400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5- сынып оқушыларына арналған сабақ "Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта буынға бейімделуге арналған түзету дамыту сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

5- сынып оқушыларына арналған "Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін"

Сабақтың мақсаты: сыныпта қолайлы психологиялық климат құру, қатысушылардың социометрикалық мәртебесін ынталандыру/көтеру?, топтың әрбір мүшесінің бағалы екенін ұғыну .


Қажетті материалдар: жұмсақ доп, жіп орамалары, A4 парақтары, түрлі- түсті қарындаштар, кемпірқосақтың суреттері, магниттер.



Сабақтың барысы

  1. Сәлемдесу:

Шеңберде тұрып, «үш» есебінен қатысушылар оң қолдың саусақтарымен кез келген санды көрсетеді. Балалардың міндеті - келіспей, саусақтарымен бірдей сан көрсетуге тырысады. Бірдей сан көрсеткен оқушылар қол алысады.



2. Сергіту сәті. Жаттығу “Мына адамдар орын ауыстырсын...”.

Жүргізуші ортақ белгісі бар барлық адамдардан орындарын ауыстыруын сұрайды. Мысалы: «Көктемде туылған адамдар, орын өзгертіңіздер» - көктемде туылған барлық адамдар орын ауыстыруы керек.



3. Жаттығу “Сөйлемді жалғастыр”.

Нұсқаулық:

Мен сізге допты лақтырамын, оны ұстап алып, сіз, мен бастаған сөйлемді жалғастыруыңыз қажет:

  • Мен үшін дос - ол ...

  • Дос болу дегеніміз ...

  • Менің досым келесі қасиеттерге ие болуы керек ...

  • Мен біздің сынып ынтымақтастықта болғанын қалаймын, себебі ...

4. “Құбыжықтар теңізі”.

Жүргізуші: Көздеріңізді жұмуларыңызды сұраймын. Енді көз алдымызға елестетейік «Біз теңізде кемемен жүзіп келе жатрымыз. Біз- бір улкен командамыз». Ал қазір көзімізді ашайық. Бір үлкен құбыжық біздің кемені басып алып, кемені торлап тастады. Сізді тек сіз сөзсіз сенім артатын, жауапкершілікті толығымен жүктей алатын бір адам ғана құтқара алады. Сіздің тапсырмаңыз – сол адамды таңдау. Бірақ сізге асығу керек, өйткені сізде тек екі минут бар.

Қатысушылар құтқарушыны таңдайдағаннан кейін барлығын талқылауға кіріседі: олар құтқарушыны қалай және неліктен таңдады, неге бұл адам оларды құтқара алады деп ойлайды.

Талқыланғаннан кейін, жүргізуші жіп орамасымен қатысушылардың қолдарын (кейде белін) орайды. Жіп орамасын бірнеше рет өткізіп торлап, соңында «өрмек» шығу керек.




3. “Өрмек”.

Жүргізуші: «Ашулы өрмекшінің торы құтқарушы кейіпкеріне жылы есім беріп, жақсы қасиетін атаса ғана шешіледі. Қазір сіздің құтқарушыңыз жіп орамасын алып, тордан босатады. Құтқарушы біреуіңіздің жаныңызға келгенде, алдымен сізге жылы есім беріп, жақсы қасиетіңізді атау керек. Содан кейін ғана торды шешеді.

Бұл жаттығуды талқылағанда, қатысушыларға жақсы сөздерді тыңдау ұнады ма, әлде керісінше, өздерін жат сезінді ме, құтқарған кезде өздерін қалдай сезінгендері туралы сұрау қажет.


4. “Кемпірқосақ”.

Жүргізуші: Тамаша! Біз осы күрделі тапсырманы орындадық. Қараңдар, аспанға күн шықты, кемпірқосақ пайда болды және ол сіздерге келесі тапсырманы шешуге көмектеседі. Сіздер қазір кемпірқосақтың түстеріне сәйкес санап, бөлінулеріңіз керек (“Каждый Охотник Желает Знать, Где Сидит Фазан”).

Айтыңыздаршы, кемпірқосақ бір реңкісіз(түссіз) болуы мүмкін бе? - Жоқ, міне, біз сіздермен бірге қазір бір үлкен кемпірқосақпыз, бір командамыз.

Барлық қатысушылар жұптарға бөлінеді. Әр жұпқа бір қағаз парағы (A4 форматы) және бір қарындаш немесе қалам (кемпірқосақ түстеріне сәйкес) беріледі. Қатысушылардың әрқайсысы қандай сурет салатынын ойлайды, бірақ ешкімге не ойлғанын айтпайды. Дыбыстық белгімен қатысушылар қарындашпен бірге ойлаған суреттерін салуға тырысады. Олар сөйлесе алмайды. Содан кейін суреттер жиналып, тақтаға ілініп, балалар суреттерін қарайды, бір-бірімен талқылайды. Әр жұп нені және неліктен салды, қатысушылар осы тапсырманы орындаған кезде өздерін қалай сезінгені туралы сұрақтарға жауап береді.

5. Кері байланыс.

Дөңгелек үстелде сабақ нәтижелерін талқылаймыз.

Талқылауға арналған сұрақтар: осы сабақтан кейін қандай тұжырымдар жасауға болады? Топқа тапсырманы орындауға не көмектесті? Не кедергі келтірді?

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.01.2018
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі