Материалдар / 5 сынып Алғашқы адамдар өмірі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып Алғашқы адамдар өмірі

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып Қазақстан тарихы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары .Жаңартылған білім бойынша 5 сынып мұғалімдеріне көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
5061
78 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 1.Қазақстандағы алғашқы адамдардың өмірі.

Мектебі: Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алтыспаева Арайлым Ануарбековна

Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адамдар өмірі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипатау


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін біледі.Терминдерге анықтама береді.

Басым көпшілігі: Алғашкы адамдардың антропологиялық белгілерің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Уақыт өте келе адамдардың қалай өзгеріске ұшырағанын талдай отырып, өмір сүрген уақытын уақыт сызығына белгілейді

Бағалау критерийі

- Алғашқы адамдардың антропологиясындағы ерекшелікті анықтайды;

- Алғашқы адамдардың даму өзгерістерін сипаттайды

- Терминдерге анықтама береді

-Уақыт сызығына оқиғаларды ораналастырады.



Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология.

Антропология

Питекантроп

Неандертальдық

Кроманьиондық


Оқытудың тілдік мақсаты:Алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттайды. (айтылым дағдысы).Салыстыру кезінде кездескен жаңа ұғымды дәптерлеріне жазады. (жазылым дағдысы) .Берілген мәтінді оқиды (оқылым дағдысы)



Құндылықтарға баулу

7 Мәңгілік ел жалпыұлтық идеясының құндылықтарына сәйкес отансүйгіштікке,еліміздің мәдени мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

География, дүниежүзі тарихы,биология.

Алдыңғы білім

Алғашқы адамдардың өмірі жайлы біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

2 мин





8 мин












1)Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу,қызығушылығын арттыру,ынтымақтастық атмосферасын орнату,топқа бөлу.)Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,бір-біріне сәттілік тілеу арқылы жағымды ахуал туғызу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Тапсырма 1.

"Аквариум әдісі"арқылы бір немесе екі оқушыны шығарып сұрақтар қойып,диологке тарту.

1.Қазақстан ежелгі тарихында не оқытылады?

2.Қазақстан тарихы неше дәуірге бөлінді?

3.Палеолит дәуірінің хронологиясын ата?

4.Мезолит дәуірінің хронологиясын ата?

5. Неолит дәуірінің хронологиясын ата?

6.Тас пен қола ғасырының аралығындағы өтпелі кезең қалай аталады?














Топтастыру:Сандар,әріптер,суреттер арқылы.




(қима қағаздар арқылы)

1,2,3,4 а,б,в,г,

сурет

Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.

Тапсырма 2.(Б) Слайд көрсетемін және слайдқа байланысты сұрақ қоямын

1. Слайдтан не көріп тұрсың?

2. Алғашқы адамдар жайлы не білесің?

3. Алғашқы адамдар туралы не білгің келеді?

сұрағын қоямын. Оқушылар бастауыш сыныпта алғашқы адамдар туралы танысқан ақпараттарын еске түсіруі қажет. Бұл алдыңғы білімдер арқылы оқушылар жаңа сабаққа ынтасын аударады. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен (дескипторлармен) танысады.




Адам эволюциясының слаид:

http://900igr.net/fotografii/biologija/Osnovnye-etapy-evoljutsii

Сабақтың ортасы

30 мин

9 мин















1 мин



10 мин































10 мин





























Сабақтың соңы

5 мин

Мағынаны тану кезеңі.

  1. (Б) 3-тапсырма. «Суреттерді салыстыр». Презентациядан алғашқы адам мен қазіргі адамның суретін ұсынып, оқушыларға сұрақтар қоямын:

  • Суреттен не көріп тұрсыз?

  • Қазіргі адам қандай?

  • Алғашқы адам қандай болған?

  • Алғашқы адамды қоршап тұрған әлем қандай болды? Ал қазір не өзгерді?

Бүгінгі сабақта осыдан 2,5 млн жылдар бұрын өмір сүрген адамдар өміріне саяхат жасайтындарын айтамын. Кездескен жаңа терминдерді дәптерлеріне түсіреді

Дескриптор:Алғашқы адам мен қазіргі адамдарды салыстырды.

Жаңа ұғымдардың мағынасын ашты.

Бағалау:смайлик


Сергіту сәті:"Орындарыңды ауыстырыңдар "




2) (Т) 4-тапсырма. «Сәйкестендір»

Алдын ала дайындаған мәтінді топтарға беремін.

1-мәтін.Бұл питекандроп адамы,оның қолы ұзын,маңдай сүйегі шығыңқы шамамен Қазақстан жерінде 1млн жыл бұрын өмір сүрген.Ең алғашқы қаңқасы Ява аралынан табылған.

2-мәтін.Бұл-неандерталь адамы,оның ми көлемі питекантроптан үлкенірек,денесінде түгі азайған,иек сүйегі қалыптаса бастаған жер бетінде 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген.Қаңқасы Германияның неандерталь жазығынан табылған.

3-мәтін.Бұл-адам кромоньон адамы,маңдайы жазыңқы,денесі тік,қолдары қысқарған.Жер бетінде 40-35 мың жыл бұрын қалыптасып,өмңр сүрген.Қаңқасы алғаш Франциядан кромоньон үңгірінен табылған.

Сөйлемдер жазылған мәтіндерді топта талқылап,суреттермен сәйкестендіру..

(М)Алғашқы адамдардың антропологиялық сипаттайтын интерактивті материалды ұсынамын

Дискриптор:

Алғашқы адамдардың антропологиясын сәйкестендіреді.

Алғашқы адамдардың антропологиясын сипаттайды

(Ф) Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын.

Бағалау:бас бармақ



5-тапсырма. (Т) Анықта.

Венн диаграмасы 3 дөңгелекке питекантроп,неандерталь,кромоньон деген сөздерді жазып.Осыдан кейін олардың ұқсастығымен айырмашылығын топтар стикерге жазып дөңгелектерге жабыстырады және уақыт өте келе адамдардың қалай өзгеріске ұшырағанын талдай отырып, өмір сүрген уақытын уақыт сызығына белгілейді Кемінде 3 айырмашылығын мен ұқсастығын жазу керек.Тапсырма саралауға арналған.Көп бөлігі алғашқы адамдардардың даму сатысын біледі.Кейбір оқушылар айырмашылығы мен ұқсастығын жазса, аз бөлігі уақыт өте келе адамдардың қалай өзгеріске ұшырағанын талдай отырып, өмір сүрген уақытын уақыт сызығына белгілейді .


Дескриптор:

Алғашқы ададардың даму сатысын біледі.

Оқушылар адам даму сатысының ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Уақыт өте келе адамдардың қалай өзгеріске ұшырағанын талдайды, өмір сүрген уақытын уақыт сызығына салады.

(Ф) Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын.

Бағалау:Жапырақшалар арқылы өзара бағалау.


Қорытынды кезең.Кері байланыс:

Оқушылар алған білімдерін қаншалықты түрде түсінгендерін анықтау үшін мына сөйлемдерді аяқтауын сұраймын.

Мен бүгін білгенім........

Менің бүгін үйренгенім......

Менің байқағаным......

Мен келесі мәселе жайында көбірек білгім келеді......



Үйге тапсырма:

- мәтінді оқу

- Алғашқы адамдардың бір күндік өмірі шағын әңгіме жазу

-Әлемнің түпкір-түпкірінен,әсіресе Африкадан табылған алғашқы адамдардың қаңқалары көптеп табылғаны жайлы ақпарат жинақтап,шағын таныстырылым жасап келу.



Адам эволюциясының суреті:

http://900igr.net/fotografii/biologija/Osnovnye-etapy-evoljutsii
















Ежелгі Қазақстан тарихы. –Алматы: Мектеп, 2012 ж.

Қазақстан тарихы(көне заманнан бүгінге дей)


6 сынып. Қазақстан тарихы.

Электронды оқулығы. 2011 ж.

Суреттер


































Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы



Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады

  • Суретте тапсырмасын орындау барысында оқушы тиісті критерийлерге сүйене отырып, суреттерді салыстырады. Өзіндік қорытынды шығарады. Өз қорытындысын басқа топтармен бөліседі Сыныптың қалған оқушыларына деректердің түрлерін түсіндіруді әрбір топтағы қабілеті жоғары оқушыға тапсыруға болады.

  • Қабілеті орта оқушылар:


  • Орта деңгейдегі топтық жұмыстарға қатыса алады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Суреттер топтамасын ұсынған уақытта кілт сөздер бірге беріледі.

  • Суреттер арқылы оқиға желісін құрастыруға мүмкіндік беріңіз.

  • Жаңа сөздермен жұмыстану

  • Деңгейлік сұрақтар;

  • Мұғалімнің қолдауы;

  • Ынталандыру, қолдау көрсету


  • Зерттеу жұмысын қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;

  • Смайликтер,жапырақшалар арқылы ,бас бармақ арқылы бағалау.

  • Мұғалім әрбір тапсырмаға тиісті кері байланыс беріледі.

Оқушылар сабақ барысында туындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

"Орындарыңды ауыстырыңдар "

"сергіту сәтін өткізу

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!