Материалдар / §40.Аденозинүшфосфаттың құрлысы және қызметі.

§40.Аденозинүшфосфаттың құрлысы және қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.1.4.1- АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
154
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып ЖМБ №19


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

АТФ-тың құрылысы мен қызметі.

§40.Аденозинүшфосфаттың құрлысы және қызметі.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Тыныс алу

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

АТФ-тың құрылысы мен қызметі.

§40.Аденозинүшфосфаттың құрлысы және қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.4.1- АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Липидті қабат

Пассивті тасымалдау

Фик теңдеуі

Селективсіз және селективті өзектер унипорт, симпорт, антипорт.

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде өткен сабақта берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Дескриптор:

- Кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды- 5 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Оқушылардың назарын аудару



«Қызықты деректер мен оқиғалар»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.


«Миға шабуыл сұрақтары» әдісі.

Сендер АТФ туралы не білесіңдер?

Оның молекулалары қандай компоненттерден тұрады?

Не себепті АТФ-ті жасушаның әмбебап энергия көзі деп атайды?

Бұл қызметті орындау үшін оған не мүмкіндік береді?

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.









«Миға шабуыл сұрақтары» әдісіндегі сұрақтарға жауап береді. Бір-бірімен пікір алмасады. Берілген сұрақтардың биологиялық маңызын сипаттайды.

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді – 3 балл;

Интерактивті панель, презентация










Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж



Сабақтың мақсатын таныстыру

10.1.4.1- АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттайды;

Практикалық дағдылар: АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін талдайды; Функционалдық сауаттылық:

АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.




Вордвоол ойыны. «Ойнайық та, түсінейік!»


Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.




Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б


Дескриптор:

- әр дұрыс жауапқа – 1 балл;

Интерактивті панель, презентация

Сурет, кесте


https://wordwall.net/ru/resource/81602418

https://wordwall.net/ru/resource/81602551



Сабақтың ортасы



Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

- бейнефильмнен өз түсінгенін сипаттайды -1 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=GsYkRQMO2ZA




Практикалық тапсырмалар беру

Топтық/жұптық жұмыс.

«Карусель»әдісі

Бір – бірімен бөліседі.

Теориялық материалмен өздерінің постерлерін ұштастыра отырып, «Карусель» әдісі арқылы әр топпен жұмыс жасату(әр топ өз материалдарымен басқа топтарды аралап түсініктеме береді

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады.


1-топ/жұп: АТФ және макроэргиялық байланыстар.

2-топ/жұп: Аденозиндифосфат.

3-топ/жұп: Аденозинмонофосфат.

4-топ/жұп: Фосфорлау.

«Карусель» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

Дескриптор:

- АТФ молекуласының құрлысы мен қызметі және макроэргиялық байланыс туралы сипаттайды – 2 балл;

- Аденозиндифосфат құрылыс мен қызметін анықтайды – 2 балл;

- Аденозинмонофосфат құрлысын және қызметін атайды – 2 балл;

- Фосфорлау үдерісін түсіндіреді – 2 балл;

Интерактивті панель, презентация




Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж



А3,А4 формат қағазы, маркер

Бағалау

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері






Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

«Биологиялық кері байланыс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша түсінгені, түсінбегені, қиындық туғызған жері туралы ұстазға шағын хат жазады



Презентация


Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенім......................

Бүгінгі тақырып бойынша маған ең қиын болған тұсы..............

Бүгінгі биология сабағы мен үшін.......................болды.

Келесі биология сабағында мен ............................ болып келемін.

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс



АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері

Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба жасайды, берілген тапсырманы орындайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША

Қызықты фактілер мен мысалдар:

  1. ATP және дене жаттығулары: Бұлшықеттер энергияны көбіне АУФ молекулалары арқылы алады. Мысалы, жүгіріп жүрген кезде бұлшықеттер АУФ-ті "жағдайын өзгерту" үшін ыдыратады. Бірақ бұл процесс тек 1-2 секундқа созылады, сондықтан ұзақ физикалық күш салу үшін қосымша энергия көздері қажет болады.

