1 шығады?

Өрнекке сай қандай қорытынды жасауға болады?

Ереженің мән мағынасы қандай?

Өз жауабыңызды немен дәлелдей аласыз?

Неше есе артық?Оны қалай тексіруге болады?




Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сабақ мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Бағалау

Ресурстар

1










2











3











4

1 санына көбейту және бөлу.








0 санын көбейту және бөлу.0-ге бөлудің мүмкін еместігі.






Берілгендегіден бірнеше есе артық немесе кем сандар







Еселіктік салыстыруға арналған есептер.


1 санын көбейту және бөлу ережесімен танысады және есептеу барысында қолданады




0 санымен көбейтудің ережесімен танысады. Санды 0 санына бөлуге болмайтынын біледі.





Қанша есе артық,немесе қанша есе кем екенін білу үшін есептеу дағдыларын жетілдіреді;





Есептерді шешу үлгісінде көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысын және мәнін ашады.



Барлық оқушылар: 1 санына көбейту және бөлуді біледі. Көптеген оқушылар:өрнекке сай қорытынды жасайды және ережесін қурады

Кейбір оқушылар: 1 санын көбейту және бөлу ережесіне байланысты теңдеулер қурады.


Барлық оқушылар: 0 санымен көбейту тәсілдерін меңгереді.Санды 0-ға бөлуге болмайтынын түсінеді. Көптеген оқушылар: берілген өрнектерден тұра теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырады Кейбір оқушылар:Өрнекке сай есеп құрастырады


Барлық оқушылар: неше есе артық немесе неше есе кем екенін таба алады

Көптеген оқушылар: айналадағы заттардан тақырыпқа байланысты мысал келтіредіКейбір оқушылар:берілген есептерді мағынасын ашып айрымашылығын анықтайды.


Барлық оқушылар мұғалім көмегімен есептерді шығара алады. Көптеген оқушылар: қысқаша жазу бойынша есеп құрастырады. Кейбір оқушылар:өрнекке сай есеп құрастырады

«Серпілген сауал»әдісі «доп лақтыру» арқылы білімалушылар 2-ге,3-ке,4-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтайды.

«Санамақ» әдісі арқылы топқа біріктіру(ағылшын тілінде)

Т.Ж. «Қима сөз»әдісі берілген қийма сөздерден ереже құрастырады.

Құрылған ережелерні бейнетаспадағы ережемен салыстырады.Кімдікі сай келсе марапатталады.

«сиқырлы алма» әдісі(Т.Ж)Алманың бір тұсына теңдіктерді тауып жазады, ал екінші тұсына тенгсіздіктерді тауып жазады. Топтар бір-бірін жұмысын тексіріп бағалайды

Қосымша тапсырма «валейбол» ойыны

«ғажайып гул» бул әдісті

Жаңа сабақты қорынтыдылау кезінде қолданамын

« Көңілді смайликтер», «Басбармақ» , «шапалақ» әдістерін пайдалана отырып бағалаймын

Суреттер

Қийма сөздер

Проектор

Ноутбук

Сиқырлы

алмалар

Доп

А4 парағы




конфеттер,

тест

тапсырмалары

оқулық

жұмыс

дәптері




Мозаика

дәптер,

Оқулық

постер

маркер,

смайлик

қыйма

қағаздар



Дәптер,

оқулық,

А 4 парағы

маркер,

тест

тапсырмалары.











Сабақжоспары

Пән:Математика


Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

Көбейтужәнебөлу


Күні:


Сынып: 3


Мектеп: №80 «Машат»атындағы ЖОМ.


Мұғалімніңаты-жөні:

Юлдашева Фируза Анваровна


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:-


Сабақтақырыбы

1 санына көбейту және бөлу.

Осы сабақтақолжеткізілетіноқу

мақсаттары (оқубағдарламасына

сілтеме)

1 санын көбейту және бөлу ережесімен танысады және есептеу барысында қолданады


Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар: 1 санына көбейту және бөлуді біледі.

Көптеген оқушылар:өрнекке сай қорытынды жасайды және ережесін қурады

Кейбір оқушылар: 1 санын көбейту және бөлу ережесіне байланысты теңдеулер құрады.


Бағалаукритерийлері


1 санын көбейту және бөлу ережесімен танысады және есептеу барысында қолданады.


1 санын көбейту және бөлу ережесіне байланысты теңдеулер құрады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты лексика және терминология



Диалогқа/жазылымғақажеттітіркестер



0-ға,1-ге көбейту және бөлу ережелерін түсінеді

көбейту, бөлу, кері амал, нәтиже,көбейткіш,көбейткіштің мәні,бөлінгіш, бөлгіш,бөліндінің мәні


Не үшін 5-ті 1-ге көбейткенде 5 шығады?

Неліктен 6-ны 6-ға бөлгенде 1 шығады?

Өрнекке сай қандай қорытынды жасауға болады?

Құндылықтардыдарыту


сын тұрғысынанойлау; жекежәнетоппенжұмысістейбілуқабілеті;

Пәнаралықбайланыстар


Қазақ тілі -ереже қурған кезде байланыс жасайды

АКТ қолданудағдылары


АКТ да берілген өрнектерден теңдік және теңсіздік құрастырады .

Топта құрған ережені интербелсенді тақтадағы ережемен салыстырып тексереді.

Бастапқыбілім


2,3,4 сандарына көбейту және бөлу кестесін біледі, амалдарды орындау ретін біледі.





Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-

Әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2-мин






4-мин




2-мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық


«Серпілген сауал»әдісі

Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау

«доп лақтыру» арқылы білімалушылар 2-ге,3-ке,4-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтайды.

«Санамақ» әдісі арқылы топқа біріктіру(ағылшын тілінде)









доп

Сабақтыңортасы

1-мин






6-мин







5-мин





4-мин

2-мин



1-мин


«Миға шабуыл» әдісі

2,3,4,5,6,7,8,9,10 мына сандарды санау арқылы оқушыларға ой тастау

Балалар мен не істедім?(санадым)

Мен қай жерде қателестім?(1 саны қалып кетті)

Демек бугінгі сабақта 1санына көбейту және бөлуді үйренеміз.

Оқулықпен жұмыс(С.Ж)

1-2тапсырма 49-бет.

5х1=? 4:1=?

«Ой қозғау» әдісі Ашық сұрақтар (С.Ж)

Не үшін 5-ті 1-ге көбейткенде 5 шығады?

Неліктен 4-ті 4-ке бөлгенде 1 шығады?

Өрнекке сай қандай қорытынды жасауға болады?

ах1=а а:а=1

Т.Ж. «Қима сөз»әдісі

берілген қима сөздерден ереже құрастырады.

Құрылған ережелерні бейнетаспадағы ережемен салыстырады.Кімдікі сай келсе марапатталады.

Дискриптор:

1.Ереже құрастырады

2.мағынасын түсіндіреді.

Тапсырма(жуп.ж)

Кім ережеге байланысты теңдеу қурады.

С. жұмыс 5-есеп 49-бет

Сергіту сәті







оқулық

дәптер








Қима сөздер





А4 парағы

Дәптер

слайд

Сабақтың соңы

5-мин






3-мин


2-мин




3-мин













1-мин

«сиқырлы алма» әдісі(Т.Ж)

Тапсырма

Алманың бір тұсына өрнектерден теңдіктерді құрастырып жазады, ал екінші тұсына тенгсіздіктерді құрастырып жазады.

Топтар бір-бірін жұмысын тексіріп бағалайды

3х1 6:6 9-6 9:1 6:1 12-7 8х1 3х3 1х5

Дискриптор:

  1. өрнектерден теңдіктер құрастырып жаз

  2. өрнектерден теңсіздіктер құрастырып жаз


Қосымша тапсырма «валейбол» ойыны

Әр тапсырманың соңында оқушылар смайликтермен бағаланады



РРисунок 795 ефлексия



Үйге тапсырма:1санына көбейту және бөлу кестесін құрастыр


Сиқырлы алмалар



Доп,сетка


Смайликтер






Стикерлер









оқулық

Саралау – оқушыларғақалай

көбірекқолдаукөрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілетіжоғары

оқушыларғақандайміндетқоюды

жоспарлапотырсыз?



Бағалау – оқушылардың

материалдымеңгерудеңгейін

қалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздік

техникасыныңсақталуы


Жылдам жұмыс істейтінлерге қосымшатапсырмалар беруді.

Оқүшылардың ойлау дағдыларын өсіру үшін ашық сұрақтар логикалық тапсырмалар беруді

Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет оқушыларға біршама уақыт беруді.





Ашық сұрақтар қою арқылы, ,көрнекіліктерді пайдалану арқылы, «Серпілген сауал», «сиқырлы алма», «қийма сөздер»әдістер арқылы берілген тапсырмалардың орындалуын, дәптермен жұмыс жасауын қадағалап отырамын.Қабілеті жоғары оқушылар теңдеу құрады, есепті шығарады

Партада дұрыс отыруды

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің ескерту

Сергіту сәтін өткізу



Сабақбойынша рефлексия







Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді .

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды .Сабақта жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыра отырып оқулықпен жұмыс, үлестірмелі материалдар мен жұмыс ұйымдастырдым. Оқушылар бір саныға көбейту және бөлу кестесін меңгерді.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтарытуралынені

білдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



А2 есебі

Коучинг сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп.

Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бағдарлама мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады. (МАН 87 бет)  Бүкіл проблеманың жалғыз да тиімді шешімі болмайды, дегенмен, сол проблемаларды барынша тиімді шешуге орасан зор мүмкіндік беретін керемет технология –коучинг деп ойлаймын. «Коучинг  адамға өз әлеуетін, қабілетін ашуға  мүмкіндік береді. Коучинг кеңес бермейді, адамның өз сауалына жауапты өзі табуына көмектеседі. Оның жеке өмірде, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жол ашады», дейді «Step&Grow» коучинг академиясының Бас директоры, сертификатталған коуч және  ІСF мүшесі Галия Хамитова.Осы деректерді негізге ала отырып, мен өз мектебімдегі мұғалімдерге кәсіби шыңдалауына ықпал ету мақсатында коучингтер өткізуді жоспарлап отырмын. Оқу барысында коучинг – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру екенін және бұл әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі екенін түсіндім. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту арқылы екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғарырақ деңгейге көтеру және іске асыруға болатынын меңгердім. Оқу барысында коучинг – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру екенін және бұл әріптестердің құпия, белсенді , өзара әрекеттестік үдерісі екенін түсіндім. Мектебімдегі ұстаздар қауымына баланың білімін дамыту,оқуын жақсарту , алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда қолдана білуі мақсатында бағдарлама негізіндегі « Бaғaлaу жүйесі». тақырыбы төңірегінде коучинг өткізуді жоспарлап отырмын.Алдымен «Мен керемет мұғаліммін» жаттығу арқылы сабағымды психологиялық жағымды ахуалдан бастаймын,себебі әріптестердің арасындағы өзара қарым-қатынас жақсарады деп ойлаймын. Мұғалімдерге «оқушылардың оқу үдерісін жақсатру үшін НЕ істеу керек? Біздің проблемамыз не? Біз дәстурлі сабақтарда жүргізілетін бағалау процессы қаншалықты әділ?»деген ашық сұрақтар арқылы ой тастап, пікірлерін біліп коучинг тақырыбын ашамын. Критериалды бағалау дегеніміз не? Оқу үшін бағалау және оқуды бағалауның айырмашылығы неде?Бағалау не үшін қәжет?Бағалаудың мақсаты қандай? сияқты сұрақтарды ұжыммен талқылауға беремін.Критерий бағалау туралы түсініктерін әрі қарай жалғастыру үшін топтарға жаттығулар беремін.Жаттығу арқылы муғалімдер бірлесіп оқу мақсатына сай критерий қуруды үйренеді, ал критерийді ашу үшін әр бір тапсырмаға дискриптор құру маңызды екенін түсінеді деп ойлаймын Критериалды бағалауды өткізу тәртібі»тақырыбында бейне көрсетілім көрсетіп: 1-топқа – « Жиынтық бағалауды қалай жүргізу және оның мақсаты » 2-топқа «Қалыптастырушы бағалауды қалай жүргізу және оның мақсаты ». 3-топқа « Критерий бағалауды қалай құрастыру және оның мақсаты» тақырыптарын таратып беріп, топпен талқылап флипчартқа түсіруді усынамын.Әр бір топтан топ мүшесі шығып тақырыптың негізгі идеясын,тиімділігін, тужырымдамалық түсінігін тереңдетіп ашып береді деп ойлаймын. Мұғалімдерге оқушылардың білім алуына қызықтыру үшін әр-бір оқушыға көңіл бөлу қәжет екені туралы түсінігін қалыптастыру үшін Доктор Эмото Масаруның өткізген экспириментін бейнетаспа арқылы көрсетемін.Әр бір топқа қалыптастырушы бағалауды кері байланыс арқылы жүзеге асыру үшін оқушылардан алған диктант ,бақылау жұмыстарын беремін.Нәтижесінде мұғалімдер оқушылардың қатесін тузету үшін дурыс кері байланыс беруге уйренеді. Тапсырмаларды орындау барысында әріптестерде бағалау теқ қана техникалық тәсіл емес, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау жургізген оқушылардың баға алу үшін емес білім алу үшін қызығушылығы артады деген түсінік қалыптасады, оның маңыздылығын, қажеттілігін сезінеді деп ойлаймын. Коучинг-сабағымның соңында мұғалімдер оқыту мен оқу үшін бағалау туралы біледі, айырмашылықтарын ,оқыту үшін бағалауды қолдана отырып оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруына ықпал ететіндігін түсінеді. Критерий бағалау туралы толығымен меңгереді деп ойлаймын. Сабақ соңында мұғалімдерден «Кун және бұлтттар» әдісі арқылы кері байланыс аламын.


Күні:

Коуч: Юлдашева Фируза

Сабақтың тақырыбы

«Оқу үшiн бaғaлaу және оқуды бaғaлaу»

Мақсаты

«оқуды бaғaлaу»(жийындық бaғaлaу) және «оқыту үшiн бaғaлaу» (қалыптастырушы бaғaлaу), критериaлды бaғaлaу туралы түсiнiктерiн қaлыптaстыру, қалыптастырушы бaғaлaудың оқыту үшiн тиiмдiлiгiн үйрету.

Күтілетін нәтиже

қалыптастырушы бaғaлaудың күнделiктi сaбaқтa пaйдaлaну aрқылы оқу үрдiсiн жaқсaртады, оқушылaрды оқуына жетелейді және қызықтырады.

Түйiндi идеялaр

Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау).


«Критериалды бағалау Қазақстанда қолданылатын дәстүрлі әдістерге қарағанда, оқушыларға барынша әділетті». 

Коучингтеқолданылатын модульдер

Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер;СТО;ОүБ;АКТ;Көшбасшылық.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Миға шабуыл, ой шақыру,шығармашылық жұмыс, /постер жасау/, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

Уақы

ты90-м

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Коучпен сәлемдеседі


8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Муғалімдер шеңбер болып тұрады және кезекпен «мен керемет мұғалімін» себебі деп жалғастырады.


2-мин

Топтарға біріктіру.

« шариктер» әдісі арқылы топтасады.

шариктер

10 мин

«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс. Үйдің суретін салу.



(Осы сұрақтарға жауап беру арқылы коучинг сабақтың тақырыбы ашылады)


Әрбір топ үйдің суретін салады және топтар бірін-бірі бағалайды.

