5-cынып қазақ тілі сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-cынып қазақ тілі сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ұлы адамдардың өмірінен

Мұғалімнің аты-жөні:Н.Оразбаева Күні:18.12.2019ж

СЫНЫП: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.2.1 - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру;

5.2.3.1 -хабарлама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Омоним, антоним, синонимдер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Тарих,қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Хобби

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Жаңа білім














Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмірт.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер. Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі.


Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы












Қолдану «Салыстыру кестесі»

Ортақ тапсырма: Тақтада сызылған кестеге жауаптарын стикерге жазып жабыстырады немесе, маркермен жазады7

омоним


антоним


синонимдер












Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



















«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Аяқталуы

Синонимдерді анықтаңыз. 
А) Жаман – нашар. 
В) Үлкен – кіші. 
С) Қайрат – мұрат. 
D) Биік – аласа. 
Е) Ерте - кеш
«Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз. 
А) Жаман. 
В) Үлкен. 
С) Сұлу. 
D) Ерте. 
Е) Кеш. 
Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз. 
А) Мағыналары жақын сөздер. 
В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. 
С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер. 
D) Заттың атын білдіретін сөздер. 
Е) Заттың сынын білдіретін сөздер. 
Дұрыс жауап:А

«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз. 
А) Антоним сөздер. 
В) Омоним сөздер. 
С) Синоним сөздер. 
D) Қыстырма сөздер. 
Е) Қаратпа сөздер. 
Дұрыс жауап:С

Синонимдік қатарды көрсетіңіз. 
А) Мұғалім – ұстаз. 
В) Биік – аласа. 
С) Ерте - кеш. 
D) Жарық - қараңғы. 
Е) Терезе - есік. 
Дұрыс жауап:А

Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз. 
А) Антоним. 
В) Омоним. 
С) Зат есім. 
D) Синоним. 
Е) Етістік. 
Дұрыс жауап:D



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Тексерілді:18.12.2019ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2020
822
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі