Материалдар / 2D нысандарды құруға арналған графикалық операцияларды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

2D нысандарды құруға арналған графикалық операцияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
КОМПАС-3D бағдарламасында 2D нысандарды жасауға арналған құралдар жиынтығы бар. Оларға нысанды таңдау, жою, масштабтау, бұру, жылжыту, және т.б. түрлі операцияларды орындау мүмкіндіктері мысал бола алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
608
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ

ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-

СShape2 ТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


ВЫСШИЙ МЕДИКО-СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ

КОЛЛЕДЖ

ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА


4.1 № 35 Тақырыбы: Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау.

4.2 Мақсаты: Студенттерді механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу, жүргізіп үйрену ережелерімен таныстыру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, сондай-ақ велосипедтер, мопедтер, ат-арба көлігі жүрісі мен малды айдауға қойылатын талаптарды зерделеу, қимыл-тірек аппараты бұзылған адамдардың жүрісі қалай қамтамасыз етілетіні туралы мәлімет беру.

4.3 Дәріс тезисі: Жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасы экономикасында маңызды роль атқарады.

Механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу.


Әдетте, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауы бар көлік құралдарын жөндеу орнына жеткізу үшін тіркеп сүйреу қолданылады.

Жол жүрісі қағидаларында көлік құралын иілімді немесе қатты тіркеп сүйреуді қолданумен, сондай-ақ жүк платформасына немесе тіркеп сүйрейтінкөлік құралының арнаулы тірек құрылғысысына ішінара тіркеу жолымен сүйреуге рұқсат етіледі.

Қатты және иілімді тіркемемен тіркеп сүйреуді тиісті біліктілігі бар жүргізуші жүргізуі тиіс.

Қатты тіркемемен сүйрету кезінде сүйретуші мен сүйрелетін көлік құралдарының арасында 4 м-ден аспайтын, ал иілімді тіркемемен сүйреткен кезде 4-6 м шегіндегі арақашықтық қамтамасыз етілуі тиіс (18.1-сурет).


Оны жаяу жүргіншілер мен басқа да жүргізушілердің қабылдауын жақсарту үшін, иілімді байланыстырушы буын әрбір метр сайын сигнал қалқаншаларымен немесе жалаушалармен белгіленуі тиіс.

Иілімді және қатты тіркемемен тіркеп сүйреу кезінде тіркеп сүйрелетін автобуста, троллейбуста және тіркеп сүйрейтін жүк көлігінің шанағында (кузов) адамдардың болуына тыйым салынады. Егер тіркеп сүйреу жартылай жүк тиеу жолымен жүзеге асырылса, онда тіркеп сүйрелетін көлік құралының кабинасы мен шанағында адамдардың болуына тыйым салынады.

Мындай жағдайларда:


  • рульдік басқаруы жұмыс істемейтін көлік құралын иілімді тіркемемен (бұл жағдайда асып қою

немесе жартылай тиеу әдісімен рұқсат етіледі);

  • оның нақты салмағы сүйрейтін көлік құралының нақты салмағының жартысынан асса,

тежеу жүйесі жұмыс істемейтін көлік құралын (нақты салмағы аз болған жағдайда мұндай көлік құралын қатты тіркемемен немесе жартылай тиеу әдісімен сүйретуге жол беріледі);

  • 2 немесе одан да көп болатын көлік құралын (18.2-сурет);


  • бүйірлік тіркемесі жоқ мотоциклмен, сондай-ақ осындай мотоциклді;

  • көктайғақта иілімді (гибкая) тіркемемен сүйретуге тыйым салынады.


Оқу жүргізулері.


Көлік құралын жүргізуге үйрену – оқытудың ең басты элементі. Жүргізуге бастапқы үйрену тек арнайы бөлінген алаңдарда ғана жүзеге асырылады. Үйренушінің өзімен бірге жүруімен және басқарудың жеткілікті дағдыларын меңгергеннен кейін ғана көшелер мен жолдарға шығу рұқсат етіледі.

Үйретушінің өзімен бірге тиісті біліктілік куәлігі, өзі оқыту жүргізетін санаттағы көлік құралын басқару құқығын беретін тиісті жүргізуші куәлігі болуы міндетті.

Ал үйренушінің өзімен бірге жекебасын куәландыратын құжаты, көлік құралын басқаруға медициналық растаудан өткендігі туралы анықтамасы болуы керек.

