Материалдар / №4 Практикалық жұмыс. «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

№4 Практикалық жұмыс. «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Материал туралы қысқаша түсінік
тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
111
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:

Химия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлімі:

7.4А Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Сабақтың тақырыбы:

4 Практикалық жұмыс. «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу


Сабақтың мақсаты:

1. Тағам құрамындағы қоректік заттарды жіктей білуі

2. Тағам құрамындағы заттарды зерттеп, түсіндіруі

3. Тағамдық өнімдерді анықтай алуы

Бағалау критерийлері:

- Тағам құрамындағы қоректік заттарды жіктей біледі.

- Тағам құрамындағы заттарды зерттеп, түсіндіреді.

- Тағамдық өнімдерді анықтай алуы

Ойлау дағдылары:

Білу. Түсіну. Қолдану.

Тілдік мақсаттары:

Тақырыптың мағынасын тереңірек түсінеді,термин сөздермен жұмыс жасайды

Құндылықтарды дамыту:

Сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастықтары мен жауапкершіліктерін арттыру.

Пәнаралық байланыстар:

Биология


Алдыңғы білім:






Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

3 мин

1.Ұйымдастыру жұмыстары

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Келмеген оқушыларды белгілеп алу;

- Психологиялық ахуал қалыптастыру

2. «Сиқырлы сандықша» тәсілі бойынша 6 топқа бөліп, топ басшыларын сайлап аламыз. Интерактивті тақтадан алты сандықша болады. Ол сандықшалардың ішінде кім қай топта отыратыны жазылған. Әр топта бір-бір топ басшысы болады. Бағалау парағына сабақ барысында жинаған ұпайларын смайликтер арқылы көрсетіп отырады.










«Сиқырлы сандықша» тәсілі арқылы оқушылар 6 топқа бөлінеді.

1-топ.

Прямоугольник 1 Прямоугольник 2










Интербелсенді тақта

3 мин

3. Ширату жаттығуы. «Не білемін?» Өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақ-жауап арқылы білім деңгейлерін тексеру.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтырады.


Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.

Дескриптор:

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыны «Знайленд» деген мадақтау смайлігімен ынталандыру.






Стикер


Сабақ -

тың ортасы


Мағына-ны ашу

5 мин



25 мин



















































































3 мин




Жаңа тақырып презентация арқылы түсіндіріледі.








4. №4 Практикалық жұмыс«Анықта- Абайла!» әдісі

Сабақтың оқу мақсатымен таныстырамын және әрбір топтың үстелінде тұрғанын ескертемін.

Мұғалімнің түсіндірмелі жұмысы

1.Қауіпсіздік техника ережесі

2.Жұмыс барысымен таныстырады

Әрбір топқа нұсқаулық таратылып беріледі. Топтық жұмыс.

Әр топтан екі немесе үш немесе төрт оқушы шығып өздеріне берілген нұсқаулықпен (Үстілерінде ақ халат және қолғап)

1. Алдымен жұмыстың мазмұнымен танысады

2.Керекті реактивтер мен құрал-жабдықтарды алады.

3.Сол жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесімен таныстырады

4.Қолдарындағы нұсқаулық бойынша жұмысты көрсетеді.

Жұмыс барысы:

1-топ « БИУРЕТ»

Нәруыздың түсті реакциялары.

Конус тәрізді құтыда нәруыз ерітіндісі дайындалған. Сынауыққа 2 мл нәруыз ерітіндісін құйыңдар және үстіне 5-6 тамшы 1% -дық мыс(ІІ) сульфаты ерітіндісін, натрий гидроксидін тамшуырдың көмегімен тамызыңдар. Байқалған өзгерістерді кестеге жазыңдар.

2-топ «КСАНТОПРОТЕИН»

Конус тәрізді құтыда нәруыз ерітіндісі дайындалған.Сынауыққа 4 мл нәруыз ерітіндісін құйыңдар және үстіне 1мл концентрлі азот қышқылын құйып қоспаны аздап қыздырыңдар.Байқалған өзгерістерді кестеге жазыңдар.

Оқушылардың тәжірибиені қаншалықты дұрыс жасаны туралы сипаттауға болады

3, 5-топ «МАЙ»

Грек жаңғағының және күнбағыс тұқымдарын қағазға салыңдар және шпательмен қатты басып-жаншыңдар.Не байқадыңдар? Байқалған өзгерістерді кестеге жазыңдар.

4,6-топ «КРАХМАЛ»

Шикі картопты екіге бөліңдер, бөлінген кесегіне және крахмалдың ерітіндісіне, күрішке 1-2 тамшы тамшуырдың көмегімен йодтың спирттегі ерітіндісін тамызыңдар.Не байқадыңдар? Байқағандарыңды кестеге жазыңдар.



5. Тапсырма. «Quizizz» программасы арқылы тест тапсырмасын орындау.


1.Тағам құрамындағы қоректік заттарды атаңыз.

Дұрыс жауап: Нәруыздар, Дәрумендер, Майлар,

Көмірсулар

2. Құрамында 20 аминқышқылы кіретін күрделі органикалық қосылыс –

Дұрыс жауап: Нәруыздар

3. Егер зерттелетін затқа натрий, калий гидроксидтері және мыс (II) сульфаттарымен өңдегенде қандай түс пайда болады?

Дұрыс жауап: көк-күлгін түс

4. Шикі картопты екіге бөліп, бөлінген кесегіне 1-2 тамшы йод тамызғанда қандай түске боялады?

Дұрыс жауап: күлгін
















Презентацияға қарай отырып, тақырыпты түсінеді.







































Оқушылар бөлінген топтары бойынша алдарында берілген реактивтер арқылы практикалық жұмыс жасайды.















































Оқушылар жіберілген сілтемеге кіріп, тест тапсырмасын орындайды.


338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!