Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
4 сынып Сыныптан тыс жұмыс Ол кім? Бұл не?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныптан тыс жұмыс
Қатысушылар 4 а, ә, б, ғ сынып оқушылары
Тақырыбы: Ол кім? Бұл не?
Мақсаты : Балаларға жаңа ақпараттар беру, интеллектуалдық,
танымдық қаблеттерін дамыту;
Көрнекі –құралдар : суреттер, бейнематериалдар, презентация т.б.
Түрі : интеллектуалдық ойын
Жоспары: 1. Біз не білеміз?
2. Сұрақ бізден, жауап сізден
3. Әлемде талай қызық бар
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме Ол кім? Бұл не? интеллектуалдық ойынының қатысушылары және көрермендер. Бүгін сіздер өздеріңіз білетін қызықты ақпараттармен бөлісіп , түрлі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап іздеп білімдеріңізді толықтыратын боласыздар . Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып өтсін .
1. Біз не білеміз? (Оқушылар өздері білетін ақпараттар айтады)
4 А сынып Ділкаш Айбат
Егер сізге браузерден тез жаңа парақшаны ашқыңыз келсе онда сіз ctrl және ағылшынша T деген комбинацияны басып жаңа парақшаны аша аласыз, ал сіздің компьютеріңіздің немесе ноутбугіңіздің қуаты тез бітіп қалса авиа режимді қосыңыз, сол кезде ноутбук қуатты ұзағырақ ұстап тұрады Ал егер сіздің телефоныңызға хабарлама келсе оны естімей қалсаңыз Ваш телефон деген программаны жүктеп алсаңыз телефонға келген хабарлама компьютеріңізде көрініп тұрады,ал егер сіз браузердің маңызды парақшасын байқамай өшіріп алсаңыз оны қайтадан қайтара аласыз ,ол үшін ctrl Shift ағылшынша Т деген комбинацияны басып өшірілген ақпаратты орнына келтіре аласыз
4 Ә сынып Шалғынбай Айзере
Қызықты ақпарат:
- Әлемнің 43 елінде оқу жылы 1 қаңтардан басталса, 16 елде наурыз айында басталады.
-Ал біздің елімізде және 122 елде 1 қыркүйекте басталады.
- Чехияда ең жоғары баға "1", ал ең төмен баға "5". Францияда 20 балдық жүйедегі баға қойылады.
- "Сенбілік" Ресей патшалығы кезінде белгіленген.
- АҚШ туында бейнеленген жұлдызшаларды мектеп оқушысы ойлап тапқан.
- Америкалық жасөспірімдер шамамен 12000 сағат оқуға және 14000 сағат теледидир көруге жұмсайды.
- Ең көне оқу орны Фес қаласындағы "Карауин". Ол б.з.д. 859 жыл бұрын құрылған.
- Ең көп оқушы оқыған мектеп Үндістанда. 28000 мыңға жуық оқушы оқыған.
- Ең ұзақ оқу Ұлыбританияда болды. Роберт Кронин 52 жыл оқып, 72 жасында оқу бітірген.
- Ең қымбат оқу "Халықаралық бозбала мен бойжеткендердің мектебі". Оқу ақысы бір айға 77,5 мың доллар тұрады.
- Ең ұзақ оқу 56 сағатқа созылған. Биология профессоры өзінің дәрісін оқыған. Бұл 2003 жылы Австралияда болған.
- Ең көп түлектер кездесуі Германияда өткен. Оған 2,5 мыңнан астам түлек жиналған. Кездесу мектептің жүз жылдығына орай ұйымдастырылған.
4 Б сынып
Күнделікті тігін тіккенде
немесе шаш қысқартуда пайдаланылып жүрген кәдімгі қайшыны Леонардо
да Винчи ойлап тапқан.
Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.
Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар АҚШ-тағы ағылшын тілінде
сөйлейтін адамдардан да көп.
Біздің құлағымыз бен мұрнымыз өмір бойы өсуін тоқтатпайды.
Түйеқұстың миынан көзі үлкен.
4 Ғ сынып Сатылған
Кәусар
Қызықты ақпарат:
-
Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.
-
Сахара шөлінде 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауған.
-
Ұшақта адамның шашы 2 есе тез өседі.
-
Ұлу 3 жыл ұйықтайды.
-
Кока-кола сусынын боямағанда ол жасыл түсті сусын болар еді.
-
Адамның мұрны өмір бойы өседі.
2. Сұрақ бізден, жауап сізден
4 А сынып Молдаш Зейнеп Бейне сұрақ https://www.youtube.com/watch?v=NoU3LqAtR-4
Сұрақ: Қазір өздеріңіз көрген кинодағы басты кейіпкер кім? Бұл кино қандай повестің желісі бойынша түсірілген, повестің авторы кім?Кино туралы не білесің?