Үйрену жүргізілетін автокөліктерде, мотоциклдер мен басқа да механикалық көлік құралдарының алдында және артында Үйрену көлік құралы деген айырым белгілері болуы тиіс (18.3-сурет).

Оқу автокөліктері бұған қоса, қосымша ілініс пен тежегіш басқыштарымен, сондай-ақ артқы көрініс айнасымен (оқушы үшін) жабдықталуы керек.

Ортақ пайдалыналатын жолдарда жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.


Жолаушыларды тасымалдау.


Жолаушыларды автокөлікте тасымалдау тасымалдау кезінде нормалар мен қағидаларды сақтанудың маңызы өте зор, өйткені оларды сақтамау көптеген адамның қаза табуына дейінгі өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан оларды тасымалдауға ҚР ЖЖҚ-дағы талаптарға сай жүргізушілер ғана жіберіледі. Әскери жүргізушілер жолаушыларды тасымалдауға Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жіберіледі.

Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарына техникалық регламенттердің, басқа да заңнамалық және нормативтік құжаттардың талаптары қолданылады.

Жүргізуші жолаушылар үшін жауапты болады. Бұл ретте жол көлігінің жүргізушісі жүрер алдында жолаушыларға міну, түсу және қозғалыс кезіндегі қағидаларды ескерту тиіс.


Жолаушыларды:

  • автокөліктің (борт платформасы бар жүк көлігінің шанағында немесе фургон шанақта

жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздігімен жүретін машинаның кабинасынан тыс жүк тіркемесінде, жүк мотоциклінің шанағында және мотоцикл конструкциясында отыруға арналған орындардан тыс жерде тасымалдауға;

  • көлік құралының техникалық сипаттамасында көзделген санынан артық тасымалдауға

(бұл ретте көлік құралының нақты массасы дайындаушы кәсәпорын белгіленген рұқсат етілген ең жоғары масса көлемінен аспауға тиіс);

  • мотоциклдің артқы орнына мас күйінде отырғызуға;

  • жүк көлігінің шанағында отыру үшін жабдықталған санынан артық адамды

тасымалдауға тыйым салынады.


12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға ерекше (неғұрлым қатаң) талаптар қолданылады. Атап айтқанда, балаларды мотоциклдің артқы орындығына отырғызуға; баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызуға мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар немесе механикалық көлік құралының алдынғы орындығында балаларға арналған ұстап тұру арнайы құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады. Балалар тобын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кезінде автобустар мен оларды басқаратын жүргізушілер ҚР ЖЖҚ талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте екі және одан көп осындай автобус легіне Ішкі істер органдарының арнаулы автокөліктері ілесіп жүруі тиіс.

Жүктерді тасымалдау.


Жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасы экономикасында маңызды роль атқарады.

Жүктерді тасымалдау үшін мамандырылған көлік құралдары пайдаланылады, оларға белгілі бір талаптар қойылады. Бұл ретте тасымалданатын жүк пен жолаушылардың массасы көлік құралын дайындаушы зауыт талаптарынан аспауы тиіс.


Жүк тасымалдауға мынадай жағдайларда:

  • дұрыс орналастырылмаған және бекітілмеген;

  • жүргізушіге шолауды шектейтін;

  • басқаруды қиындататын және көлік құралының орнықтылығын бұзатын;

  • сыртқы жарықберу құралдары мен тіркеу белгілерін жабатын жүктерді тасымалдауға

тыйым салынады.

Бұл талаптардың сақталуына көлік құралының жүргізушісі жауапты болады.

Жүк және кез келген заттар автокөлік габаритінен ҚР ЖЖҚ-да белгіленген шамадан артық шығып тұрса, көріну жағдайларына байланысты тиісінше белгіленуі тиіс (18.4-сурет).



Салмағы ауыр, ірі габаритті және қауіпті жүктерді тасымалдау уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады (18.5-сурет).




Көлік құралдары қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде мынадай айырым белгілермен белгіленуі тиіс.





Велосипедтердің, мопедтердің, көлік арбалардың (шаналардың) қозғалысына,

сондай-ақ жануарларды жолдан айдап өтуге қойылатын қосымша талаптар.


Қазіргі кезде велосипедтер мен мопедтердің танымалдылығы арта бастады. Оларды басқаратын тұлғалар жол қозғалысының толық құқықты өатысушылары болып табылады.

16 жасқа толмаған тұлғаларға мопедті басқаруға, ал 14 жасқа толмаған велосипедшілерге жолға шығуға тыйым салынады. Велосипедшілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған жағдайда жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен нежол жиектерімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілердің жүруіне қауіп төндірмей жаяу жүргінші жолымен жүреді. Велосипедтер мен мопедтер жолдың осы элементтері бойынша жүрген кезде бір қатармен жүреді.

Көлік-арбалар (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдары шеткі оң жолақпен бір қатармен немесе олар жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жолдың жиегімен жүреді.


Велосипед пен мопед жүргізушілеріне:

  • ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;

  • жолаушыларды тасымалдауға;

  • ұзындығы немесе ені бойынша габаритінен 50 см-ден артық шығып тұратын жүктерді

немесе басқаруға кедергі келтіретін жүктерді тасымалдауға;

  • қатарында велосипед жолы болғанда жолмен жүруге;

  • трамвай жүретін жолдарда және осы бағытқа жүру үшін бір жол жолағынан атық

жолда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;

  • велосипедтің немесе мопедтің пайдалануына арналған арналған тіркемеден басқа

мопедтер мен велосипедтерді мопедтермен және велосипедтермен сүйретуге;

  • жаяу жүргінші откелімен жүруге тыйым салынады.


Велосипед жолының көше қиылысынан тыс жерде ортақ пайдаланылатын жолмен

қиылысатын жағдайлар болады. Бұл жағдайда велосипед немесе мопед жүргізушісі осы жолмен келе жатқан көлік құралдарына жол беруі тиіс.



Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз ету.



Қазақстан Республикасы Жол жүрісінің қазіргі қағидаларында жаңа тарау пайда болды. Оның мазмұны тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті нашар адамдардың жүріп-тұруын жеңілдетуге арналған. Бұл үшін тұрақтан арнаулы орындар бөлінген. «Мүгедек» айырым белгісімен белгіленген көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерге олардың белсенді өмір салтын жүргізуге және қоғамның толыққанды мүшелері болуға мүмкіндік беретін жеткілікті құқықтар берілген.


4.4 Иллюстрациялық материалдар:

Слайдтар, кестелер, плакаттар, диаграммалар.

4.5 Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

1. 2021 жылғы ҚР Жол қозғалысы ережелері.

2. Өмір қауіпсіздігінің негіздері: оқулық / В. К. Батпаев, А.И. Лавриненко. - Алматы: Эверо, 2013. - 262 Б.

3. "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық", Тасболатов А. Б., 11 сынып.

Қосымша әдебиеттер:

1. ҚР 17.04.2014 ж. "Жол қозғалысы туралы" Заңы.

2. Бастапқы әскери оқыту әдістемесі. 2010 ж., И. Г. Назимка, Ф. Е. Штыкало.


4.6 Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Көлік құралын тіркеп сүйреу тәсілдерін санамалап айтыңдар.

2. Жүргізіп үйренуге арналған автокөлік қалай жабдықталуы тиіс?

3. 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға қойылатын талаптарды санамалап айтыңдар.

4. Қандай көлік құралдары «Ұзынөлшемді жүк» белгісімен белгіленуі тиіс?

5. Велосипед пен мопед жүргізушісіне не істеуге тыйым салынған?


Тапсырмалар:

1. Тіркеп сүйреу кезінде көлік құралдары қалай белгіленуі тиіс?

2. Жолаушыларды тасымалдайтын көлік жүргізушілері мен такси жүргізушілеріне қойылатын талаптардың арасындағы айырмашылық қандай?

3. Велосипедшінің жасына қарай велосипедпен жүруге арналған жерлердің кестесін жасаңдар.

4. Қалай ойлайсыңдар, «Мүгедек» айырым белгісімен белгіленген көлік құралдарын басқаратын жүргізушілердің құқықтары жеткілікті ме?

5. «Қауіпті жүк» белгісімен қандай көлік құралдары белгіленеді және бұл белгілердегі нышандар нені білдіреді?



Электрондық оқулық:

11 сынып:18 параграф (158 – 164 беттер)












6 беттің 6 беті


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!