Материалдар / 5 сынып. Ашық сабақ Көркемдеп аралау. Идеяларды құру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып. Ашық сабақ Көркемдеп аралау. Идеяларды құру

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып. Ашық сабақ Көркемдеп аралау. Идеяларды құру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2024
115
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп: №201 Әл Фараби атындағы мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 сабақ№ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Көркемдеп аралау. Идеяларды құру.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.5.1-Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Сабақтың мақсаты:

  • Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындайды;

  • Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен сұлбалар орындайды;

  • Шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

3 мин


Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын/ міндеттерін және жетістік критерийлерін аңықтау.

 Топқа бөлу «Сан таңдау» әдісі арқылы бөлінеді.

Екі топ үстелдеріне қойылған бағалау шкаласында оқушы нөмірі белгіленеді.Таңдаған сан қай топқа түссе, оқушы сол топқа отырады.

Бағалау әдісін түсіндіреді.

«Рейтинг шкаласы»

Сабақтың 4 кезеңі бойынша фигуралар жинайды. Әр кезең тапсырмасы оқушы белсенділігіне қарай өте жақсы орындаса не жауап берсе қызыл фигура, орташа жағдайда ашық қызыл фигура беріледі.

4 қызыл фигура – 10 ұпай «өте керемет»;

3 қызыл фигура -9 ұпай «тамаша»;

2 қызыл фигура – 8 ұпай «жарайсың»;

1 қызыл фигура – 7 ұпай «жақсы»

Сабақ соңында жинаған фигураларды өсу ретімен жапсырып шығады.әр топтағы қызыл фигуралардың саны арқылы жеке оқушыны, топтағы барлық қызыл фигуралардың саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді, топқа бөлінеді.







Оқушылар бағалау шкаласымен танысады.








Бірін – бірі бағалайды.

Таныстырылым, оқу жоспары

Ортасы

3 мин



























3 мин.



















10 мин.





























































13 мин.





























































5 мин.



















3 мин.

Сабақ барысы

1 кезең. «Қандай құрал?»

Өткен материалды қайталау.(Жеке жұмыс)

Таратпаға құралдардың атауын жазыңдар.

Кесетін құралдар


Өлшейтін құралдар

________________________

________________________


_____________________


_____________________

___________________


____________________

______________________


__Рисунок 1 _________________

-_____ _________________


______________________

Дескрипторлар:

- Оқушылар ағаш құралдарының атауын біледі;

- Атауларын сауатты, дұрыс жазады.

Объект 3 Объект 4 Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.

Жаңа сабақ

Көркемдеп аралау. Идеяларды құру.

Ағашты кесудің екі түрі бар:

- материал қабатын алмастан

материал қабатын алып тастау арқылы кесу.

Ең көп тарағаны – екіншісі. Кескіштің жұқа және өткір жүзінің тереңдей енуіне байланысты материалдың жоңқа түрінде ұсақ бөлшектер ұшып түседі. Мұндай үдерісті аралау деп атайды.

Қауіпсіздік ережелері

  • Қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын қолдануда өте ұқыпты болу қажет.

  • Құрал – саймандарды абайлап ұстау.

  • Арамен жұмыс кезінде сақтанып жұмыс жасау, қолыңды жырып, кесіп алудан сақтан, ара, жонғыш құралдардың жүзін қолмен ұстауға болмайды.

2 кезең «Сәлемдеме» әдісі

Екі топқа жаңа сабаққа байланысты материалдар таратылады. Топ танысқан материалды келесі топқа сәлемдеме ретінде жібереді. Қарсы топ та өз сәлемдемесімен алмасады. Сәлемдемемен таныса отырып, топ танысқан материалды тапсырма ретінде қайта ұсынады.

1топтың сәлемдеме тапсырмасы: «сәйкесін тап»

Садақ ара - Аралағыш пышақ тартылған білдек (садақ) түріндегі есілген баудың көмегімен керіледі.

Қос тұтқалы ара Ірі көлемді ағаштарды аралауға қолайлы, екі тұтқасы бар ара. Екеулеп аралауға арналған.

