Материалдар / 51.Су алмасуды реттеу. §52.Нысана мүшелер. §53.Әсер ету эффекті.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

51.Су алмасуды реттеу. §52.Нысана мүшелер. §53.Әсер ету эффекті.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.1.5.2- су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2024
225
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып ЖМБ №26


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. 51.Су алмасуды реттеу. §52.Нысана мүшелер. §53.Әсер ету эффекті.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектісі.

51.Су алмасуды реттеу. §52.Нысана мүшелер. §53.Әсер ету эффекті.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.5.2- су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіреді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға үш түрлі сөз көрсету. Үшеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру.


Фильтрация

Реабсорбция

Секреция

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

-әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Оқушылардың назарын аудару

«Ой қозғау»

«Бұл кім? Ол не?» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.


Дәйек сөз немесе цитата:

"Су – тіршіліктің негізі, ал оны бақылау – организмнің тұрақтылығының кепілі."

Клод Бернар


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

«Бұл кім? Ол не?» әдісінде берілген суретті сипаттайды, қойылған сұрақтарға жауап береді. Ой қозғау және пікір алмасу жүреді.



Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж



Сабақтың мақсатын таныстыру

10.1.5.2- су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру;


Дәйек сөз немесе цитата:

"Су – өмірдің мәні, ал оның теңгерімі – денсаулықтың негізі."

Гиппократ


"Антидиуретикалық гормон – суды сақтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің негізгі құралы."

Генри Г.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін сипаттайды;

Практикалық дағдылар: су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін модельдейді;

Функционалдық сауаттылық: су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация



Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


«Су мөлшерін реттеу»

«Нысана мүшелер»

«Әсер ету эффектісі»

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.


Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады. Түйінді идея айтуға дағдыланады.


Дескриптор:

-әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Практикалық тапсырмалар беру

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация


Бағалау

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Үлестірме парақтар


Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс

Тірек сызба


§54. Гипофункция. Гиперфункция

Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба жасайды, берілген тапсырманы орындайды.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға үш түрлі сөз көрсету. Үшеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру.

Shape1



«Бұл кім? Ол не?» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.


  1. Гормон дегеніміз не?

  2. Гормондар қайда кездеседі?

  3. Гормондардың қандай түрлері бар?

  4. Антидиурездік гормон дегеніміз не?

  5. Антидиурездік гормон қайда синтезделеді?

  6. Без дегеніміз не?

  7. Қандай без түрлерін білесіңдер?

  8. «Нысана-мүшелер» дегенге қандай мүшелер жатады?

  9. АДГ үшін қандай мүшелер нысана болып табылады?

  10. «Әсер ету эффекті» ұғымының мәні неде?


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.


Су жетіспеушілігі және сусыздану:

Спортшылар мен марафоншыларға тән жағдай: дене қатты терлегенде, қанның осмостық қысымы артып, АДГ бөлінуі күшейеді. Бұл су мен электролит тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі.


1942 жылы Сахара шөлі арқылы тірі қалған сарбаздар: Олар өте шектеулі су қорын қолданған. Денелері суды барынша үнемдеуге бейімделген, ал АДГ олардың өмірін сақтауда маңызды рөл атқарған.


АДГ-нің бұзылыстары:

Диабет инсипидус (сусыз қант диабеті): Бұл ауру кезінде АДГ жеткіліксіз бөлінеді немесе оның рецепторлары жұмыс істемейді. Нәтижесінде, адам шамадан тыс көп зәр шығарып, денесінен үлкен көлемде су жоғалтады. Мұндай науқастар тәулігіне 20 литрге дейін су ішуі мүмкін.

Синдром неадекватной секреции АДГ (SIADH): Бұл ауру кезінде АДГ шамадан тыс бөлініп, организмде судың артығымен сақталуына әкеледі, бұл ісіну мен су-электролит тепе-теңдігінің бұзылуына себеп болады.


Ғарыштағы су реттелуі:

Ғарышта ауырлық күшінің болмауы АДГ секрециясына әсер етеді. Ғарышкерлердің денесі суды қайта бөледі, бұл зәр шығару мен организмдегі сұйықтықтарды бақылауды өзгертеді. Сондықтан олар суды қатаң мөлшерде ішеді.




«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


«Су мөлшерін реттеу»


Су-тұз гомеостазының маңызды параметрі:

-осмостық қысым;

-ph өлшемі;

-жасушаішілік көлем;

-жасушадан тыс көлем;


Адам организіміндегі тәуліктік су тепе-теңдігі


Түсуі , мл

Бөлінуі, мл

1

2

Қатты тамақпен, 1000

Зәрмен, 1400

Сұйық тамақпен, 1200

Термен, 600

1

2

Организмде түзілетін, 300

Тыныс шығару ауасымен, 300

Барлығы-2500

Нәжіс массасымен, 200


Барлығы -2500


Су алмасуды реттеу жүйесінің құрылымы- күрделі;

Қызметі- организмде сұйықтықтың оптималды көлемін ұстап тұру;

Бұл жүйеге орталық, афференттік және эфференттік буындар кіреді.

Shape2

«Нысана-мүшелер»

Нысана-мүшелер – бұл жоғары қан қысымынан бәрінен де көп зардап шегетін мүшелер.


Shape3



Жүрек-қан қысымы жоғары болғанда миокард (жүрек бұлшықеті) инфарктісі болады.

Бүйрек-қысым жоғарылағанда қалдықтарды организмнен шығаруға қатысатын құрылымдардың жойылуы болады. Уақыт өте келе бүйрек жетіспеушілігіне әкеледі.

Ми-сусыздану мен тұзды тұтыну артқанда гипоталамустың осморецепторлыр қан плазмасының осмостық қысымының жоғарылауын тіркейді, бұл АДГ-ның секрециялануына алып келеді.

Қан тамырлары-АДГ-ның секрециялануы тамырдың бұлшықетті қабатын жиырып, тамырлардың тарылуына себепші болады.


«Әсер ету эффектісі»

Антидиуретикалық гормонның (АДГ) әсер етуі дәстүрлі (жалпылама белгілі) және дәстүрлі емес түрде көрінеді.


Shape4




«Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.


  1. Орталық буын

  2. Афференттік буын

  3. Эфференттік буын

  4. Антидиуретикалық гормон (АДГ)

  5. Нысана мүшелер

  6. Вазопрессин

  1. АДГ ны енгізу артериялық қысымның жоғарылауына әкелетін гормон

  2. Бұл жоғары қысымнан бәрінен де көп зардап шегетін мүшелер

  3. Суды реабсорбциялау және концентрациясы жоғары зәрдің көлемін сыртқа шығаратын гормон

  4. Гипоталамустың алдыңғы бөлігіндегі нейрондар

  5. Бұл сезімтал жүйке ұштары

  6. Бүйрек тез безі, ішек, өкпе кіреді




ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ


Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________


1-тапсырма. Нефрондағы судың реттелуі жүретін орынды көрсетіңіз.



Дескриптор:

- нефрондағы судың реттелуі жүретін орынды сипаттайды- 2 балл;


2-тапсырма. Су балансының реттелуін сипаттау үшін кестедегі деректерді және төмендегі ұғымдарды пайдаланып 3 график сызыңыз.

а. Уақыт аралығындағы меншікті салмақ

б. Уақыт аралығындағы көлем (мл / мин)

с. Уақыт аралығындағы NaCl мөлшері (мг / мл)


дескриптор:

- су балансының реттелуін сипаттайды – 2 балл;

- деректер мен ұғымдарды пайдаланып үш график сызады – 2 балл;


3-тапсырма. Әр графикте 4 еріктіге қатысты деректі көрсетіңіз.


Топтар

0

30 минут

60 минут

90 минут

түсі

Меншікті салмағы/мг

Көлемі /мл

NaCl мөлшері (мг / мл)

түсі

Меншікті салмағы/мг

Көлемі /мл

NaCl мөлшері (мг / мл)

түсі

Меншікті салмағы/мг

Көлемі /мл

NaCl мөлшері (мг / мл)

түсі

Меншікті салмағы/мг

Көлемі /мл

NaCl мөлшері (мг / мл)

А-ерікті

сары

1.025

35

8

Ақшыл сары

1.01

60

4

Түссіз

1.004


265

2

Түссіз

1.001


285

1

В-ерікті

сары

1.023

36

7

сары

1.024

35

12

Қою сары

1.028


26

22

Қою сары

1.031


20

24

С-ерікті

сары

1.022

29

8

сары

1.022

56

9

Ақшыл сары

1.017

85

12

Ақшыл сары

1.022


125

15

Д-ерікті

сары

1.021

33

8

сары

1.017

38

8

сары

1.017

33

9

сары

1.018


27

9

A -графигі. Зәрдің меншікті салмағының өзгеруі



Б- график. Зәр көлемінің өзгеруі


Дескриптор:

- графикте 4 еріктіге қатысты деректі графикте анықтайды – 2 балл;





4-тапсырма. Графиктерді пайдаланып, кестені толтырыңыз


Топтар

Зәр көлемі

(артты, кеміді, өзгеріссіз)

Зәрдің меншікті салмағы (артты, кеміді, өзгеріссіз)

Зәрдегі хлорид мөлшері

(артты, кеміді, өзгеріссіз)

А-ерікті




В-ерікті




С-ерікті




Д-ерікті





Дескриптор:

- графиктерді пайдаланып, кестені толтырады – 2 балл;


5-тапсырма. Құпиянны ашыңыз! А, Б, С және Д еріктілерінің қайсысы қандай ерітіндіні қабылдағанын анықтаңыз. Жауабыңызға дәлелдемелер келтіріп, түсіндіріңіз.


Қабылданған ерітінді

Еріктілер

(A, B, C, немесе Д?)

Сіздің түсіндірмелеріңіз:

Қалыпты тұтынылған сұйықтық мөлшері, 25 мл су







Изотониялық ерітінді

1000 мл 0.9% NaCl



Судың жүктелуі, 1000мл су





Тұздың жүктелуі,

150 мл 2% NaCl






Дескриптор:

- А, Б, С және Д еріктілерінің қайсысы қандай ерітіндіні қабылдағанын анықтайды – 2 балл;


6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. 90 минуттық кезеңде қайсысы ең көп зәр бөлген? Оның себебі неде?

2. Қайсысында хлорид мөлшері мен ең төменгі меншікт салмағы бар зәр болды? Оның себебі неде?

3. Су жүктелген және тұз жүктелген зәрлердің айырмашылығын түсіндіріңіз?

4. Қайсысы концентрленген зәрдің аздаған мөлшерін бөлді? Нелктен?

5. Қайсысы суды сақтап қалуға тырысты? Ал тұзды сақтап қалуға тырысқаны ше?

6. Тұз мөлшеріне қатысты тежелген және ынталанған гормонды атаңыз?

7. Қайсысы шөлдеді? Оған қалай жауап қайтарды?


Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді – 3 балл;


7-тапсырма.

Суретті қолданып, АДГ гормоны қайда синтезделетінін және қайда сақталатынын анықтап, белгілеп, жазыңыз

А В

А және В суреттерін салыстыра отырып, АДГ гормонының ағзадағы су мөлшерін бақылаудағы рөлін түсіндіріңіз

................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Дескриптор:

-АДГ гормонының түзілу және сақталу орынын дұрыс анықтап, суреттен белгілеп, көрсетеді- 1 балл;

-АДГ гормонының су мөлшерін бақылаудағы рөлін түсіндіреді- 1 балл;




























Оқушыға беретін мәтін

Анти-диуретикалық гормон деген не?

Анти-диуретикалық гормон гипоталамус жасушаларында түзіледі. Жасушалардың көмегімен гипофизге тасымалданып, одан қан капиллярларына өтеді.  Анти-диуретикалық гормон қантамырлары мен бүйрекке әсер ету арқылы қан қысымын реттейді. Дегенмен оның ең негзгі рөлі зәрге бөлінген су мөлшерін азайту арқылы ағзаның ішкі ортасындағы су көлемін сақтау болып табылады. Нефронның соңғы бөлігінен суды кері сору арқылы ағзаға қайтарып, ағзаны қажетті сумен қамтамасыз етеді. Қанда оның жоғарғы концентрациясы қантамырларының тарылуы арқылы қан қысымының артуына әкеледі. Ағзаның сусыздануы суды көп мөлшерде алуы арқылы ғана жойылады.  

Егер қанда суықтан, терлеуден болып су тым көп болып кетсе АДГ бөлінуі тоқтайды. Бұл кері теріс байланыстың мысалы. Қандағы су мөлшері түскенде кері теріс байланыс АДГ мөлшерін арттырады. Ал қандағы су м өлшері артқанда кері теріс байланыс АДГ мөлшерін тежейді.

АДГ әсері

Дистальды канал мен жинағыш түтік жасушалары мембранасының өткізгіштігі АДГ арқылы реттеледі.

AДГ гипоталамуста түзіліп, гипофизда сақталады немесе бөлінеді.

AДГ дистальды канал мен жинағыш түтік жасушалары мембранасының өткізгіштігін арттыру арқылы суды кері сіңіреді (реабсорбция).

Зәр концентрленеіп, ағзадағы су мөлшері қалпына келеді.


Ағзаның су мөлшерінің азаюына жауабы

  • Ағзадағы судың азаюы  = қан көлемінің артуы = қандағы осмостық қысымның артуы.

  • Гипоталамус жасушаларындағы осморецепторлар капиллярлардағы осмостық қысымның өзгеруін сезеді.

  • Гипоталамус жасушаларынан су қан тамырларына ққарай өткендіктен ол жасушалар сусызданып, плазмолизге ұшырап, жиырылады.

  • Гипофизге AДГ бөлу туралы жүйкелік сигнал жіберіледі.

  • AДГ қанмен бүйрекке өтеді.

  • Бүйрек нефронның жинағыш түтігінен суды кері сіңіріп зәр концентрленеді.

  • Гипоталамус жасушаларында осылайша шөлдеу сезімі туындайды.


Су жұмсалған сайын ...

  • Қандағы осмостық қысым түседі.

  • Қан сұйылып, ондағы жасушалардағы су гипоталамус жасушаларына өтеді (осмос).

  • Гипоталамус жасушалары бөртіп, гипофизге жүйке сигналдары барады.

  • AДГ бөлінуі тежеліп, су реабсорбциясы тоқтайды.

Диуретиктер

Алкоголь, кофеин диуретиктер. Олардың әсерінен зәр шығару жиілейді.

AДГ бөлінуін тежегендіктен зәр көлемі артады.

Шамадан тыс қолдану сусыздануға әкеледі.

Анти-диуретикалық гормон қалай реттеледі?

Оның қанға бөлінуінің реттелу жолдары:

Сусыздану немесе қан құйылу кезіндегі қан қысымының төмендеуіне жүрек пен қантамырлардағы рецептор жасушалары сезу арқылы жауап қайтарғаннан АДГ бөлінеді;

Қандағы тұздар концентрациясы артқан кезде АДГ көп бөлінеді;

Ыстық күндері термен бірге су жоғалтқан кезде көп бөлінеді;

Шөлдеу, лоқсу, құсу, және түрлі стресстік жағдайларда көп бөлінеді;

Алкогольдің әсерінен аз бөлінеді.

Ағзада анти-диуретикалық гормон тым көп болып кетсе не болады?

АДГ концентрациясы артып кеткен жағдайда судың жиналуы жүреді. Қан сұйылып, тұздар концент рациясы кемиді. АДГ шамадан тыс көп бөлінуі өкпе, кеуде қуысы ның аурулары,  гипоталамус немесе гипофиздегі ауытқулар, өкпе рагы сияқты обырдың болуына байланысты.

Ағзада анти-диуретикалық гормон тым аз болса не болады?

АДГ мөлшерінің төмен болуы бүйректің суды тым көп бөлуіне әкеледі. Зәрдің мөлшері артып кеткендіктен ағзада артериялық қысым төмендеп, сусыздану байқалады. Гипоталамус немесе гипофиздің зақымдалуының белгісі болып табылады. Қант диабеті кезінде, обырға шалдыққанда АДГ тым аз болады. Қант диабеті шөлдеу мен зәр көлемінің артуына байланысты емес.


