Материалдар / 506- бұйрық Буллинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

506- бұйрық Буллинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы 506 бұйрығы Баланы жәбірлеудің профилактикасына өзгерістер енгізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2024
1291
11 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы

қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің

2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы




БҰЙЫРАМЫН:

 1. «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31180 болып тіркелді) келесі өзгертулер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидаларында:

7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Баланы жәбірлеу (буллинг) фактісі туралы ақпарат білім беру ұйымына келіп түскен кезде жауапты тұлға ақпаратты 1 (бір) күн ішінде баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты есепке алу журналында тіркейді және білім беру ұйымы басшысының назарына жеткізеді.

8.Білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушылар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бастапқы ақпаратты қалыптастырады, оған мыналар кіреді:

баланың (отбасы мүшелерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

тұрғылықты жері;

оқу орны бойынша баланың жалпы сипаттамасы;

сынып жетекшісінің, куратордың, баланы (педагогты) жәбірлеуге (буллингке) қатысушылардың және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жазбаша түсіндірмесі.

2) сынып жетекшісімен, психологиялық қызмет мамандарымен бірлесіп баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты мән-жайларды анықтау және жанжалды медиативтік реттеу бойынша жұмыс жүргізеді;

3) медиативтік шешім болмаған жағдайда материалдарды білім беру ұйымының басшысы басқаратын Профилактика кеңесінің отырысына қарауға шығарады оның нәтижелері бойынша жәбірлеуге (буллинг) фактісін тану немесе танымау туралы, құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар, баланың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру және қорғау жөніндегі шаралар туралы хаттамалық шешім шығарады.

4) медициналық көрсеткіштер болған жағдайда медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;

5) баланы жәбірлеу (буллинг) фактісі туралы ақпаратты қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ақпарат береді;

6) баланы жәбірлеу (буллинг) фактілері туралы келіп түскен ақпараттың, оның ішінде расталған жағдайлардың есебін жүргізеді.

9. Профилактика кеңесінің шешімімен келіспеген жағдайда ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жүгінеді.

10. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ақпарат түскен кезде:

 1) 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпаратты Қазақстан Респуликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеуді жүргізеді;

2) ал баланы жәбірлеу (буллинг) фактісі туралы келіп түскен ақпарат және білім беру ұйымы ұсынған қарау нәтижелері негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде баланы қорқытуды (буллингті) тану немесе танымау туралы шешім қабылдайды;

3) жәбірлеу (буллинг) тану туралы шешім қабылдаған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде баланың заңды өкілдерімен және білім беру ұйымымен келісім бойынша жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту туралы және кәмелетке толмағанды жәбірлеуге (буллингке) бастамашыны/қоздырушыны әлеуметтік бейімдеу туралы шешім қабылдайды;

4) баланың заңды өкілдерінің, жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысының/бастаушысының және жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баланың келісімімен медиаторды тарту арқылы баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты инцидентті реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жойылған жағдайда оны жәбірлеудің (буллингтің) тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды;

6) баланы жәбірлеу (буллинг) фактілері туралы келіп түскен ақпараттың есебін жүргізеді..».

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Лауазымы ТАӘ


«КЕЛІСІЛДІ»

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының


«КЕЛІСІЛДІ»

Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасының


«КЕЛІСІЛДІ»

Еңбек министрлігі

және халықты әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының


«КЕЛІСІЛДІ»

Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!