Материалдар / §4.Популяцияныі өсуі, өсудің қисық сызығы.

§4.Популяцияныі өсуі, өсудің қисық сызығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
62
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9 сынып №4

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Тірі ағзалардың көп түрлілігі.Биосфера және экожүйе

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы. §4.Популяцияныі өсуі, өсудің қисық сызығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.

Сабақтың мақсаты:

популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісі.


Бинарлы номенклатура, жүйе, эволюция, түр, туыс

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Оқушылардың назарын аудару

«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Популяция дегеніміз не?

Қандай белгілері бойынша ағзаларды популяцияға біріктіреді?

Популяция көрсеткіштері мен сипаттамалары дегеніміз не?

Олар арқылы популяция жағдайын қалай бағалауға болады?

Популяциялардың тірі қалуының қандай стратегиялары бар?

Кіру билетінде берілген сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді- 2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Сабақтың ортасы






Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.


Популяция, популяция көрсеткіштері, саны, популяция өсімі, өсім қарқыны, тығыздық, репродуктивті (биотикалық) потенциал, ортаның қарсыласуы, популяцияның қисық сызығы, экспоненциалды және сигмоидты қисық сызықтар, сызықтық және дәрежелік қисық сызықтар.

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады. Бір-бірімен пікір алмасады, ой қозғау жүзеге асырылады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Оқушыларға бағыт бағдар беру

Пәндік лексика және терминология


популяция, «жыртқыш-құрбан» қатынасы, энергия, қоректік тізбек, қоректік тор, бәсекелестік, паразитизм, мутуализм, тамақтану қатынасы, трофикалық деңгейлер, пирамида саны, биомасса мен энергия

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель



Практикалық тапсырмалар беру.

Топтық жұмыс.

«Карусель» әдісі

Бір – бірімен бөліседі.

Теориялық материалмен өздерінің постерлерін ұштастыра отырып, «Карусель» әдісі арқылы әр топпен жұмыс жасату (әр топ өз материалдарымен басқа топтарды аралап түсініктеме береді.


1-топ. « Популяция түсінігі, оның көрсеткіштері» туралы сипаттайды.

2-топ. «Популяция санының қисық сызығы» туралы, Қояндардың популяция санының қисық сызығын талдау арқылы түсіндіреді.

3-топ «Популяцияның экспоненциалды ж/е сигмоидты қисық сызықтары» туралы талдайды.

«Карусель» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.







Популяция түсінігі мен оның көрсеткіштерін сипаттайды.

Популяция санының қисық сызығын түсіндіреді.

Популяцияның экспоненциалды ж/е сигмоидты қисық сызықтарын талдайды.

Дескриптор:

-популяция түсінігі мен оның көрсеткіштерін сипаттайды – 5 балл;

- популяция санының қисық сызығын түсіндіреді – 5 балл;

- популяцияның экспоненциалды ж/е сигмоидты қисық сызықтарын талдайды – 5 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Бағалау

Білім алушыларға арналған жеке жұмыс.

Бағалау парағында орналасқан


Популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдайды.







Дескриптор:

- популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдайды – 5 балл;

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері




Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

«Биологиялық кері байланыс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б


Презентация


Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенім......................

Бүгінгі тақырып бойынша маған ең қиын болған тұсы..............

Бүгінгі биология сабағы мен үшін.......................болды.

Келесі биология сабағында мен ............................ болып келемін.

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «Экожүйедегі энергия тасымалдау»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж






ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


(АП) Ақпарат парағы

§4. Популяцияның өсуі, өсудің қисық сызығы

Популяция – белгілі бір аумақта ұзақ уақыт тіршілік еткен бір түр дараларының тобы:

Демэкология – популяцияда жүретін үдерістерді зерттейтін экология бөлімі:

Популяция жағдайының ең маңызды көрсеткіштері: Саны, өсімі, өсу қарқыны, тығыздығы және т.б

Саны – популяциядағы дара саны

Популяция өсімі - туу және өлім арасындағы айырмашылық

Өсім қарқыны – уақыт бірлігіндегі өсім

Тығыздығы – аудан бірлігіндегі дара саны немесе топырақ және су ағзалары үшін көлем

Қандай да бір уақыт ішіндегі популяциядағы дара санының өзгеру динамикасының графикалық көрінісі: Популяция санының қисық сызығы

Репродуктивті потенциал – тірі ағзалардың белгілі бір аумақта санын көбейту қасиеті

Ортаның қарсыласуы – белгелі бір аумақтың нақты популяция өсімін шектеу қасиеті

Ортаның нақты емес сыйымдылығы – популяция саны тұрақты, ал оның өсімі 0-ге жуық болатын тепе-теңдік

Популяция санын көрсететін қисық сызықтың 2 типі: Экспоненциалды Сигмондты

Экспоненциалды не J-тәрізді қисық сызық тән: Бактериялар Біржасушалы балдырлар Кейбір бунақденелер Шегірткелер Көптеген планктондар

Экспоненциалды не J-тәрізді қисық сызық тән стратегия: R-стратегиясы

Сигмоидты не S-тәрізді қисық сызық тән стратегия: К-стратегиясы

Логистикалық өсім(S -тәрізді қисық). Популяция санының логистикалық өсуінің темпі оның тығыздығының артуы барысында азаяды. Яғни, популяция алғашқысында баяу өсіп, кейін өсуін жылдамдатады. Мұндай секірмелі даму кезінде даралар санының артуына бөгет болатын орта факторлары популяцияны тұрақтандырады. Барлық ірі ағзалар осы типпен өсетіні айқындалған. Балық фаунасының кейбір өкілдерін (мысалы, қызғалдақ) Еділ, Кама, Днепр су қоймаларында көруге болады.


Экспоненциалды өсім(J - тәрізді қисық) - популяция тығыздығы бір бағытта (жоғары қарай) келеңсіз фактор туындағанға дейін өсе береді. Бұл ретте популяцияның биоткалық потенциалы толығымен жүзеге асады. Бұл типтегі қисық кейбір микроағзаларға тән, мысалы, біржасушалы балдырлар.


Неге популяциялар санының өсуі шексіз емес?

Тіршілікті қамтамасыз етудің бұзылуына байланысты шексіз өсу кез келген түрдің жойылуына әкеліп соғады→

Популяция санының шектен тыс көбеюінің салдарынан табиғи қауымдастықтардың реттеуші жүйелері іске қосылады – жыртқыштар, паразиттер, жұқпалы аурулардың қоздырушылары

Оданда жоғары тығыздық пайда болған жағдайда жүйеге түрішілік бәсекелестік іске қосылады

Барлық түрлер эволюциясы барысында өз тығыздығын реттеп отыру механизмі туындаған. Осылайша санның көбеюі барысында реттеуді жүзеге асырып отыратын көптеген тізбектелген кедергілер пайда болып отырады

Сол себептен, табиғатта миллиондаған түрлер бар болғанына қарамастан олардың көбі жаппай көбеюді болдырмауды қамтамасыз етеді


1)Популяция өсуінің динамикасы

N t = N t-1 + B – D + C - E

N t – t кезіндегі дарақтар саны

N t-1-алдынғы кезеңдегі дарақтардың саны,

B- туылғандардың саны,

D- өлгендердің саны,

C- иммигранттар саны,

E- эмигранттар саны

2)Аулауға байланысты шектеулі өсу моделі

N t = (r b N0) N0- c,

с – жылдағы аулау көлемі,

r – өсі коэффициенті,

b – тығыздығы коэффициенті,

N0– ағымдағы жылдағы популяция саны, бастапқы,

N t– келесі жылдағы популяция саны, t ауқытында

3) «Жыртқыш-құрбан» моделі

N t = (r - b x n ) x n - с – f x n yn,

f құрбанның жыртқышпен кездескендегі өлу мүмкіндігі,

x n – құрбан саны,

yn – жыртқыш саны








(БП) Бағалау парағы

Топтық жұмыс

1-топ. « Популяция түсінігі, оның көрсеткіштері»









2-топ. «Популяция санының қисық сызығы, факторлары» туралы, Қояндардың популяция санының қисық сызығын талдау арқылы түсіндіреді.









3-топ «Популяцияның экспоненциалды ж/е сигмоидты қисық сызықтары» туралы









«Кластер» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдап, постер жасап қорғайды.


Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Мақсаты: популяция санының өсуінің графигін талдау;

Бағалау критерийлері: популяция өсуінің графигіне талдай алады


1. Графикті қараңыз.


(a) Осындай қатынаста болатын түрлердің мысалдарын болжамдар (кем дегенде 2 мысал)

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

(b) Графикті сипаттаңыз.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________


Есеп№1. Қысқы ұйқы кезінде сарышұнақтың екі популяциядағы өлімін есептеңіз. Олардың біріншісі-популяцияның тығыздығы қысқы ұйқының алдында 1 га 160 аңды құрады, 80 тірі қалды, екіншісі - тиісінше 90 және 56. Егер гектарға келетін азықтың қоры екі учаскеде бірдей екенін ескерсе, өлімі қай учаскеде жоғары болып шығады және мұны қалай түсіндіруге болады?

Есеп№2. Балықтардың өсімталдығы әдетте өте жоғары. Популяцияның ірі бөлігі ауланып кетсе, қалған аз ғана жыныстық жетілген дарақтар уылдырығын көп береді. Балықтың популяциясына алаңдау керек пе?

Есеп№3. Орман өсірудің теориясы мен тәжірибесінде екі тәсіл бар. Олардың біріншісі-біржылдық бидай алқабының түрі бойынша құру. Ол бастапқы шығындарды аз талап етеді. Екінші, көп еңбекті қажет ететін-күрделі кеңістігі бар әртүрлі жастағы дақылдарды құру. Сіз қандай әдістерді таңдайсыз және неге?

Есеп№4. Екі аумақтың бірінде сүтқоректілердің сирек түрін қорғау мәселесі тұр. Олардың бірінде өсімтал ұрпақ бере алатын ересек даралар өмір сүреді, бірақ жастар жоқ. Екіншісі-жастар бар, бірақ ересектер қаза болды. Екі учаскенің қайсысы сіз қорыққа таңдайсыз?







Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!