 Антидиуретикалық гормон

Қанның қалыпты осматикалық қысымы судың ішу мен тағам арқылы келуі және суды тыныс шығару, терлеу, нәжіс және зәр арқылы жоғалту арқылы ұсталады. Бірақ осматикалық қысымның жіңішке (тонкая регуляция) реттелуіне негізінен антидиуретикалық гормон жауап болып келеді. Сұйытылған зәрдің көп мөлшерде түзілуі – диурез деп аталады. Оған қарама қарсы үдерісті – антидиурез деп атауға болады. АДГ антидиуретикалық қасиеті зәрдің көлемінің түзілуін қысқарту болып келеді, оның құрамындағы заттардың концентрациясын арттыру болып келеді. АДГ пептид болып келеді; кейде оны вазопрессин деп атайды.


Бұл гормон гипоталамусте түзіледі және нейросекреция арқылы гипофиздің артқы бөлігіне тасымалданады.

Судың жетіспеушілігі, қатты терлеу немесе тұздың көп бөлігін қабылдаған кезінде гипоталамустарығы өте сезгіш осморецепторлар қанның осматикалық қысымның көтерілуін регистрелейді. Имупльтер түзіліп, гипофиздің артқы бөлігіне беріледі және АДГ босап шығарады. Қан айналымымен гормон бүйректерге жетеді, бұл жерде дистальды иірім каналдардың және жинағыш түтіктердің су өткізгіштігін жоғарылатады. Бұл үдеріс олардың жасуаларындағы мембаранасындағы су каналдарының санын арттыру арқылы жүзеге асады. Су каналдары ионды каналдар сияқты нәруыз – тасымалдаушылар болып келеді. Олар жасуша ішіде синтезделеді, Гольджи комплексінің көпіршіктерінде қорға жиналады және цитоплазмада жианалады. Жасушаның бетіндегі спецификалық рецепторлармен байланысып, АДГ және цАМФ – тің қатысуымен (система второго посредника) осы көпіршіктердің плазмолеммамен байланысын ынталандырады. АДГ секрециясы тоқтағанда, процесс кері бағытта жүреді – нәруыз – тасымалдаушылары бар көпіршіктерді жасушаның эндоцитоз арқылы сіңіріліп, келесі АДГ беретін «бұйрыққа» дейін сақталады.

Су каналдарының саны көбейгенде бұл нефроннан бүйректің ми заты мен қыртысты затының ұлпааралық сұйықтығына судың осматикалық қайта ағуын күшейтеді. Содан кейін су қанмен ағып кетеді.

АДГ жинағыш түтікшенің несепнәр үшін өткізгіштігін күшейтеді, бұл зат зәрден ми затының ұлпааралық сұйықтығына диффузияланады. Соның салдарынан бұл жерде осмолярность көтеріледі, Генле ілмегінің тізесінің сегментінен судың қайта ағуын күшейтеді.

Судың көп қабылдағаннан кейін, керісінше, қанның осматикалық қысымы төмендейді және АДГ секрециясы тоқтайды. Дистальды иірім канал және жинағыш түтікше су үшін өткізбейтін болып қалады, судың ми затының фильтрінен өткендегі реабсорбциясы төмендейді, соның салдарынан өп көлемде гипотоникалық зәрдің мөлшері бөлінеді.


Қан концентрациясы

Қанның осматикалық потенциалы

АДГ

Эпителий

Зәр

Жоғарылайды

Төмендейді (өте теріс бола бастайды)

Бөлінеді

Өткізгіш

Концентрлі

Төмендейді

Жоғарылайды

Бөлінбейді

Өткізбейді

Сұйытылған


Гипоталамуста «шөлдеу орталығы» орналасады. Қанның осмолярлығы жоғары болғанда (осматикалық потенциал өте теріс) бұл орталық суды ішуге қажеттілікті ынталандырады.

АДГ жеткіліксіз болғанда, қантсыз диабет деген ауру п.б., бұл ауру кезінде өтекөп мөлшерде гипотоникалық зәр бөлінеді. Бұл жоғалтуларды көп су ішу арқылы компенсациялауға болады.






АДГ гормонының әрекетін көрсететін сұлба






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!