Материалдар / 4-тоқсанға арналған 472 бұйрықпен жазылған 5- сынып көркем еңбек пәнінен толық сабақ жоспарлары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

4-тоқсанға арналған 472 бұйрықпен жазылған 5- сынып көркем еңбек пәнінен толық сабақ жоспарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
4-тоқсанға арналған 472 бұйрықпен жазылған көркем еңбек пәнінен толық сабақ жоспарлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2024
77
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Құрметті әріптес!

    Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік  айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі

 

472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған.  «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg


































Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4.1А Бөлімі: Тамақтану мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Дұрыс және тиімді тамақтану мәзірі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.2 Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру

5.3.1.1 Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме т.б.)

Сабақ мақсаттары

  • Әр түрлі тағамдардың пайдасы мен зиянын талқылау

  • Әр түрлі тағамдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау

  • Тәуліктік дұрыс және тиімді ас мәзірін жасау.

Жетістік критерийлері

  1. Әрбір тағамның артықшылықтары мен кемшіліктерін ажырата алады

  2. Адам ағзасына зиянды және пайдалы тағамдарды ажыратады

  3. Бір тәулік жеген тағамының тиімділігін анықтайды

  4. Дұрыс және тиімді ас мәзірін дайындайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

академиялық тілдік дағдыларын қолдана отырып, өзінің шығармашылық жұмыстарын орындалу үдерісінің сатылы кезеңдерін түсіндіре (сөйлеу дағдылары) отырып сипаттайды;

өзінің іс-әрекетіне және дайын жұмыстарды орындау бойынша нәтижелеріне талдау жасап, таныстыра алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қасиетттері, пішін, түр, үдеріс, коктейль, құрамы, тепе-теңдік, ас мәзірі, карвинг, тамақтану рационы, жабдықтар/құралдар/құрылғылар;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен… үшін таңдадым. Себебі,…

Мен оны…. материалдарынан орындаймын;

Мен ….. пайдалы қасиеттерін білемін.

Мен …. материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдандым.

Бұл тағамның ерекшелігі….

Мен … өзгертер едім не жақсартар едім.

Құндылықтарды дарыту



Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Пікірлесу барысында сөйлесу этикасын сақтайды.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

ұлт дені сау ұлттың қалыптасуы үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіну, дұрыс тамақтану мәзірін жасау

Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

Өмір бойы білім алу

берілген тапсырманы өз бетінше орындайды, өткен сабақтағы білімін қолданады. Оқушылар ферменттердің болашақта ғылымда қолданылатын салаларын ұсынады, өз білімдерін үздіксіз дамытады.

Пәнаралық байланыстар

химия- тағам өнімдерінің құрамы, ерекшеліктері, қасиеттерін талқылау

АКТ қолдану дағдылары

Ақпараттарды өңдеу. Қажетті ресурстарды іздеу.

Бастапқы білім


Бастауыш сыныпта өткен тағам өнімдерінің түрлері, пайдасы мен зияны туралы біледі

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда)

ДК экраны

Сабақтың ортасы


Жеке жұмыс.

Оқушы өткен күнде жеген тағамын, бір тәулік бойы жеген тағамдарын дұрыс тамақтану тиімділігін А 4 форматта көрсетеді. Оқушы тәулік бойы жеген тағамдарының тиімділігін білу барысында және тағамдардың пайдалы, зияндылығын анықтауда, уақытылы тамақтануға назар аударуды білу мақсатында өз жұмыстарын бір -бірімен ауыстырады.

Бір-бірін тексереді. Өз ұсыныстарын жасайды.

(С) Зиянды тағам өнімдері бойынша видео көреді (3 мин)

(С) Сыныппен көрген видео талқыланады: Оқушылармен келесі сұрақ -жауаптарды талдау: қандай тағамдар пайдалы?, қандай тағамдар зиянды болып табылады?, Зиянды тағамдардан қандай аурулар туындауы мүмкін? таңғы, түскі, кешкі асқа қандай ас мәзірі ұсынылады? Таңғы, түскі, кешкі ас мәзіріне қандай талаптар қойылады?

(С) Оқушылар тақтада немесе өздерінің қағаздарында тағамдарды пайдалы және зиянды деп 2 топқа жіктейді.

(К) Оқушылар ас мәзірі ұғымымен танысады. Мұғалім презентация бойынша түсіндіреді.

(ҚБ) Оқушылар төменде берілген ақпараттар бойынша топтарға бөлінеді:

Нәруызды тағамадар

А дәруменіне бай тағамдар

С дәруменіне бай тағамдар

Құрамында кальцийі бар тағамдар

Құрамында темірі бар тағамдар

Оқушылар шағын топтарда зерттеу жұмыстарын орындайды. Жұмыстарын бағалау үшін өздері бағалау критерийларын жасайды.

Критерий мысалы:

- ас мәзірін әртүрлі тағамдарды қолданып жасау

Тағам құрамында болатын барлық компоненттерді атау

Таныстырылымда (презентация) суреттер, сызбалар және өте аз түсіндірме ақпараттың болуы

Әрбір топ мүшесінің қатысуы

Регламент сақтау (уақыт көрсету)

(Т) Оқушыларға барлық ресурстар ұсынылады: презентация, ссылкалар немесе тағам калориясы бойынша кестелер.









Жоғары деңгейдегі оқушылар төменде берілген арнаулы формула бойынша тәуліктік тағам қажеттілігін есептеуі мүмкін.


Ә йелдер үшін : Негізгі зат алмасу(НЗА) = 9,99 * салмақ(кг) + 6.25 * бойы (см) - 4,92 * жасы – 161

 
Ерлер үшін : НЗА = 9,99 * салмақ (кг) + 6.25 * бойы (см) - 4,92 * жасы -5

Бір тәуліктегі калорияның жалпы жұмсалуын анықтау үшін негзі зат алмасу нәтижесін төмендегі коэффициентке көбейту керек:

Дене белсенділігі төмен: НЗА x 1.2
Аз белсенділік (спорт аптасына 1-3 күн): НЗА x 1.375
Орташа белсенділік (спорт аптасына 3-5 күн): НЗА x 1.55
Жоғары белсенділік (спорт аптасыа 6-7 күн): НЗА x 1.725
Өте жоғары белсенділік (күнде спортпен белсенді шұғылдану,жұмыста жоғары физикалық белсенділіктің болуы, күніне 2 рет жаттығуға бару): ОО x 1.9

(ҚБ) Оқушылар топтағы зерттеу жұмыстарын талдайды, әрбір тағамның рөлін қоса айтады.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Рефлексиялық сұраұтарға жауап береді:


1.Салфеткаға арналған сақинаны қалай жасағаныңды айтып бер.

2.Бұл бөлімнен не білді

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!