Материалдар / 5 сынып 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

5 сынып 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Тамыз 2019
6987
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы: 40 минут

Тыңдалым- 8 минут

Оқылым – 12 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1




5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау


Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 190 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым көркем әдеби мәтінін 2 рет тыңдайды (аудио құралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді).

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында әдеби мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Екінші тапсырмада білім алушы мәтіндегі ақпараттардың дұрыс- бұрыстығын белгіленеді. Үшінші тапсырмада мәтіндегі бір нақты ақпаратты тауып, өз сөзбен жазады.

Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

10

5

2




5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау


Көп таңдауы бар және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 156 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды.

Бірінші тапсырмада мәтінге тақырып қояды, екінші тапсырмада мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап береді.Үшінші тапсырмада берілген бір сөздің антонимін мәтіннен тауып жазады. Төртінші тапсырмада отбасында қандай үй жанурларын ұстайсың.

Не себепті деген сұрақтарға жауап жазады. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

10

5

3

5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар өз сыныпттастарды сипаттап, басқа қалада тұратын досына хат жазады. Хат мазмұнында сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін қолданып, тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Жазылым жұмысында хат жазудың стилін сақтауы және сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы бағаланады.

20

10

4

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұпта орындалады. Екі білім алушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды білім алушы өзі таңдайды). Жұптағы білім алушылар берілген тақырып бойынша 2 минут диалогке түседі (әр білім алушы диалогте 4-6 сөйлем айту керек).

Мұғалім білім алушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)


10

Барлығы

40 минут

30



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу. Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – балаға ат қою.
Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Бүгінде елімізде қазақы аттардан бөлек, басқа тілдерден енген, көпшілік арасында кең таралған заманауи есімдер жиі қойылады.

Қазақ халқында ұрпақсыз қалмасын деген ниетпен бала сүйе алмай жүрген ағайынға бала беру дәстүрі бар.

Қазақ халқында ұрпақсыз қалмасын деген ниетпен бала сүйе алмай жүрген ағайынға бала беру дәстүрі бар. Дәстүр бойынша атасы мен апасы, жақын адамдары тәрбиелеуге алады. Осылай уақытша тәрбиелеу «бауырына салу» деп аталады. Осылайша әке-шешесі, атасы мен әжесі баланы тәрбиелейді.
Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар.

https://www.zharar.com/kz/shygarma/11247-salt.html

1. Мәтіндегі ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз.

А. баланың дүниеге келген

В. қазақтың салт-дәстүрлері

С. бауырына салу

D.балаға ат қою дәстүрі


2. Тыңдалған мәтінге сай мақал мәтелдің тақырыбын анықтаңыз А. «Отан - отбасынан басталады»

В. «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл»

С. «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа»

D. «Салтын білмеген сауапты түсінбейді»

Е. «Өмір – үлкен мектеп»

F. «Білімді бесіктен тесікке дейін ізден»


3. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А. бауырына салу

В. бала беру дәстүрі

С. бесікке бөлеу

D. балаға ат қою дәстүрі

[1]

2-тапсырма. Кестедегі мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс бұрыстығын белгілеңіз.

Ақпараттар

+Дұрыс

+Бұрыс

Ауылдың жасы үлкен адам баланы қолына алады, азан шақырып, есімді сәбидің құлағына қайталайды.



Бала есімін жастар таңдайды.



Бүгінде елімізде қазақы аттарын басқа тілдерден енгізеді



Атасы мен әжесі баланы бауырына салмайды



Бала беру дәстүрі жоқ



[2]



3. Мәтіндегі 1 нақты ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз.

  1. ________________________________________________________________________________________________________

[1]




















Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.


Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір - бірінен сұрастырды.
Сонда лақ тұрып:
Мә - ә, мә - ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады,- деді.
Сонда құлын бір кісінеп алды да:
- Лақ, сен орынсыз мақтанба. Бізден қазы – қарта, шұжық, қымыз алады. Адамның мініс көлігі де біз,- дейді.
Бұзау тұрып:
- Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, ірімшік алады. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ,- десе, қошақан тұрып:
- Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адам киетін кіим кешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніш біздің жүнімізден жасалады, бізден пайдалысы жоқ,- дейді.
Бота тұрып:
- Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы. Оған еш нәрсе жетпейді., - дейді.
Осы кезде адам: - Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.
http://bilimdiler.kz/daindyk/24586-tolder-aytysy.html

  1. Берілген мәтін мазмұнына ат қойыңыз.

________________________________________________

  1. Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.



  1. Төлдер бір - бірімен не үшін айтысты?

_____________________________________________

2. Адамның жауабы қандай?

___________________________________________

  1. Берілген сөздердің синонимын және антонимін  жаз. 

Пайдалы-___________ Пайдалы-___________

4.Отбасында қандай үй жануарларын ұстайсыңыз? Не себепті ___________________________________________________________________

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!