1.Осы сызылған суретке дұрыс баға қойдым деп ойлайсыз ба?

2. Суретке неге негізделе отырып баға қойдыңыз?

3. Егер сізге бағалау критерийлері берілгенде суретті басқаша сызып, басқаша бағалар едіңіз бе?

Түрлі-түсті маркерлер,постер

8 мин

«ой қозғау»

Талқылау үшін сұрақтар беріледі

Бағалау деген не?

Бағалау не үшін қажет?

Бағалаудың мақсаты қандай?

Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалаудың айырмашылығы неде?

Бағалаудың қандай түрлері бар?

Ұжымдық жұмыс

Мұғалімдер жауап береді

Проектор,

слайд

12мин

Теориялық таныстырылым

Презентация: «Бағалау және оның түрлері» (15 мин)

слайд

14 мин

тапсырма

Сұрақтарды топта талқылап жауаптарыңызды флипчартқа түсіріңіз.

(топ көшбасшылары қорғайды )


1. Қалыптастырушы бағалау деген не?

2. Мақсаты мен қағидаттары қандай?

3. Қашан, қалай өткізіледі?

4. Ақпарат кімдерге беріледі?

5. Мұғалімнің рөлі қандай?

6. Оқушының рөлі қандай?

флипчарт

8 мин

Сергіту сәті. «Кездесу уақыты».

Мұғалімдер әр бір сағатқа әріптесін жазып сағатқа қарап кездеседі

слайд


Талқылау үшін сұрақ

Ұжымдық жұмыс

Дұрыс бағалау дегеніміз не?

Дұрыс бағалау неден құралады?

Критериалды бағалау дегеніміз не?

Критериалды бағалауды енгізу қажеттігі неден туындайды?

слайд


12мин

тапсырма.

Топтық жұмыс:әр бір топқа жаттығу беріледі.

Оқу мақсатына сай критерий және дескриптор құрастырады (топтың бір мүшесі қорғайды )

тапсырмалар

2-мин

Бейнеролик- Доктор Эмото Масару«эксперимент с рисом»

Тамашалап қорытынды жасайды

бейнеролик

8 мин

тапсырма

Оқушылардың жұмысына қалыптастырушы баға беру

қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырыңыз(Іс-әрекет арқылы жүзеге асырады)

Бағалау:топтар бір-бірінің іс-әрекетін бағалайды

Оқушылардың жұмысы

5 мин

Рефлексия:

Бүгінгі коучингте нені үйрендіңіз?

Проблемаларды айқындауда қандай мәселелер туындады?

Қай топтың жасаған әрекеттері ұтымды шықты деп ойлайсыз, не үшін


Мұғалімдер коучинг туралы пікірлерін жазады


стикерлер




А3есебі. Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп.

«Мектептегі қоғамдық мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді ( МАН, 8 бет). Сондықтан мен өз әріптестеріме барынша ықпал етуге дайынмын деп шешім қабылдадым. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас екенін аңғарып, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болатынын түсіндім. Тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

Мектеп жүйесін тиімді жетілдіру және тәлім алушының өз мүмкіндіктерін пайдалануға ықпал ету, кәсіби әңгіме жүргізу арқылы алдында кездесетін кедергілерді жеңуге көмектесу, өзіне деген сенімін арттыру негізінде тәлімгер болуына белсенді түрде дайындау мақсатында көшбасшы мұғалім ретінде мектебіміздің бір мұғаліміне тәлімгерлік етуді жоспарлап отырмын. Ол бастауыш сынып мұғалімі .Тәжірибелі ұстаздардің бірі. Еңбек өтілі 12 жыл болғанына қарамастан жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабағында тиімді қолданады. Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасындағы сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Сондықтан, алдын ала әріптесіммен ынтымақтастық орнатып, сабақтарына еніп, оқыту барысындағы тәсілдерімен таныссам құба-құп болады деп ойлаймын. Мұғалім жұмысының сапасына көңіл аудара отырып, ресми және бейресми кездесулерде иновациялық әдіс-тәсілдер жайында өзара талқылап, көзқарастары мен біліктілігі жайында ақпарат беріп, жүйелі жоспар құруды көздеп отырмын. Тәлімгерлік   жұмысымда  тәлім  алушыға алдымен бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, тиімді және табысты оқыту, сапалы білім беру үшін шеберлік пен құзіреттіліктің маңыздылығын ұғындырсам деймін. . Тәлім алушы мұғаліммен

тәлімгерлік жұмысын жүргіземін. Жоспарда бірінші мақсатты дұрыс қоя білу. Сабақтың барысында жаңа тақырыпты меңгертуде әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалану. Математика сабағында жаңа тақырыптың мәтінін оқушыларға игертуде қандай тәсілден пайдалануға болатынын, соны жоспарда көрсету, мәтінмен танысқан соң білімді дамыту үшін тағыда не істеуге болатынын, алған білімді пысықтағанда неден пайдалануға болады деп, мұғалімді дұрыс жоспар жасауға талпындырамын. Сабақта қатысқан оқушылардың сабаққа қалай қатысып отырғанын қалай анықтайсың, одан қалса қалай бағалайсың деп, жол –жорық көрсетемін. Сабақтың соңында оқушылардан алынған рефлексивті есеп арқылы келесі сабақтың ҚМЖ жоспарының құрылымын жасау керектігін айтып түсіндіремін.(ОМЖ,ҚМЖ қоса тіркеледі.) Сабақтарда  сындарлы  оқытудың     жаңаша   оқыту   әдіс-тәсілдерін және бағдарламаның   жеті   модулінің  түрлерімен   таныстырып, қолдануға ұсынсам деймін. Өйткені бағдарламаның негізін құрайтын бұл модульдер оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты орнатып, шығармашылыққа жұмылдыратынын, мұғалім жұмысының нәтижелі болуына тікелей көмекші болатын, оқытудағы тиімді амалдар деп есептеймін.  Жұмыс бағыттарын белгілеп, тізбектелген сабақтар бойынша орта мерзімді жоспар дайындауда бағыт-бағдар көрсетіп, жұмыс кезеңдерінің дәйекті тізбектеліп ұйымдастырылуына көңіл бөліп, оқыту барысында стратегияларды және жеті модульдерлі кіріктіру арқылы қалай тиімді пайдалануды үйретуді бағдарлап отырмын.Тәлім алушыға АКТ-ны әр-бір сабақты қолдану,мысалы тақырып ашуда,электрондық жаттығулар,грамматикалық тапсырмалар орындауда қолдануын ұсынамын.Бул бағдарламаның идеясында тәліп дәстүрлі сабағындағыдай көп сөйлеп,оқушылардың аз сөйлеу байқалмайды. Тізбектелген сабақтарда барлық оқушылардың қамтылуына назар салуды жоспарладым. Алайда мұғалімге де өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беріп, нақты проблемаларды қарауға жағдай жасауым керек деп ойлаймын.Тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесемін. Оқудың әрбір кезеңінде алға ілгерілеудің болуына ықпал етіп, сабақ аяқталғанда өздеріне кері байланыс жасауды ұсынсам деймін. Сонымен қатар өзімнің тізбектелген сабақтарыма енгізу арқылы өзара тәжірибе алмасып, ұйымдастыру қағидаттарына талдау жасатып, критерийлер тұрғысынан қорытынды жасату арқылы бағалатсам, мұғалімнің көзқарасын терең аңғарамын деп ойлаймын.





Тәлімгерлік жасау жоспары

Тәлімгер: Юлдашева Фируза Тәлім алушы: Гаипова Дияра

Тақырыбы: Топтық жұмыс арқылы оқыту мен оқу үдерісіне жеті модульді ықпалдастырып, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру

Тәлімгерлік етудің жалпы мақсаттары:

Тәлімалушы әр сабақ жоспарына топтағы бірлескен жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойлау модулін енгізеді, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді; Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы белсенділіктері артады; Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға,өз ойларын білдіруге, идеяларын дәлелдеуге дағдыландырады; Оқушыларды жұптық, топтық жұмыс істеуге дағдыландырады.

Уақыт аралығы

Тәлімгерлік үдерісі

Тәлімгерлік үдерісінен күтілетін нәтижелер

Табыс критерийлері

Қалай анықтайсыз?

1-апта

Бастапқы байланыс жасау.

Зерттеу

Тәлім алушының қазіргі деңгейін нақты айқындады.

2-апта

Тәлім алушымен бірлесіп мұғалімдердің оқыту тобының жұмысына қолдау көрсету мақсатында коучинг жоспарын жасауға дағдыландыру.

Даму жоспарының басымдығын жүзеге асыру мақсатында коучинг жоспарлары түзіліп, іске асырылды.

Даму жоспарының басымдығы негізінде коучинг сабақтарының жоспарлары түзілді

3-апта

Топтық жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін меңгерту, топтық жұмыста қолданылатын стратегиялармен таныстыру

Топтық жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін меңгереді, топтық жұмыста қолданылатын стратегиялармен танысады

Кері байланыс алынады

4- апта

Сыныпта жағымды ахуал туғызудың қажеттілігін негіздеп, тәсілдерімен таныстыру

Сыныпта жағымды ахуал туғызудың қажеттілігі негізделінеді, тәсілдерімен таныстырылады

Кері байланыс жасалады

5- апта

Коучинг сабақтарыма енгізу .

Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарына тиімді ықпалдастыра алды және оның тиімділігіне көз жеткізді.

Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өткізілген сабақтар.

6- апта

Тізбектелген сабақтар топтасын жоспарлауға, омж, қмж жасауға дағдыландыру

Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлайды, жүргізеді. ОМЖ,ҚМЖ жасайды.

