Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
§43. Метаболизм түрлері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
10 сынып ЖМБ №21
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Метаболизм түрлері. §43.Метаболизм түрлері.
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
Тыныс алу |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 10 «ә,б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Метаболизм түрлері. §43.Метаболизм түрлері. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
10.1.4.3- метоболизмнің түрлерін атау; |
Сабақтың мақсаты: |
метоболизмнің түрлерін атайды; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Ойнайық та, еске түсірейік» әдісі. «Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі. |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды. Кілт сөздерді мазмұнымен ауызша атау арқылы сәйкестендіреді. |
Дескриптор: -тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл; -әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация |
Оқушылардың назарын аудару |
«Айырмашылығы неде?» әдісі. Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек. «Қызықты деректер» - Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Оқушылар бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады. Глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдеріндегі айырмашылығын сипаттайды. |
Дескриптор: - әр дұрыс айырмашылықтарды сипаттағаны үшін – 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация
Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж |
Сабақтың мақсатын таныстыру |
10.1.4.3- метоболизмнің түрлерін атау; Жаңа кілт сөздер: Метаболизм Анаболизм Катаболизм АТФ Пластикалық алмасу Энергетикалық алмасу Гомеостаз |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Дескриптор: -әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж |
Құндылық: «жасампаздық және жаңашылдық» |
Теориялық білім: метоболизмнің түрлерін сипаттайды; Практикалық дағдылар: метоболизмнің түрлерін салыстырады; Функционалдық сауаттылық: метоболизмнің түрлерінің қалай жүзеге асатынын түсіндіреді; |
Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру. «Ойнайық та, түсінейік!» |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Дескриптор: -тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл; |
Интерактивті панель, презентация https://quizizz.com/join?gc=94160114
|
Сабақтың ортасы Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Кинометафора» әдісі. Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Дескриптор: - бейнефильмнен өз түсінгенін сипаттайды -1 балл; |
Интерактивті панель бейнефильм https://www.youtube.com/watch?v=L0X6Yy_CLjo |
Практикалық тапсырмалар беру |
Топтық/жұптық жұмыс: «Фрейер моделі» әдісі. Метоболизмнің түрлерін атай аламызба? 1. Метаболизм 2. Анаболизм 3. Катаболизм a. анықтама; b. химиялық қосылыс; c. міндеті; d. мысал нәтижесі; |
Оқушылар топтасып өздеріне берілген тақырыптар бойынша оқулықтан мәліметтер іздейді. Топта бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Дескриптор: -метаболизмге анықтама береді, химиялық қосылысын жазады, міндетін атайды,мысал келтіреді – 4 балл; - анаболизмге анықтама береді, химиялық қосылысын жазады, міндетін атайды,мысал келтіреді – 4 балл; - катаболизмге анықтама береді, химиялық қосылысын жазады, міндетін атайды,мысал келтіреді – 4 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж А3,А4 формат қағазы, маркер |
Бағалау |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
Кері байланыс: «БББ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель Презентация Білгенім..... Білдім..... Білгім келеді.... |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс §44.Энергетикалық алмасу кезеңдері |
Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба жасайды, берілген тапсырманы орындайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
«Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.
|
|
«Айырмашылығы неде?» әдісі.
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
«Қызықты деректер»
"Тез" және "баяу" метаболизм: Кейбір адамдардың табиғи түрде метаболизмі жылдам немесе баяу болуы мүмкін, бұл олардың тамақтану әдеттері мен өмір салтына байланысты. Мысалы, спортшылардың метаболизмі жоғары, өйткені олар физикалық белсенділікке көп уақыт бөледі. Ал керісінше, аз қозғалыс жасайтын адамдардың метаболизмі баяу болуы мүмкін.
Майлы балық және кокос майы: Зерттеулер көрсеткендей, майлы балықтар (мысалы, лосось) мен кокос майы метаболизмді жақсартуға көмектеседі. Бұл тағамдарда пайдалы май қышқылдары бар, олар ағзаның жылу өндіруі мен калория жағуын күшейтеді.
Йо-йо диета: Жиі салмақ тастау мен оны қайта алу метаболизмді баяулатады. Бұл құбылыс "йо-йо диета" деп аталады. Мұндай жағдайларда ағза энергияны үнемдеу режиміне ауысады, бұл алдағы уақыттағы салмақ қосуға бейімділікті арттырады.
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.
