Материалдар / 4 сабақ Адамның ішкі сұлулығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

4 сабақ Адамның ішкі сұлулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға таптырмайтын дүние
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп: М.Горький атындағы орта мектеп

Күні: 21.10.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Бектурганова Ж.М

Сынып: 4 «А» –сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамның ішкі сұлулығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру, жағдаяттарды шешу, эссе жазу, өлең шығару, сахналық көріністер көрсету арқылы ой-өрістеріңді шыңдай түседі.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Оқулықтағы даналық сөздердің мәнін ұғынып, өмірді тануға талпынады. Оқу материалдарын оқу, зерттеу, қолдану жұмыстарымен айналысады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру, жағдаяттарды шешу, эссе жазу, өлең шығару, сахналық көріністер көрсету арқылы ой-өрістеріңді шыңдай түседі.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады;

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

  • Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және постер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт.

Бастапқы білім

3-сыныпта өзін -өзі тану пәнінен алған білім дағдыларын қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.

Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады

әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды

Ж ұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Қызығушылықты ояту

Отбасы демалыс күндерін жағажайда өткізді. Балалар суға түсіп құмнан қамал жасап ойнайды. Кенеттен алыстан қарт ана көрінді. Оның киімдері кір,жыртық,ақшаштары желмен жалбырап кеткен. Ол өзімен –өзі күбірлеп, құмнан бір заттарды теріп алып, сөмесіне салып жүр. Ата аналар балаларынжандарына шақырып, кемпірге жақындауға тыйым салды. Ол жандарынан өтіп бара жатып, бір затты алу үшін еңкейген уақытта адамдарға қарап күлімсіреді, бірақ бірде бір адам бұың бұл ықыласына жауап қайтармады. Олар бірнешеапта өткен соң қарт ананың жағажайдан балалардың аяқтарын жарақаттап алмасы үшін үнемі шыны сынықтарын теріп жүретінін естіді.

«Өзіңе тілегенді басқаларға тілеңіз!» ойсергегі арқылы бастауға

болады.

Сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтижені оқушылар болжайды.






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры

Сабақтың ортасы

Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.

Ыбырай Алтынсарин

Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.

Сенің сұлулығың – мейірімділігіңде!

Шалва Амонашвили

Бала өзін неге «көріксізбін» деп налыды?

«Сенің сұлулығың – мейірімділігіңде!» деген

атасының сөзін қалай түсінесіңдер?

«Оның бет-әлпеті ішкі сұлулығынан нұрланып

тұр!» деп қыздар неліктен айтты?

Адамның сұлу екенін қалайша тануға болады?

Сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Өзіңді сұлумын деп санайсың ба? Неліктен?

1-тапсырма

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, нақыл сөздерді оқыңдар. Мағынасын түсініп алыңдар.

Өнегелі болса, бала... .

Қорқыт ата

Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны

да, ойы да ... болуы керек.

Антон Чехов

Адамның асқан сұлулығы – оның ... .

Василий Сухомлинский

Адамның ойы да, бойы да... .

Ғабит Мүсірепов

Сұлулық жақсы. Бірақ адамның ең алдымен, ... сұлу болу керек.

Сәкен Сейфуллин

Қажетті сөздер: көркем, қарапайымдылығы, көрікті, жаны, сұлу.

2-тапсырма 1-топқа күн шуақтарының ішінен өзіңнің бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді теріп жаз және оларды іс жүзінде қалай көрсетіп жүргеніңді айтып бер.

2-топ Өз мінезіңді жақсартатын іс-әрекеттерді теріп жазыңдар.

Дескрипторы:

  • Диалогке қатысады;

Керексіз сұлулық

(Аңыз әңгіме)

Сұрақтар:

Сыртқы сұлулық артық па, әлде ішкі сұлулық артық па? Неліктен?

Адамды әсем ететін сыртқы келбеті ме, әлде жақсы мінезі ме? Неліктен?

Адамды түр-әлпетіне қарап бағалаған дұрыс па, әлде адамшылығына қарап бағалаған дұрыс па? Неліктен?

Сырты сұлу сұлу ма, әлде іші сұлу сұлу ма? Неліктен?

3-тапсырма

«Сұлулық» сөзіне ребус құрастырыңдар.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






Белсенді оқу тапсырмала

ры.




Сабақтың соңы

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Адамда тән сұлулығымен қатар жан сұлулығы болады. Адамның сыртқы келбеті сұлу болғаны жақсы. Сұлу, ажарлы, келбетті адамды көргенде көз қуанады. Сыртқы сұлулық ішкі сұлулықпен үйлессе, нағыз сұлулық сол болмақ.

«Сұлулық бетте емес, жүректе» деп бекер айтылмаған. Ең бастысы, адамның көркіне мінезі сай болғаны дұрыс. Адам жанының сұлулығы оның даналығынан, адалдығынан,

әдептілігінен, сыпайлығынан көрінеді. Нағыз сұлулық – жан дүниенің сұлулығы.

«Білім гүлі» кері байланыс.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім






Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмала

ры арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат


Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.


Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағалау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!