Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Машықкердің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.7.1. Сөйлемнің жай және құрмалас түрімен танысу, ажыратып үйрену.

4.3.7.2. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоюды үйрету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алады; құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қоя алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып жаза алады.

Кейбір оқушылар:

Өлең мазмұнына сәйкес бір жай сөйлем, бір құрмалас сөйлем құрастырып айта алады.

Бағалау критерийлері

  • жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратады;

  • құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қояды;

  • мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып жазады;;

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: айтылым, оқылым, жазылым

Арнайы пәндік лексика мен терминология: жай сөйлем, құрмалас сөйлем

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?

Жай сөйлем деген не?

Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Жазылым бойынша ұсыныстар: жаттығулар орындайды.


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

Тіл мен мәдениет

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін – өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Сөйлем жайлы жалпы мәліметті біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

















2 минут













3 минут




І. Ұйымдастыру бөлімі:

  • Амандасу

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Жағымды психологиялық ахуал орнату:

«Көңіл-күй неге ұқсас?» әдісі

Мақсаты: Жағымды эмоция орнату, оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

  • Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сендердің ше?

Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз көңіл-күйімізді реттеуге тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге өлең оқимын, сендер оны қимылмен орындайсыңдар.

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Сабақтың мақсатымен танысу: Сөйлемнің жай және құрмалас түрімен танысу, ажыратып үйрену.


Алдыңғы білімді еске түсіру «Серпілген сауал » әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау;

1.Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем неден құралады?

3.Сөйлем қандай әріптен басталады? 4.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

5.Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?

6.Айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

7.Сөйлем түрлерін ата.







https://infourok.ru/psihologiyali-saba-kilky-zhne-densauli-










А3 форматта жазылған ереже











Сұрақты бағыттау үшін допты пайдалану

Сабақтың ортасы

6 минут





























5 минут














4 минут


















4 минут









5 минут








ІІ. Негізгі бөлім.

«Білгенге маржан» айдары

Шарты: Жай және құрмалас сөйлем жайлы түсінік қалыптастыру, анықтамаларымен таныстыру. Вен-диаграммасы арқылы жай және құрмалас сөйлемдерді ажырату. (жұмыс оқушылармен бірге, ақылдаса жүзеге асады)

Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.Оның құрамындағы жай сөйлемдер мағыналық ж ағынан байланысып,үтірмен ажыратылған.


  1. Тапсырма. «Жасырынбақ» айдары

Шарты: Оқушылардың жазылым дағдысы мен жаңа тақырыпты бекіту мақсатында жасырылған сөйлемнің тыныс белгілерін қою.

Біздің сынып шәкірттері тәртіпті, білімді болса ұстаз қуанады, туған жерге туыңды тік, туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас, мен өз елімді сүйемін, бірлік болмай тірлік болмайды.

Талқылауға арналған сұрақ:

  • Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысықұрмалас сөйлем екенін айт.

  • Жазған кезде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қойдың?

Дескриптор:

  1. Оқушылар жай және құрмалас сөйлемді ажырата алады.

  2. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя біледі.

Бағалау: «Смайликтер» әдісі

  1. Тапсырма. «Мен саған, сен маған» айдары

Шарты: Оқушылар көршілерімен арақашықтықты сақтап, қарама-қарсы тұрады, әр жұп кезегін сақтап, айтылым дағдысын дамыту мақсатында бірінші оқушы жай сөйлем құрайды, ал екінші оқушы сол жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырады.

Үлгі: 1. Ертең ағаларым далада жұмыс жасайды.

2. Ертең ағаларым далада жұмыс жасайды, мен де оларға көмек қолымды созамын.

Дескриптор:

  1. Өз ойын еркін айта алады.

  2. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыра алады.

Бағалау: «Оташашу» әдісі

  1. Тапсырма. «Менің ойым

    Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    26.10.2020
    893
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12