Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
3-сынып. №14-сабақ. Мәтін және оның түрлері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ТАҚЫРЫБЫ: №14-сабақ. Мәтін және оның түрлері. |
||||||
САБАҚ: Қазақ тілі |
Мектеп: №23 |
|||||
Күні: 23.09.20 |
Студенттің аты-жөні: Абилмажинова Б.Е. |
|||||
СЫНЫП: 3 а |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.1.1 екі-үш сөзден құралған сөйлемдерді жазу дағдыларын жетілдіру |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Оқулықтағы тапсырманы орындайды, тақырыпты меңгереді. |
|||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады; |
||||||
Кейбір оқушылар орындай алады:
- берілген тақырып бойынша ой
қорыту жасай алады; |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер: сызба, мәтін бөліктері, пікір |
|||||
Бағалау критерийы |
*Мәтіннің мазмұнына қатысты өз ойын айтады және негіздейді; *Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауды біледі. |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың бойына адамгершілік қасетін және ауызбіршілікке баулу. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Дене шынықтыру, өзін-өзі тану. Орыс және ағылшын тілдері. |
|||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ынталандыру, ойын. |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Видеоролик: сергіту сәті |
|||||
Алдыңғы оқу: |
№13-сабақ. Мәтін және оның түрлері. |
|||||
|
||||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Басы 2 минут 4 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіңдер ме?! Қалдарың қалай? Сабағымызды бастамас бұрын бәріміз ортаға шығып, шеңберге тұрайық. Ойыншық жүректі алып кезек-кезек бір-бірлеріңе бүгінгі күнге жылы лебіз айтып жүректі беріңдер. Тамаша, енді орындарыңа отырыңдар. Үй тапсырмасы. «Сандар әдісі» бойынша Балар үйге қандай тапсырма берілді? Ендеше алрыңда тұрған сандар бойынша үй тапсырмасын айтуды бастаймыз. Мен айтқан сан кімнің қолында сол бала тұрып, үй тапсырмасын айтады. |
Жүрек тәріздес ойыншық Сандар жазылған қағаз қиындылары. |
||||
Ортасы 3 минут 7 минут 4 минут 2 минут 3 минут 4 минут 6 минут |
Балалар біз бүгін «Мәтін және оның түрлері» тақырыбын жалғастырамыз. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңдар. Балалар бүгінгі сабағымызда мен сендердің сұраққа жауап беріп, тапсырманы орындағандарыңа байланысты әр түрлі түстегі қағаздарды беріп отырамын. Сабақ соңында сол қағаздар бойынша бағалау жүргіземін. (О.Т) 1-тапсырма «Түсіндіру» әдісі Барлығымыз 31-бетті ашып, 52-жаттығуға назар аударамыз. Тапсырманың берілгенінде не делінген? Ендеше кезекпен мәтінді оқып шығыңдар. Мәтін не туралы? Ал енді тақтадағы сызбаға назар аударайық. (Сызба бойынша түсіндіру) Дескриптор: -мәтінді кезекпен оқып шығады; -мәтіннің бөліктерімен танысады. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау 2-тапсырма (А.О) «Үштік» әдісі Балалар қазір «үштік» әдісі бойынша тапсырманы орындайық. Яғни бірінщі оқушы сұраққа жауап береді? Екінші оқушы тыңдап, ол жерді кітаптан оқиды, үшінші оқушы ой қосады. Осылайша жалғаса береді. Мен 3 баладан бөлемін және сендерге түрлі-түсті қалпақтар таратамын. Қызыл қалпақты бастайтын оұушы, сары қалпақты оқитын оқушы, жасыл қалпақты пікір айтатын оқушы бастарына тағады.