  2. АУФ және ұйқы: Ұйқы кезінде организм АУФ молекулаларын өндіріп, оларды сақтайды. Қалыпты ұйқы кезінде жасушалар мен ми энергияны қалпына келтіреді, бұл сіздің ағзаңыздың дұрыс жұмыс істеуі үшін маңызды.

  3. АУФ энергияның валютаcы ретінде: Биологтар АУФ-ті тірі жүйелерде энергияның «валютаcы» ретінде сипаттайды. Бұл осы молекуланың барлық тіршілік процестеріндегі маңызды рөлін көрсетеді. Қандай да бір жасушалық процесс үшін энергия қажет болғанда, АУФ ыдырап, энергия босатады.

  4. Биологиядағы "энергиямен алмастыру": АУФ-тің фосфат топтарын қосу немесе алу арқылы энергияның алу мен шығынын реттеу процесі организмдегі барлық энергия алмасу үшін қажетті механизмдердің бірі болып табылады.






«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.

Сурет. 1. АТФ молекуласының үш схемалық суреті



Сурет 2. АТФ гидролизі және оның АДФке айналуы























Оқушыға беретін мәтін


1. АТФ молекуласының құрылысы мен қызметтері

Білетіндей, нуклеин қышқылдар нуклеотидтерден құрастырылған. Жасушада нуклеин қышқылдар бірігіп немесе бос күй»де орналасуы мүмкін. Бос күйде олар ағза үшін біраз маңызды қызметтерді атқара алады.

Осындай нуклеотидтерге АТФ молекуласы немесе аденозинүшфосфорлы қышқыл жатады. Басқа нуклеотидтер сияқты АТФ бескөміртекті қант – рибоза, азот негізі – аденин, және де басқа ДНК мен РНК нуклеотидтерде сияқты емес, фосфор қышқылының үш қалдығынан құралған.

Сурет. 1. АТФ молекуласының үш схемалық суреті


АТФтің ең маңызды қызметі ол жасушадағы амбебап энергияның сақтаушы мен тасымалдаушы болып саналады. Жасушада өтетін барлық биохимиялық реакциялар энергияны талап етеді, энергия көзі ретінде АТФ пайдаланылады.


Фосфор қышқылының бір қалдығын бөлініп кеткен кезде, АТФ молекуласы АДФ молекуласына айналады аденозиндифосфат). Тағы бір қалдықты бөліп тастаған кезде АМФ пайда боладым (аденозинмонофосфат).

Сурет 2. АТФ гидролизі және оның АДФке айналуы


Фосфор қышқылынан екінші мен үшінші қалдықты бөліп тастаған кезде көп мөлшерде энергия бөлінеді, 40 кДж дейін. Сол себептен фосфор қышқылынын қалдықтары арасында байланыстарды макроэргиялық деп атап, оған сәйкес белгімен белгілейді.

Қарапайым байланыс гидролизге ұщыраған кезде энергияның аз мөлшері бөлінеді немесе сіңіреді. Ал макроэргиялық байланыс гидролизге ұшыраған кезде үлкен энергия мөлшері бөлінеді (40 кДж). Рибоза мен фосфор қышқылының бірінші қалдығы арасында байланыс макроэргиялық болып саналмайды, ол гидролизге ұшыраған кезде 14 кДж энергия бөлінеді..

Макроэргиялық қосылытар басқа нуклеотидтердің негізінде де пайда бола алады, мысалы ГТФ (гуанозинтрифосфат), нәруіздің биосинтез барысында энергия көзі ретінде пайдаланып, сигнал беруде қатысады, транскрипция барысында РНК синтезде субстрат болып қатысады, ең таралған эмбебап энергия көзі АТФ болып саналады.

АТФ цитоплазмада, ядрода, митохондриялар мен хлоропласттардың құрамында да болуы мүмкін.

Қорыта айтқанда біз АТФ не екенін еске түсіріп, оның қызметтері туралы және макроэргиялық байланыс туралы білетін болдық.


Аденозиндифосфат (АДФ) - аденозиннен және фосфор қышқылының 2 қалдығынан тұратын нуклеотид. АДФ органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде бөлінген бос химиялық қуатты (энергияны) пайдаланып, бейорганикалық фосфатпен фосфорлану реакциясына түсіп, аденозинтрифосфатты — АТФ-ті (бос энергияны жинақтаушы қосылыс) түзеді. Фосфорлану реакциясы жасушаның жалпы органеллаларының бірі — митохондрияларда жүреді.


Аденозинмонофосфат (АМФ) — айналымдық (циклдік) нуклеотид. АМФ - организмдегі маңызды биохимиялық реттегіштердің бірі. Ол көптеген гормондар әсерлерінің молекулалық механизміне, жүйке қозуының берілуі, бұлшықеттердің жиырылуы және осы сияқты т.б. процестерге қатысады.


Фотофосфорлау – жарық энергиясы есебінен АТФ синтезінің үдерісі. Осы үдеріс өз атауын: АТФ молекуласының синтезі – «энергияның шоғырлануы » – фосфаттың АДФ-ке қосылу үдерісіне байланысты алды. Демек, фосфорлау үдерісі жүреді. Сонымен қатар фосфаттың АМФ-қа қосылуы және оның АДФ-ке айналуы да фосфорлау болып табылады. Бұл фотосинтез барысында жарық фотоны есебінен жүретіндіктен, үдерістің химизмі атауына энергия көзінің белгіленуі қосылады. Жарық пен хлорофилдің әрекеттесуі нәтижесінде фотон энергиясы АТФ молекуласының химиялық энергиясына айналады.












ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ


Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________

1. Мәтін (Аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметі)

Аденозинүшфосфат (АТФ) — барлық тірі организмдерде маңызды рөл атқаратын молекула. Ол энергияның негізгі тасымалдаушысы болып табылады, және жасушалардағы биохимиялық реакцияларда энергияның қажеттілігін қамтамасыз етеді.

АТФ молекуласы үш фосфат тобынан, аденозин нуклеотидінен және азотты негізден тұрады. Бұл молекуланың химиялық құрылымы келесідей:

  • Аденозин: аденин азотты негізі мен рибоза қантынан тұрады.

  • Фосфат топтары: үш фосфат тобы бар, олар химиялық байланыс арқылы бір-біріне қосылады.

АТФ гидролизі (АТФ → АДФ + P_i) энергияның босап шығуына себеп болады. Бұл процесс тірі жасушаларда метаболикалық процестер үшін негізгі энергия көзі болып табылады.

2. Зерттеу

Тапсырма: Жасушалардағы энергияны қолдану процесінде АТФ-тың рөлі туралы зерттеу жүргізіңіз. Мысалы, жүрек бұлшықетінің жиырылу процесінде АТФ-тың қажеттілігі мен әсерін зерттеңіз.

Мақсаты: АТФ молекуласының қызметін зерттеу, оның энергияны сақтау және тасымалдаудағы рөлін түсіну.

Қадамдар:

  1. Жасуша деңгейінде энергия қолдану мен өндіруді сипаттаңыз._____________________________

  2. АТФ-тың негізгі қызметтерін талдаңыз.________________________________________________

  3. АТФ молекулаларының гидролизі мен энергияның бөліну процесін түсіндіріңіз._____________

3. Кесте

Молекула

Құрамдас бөліктері

Қызметі

Қолданылу орындары

АТФ

Аденозин, 3 фосфат

Энергия тасымалдаушы

Жасушалық тыныс алу, синтездік процестер, қозғалыс

АДФ

Аденозин, 2 фосфат

Энергия босатушы

Энергияның қайта жиналуы үшін АТФ синтезі

АМФ

Аденозин, 1 фосфат

Энергия деңгейінің төмендеуі

Метаболизмде энергияның азаюы

4. Тест сұрақтары

  1. АТФ молекуласының құрылымы қандай элементтерден тұрады?

    • A) Аденозин және 2 фосфат

    • B) Аденозин және 3 фосфат

    • C) Аденин және 1 фосфат

    • D) Глюкоза және 3 фосфат

  2. АТФ молекулаларында энергия қандай түрде сақталады?

    • A) Қант молекулаларында

    • B) Фосфат байланыстарында

    • C) Азотты негіздерде

    • D) Қышқыл топтарында

  3. АТФ гидролизі нәтижесінде не пайда болады?

    • A) АТФ және су

    • B) АДФ және фосфат

    • C) АМФ және су

    • D) Глюкоза және АТФ

  4. АТФ молекулалары қандай процестерде қолданылады?

    • A) Жасушалық тыныс алу

    • B) ДНҚ репликациясы

    • C) Жасушалық қозғалыс

    • D) Барлығы

5. Талдау

Талдау тапсырмасы: Жасуша энергиясының тапшылығы немесе артықшылығы АТФ синтезі мен пайдалану процестеріне қалай әсер етеді?

Жауап: Энергия тапшылығы немесе артықшылығы АТФ-тың тиімділігін төмендетеді немесе жоғарылатады. Мысалы, энергияның тапшылығы кезінде жасушалар АТФ-ты тиімді пайдалануға және оның синтезін тездетуге тырысады, ал энергия артықшылығы жағдайында бұл процестер баяулайды.






ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________

1-тапсырма

1. 1 суретте АТФ құрылысын сипаттайтын химиялық формуласы бейнеленген, олардың құрылым бірліктерін анықтау үшін:

Азотты негізді (аденин) – дөңгелектеу арқылы көрсетіңіз.

Қантты (рибоза) – көк түсті сиядан басқа түспен бояңыз.

Фосфат тобын – астын екі сызық арқылы сызып көрсетіңіз.

Гликоген молекуласының фрагментін, яғни 100 глюкоза қалдығы тотығу кезінде гликолиз нәтижесінде жасушада қанша АТФ молекуласы синтезделеді? АТФ молекулаларының көп мөлшерде түзілуінің маңызы неде?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2-тапсырма.

4.1 суретті және кілт сөздерді пайдаланып, төмендегі тыныс алу кезеңдері мен онда түзілетін АТФ сандарын бейнелейтін сызбанұсқаны толтыр: этил спирті, 2 АТФ, сүт қышқылы, 34 АТФ, Кребс циклі, 2 АТФ, глюкоза, ферментация (ашу), 2 АТФ, гликолиз, электрон тасымал тізбегі.


3-тапсырма.

Бір жасушаға радиобелсенді фосформен 32 Р соңғы үшінші фосфор қышқылының қалдығы бойынша белгіленген АТФ молекуларын, Ал басқа жасушаға радиобелсенді фосформен 32 Р бірінші рибозаға ең жақын фосфор қышқылының қалдығы бойынша белгіленген АТФ молекуларын еңгізді. Бес минуттан кейін бейорганикалық 32 Р ион-фосфаттың мөлшерін өлшеген. Қай жасушада ол жоғары болды және неге?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дескриптор:

- АТФ құрылысын сипаттайтын химиялық формулалардағы құрылым бірліктерін анықтайды – 2 балл;

- гликоген молекулаларының фрагменттері 100 глюкозадан синтезделетін АТФ молекулаларының саны мен қызметінің маңызын сипаттайды – 2 балл;

Жеке жұмыс дескрипторы:

- АТФ молекуласының түзілу механизмін сызбанұсқада дұрыс реттілігін анықтайды – 2 балл;

- жасушадағы АТФ молекуласының өзгеруін салыстырады – 2 балл;







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