Жауабы: Менің атым Қожа» — 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген балалар фильмі. Режиссері — Абдолла Қарсақбаев. Сценариі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің желісімен жазылды. Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Ол тәртіпсіздіктерге кейде саналы түрде, кейде білместікпен барады. Дегенмен ол оншалық ессіз бала емес. Сондықтан болар, осы күнге дейін жұртшылықтың сүйікті кейіпкері саналады.
Бұл фильм 1967 жылы Халықаралық Канн (Франция) фестиваліне қатысып, балалар фильмдері саласы бойынша мадақтау дипломын иеленді.
Шакирұлы Айбар
Сұрақ: Формасы квадрат болатын бақ: тоған (Т), клумба (К), газон (Г), спорт алаңы ( С) бөліктеріне бөлінген. Газон мен клумба квадрат формасында берілген. Газонның периметрі- 20 м, клумбанікі-12м. Тоғаннның периметрі қандай?
-
-
-
-
-
Т
К
Г
С
-
-
-
-
Жауабы: Тоғанның периметрі 16 м
4 Ә сынып
-
Тұрлыбек Аңсарым
Сұрақ: Бізді қоршаған орта, біздің өмір сүріп жатқан планетамыз – Жер. Осы жер жайында толыққанды ақпарат білесіз бе?
Жауабы: Жер бірнеше қабаттардан тұрады: атмосфера, литосфера, гидросфера және бәрін біріктіруші – биосфера. Жердің атмосферасы 78 % азоттан, 21% кислородтан және 1% басқа газдардан тұрады. Бұл қабаттар жерді түрлі радиактивті қауіптен құтқарады. Жердің жоғары қабатын күніне 100 тонна тартатын түрлі метероиттер жанап өтеді. Жердің литосферасы қабаты үнемі қозғалыста болады. Соның қозғалыс әсерінен түрлі қақтығыс кезінде жердің тектоникалық плиталары ажырап, жер сілкінісі орын алады.
-
Рәсіл Даниял
Сұрақ: Астанадан Қарағандыға дейін жету үшін 2 сағат 30 минут қажет.Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?
Жауабы: 150 минут = 2 сағат 30 минут.
4 Б сынып
Рысқұлбек
Меруерт
Сұрақ: Көмір дегеніміз не?Көмір қашан
және қалай пайда болды?
Көмірді қалай қолданады?Қазақстанның қай жері көмір өндіреді?
Жауап:Көмір қара және қоңыр түсті жылтыр тас тәрізді пайдалы қазба.Көмір миллиондаған жылдар бұрын бірінін үстіне бірі құлап нығыздалған, шіріп тас жынысқа айналған ежелгі орман ағаштарынан пайда болды.Көмірден лак, пласмасса, иіс су ,дәрі-дәрмек жасалатын заттар алынады.Көмірді Екібастұз,Қарағанды кең орындарында өндіреді
4 Б сынып Тілепалды
Каусар
Сұрақ:Астероид деген не?Біздің
галактикамыз неден тұрады?Не себепті жердің азон қабатын ұстау аса
маңызды?
Жауап:Астероид тас кесірінен немесе металл араласқан тастан тұратын күшті ғарыш денесі.Олар ғаламшар сияқты күнді айнала қозғалады.Біздің галактикамыз шамамен 100 миллиард жұлдыздардан , газдардан,магниттік өрістен және де ғарыш денелерінен тұрады.Жерді ғарыштан келетін қауіптен атмосфера қорғайды.Сол себепті жердің азон қабатын сақтау маңызды.
4 Ғ сынып
Құрманжан
Инжу
Сұрақ:Т.Әубәкіров қай күні,қай жылы
ғарышқа ұшты.Т.Мұсабаев ғарышқа ең алғаш ұшқанда қанша күн болды?
А.Айымбетов қазақтың нешінші
ғарышкері?
Жауабы:Т.Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты.Т.Мұсабаев ғарышқа ең алғаш ұшқанда 126 күн болды.А.Айымбетов қазақтың үшінші ғарышкері.
Серікбай
Балауса
Сұрақ:Кемпірқосақ 7 түстен тұрады.
Соның бірі сары,қызғылтсары,қызыл,көк,көгілдір,жасыл,
күлгін.Осы 7 түсті қалай атаймыз?
Жауабы: Ақ жарық
-
Әлемде талай қызық бар
Қызықты видео көру https://www.youtube.com/watch?v=Y39S-wCpFo8
Қорытындылау
-
Міне , балалар бүгін біз алған білімдерімізді көрсете отырып , жаңа ақпараттар да алдық, адамдардың тұрмыс тіршілігінде дамып бара жатқан технологияның мүмкіндіктері зор екенін білдік