Сонымен бірінші үштікке сұрақ: Бұл мәтінде оқиға қай жерден басталып тұр? Екінші үштіккеде осы сұрақ. Сендер өз нұсқаларыңды айтасыңдар. Үшінші үштікке сұрақ: Оның дамуын қай жерден көруге болады? Төртінші үштікке де осы сұрақ. Сендер өз нұсқаларыңды айтасыңдар. Бесінші үштікке сұрақ: Оқиғаның аяқталған жерін қай жер? Алтыншы үштікке осы сұрақ, өз нұсқаларын көрсетеді. Дескриптор: -мәтінді бөліктерге бөледі; -өз ойларынмен бөліседі. (Ж) 3-тапсырма «Жұптық тапсырма» Ал қазір жұптық тапсырма орындаймыз. Қастарыңда отырған баламен бірге мәтіннің астында тұрған сұрақтарға жауап беріңдер. Ақырғы сұраққа әркім өзі қысқаша жауап жазсын. Болған соң кезекпен жауап бересіңдер. Дескриптор: -жұптарымен сұраққа жауап береді; -қысқаша жауап жазады. Сергіту сәті Электронды тақтаға қарайық. Бәріміз дауыстап оқиық. Ал енді менің артымнан қайталайық. (Ж) 4-тапсырма Оқушылар 53-жаттығуға қараймыз. Ол жерде мынандай мақалдар айтылады:
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Тәртіппен өскен тал жақсы. Осы мақалдарды көркем жазумен, ережені сақтай отыра дәптерлеріңе көшіріп алыңдар. Дескриптор: -мақалдарды дәптерлеріне жазады. (А) 5-тапсырма «Салыстыру» әдісі Жазып болсақ, бұл мақалдарды кім қалай түсінеді. Бірінші мақалдан бастайық. Тақтада әдепті бала мен әдепсіз баланың суреттері тұр. Екі тарапты салыстырайық. Не байқадыңдар? Қай баланың ісі дұрыс деп ойлайсыңдар? Дескриптор: - суретке қарап екі баланы салыстырады; - өз пікірлерін айтады. 6-тапсырма. «Топтық әдіс» 54-жаттығуға зер салайық. Берілгенінде не деп тұр? Балалар әңгімелеу мәтіні дегеніміз не еді? Ал көркем мәтін дегеніміз ше? Олай болса, берілген сызбаға қарап отырып, топпен жұмыс жасайық. Қатар бойынша 3 топқа бөлініп, әр топ 1 мәтін құрастырсын. Міндетті түрде оқиғаның басталуы, оқиғаның әрі қарай дамуы және оқиғаның аяқталуына негізделіп құралғанына назар аударыңдар. 52- жаттығуда талдағанымызды үлгі ретінде алуларыңа болады. Ұжымдасып, барлығың ой қоса отырып жұмыс жасаңдар. Болсақ топтан 1 оқушы оқып шықсын. Тамаша, жарайсыңдар! Дескриптор: -алдыңғы білімдерін еске түсіреді; -топпен әңгіме құрайды. |
Түрлі-түсті қағаз қиындылары. Оқулық, сызба Оқулық, түрлі-түсті қалпақтар. Оқулық Интербелсенді тақта Оқулық Суреттер. Оқулық, парақтар. |
||||
Соңы 5 минут |
Қорытынды Рефлексия «Конверт әдісі» бойынша Балалар тақтада ілініп тұрған конверттердің ішінде сұрақтар жазылған, кезектесіп шығып сол сұрақтарға жауап беріңдер. Жауап бере алмаған жағдайда көмектесуге болады.
«Смайлик» әдісі бойынша бағалау Ендеше бүгінгі сабақтағы алған біліміміз қандай дәрежеде болғанын анықтайық. Егер бүгінгі сабақты толығымен түсінсеңдер жасыл смайликты, орташа түсінсеңдер сары смайликты, мүлде түкте түсінбесеңдер қызыл смайликты көтеріңдер. Сабақ барысы бойынша сұрақтарың бар ма? Сабақ аяқталды, сау болыңдар! |
Сұрақ жазылған конверттер Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |