4-бөлім.Адам өмірін сақтау. "Адамның денсаулығы-қоғам байлығы". 10-класс .Қмж үлгісі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

4-бөлім.Адам өмірін сақтау. "Адамның денсаулығы-қоғам байлығы". 10-класс .Қмж үлгісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау,тілдік құралдарды орынды қолданып мақала жазу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар № 7 3-тоқсан.


Бөлім:

4-бөлім. Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

19/02.24ж

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу;

Сабақтың мақсаты:

әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу;

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар







Сабақтың басы

7 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

*Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару. Жағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


Үй тапсырмасы «РАФТ» әдісі

бойынша тілдік құралдарды (мақал-мәтел, тұрақты тіркес) пайдалана отырып, табиғатты қорғау нұсқаулығын жазып келу.

Суреттер көрсетіледі.Оқушылар ойын айтады.














Роль - автор

Аудитория - өскелең ұрпақ

Факт - нұсқаулық

Тақырып – табиғатты қорғау




Суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжайды.







Дескриптор:

Жалпы -2 балл.

-Нұсқаулық жазады.

-Тілдік құралдарды қолданады.





Оқулық, жұмыс дәптерлері.








Суреттер



Сабақтың ортасы


26 мин

Оқушылар назарына

«Темекі шегу қаншалықты зиян» бейнебаяны ұсынылады.

Бейнебаяннан қандай әсер алдыныздар?



Оқылым мәтіндерімен жұмыс.

Мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.


1 мәтін. «Шылым шегудің пайдасы»

-Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?

- Шылым шегудің үш түрлі “пайдасы” бар, балам.

- Біріншіден, Шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.

-Қалайша?

-Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді.

-Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

-Қалайша?

-Себебі, шылым адамның өкпесі таза болмайды да күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай алмайды.

- Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды.

-Қалайша?

-Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын?



2 мәтін

Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Ал қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады.Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді. Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи әрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал.


Темекі шегудің зиянды әсерін айтып талқылайды.










Мәтіннің тақырыбын, құрылымын, тілдік ерекшелігін анықтайды..



















Дескриптор:

Жалпы -3 балл.

-Мәтінді №2-мәтінмен тақырыбын, құрылымын,

тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды..


















Дескриптор:

Жалпы -3 балл.

-Мәтінді №1-мәтінмен тақырыбын, құрылымын,

тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды..













Оқулық, жұмыс дәптерлері.






















Мәтіндер



2-тапсырма.

Тілдік құралдарды орынды қолданып «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына мақала жазыңыз.

Тілдік құралдарды (мақал-мәтел, тұрақты тіркес) пайдалана отырып, мақала жазады.


Дескриптор:

Жалпы-2балл

-мақала жазады.

-Тілдік құралдарды қолданады.






Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Бір ауыз сөз» әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алу.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабаққа қорытынды жасайды.




Оқушылар 1-10 баллдық жүйе бойынша бойынша бағаланады.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2024
884
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі