Материалдар / 3 сынып Сезіммен танысу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

3 сынып Сезіммен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
дефектолог мамандарға үлкен көмегі тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2020
823
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Мимика және пантомимиканы дамыту

Мектеп: 7 мектеп-интернаты

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Құрманғалиев Рахман Әубәкірұлы

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Сезіммен танысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

3.3.1.1 таңырқау, қызығушылық, жабырқау, жиіркену, ашулану, сезімдері мен эмоциональді жай-күйді ажырату және олардың сыртқы белгілері туралы түсініктерінің болуы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре білу. Түрлі эмоцияналды жай-күйлермен таныстыру.



Тілдік мақсаты:

Оқушылар сабаққа атсалыса қатысады, сұрақтарға жауап береді. Өздерін сабақта еркін ұстай алады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылар әдептілікке, өз эмоцияларын, сезімдерін ұстай білуге үйренеді

Пән аралық байланыстар:

Өзін-өзі тану, әдебиет.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:









Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, балаларды түгендеу.

Психологиялық дайындық.

Оқушыларға мотивация беру.

Көңіл күйлеріңіз қалай?

Керемет! (Қолдарын көтереді)

Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

Тамаша! (Шапалақ соғады)

Ендеше сабағымызды бастаймыз!

О-о-о (Бас бармақтарын көрсетеді

Сабаққа таза, кең сынып және интербелсенді тақта қажет.


Сабақтың ортасы:


Жаңа тақырыппен таныстыру:

(Оқушыларға интербелсенді тақтада әр түрлі эмоциялардың суреттері көрсетіледі)

Оқушыларға сұрақ: Балалар тақтадағы суреттерден не байқадыңыздар?

(Оқушылардың жауабы)

Балалар, бүгін өте қызықты тақырыпты өтетін боламыз. Біз осы сабағымызда әртүрлі эмоциялар жайлы айтатын боламыз . Осы сабағымызды қызықты етіп, уақытымызды тиімді пайдалана отырып, атсалыса, бар білімімізді салып өткізейік. Бізде бүгін таңырқау, қызығушылық, жабырқау, жиіркену, ашулану, сезімдері мен эмоциональді жай-күйді ажырату және олардың сыртқы белгілері туралы түсініктері-. Яғни сөздерді талдап, түсініп мимика және жест арқылы кішкене көрініс арқылы өзіміз көрсетеміз.

Қайран қалу, таңғалу - күтпеген сәтте аяқ астынан қысқа ғана секудттық уақыт алатын құбылыс. Бір болып жатқан жағдайға тамсана, қызыға немесе сенбестей сезіммен қарау.

Қызығушылық - бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі.

Жабырқау – бір нәрсеге уайымдау немесе көп ойлану, мұңаю,күнедлікті белсенді болмау.

Жиіркену - тікелей қатынаста болған объекттердің (заттар, адамдар, құбылыстар, оқиғалар т.б.) жеке адам идеологиясынаадамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз эмоция түрі.

Ашулану - ашу – ыза, кейіс, реніш, араздық түрінде көрініс беретін адам мінезі мен көңіл-күйінің жағдайы. Өзіне әсер еткен қолайсыз нәрселерге жауап ретінде ашулы, ызалы, кекті, қаһарлы түрде көрінеді.

Суретке қарап көргенімізді талдап отырайық.

Оқушылар мимика арқылы жасап көрсетеді


Слайд, суреттер, видеоролик.


















































Топпен жұмыс:










Сергіту сәті:







Ойын



Эмоцияны тап ойынын ойнайтын боламыз!

Ойынның мақсаты: эмоцияларды тануға, оларды көрсетуге тәрбиелеу.

Ойынның шарты: оқушылар бір-бірлеп шығып , үстелден әртүрлі эмоциялар жазылған карточкаларды қарамай таңдайды.

Оқушы алған эмоциясын басқа оқушыларға сомдап көрсетеді, бірақ атауын атамайды. Қалған оқушылар интонациясына, бет-жүзінің кқрінісіне қарап табу тиіс.


Бойымызды жазып , кең тыныстап алайық!

Орнымыздан тұрайық.

Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.


«Айна» жаттығуы

Ойынның мақсаты: шапшаңдыққа үйрету, бет және дене бұлшық еттерін дамыту.

Ойынның шарты: Екі оқушы бірігіп орындайды.Серіктесінің бірі қандайда бір Тапсырманы-орындайды

(түйме тігеді, торт пісіреді), ал екінші оның қимылын қайталап, айна рөлін ойнайды. Мұғалім оқушыларды қалай өнер көрсеткенін бағалайды

Парта, көз байлайтын орамал.

Көз жаттығулары:


Көзбен сол жаққа, төменге, кеңсірікке, оң жаққа, төменге, мұрынның ұшына айналып байсалды қимылдау. Көзбен айналуды секундына 2-3 рет айналу желісімен максималды үзілісте (шығуда) жүзеге асыру.\


Сабақты қорытындылау:




Рефлекция


-Біз не білдік ?

-Не үйрендік ?

-Сабақ қалай өтті ?

Сабақты қорытындылай келе балаларды қамқорлық жасап жүруге, мейірімді болуға шақырамын.


Балалар сабақ ұнаса, түсінікті болса алдымыздағы жасыл карточканы көтереміз,сабақ қызықсыз болса қызыл карточканы көтереміз!







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!