Метаболизм түрлері туралы деректер кестесі
Метаболизм түрі |
Сипаттамасы |
Мысал организмдер |
Энергия көзі |
Анаболизм |
Кішкентай молекулалардан үлкен молекулаларды құрастыру процесі, энергияны қажет етеді. |
Өсімдіктер, саңырауқұлақтар, кейбір бактериялар |
Жарық энергиясы, химиялық энергия |
Катаболизм |
Үлкен молекулаларды кішкентай молекулаларға ыдырату процесі, энергияны шығарады. |
Жануарлар, кейбір бактериялар |
Органикалық зат |
Аэробты метаболизм |
Энергия өндіргіш үшін оттекті қажет ететін метаболизм түрі. |
Көптеген жануарлар, кейбір бактериялар |
Оттек |
Анаэробты метаболизм |
Оттексіз энергия өндіретін метаболизм түрі, көбінесе аз энергия шығарады. |
Дрожжылар, кейбір бактериялар |
Ферментация, химиялық реакциялар |
Хемоавтотрофия |
Энергияны жарықтан емес, химиялық көздерден алатын организмдер. |
Белгілі бактериялар мен археялар |
Органикалық емес қосылыстар |
Фотоавтотрофия |
Өз тағамдарын синтездеу үшін күн сәулесін пайдаланатын организмдер. |
Өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар |
Күн сәулесі |
Ескертпе: Бұл кесте организмдердің энергия алуы мен пайдалануы үшін маңызды метаболизм түрлерін қорытындылайды. Осы метаболизм процестерін түсіну студенттерге әртүрлі организмдердің өмір сүру тәсілдерін және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін түсінуге көмектеседі.
Оқушыға беретін мәтін
Тірі организмдердің ерекше қасиеті — олар зат алмасуға (метаболизмге) және көптеген әр түрлі химиялық реакцияларға қатысуға кабілетті болады. Сырткы ортамен үнемі зат алмасып отыру — тірі жүйелердің негізгі қасиеттерінің бірі. Жасушаларда биологиялық синтез және ыдырау процестері үздіксіз жүріп отырады. Синтез процесі жалпы анаболизм (гр. "ана" — тірі дене), ал ыдырау процесі катаболизм (гр. "ката" — өлі дене) деп аталады. Синтез — бұл жай заттардың энергия жұмсау аркылы күрделі заттар түзу процесі. Мысалы, аминқышқылдарынан нәруыздар, моносахаридтерден күрделі көмірсулар, нуклеотидтерден нуклеин қышқылдары синтезделеді. Синтезделген заттар өсу процесі кезінде жасуша мен оның органоидтерінің түзілуі үшін және жұмсалған немесе зақымданған молекулаларды қалпына келтіру үшін пайдаланылады.
Ыдырау процесі кезінде күрделі заттардан жай заттар түзіліп, энергия бөлініп шығады. Мысалы, қанттар органикалық қышқыл мен спиртке ыдыраса, органикалық қышкылдар өз кезегінде көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды. Зат алмасудың ерекше белгісі сол, мұнда анаболизм және катаболизм процестері бірдей уакытта сыртқы ортамен өзара тура байланыста жүреді.
Пластикалық алмасу
Пластикалық алмасу немесе анаболизм дегеніміз — биологиялық синтез реакцияларының жалпы жиынтығы. Пластикалық алмасуда жасушаға сырттан келіп түсетін заттардан жасушаішілік заттар түзіледі. Пластикалық алмасу реакцияларына мыналар жатады: қанттар мен полисахаридтердің синтезі; крахмал және целлюлозаның түзілуі; глицерин мен май кышқылдарынан майдың, органикалық қышқылдардан аминқышқылының, аминқышкылы мен қанттардан нуклеин кышқылдары азоттық негіздерінің синтезделуі. Пластикалық алмасудың маңызды формаларының бірі — нәруыз биосинтезін қарастырамыз. Жасушада нәруыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді. Нәруыз биосинтезінде басты релді РНҚ және ДНҚ атқарады, оларға ядро мен рибосома қатысады. Жасуша ядросында және хромосомада нәруыз молекуласындағы аминкыпщылы қосылыстарыньщ орналасу реттілігі туралы ақпарат сақталады. Олар ДНҚ молекуласындагы төрт нуклеотид көмегімен жазылған, олар белгілі бір тәртіп бойынша кезектесіп отырады. Қатар орналасқан үш нуклеотид (триплет) бір аминқышқылын кодтайды, яғни оның нәруыз молекуласындағы орнын анықтайды. Сондықтан әрбір аминқышқылына өздерінің кодтық триплеті немесе кодоны сәйкес келеді. Нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының орналасу реттілігін анықтайтын ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер қатарьын генетикалық код деп атайды. Генетикалық код белгілі бір қасиеттерімен сипатталады, ол — оның триплеттілігі мен әмбебаптылығы. Яғни, әрбір аминқышқылына үш нуклеотид реттілігі сөйкес келеді және барлық организмде бірдей аминқышкылдарын соларға сәйкес бірдей триплеттер кодтайды.
Энергетикалық алмасу
Энергетикалық алмасу немесе диссимиляция немесе катаболизм дегеніміз — органикалық косылыстардың (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ферментативтік ыдырау реакциялары мен энергияға бай қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығы. Биосинтез реакциясын энергиямен қамтамасыз ететін әмбебапты қосылыстардың бірі — аденозинтрифосфат қышқылы (АТФ). Аденозинтрифосфат қышқылы — нуклеотид, ол азоттық негіз — аденин, көмірсу — рибоза және үшфосфор қышқылы калдығынан тұрады. Аденозинтрифосфат қышқылы
Энергетикалық алмасу кезеңдері
Энергетикалық алмасуды, әдетте, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезең (дайындық кезеңі) — бұл процесс микроорганизмдер мен өсімдіктерде жасушада жүреді, ал жануарларда жасушадан тыс, ас корыту жолы қуысында түзілетін ферменттердің әсерінен жүреді. Бұл кезеңде полимерлердің ірі молекулалары мономерлерге: нәруыздар — аминқышқылдарына, полисахаридтер — қарапайым қанттарға, майлар — май қышқылдары мен глицеринге ыдырайды.
Екінші кезеңде түзілген кішігірім молекулалар әрі қарай ыдырайды. Бұл кезде энергия бөлінеді және қор ретінде жинақталады. Энергетикалық алмасудың екінші кезеңінің негізгі процестерінің бірі — гликолиз. Гликолиз термині грек тілінен аударғанда, "гликос" — қант, "лизис" — ыдырау деген мағынаны білдіреді. Гликоз немесе анаэробты тыныс алу цитоплазмада оттектін қатысуынсыз жүретін процесс болып табылады. Гликолиз процесінде глюкоза немесе фруктоза екі-үш көміртекті қосылыска ыдырайды. Содан кейін бұл қосылыстарда ферменттің өсер етуі нәтижесінде биологиялық тотығу процесі жүреді. Ол сутекті никотинамидадениндинуклеотид (НАД) деп аталатын заттың көмегімен тартып алып, НАД-НАДН-қа дейін тотықсызданады. НАДН-та АТФ сияқты биосинтез реакцияларын жүзеге асыруда энергетикалық зат қызметін аткарады. НАДН-тың энергетикалық құндылығы 3 АТФ-ке тең. Гликолиздің соңғы сатыларында катализдік айналымдар кезінде 2 молекула АТФ түзіледі
«Фрейер моделі» әдісі.
Метоболизмнің түрлерін атай аламызба?
1. Метаболизм
2. Анаболизм
3. Катаболизм
a. анықтама;
b. химиялық қосылыс;
c. міндеті;
d. мысал нәтижесі;
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Метаболизм түрлері туралы контекст:
Метаболизм — бұл тірі организмдерде энергия мен зат алмасу процестерін жүзеге асыратын биохимиялық реакциялардың жиынтығы. Ол екі негізгі түрге бөлінеді:
Катаболизм — үлкен молекулаларды кішірек молекулаларға ыдырату процесі, бұл энергия бөлініп шығуына әкеледі.
Анаболизм — кіші молекулалардан үлкен молекулаларды синтездеу процесі, бұл энергияны қажет етеді.
Тапсырма: Қоянның денесінде жүгіру кезінде энергия бөлінеді. Бұл процесс қандай метаболизм түріне жатады?
A) Катаболизм
B) Анаболизм
C) Тек тыныштық күйі
D) Энергияның сақталуы
Жауап: A) Катаболизм. Жүгіру кезінде энергия бөлінеді, бұл энергияны шығару процесі — катаболизмге тән.
Тапсырма: Құстардың ұшу кезінде бұлшықеттерінде қандай метаболикалық процесс жүреді?
A) Катаболизм
B) Анаболизм
C) Энергияның баланстық сақталуы
D) Гормондық әсерлер
Жауап: A) Катаболизм. Ұшу үшін бұлшықеттер энергия шығарады, бұл катаболизм процесіне жатады.
Кесте мен тест тапсырмалары:
Тапсырма нөмірі |
Сұрақ |
Жауаптар |
Дұрыс жауап |
1 |
Қандай метаболизм түрі энергияның бөлінуін қамтамасыз етеді? |
A) Катаболизм B) Анаболизм C) Үзіліс D) Қалпына келтіру |
A) Катаболизм |
2 |
Қандай процесс метаболизмде құрылымдардың синтезін қамтамасыз етеді? |
A) Катаболизм B) Анаболизм C) Энергия жиналуы D) Тұрақтылық |
B) Анаболизм |
3 |
Денедегі энергияны сақтау үшін қандай процесс маңызды? |
A) Анаболизм B) Катаболизм C) Трансформация D) Қалпына келтіру |
A) Анаболизм |
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Жеке жұмыс.
Тапсырма-1.
Катаболизм (диссимиляция) дегеніміз___________________________
Анаболизм (ассимиляция) дегеніміз_____________________________
Дескриптор:
-катаболизм процесіне анықтама жазады – 1 балл;
-анаболизм процесіне анықтама жазады – 1 балл;
Тапсырма-2.Кестені толтырыңыз:
Метаболизм түрлері |
ерекшеліктері |
анаболизм |
|
катаболизм |
|
Дескриптор:
-анаболизм және катаболизм процестерінің ерекшеліктерін сипаттайды – 2 балл;
Тапсырма-3. Суреттегі бос орындарға энергетикалық алмасу кезеңінде пайда болған өнімдерін жазыңыз.
Дескриптор:
- энергия алмасу кезеңдерінде жүретін үдерістерді сипаттайды – 2 балл;