3-сынып "Ұлттық валюта Теңге күні" ҚМЖ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

3-сынып "Ұлттық валюта Теңге күні" ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып "Ұлттық валюта Теңге күні" ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:

11.11.2024

Сынып: 3 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Ұлттық валюта теңге күні

Құндылықты дарыту

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Қауіпсіздік сабағы

«ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ»


Мақсаты

балаларға табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін үйрету.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қайырлы күн, оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен бастамақшымын:

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не? -... (ақша, теңге)

Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,

Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.

Осы теңге арқасында келешек,

Елге келер тойымшылық, берекем.

Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Сәлемдесу:

Сәлемдесіп алдымен,

Басымызды иеміз.

Бүгінгі күн баршаға

Сәттілікті тілейміз

Топқа бөлу: І топ- теңге

ІІ топ –евро

ІІІ топ- доллар


Оқушылар топқа бөлінеді.
























Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша дегеніміз не?

Топтық жұмыс: І топ: Ақша(теңге) деген не?

ІІ топ: Ақша не үшін қажет?

ІІІ топ: Ақша қайдан келеді?

Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады?  ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы. 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ. екінші жартысында өтті.



презентация

Сабақтың ортасы

Түсіндірме жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы баяндалады

(Алғашқы қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?

Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.

Кез-келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін , яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады.Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18 ғ. Екінші жартысында пайда болды, оның негізін салушы-Вена нумизматигі И. Х. Эккель.


Мақал – сөз мәйегі.

1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6.
Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.



Оқушылар презентация қарайды

Тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.

1 теңгеде – Әл Фараби

3 теңгеде – Сүйінбай

5 теңгеде – Құрманғазы

10 теңгеде – Шоқан

20 теңгеде – Абай

50 теңгеде – Әбілхайыр хан

100 теңгеде – Абылай хан

Оқушылар тапсырма орындайды


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

2 дос саябақта келе жатып, біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. Екіншісі оған:

- Оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы:

- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - деп жауап беріпті.


Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.

Оқушылар сурет салады


презентация

Қауіпсіздік сабағы

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау

Сабақтың мақсаты: табиғат аясында демалу қауіпсіздігін үйрену.

  1. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

-Неге «табиғатпен ойнауға болмайды» деп айтады?

-Табиғат аясында, теңіз жағасында немесе орманда демалыс кезінде болған келеңсіз оқиға туралы айта аласың ба?

  1. Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут)

  • Бүгін біз табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін үйренетін боламыз.

  • Табиғат аясында демалудың түрлерін атаңдар (теңіз жағалауында демалу, орманда, тауда, шөлді жерде, далада).

  • Су қоймаларында(орманда, тауда) демалғанда қандай қауіп-қатерлер болуы мүмкін?

Топтық жұмыс. Постерлерді қарап шығып, демалыс кезінде өзіңді қалай қорғауға болатыны жөнінде әңгімелеңдер.

Shape1

  1. Бекіту

Әр топ өзінің постері бойынша табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелейді.

  1. Қорытынды. Рефлексия (2 минут)

Мен ............................. білемін.

Мен ............................. ...................түсіндім.

Табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, мен ..........

қорғаймын.

Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/fqSa28dI6KM
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2024
364
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі