Материалдар / §2. Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу;

§2. Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу;

Материал туралы қысқаша түсінік
8.4.2.1 - өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
28
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 сынып №2

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Зертханалық жұмыс№1 «Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу». Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс№2 «Жануарлар ұлпаларын жіктеу».

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Жасушалық биология»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Зертханалық жұмыс№1 «Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу». Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс№2 «Жануарлар ұлпаларын жіктеу». §2. Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.1 - өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу;


Сабақтың мақсаты:

өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


7.4.2.1 "жасуша", "ұлпа", "мүше", "мүшелер жүйесі" туралы түсініктер;

§ 13. Жасуша, ұлпа, мүшелер жүйесі


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



Дескриптор:

-алдыңғы білім бойынша өз түсініктерін сипаттайды-2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық/ Очкур.Е.А, Құрманғалиева.Ж.Ж-Алматы,Мектеп,2017ж

Оқушылардың назарын аудару

«Бұрынғы атаулар» әдісі.

Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі

«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды-2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

8.4.2.1 - өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Сабақтың ортасы



Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.

Өсімдік ұлпалары:

түзуші, негізгі, жабын,

тірек,өткізгіш,

бөліп шығарушы;

жануарлардың ұлпалары:

эпителий, дәнекер,

бұлшықет, жүйке;

дендриттер, аксон,

нейроглия.

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды-2 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,

14-бет.

Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=yLHkrcj05YQ


https://youtu.be/eeH2NqGxx50


Практикалық тапсырмалар беру

Жұптық жұмыс.


«Биологиялық зертхана» әдісі.

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы

қарап, өсімдік және жануар ұлпаларының құрылысымен танысу.



1 зертханалық жұмыс. өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу.

2 зертханалық жұмыс. Жануарлардың ұлпаларын жіктеу.


Дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы

қарап, өсімдік және жануар ұлпаларының құрылысымен танысады. Өсімдік және жануар ұлпаларының әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама береді. Берілген ұлпаларды классификациялайды. Зертханалық жұмыстың қорытындысын жазады.

Дескриптор:

- өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларының әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама береді - 2 балл;

- өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді - 2 балл;

- өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялайды - 2 балл;

- зертханалық жұмыстың қорытындысын жазады -2 балл;


Инетрактивті панель, презентация


керекті құрал-жабдықтар: микроскоп, өсімдік жасушалары мен ұлпаларының

дайын микропрепараттары, жануар ұлпасының дайын

микро-

препараттары.


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,

246-247 бет

Бағалау

Жеке тапсырма.

Контекст «Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу»


Ксилема және флоэма өсімдіктің қай ұлпасына тән екенін анықтайды.

Жануарлардың эпителий ұлпасы атқаратын қызметіне қарай неше типке жіктелетінін сипаттайды.

Ұлпаның түрлері мен атқаратын қызметін сәйкестендіреді.

Сұрақтың жауабын иә немесе жоқ екенін анықтайды.

Түзуші ұлпаға қатысты өсімдік бөлімін анықтайды.

Дескриптор:

- ксилема және флоэма өсімдіктің қай ұлпасына тән екенін анықтайды – 1 балл;

- жануарлардың эпителий ұлпасы атқаратын қызметіне қарай неше типке жіктелетінін сипаттайды – 2 балл;

-ұлпаның түрлері мен атқаратын қызметін сәйкестендіреді – 4 балл;

-сұрақтың жауабын иә немесе жоқ екенін анықтайды – 2 балл;

- түзуші ұлпаға қатысты өсімдік бөлімін анықтайды – 1 балл;

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы


Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «Биологиялық қоректік заттар»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,

15-бет.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Биологиялық зертхана» әдісі




1 Зертханалық жұмыс

Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.

Құрал- жабдықтар: микроскоп, өсімдік жасушалары мен ұлпаларының дайын препараттары.

Жұмыс барысы

1. Өсімдіктің 6 түрлі ұлпасының әрқайсысының құрылысын дайын микропрепаратын жарық микроскобына салып қарадық.
2. Ұлпалардың әртүрлі типтерінің құрылысының мынадай қырына назар аудардық:

Жасушалар бір типті ме? Олардың пішіндері қандай?

Жасушалар тығыз орналасқан ба, әлде бос орналасқан ба? Жасушааралық қуыстары ірі ме, әлде жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан ба?

Вакуольдің құрылысы қандай? Олар көріне ме?

Пластидтері көріне ме? Егер көрінетін болса, түсі қандай?

Көрген ұлпалардың суретін салдық. Олардың атауларын жазыңдық.

Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама берілді.


Сипаттамасы

белгісі

Өсімдік ұлпасының типтері

жабын

түзуші

негізгі

тірек

өткізгіш

бөлуші

Орналасқан жері

Өсімдіктердің сыртын қаптап жатады.

Сабақтың тамырдың, ұштарында, жапырақ негізінде

Өсімдік сабағы, жапырағы, жемістердің жұмсағы

Сабағы, жапырағы

Сабағы, жапырақ

Сабағы, жапырақ

Ұлпа тип тармағы

-

-

-

механикалық

-

-

Жасуша пішіні

Мөлдір қабырғалары қалың

Жасушалары ұсақ

Ірі, домалақ пішінді

Пішіні әртүрлі

Пішіні әртүрлі

Пішіні әртүрлі

Жасуша типтері

Жасушалары тірі

Жас жасушалар ұдайы бөлінеді, тірі

Қабықшасы жұқа.Фотосинтездеуші, қор жинаушы.

Жасушалары тірі, жұқа

Жасушалары өлі

Жасушалар тірі

Жасушалар қалай орналасқан?

Тығыз жанасқан

Тығыз орналасқан

Жасушааралық кеңістіктері кең

Жасушалары тірі, тығыз

Жасушалар тірі, жұқа

Жасушалары жұқа, жұқа күйінде сақталады.

Вакуолінің болуы

-

-

-

-

-

-

Ерекшеліктері

-

Хлоропласт болмайды

Бағаналы, борпылдақ

Беріктік қасиет береді

Хлоропласт болмайды

Жәндіктерді еліктіреді


А   Б
А Түзуші ұлпа Б Ағаш қабығындағы жабын ұлпасы


Қорытынды.Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасты. Жоғарыда кестеде біз өсімдік ұлпасының 6 типін: түзуші, негізгі, жабын, механикалық (тірек), өткізгішжәне бөліп шығарушы болатындығын қарастырдық. Әр өсімдік ұлпасы өзіне тән қызметті атқарады. Өсімдіктің тіршілігі үшін маңызды қызмет атқаратындығын байқадық.




2 Зертханалық жұмыс

Жануар ұлпаларын жіктеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.

Құрал- жабдықтар: микроскоп, жануар ұлпасының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1. Жабын, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпаларының микропрепараттарын жарық микроскобына салып қарадық. Олардың құрылысындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы баяндап талдадық.
2. Микропрепараттарды оқулықтағы суреттермен салыстырып шықтық. Тұрақты микропрепараттардың боялуында ерекшеліктер бар. Яғни препараттар қанық түске боялған. Ал оқулықтағы суреттерден масштабы бойынша ерекшеленеді.
3 Қарастырған ұлпалардың суреттерін дәптерге салдық, олардың атауларын жазып шықтық.
4. Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама берілді. Кестені дәптерге сызып алып алдық. Кесте


Сипаттама белгісі


Жануар ұлпаларының типтері

эпителий

бұлшық ет

жүйке

дәнекер

Орналасқан жері

Жабынды эпителии: терінің үстіңгі қабаты, асқазан қуысы т.б
Безді эпителий: барлық бездер түзілген.
Кірпікшелі эпителий: тыныс жолдарында орналасқан.

Бұлшықетте орналасқан

Ми, жұлында орналасқан.

Қанда, сүйекте, шеміршекте.

Ұлпа тип тармағы

-

--

-

-

Жасуша пішіні

Көпқабатты

Жасуша пішіні әрқилы.

Пішіні жұлдызша тәрізді тармақталған

Қанда-сұйық, сүйекте-қатты, шеміршекте-серпімді.

Негізгі және қосымша ұлпалар

Жабынды эпителии, безді эпителий, кірпікшелі эпителий.

Көлденең жолақты, бірыңғай салалы

Нейрондар

Борпылдақ, тығыз дәнекер ұлпасы.

Жасуша қалай орналасқан?

Тығыз жанасып

Жасушалары көбеюге қабілетті бірігіп орналасқан.

Жасушалары тармақталып орналасқан.

Жасушалары тығыз орналасқан.

Жасуша бояуының ерекшеліктері

Жасуша бояуы қанық

Жасуша бояуы миоциттерге және Fe байл-ы

Жасуша бояуы қанық

Жасуша бояуы қанық


А Безді эпителий Б Сүйекті дәнекер ұлпасы

Қорытынды. Әрбір ұлпа, дамуы кезінде, белгілі бір ұрықтық бастамадан дамыған. Жануарлар ағзасының ұлпалары негізгі төрт топқа біріктірілген — эпителий ұлпасы, дәнекер ұлпасы, бұлшық ет және жүйке ұлпалары. Әр ұлпаның өзіне  тән қасиеті мен қызметі, ерекшелігі бар. Бұл ұлпалар бір-бірімен тығыз байланыста. Ұлпалардың микропрепараттарын бір-бірімен салыстырып, қарап шықтық. Суретін салып, белгіліеп шықтық.


Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Shape1



Жеке жұмыс тапсырмасы.


Контекст «Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу»


Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар тобы. Өсімдіктерде ұлпалардың 6 типі: түзуші, негізгі, жабын, механикалық (тірек), өткізгіш және бөліп шығарушы болады. Өсімдіктегі әр ұлпа өзіне тән қызмет атқарады. Және өсімдіктің әр мүшесінде кездеседі. Өсімдік ұлпаларының өмірде маңызы зор десемде қателеспес едім. Жануарларда да ұлпа бар. Жануарларда кездесетін ұлпалардың 4 типі мыналар: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпалары болады. Жануарлардың әр мүшесінде кездесетін ұлпалар да өзіне тән қызмет атқарады.


1-тапсырма: «Ашық тест»

Ксилема және флоэма өсімдіктің қай ұлпасына тән:

А) жабын ұлпа

Б) тірек ұлпасы

В) өткізгіш ұлпа

С) негізгі ұлпа


2-тапсырма: «Жабық тест»

Жануарлардың эпителий ұлпасы атқаратын қызметіне қарай неше типке жіктеледі? Және оларды ата.

____________________________________________________________________________



3-тапсырма: «Сәйкестендіру»

Ұлпаның түрлері

Әріп

Атқаратын қызметі

1

Негізгі ұлпа

А

Ағзаны басқару,мүшелер жұмысын үйлестіру

2

Механикалық ұлпа

Б

Қимыл-қозғалысты қамтамасыз ету

3

Бөліп шығарушы ұлпа

В

Қорғаныш,заттарды синтездеу,шаң-тозаң бөлшектерін және т.б. заттарды ұстап қалады.

4

Эпителий ұлпасы

Г

Су және ауа жинаушы

5

Дәнекер ұлпасы

Д

Олар әрқашан берік және қатты жасушалық қабырғаға ие. Ешқашан құрамында хлоропласт болмайды.

6

Бұлшықет ұлпасы

Е

Бөлінген иісті және тәтті заттар тозаңдандыратын жәндіктерді өзіне еліктіреді, ал эфир майлары малға жем болудан сақтайды.

7

Жүйке ұлпасы

Ж

Қорғаныш,тірек,заттардың және

О2-нің тасымалдануын,қамтамасыз етеді,қоректік.


4-тапсырма: «Иә» / «Жоқ»

Сұрақ жауабымен

«Иә»

«Жоқ»

1

Әрбір нейрон дене және өсінділерден тұрады



2

Борпылдақ дәнекер ұлпасынан теріасты май жасұнығы түзілмеген



3

Фотосинтездеуші ұлпа – бұл жапырақтың жасыл жұмсағы, жас

өскін.



4

Түзуші ұлпа бірінші болып пайда болмаған




5-тапсырма.Тіннің астында түзуші ұлпа болады. Ол сабақтың жуандап өсуіне әсер етеді.

А.Сору

В.Тамыр оймақшасы

С.Сүрек

Д.Камбий

Е.Өзек







Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!