Кәсіби сұхбат, кері байланыс, оқушы үні



А4 есебі

Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Қaзipгi тaңдa зaмaн тaлaбынa caй кәсіби қоғaмдacтық әлeмнiң бapлық eлдepiндe, cондaй-aқ ұлттық, хaлықapaлық дeңгeйдe жүзeгe acыpылып отыp. Қoғaмдacтық нe үшін қaжeт? Менің түсінігім бойыншa ақпaрaт тaрaту үшін, яғни, осы бaғыт бойыншa мұғaлімдeр oқудa нeгe нaзaр aудaру кeрeктігі турaлы aқпaрaттaндырылaды, oлaрғa жaңa aқпaрaт іздeугe жәнe әдіc aлмacуғa мүмкіндік бeреді деп ойлaймын. Ынтымaқтacтық жacaп, өзaрa бір-біріне қoлдaу көрceтіп, мұғaлімдepбір-бірімeн apaлacу бaрыcындa жaлғыз eмec eкeндігінe көз жeткізуі үшін кeрeк сияқты. Ал, оқушыларды сапaлы оқыту үшін мұғaлімдeр жaңa дaғдылaрды мeңгeріп, жaңa әдіcпeн жұмыc жacaуды үйpeну кeрeк. Білімді қaлыптacтыру барысында әр мұғaлімнің қызығушылығы әp түрлі, coндықтaн қoғaмдacтық oлaрғa өз тәжірибeлeрін жaқcaртуғa мүмкіндік бeрeтіндігіне сенімдімін. Ұжымдық пікір білдіру үшін мұғaлімдeр өз oйлaрын, пікірлeрін кeліcпeгeн caяcaтқa білдіpуіміз кeрeк дeп ойлауы ықтимал. Сондықтан да мектепте қoғaмдacтық құрудың маңызы зоpдеп санаймын. Қоғамдастықта мұғaлімдер өз пікірлeрімeн, блoгтaрымeн, мaқaлaлaрымeн aлмacaды. Көшбaсшы мұғалімнің негізгі функцияларының бірі - әріптестерінің озық тәжірибелерімен бөлісу арқылы мектебін жетілдіру мақсатында педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірлеу. Мен көшбасшы мұғалім pетінде қоғaмдастығымыздың жоспарын құруға өз үлесімді қосып, және әріптестеріме қaтысушылардың кім екенін және олардың өзара қалай байлaнысқанын анықтау үшін ұйымдaстырушылық құрылым қажеттігін ескеріп, қоғaмдастыққа шолу жасaуға мүмкіндік беруді ойластырдым. Бұл – қоғамдастық туралы  біздің бaсқа мүшелерге өз көзқарасымызды жеткізу үшін пайдaлануға болатын, жалпы алғанда, біздің қол жеткізген нәтижелеpімізді және aлдағы уақытта қандай бағытта даму керектігін көрсететін  құрал.

Жоспар құруда aлдымен, қоғамдастығымыздың ұйымдастырушылық құpылымының сызбaсын жасадым. Өз қоғaмдастығымыздың құрылымының жоспaрын жасап, ондағы негізгі топтар мен байлaныстарды белгіледім.

  •      Өз қоғамдастығымызды басқаpатын барлық негізгі топтарды: үйлестіру топтaры,  зерттеуші топтар, тәлімгерлік топтары, университеттер және жергілікті білім беру ұйымдapымен бaйланысты көрсететін негізгі топтарды анықтау кеpектігін білдім.

  • Содaн соң топтардың қызметіне көмектесу мақсатында олардың арaсында жұмыс істейтін адaмдарды тaңдау қaжеттігін жоспaрлап отырмын.

  • Желілік қоғамдастықты нығайтуды, яғни топтар арасындағы қарым-қатынас арнасын кеңейтуді мақсат тұтып отырмын.

Мектептің бүгінгі  таңдағы жұмыстарына мектеп әкімшілігімен  біріге отырып талдау жүргізсем деймін. Өйткені, талдау нәтижесінде мектептің қазіргімен салыстырғанда  келешекте  өз қызметін жақсарта алуы үшін  нені өзгерту керектігі  анықталып, басымдықтар белгіленеді, мектеп аясында желі сызбасы құрылды.

Алты аптаға жасалатын жұмыс жоспарына шолу жaсай келе, тәжipибe aлмacып, жaңa тың идeялap мeн туындaғaн мәceлeлepдi мұғaлiмдep қaуымы бipлeciп, ынтымақтаса шешеді деген сенімдемін қоғамдастықты «Зиялылaр» деп атауды жөн санадым. Себебі, мұғалімдер арасында өзара мәдени бөлініс орын aлып, қарым-қатынастың құрметтеу, жеке қарым-қатынас, құзіреттілік, адалдық секілді түрлері көрініс табатынын қалаймын. Кәсіби қоғaмдaстық – пeдaгог қызмeткeрлeрдің кәсіби өсуінe тaбысты ықпaл eтeтін мұғaлімдeрдің ынтымaқтaстық ортaсы, әрі мұғалімдердің өзaрa тәжірибe aлмaстырaтын, жaс мaмaндaрды кәсіби өсірeтін ұйымы деп білемін. Қоғамдастықтағы мұғалімдерге «Сіздің оқушыларыңыз өз ойларын дәлилдей аладыма ?» тақырыбын aуқымды және жан-жақты ізденуді, диалогтік оқытуды тәжірибелеріне енгізуін дәріптеймін.

Қоғaмдастықтың негізгі мaқсаты: Диалогтік оқытуды енгізе отырып, тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру және сапалы білім жүйесін дамытуға арнaлған оқу кеңістігін ұйымдaстыру. Қaзipгi ғылым мeн тeхникaның қapыштaп дaмығaн кeзiндe оқу - бiлiмнiң, cоның iшiндe болaшaғымыз бүгiнгi мeктeп оқушыcының бiлiмi мeн тәpбиeci мaңызды мәceлe eкeнін түсінe отырып, әp оқушыны жeкe тұлғa дeп тaнып, оның шығapмaшылық қaбiлeттepiн шыңдaу, шығapмaшылықпeн жұмыc жacaуғa тaлaптaнғaн әpбip мұғaлiм әpiптecтepiнiң кәciби бiлiмiн жeтiлдipу apқылы,көшбacшылapды дaйындaу.

Қоғамдастық міндеттері:

-Қоғaмдастық  мүшелерімен сенімді қapым-қатынас құру, қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру,  кәсіби қызығушылықтaры бойынша мұғалімдердің жұмыстарын жандандыру, кәсіби-әдістемелік біліктілігін жетілдіру;

- Диалогтік оқытуды тәжірибеге енгізуге әдістемелік қолдау көрсету;

- Диалогтік оқытуды енгізу бойынша тәжірибесін тарату;

-Диалогтік оқытуды тәжірибеге енгізу бойынша әдістемелік жинақтарды «Ынтымақ» әлеуметтік желісінде  жинaу;

-Қатысушылар

сaбaққa eнгізугe ықпaл eту, бiлiм caпacын жeтiлдipу, қaжeттi pecуpcтapмeн санын кеңейту , мектептегі қамтылмаған мұғалімдерді желілік қоғамдастыққа тарту.

- Оқытудaғы жaңa әдіс-тәсілдeрді қaмтaмacыз eту; шығapмaшылықпeн жұмыc жacaуғa дaғдылaндыpу.

-Сұрақ- жауапқа тaрту арқылы қоғамдастық мүшелерінің

оң пікірлері.

Кәсіби қоғaмдстықтың жұмыcын жүзeгe acыpу үшiн жeлi құpaмындaғы әpiптecтepiмe өздepiнe мiндeттeлгeн жұмыcтaрын бөлiп жүpгiзсем деймін. Мeктeптe үдepic бacтaлғaн уaқыттaн бacтaп қоғaмдacтыққa кipгeн мұғaлiмдepгe өзiмнiң тapaпымнaн ынтымaқтacтық, ceнiмдiлiк, жұмыcтapынa, әpбip жұмыc жоcпapлaнғaн кeздe олapдың кәciби дaмуынa жaғдaй жacaп, өзiм дe олapмeн бipгe кәсіби қоғaмдaстықтa жұмыc жacaуым керек. Бұл - қоғaмдaстық aяcындa жүpгiзiлгeн жұмыcтapдың мұғaлiмдepдiң кәciби дaмуынa, олapдың ынтымaқтacтықтa бipлeciп, ic-әpeкeт жacaуынa, нәтижeciндe тәжipибe aлмacуындa мaңызы зоp деп санаймын. Жоспарға сәйкес, 12 шaқты мұғаліммен «Оқушы белсенділігін арттыруда диaлогтік оқытудың рөлі» тақырыбындa дөңгелек үстел өткізуді жоспарлаудамын. Өйткені, диалогтық оқытудың сабақта оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырудaғы маңызы зор. Кейінгі аптада «Оқушылaрдың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағaлауына ықпал етуде зерттеушілік әңгіменің маңызы» тақырыбындағы теориялық семинaр өткізуді тиімді деп ойлaстырдым. Өйткені, семинар мұғалімдердің зерттеушілік әңгіме пайдаланып оқушылaрдың бір-бірінен үйренуіне, басқa оқушылaрдың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді. Жоғары деңгейдегі сұрақтар қою aрқылы оқушыларға әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен, ойын жинaқтауға көмек беру мaқсатында «Әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беруде жоғары деңгейдегі сұрақтар қоюдың мaңызы» тақырыбындa қоғамдастық мүшелерімен еркін әңгіме өткізуді жоспарладым. Себебі, кейбір әріптестерім қалай сұрақ қоюды білмейді. Сонымен қатар мұғалімдердің сұрақтар - қарым-қатынастың негізгі нысаны екенін білсе деймін.

Күнделікті мектеп тәжірибесінде оқушылaр тапсырманы біреудің көмегінсіз және қолдaуынсыз орындaуы сирек орын алaды. Бұл тек дарынды және талантты балаларға тән қасиет. Алайда көпшілік оқушылар үшін жақын арадағы дaму аймағы мен көпіршелер құнды құрылым болып саналады. Сондықтан «Пәнді оқытудa жақын арaдағы даму аймағы және көпіршелердің маңызы» тақырыбындa семинар-практикум ұйымдастыру керек деп ойладым.

Қоғамдaстық жұмысын қорытындылау мақсaтында "Не істедік, неге қол жеткіздік?" тақырыбында талдау жүргізу – қоғaмдастық мүшелерінің кері байланысы іспеттес. Осы тaлдау арқылы аналитикалық қорытынды жасалынып, жаңа оқу жылына ұсыныстaр, жоспарлар түзілетініне сенімдімін.

Облыc көлeмiндe әpiптecтepiмнiң мeктeп өзгepicтepi бapыcындa оpтaқ мaқcaтқa бaғыттaлғaн мeктeптeгi тәжipибeлeрімeн тaныcып, өз тәжipибeлерімізбeн бөлicуге болатынын электрондық - жарнамалық аңдатпалар мен электрондық хат арқылы алмасуды ынталандыруға, телефон байланыстары желілік қоғамдастығын құру, бейнеконференцияларды кеңінен пайдaлануды ұсынсам, қоғамдастық жұмысы жемісті болады деп ойлaймын. Пeдaгогикaлық шeбepлiк оpтaлығының caйты apқылы облыc көлeмiндe әpiптecтepiммeн тәжipибe бapыcы жөнiндe пiкip aлыcып, өз әpiптecтepiммeн интepнeт apқылы бaйлaныcқa шығып, тeлeфон, элeктpонды жapнaмaлap, ceминapлap өткiзу apқылы жұмыc жacaуды жоспaрға енгіздім. Кәсіби қоғaмдaстыққа ең алдымен мeктeп дирeкторы қолдау көрсетуі тиіс. Себебі, ол қоғамдастықтың табысқa жетуінде шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар, aудaндық бiлiм беру бөлiмiнiң қызмeткepлepi мен aтa-aнaлaрдың қолдауы да маңызды. Кәсіби қоғaмдaстық бipiншiдeн мeктeп көлeмiндeгi жeлiлiк қaуымдacтық оқушының оқуынa оң ықпaлын тигiзce, eкiншiдeн мeктeптeгi, одaн тыc жepлepдeгi әpiптecтep apacындa ынтымaқтacтық пaйдa болады деп түйдім. . Келешекте мектепте құрылған «Шабыт» қоғамдаcтығы көрші мектептермен тәжірибе алмаcу үшін баc қоcып, оқыту мен оқуға жаңалық ендіреміз, жұмыстың нәтижелілігін көрсете отырып, педагогикалық қоғамдастықты кеңейтеміз деген ойдаймын. Бұл жұмысты жандандыруда зерттеу нәтижелеріне мән беріп, болашақта педагогикалық қоғамдастықты кеңейтемін.Оcындaй жұмыcтap нәтижeciндe бiз, яғни әpiптecтep бip-бipiмiзбeн коғaмдaстық apқылы озық ойлы идeялapмeн, тәжipибeлepмeн aлмacып, қоғaмдaстықтық aяcын кeңeйту үшiн тың идeялap жacaп, оның дaмуы үшiн өз үлeciміздi қоcaмыз дeп ойлaймын.


ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР:


  1. Мұғaлімгe aрнaлғaн нұcқaулық

2.Мeктeптeгі іc-тәжірибeгe кeзeңіндe орындaуғa aрнaлғaн тaпcырмaлaр, «Нaзaрбaeв Зияткeрлік мeктeптeрі» .

Қоғамдастықтың жұмыс жоспары

Қоғамдастық мақсаты: Диалогтік оқытуды іс- тәжірибеге енгізе отырып, тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру және сапалы білім жүйесін дамытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру

Қоғамдастық міндеттері:

-Қоғамдастық  мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру, қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру,  кәсіби қызығушылықтары бойынша мұғалімдердің жұмыстарын жандандыру, кәсіби-әдістемелік біліктілігін жетілдіру;

- Диалогтік оқытуды тәжірибеге енгізуге әдістемелік қолдау көрсету;

- Диалогтік оқытуды тәжірибеге енгізу бойынша тәжірибесін тарату;

- Диалогтік оқытуды тәжірибеге енгізу бойынша әдістемелік жинақтарды «Келес зиялылары» әлеуметтік желісінде  жинау;

-Қатысушылар санын кеңейту , мектептегі қамтылмаған мұғалімдерді желілік қоғамдастыққа тарту.

Күтілетін нәтиже: Кәсіби қоғамдастық туралы ұғым қалыптасады, оқытудағы жаңа идеяларды ұсынады, диалогтік оқытуды іс- тәжірибеге енгізе отырып, оқушы мотивациясын арттырады.

Қоғамдастық құрамы:   әр түрлі санаттағы 6 мұғалім

Жұмыс істеу қағидаттары: сенімділік, жауапкершілік, өзара қолдау


Нақты іс-шаралар

Міндеттері

Шараны өткізу әдіс-тәсілдері

Күтілетін нәтиже

Мониторинг дәлелдеме

Мерзімі

Жауап тылар

1

Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу

Орта және қысқа мерзімді жоспарлауды түзуді қалыптастыру

Сұрақ-жауап «Ойлан- жұптас- бөліс» әдісі

Қысқа және орта мерзімді жоспарларды түзе алады

Суреттер, бейнежазба

29.09.2017

.Көшбасшы

2

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етуде диалогтік оқытудың басымдығын анықтау;

Диалогтік оқытуға басымдық жасау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал ету

Семинар-практикум

Диалогтік оқытуға басымдық жасау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді


Суреттер, бейнежазба

13.10.2017


Қоғамдастықмүшелері

3

Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етуде зерттеушілік әңгіменің маңызы

Зерттеушілік әңгіме пайдаланып оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ету

Дөңгелек үстел

Зерттеушілік әңгіме пайдаланып оқушылар-дың бір-бірінен үйренуі-не, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді


Суреттер, бейнежазба

20.10.2017


Қоғамдастықмүшелері

4

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыруда диалогтік оқытудың маңызы

Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру

Теориялық семинар

Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанады


Суреттер, бейнежазба

27.10.2017


Қоғамдастықмүшелері



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!