Арналық ара – жалпақ тетіктер және дайындамаларда ойық аралауға арналған.

Кез келген араның негізгі бөлігі бір жағында кесуші тістер жасалған металл таспа болып табылады.

Араның құрылысы:

а – тұтқасы;

б- бекітуші бұрандар;

в- металл таспа

Аралау арқылы әртүрлі бұйымдар жасауға болады.

Көркемдеп аралауға арналған құралдар

Қылара жұқа дайындамаларды өрнек пішінде кесуге арналған, доға тәрізді құрсауы және оған бекіткіштермен бекітілген жіңішке арасы бар құрал.

Қылараның арасы- бір жаққа бағытталған тістері бар, болаттан жасалған жіңішке жолақша.

Аралау үстелшесі верстакқа немесе арнайы үстелге қондырылатын, қыларамен аралауды жүргізуге арналған арнайы тіреуіш тақта. Ол үстел бетіне арнайы струбцинамен немесе бұраншегелермен бекітіледі. Егер үстелге бойлық тілікшені бекіту қажет болса, оны верстактық сықпаларының көмегімен орындауға болады.

2 сәлемдеме тапсырмасы: «Жоғалған сөздер» әдісі.

Кесу әдістері: Ағашты кесетін ең басты құрал – ...(ара). Араның қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады, оны ... (төсем) деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, ...(тегіс) болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып ...(қиғаш) қайралады. Ара тісі екі түрлі ... (қызмет) атқарады: біріншіден ол ағаш ... (талшығын) кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ...(ұнтағын) сыртқа ысырып, шығарып отырады.
Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш ...(түріне) қарай әр түрлі араны пайдалануға болады. Ағашты арамен кесу кезінде денеңді, ... (араны) дұрыс ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол қолыңмен ... (кесетін) ағашты тіреп тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан сәл ...(алшақтау) болсын. Араны күшпен ... (кесуге) болмайды. ...жұмыс жасау керек. Ағашты көлденең кескенде ...(кесу) бағыты ағаш талшығына перпендикуляр, ал ұзын бойы кескенде параллель болады. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні ...(үшбұрыш), ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады. Арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін ... (мұқият) сақтаған жөн.

Дескрипторлар:

  • Мәтіндегі сөздерді дұрыс табады;

  • Арамен түрлерін біледі, дұрыс сәйкестендіреді.

Объект 5 Объект 6 Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.

3 кезең. (Ө) (Т) Сарамандық тапсырма

Әдісі –практикалық жұмыс, нысаны – жұптық:

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі

- ұйымдастыру, дайындық, кезеңі.
- Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті - құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Оқушылар шығармашылық жұмысқа кіріскен кезде, оларды тапсырма орындауға дайындау үшін дәстүрлі қазақ музыкасын қосу.

Оқушылар жұмыс жасаған кезде музыкамен жұмыс жасау.

Жұмысты орындау кезеңі:

Оқушылардың жұмыстарын аралап жүріп тексеріп шығамын, көмек керек оқушыларға көмектесемін.

1- кезең: Берілген тапсырманы мұқият тыңдап барып жұмысты бастағанымыз дұрыс болар.

2-кезең. Жұмысты мұқият болғаннан кейін әрлеуге кірісеміз.

3- кезең. Әр жұмыстың конструкциялық ерекшеліктерін естен шығармаймыз.

4. Саралау: Сыныпты аралап шығып, туындаған сұрақтар бойынша басшылықты және көмек қажет болғандарға жеке және жалпы тәсілді пайдалана отырып қолдау көрсетеді, мысалы, бүкіл сыныптың жұмысын тоқтата тұрып, жақсы жұмыс және бұдан әрі әрекетті талдайды.

Көркем аралау үшін тақырып және сурет таңдаңдар, бөлмелерің үшін панноның үлгісін жасаңдар.

Дайын жұмыстардан көрме жасайды.

Дескрипторлар:

- Оқушылар өздігінен жұмыс кезеңдерін жоспарлайды;

- Өз идеяларын сәтті таңдайды.

Объект 7 Объект 8 Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.

4 кезең.

Бекіту. «Аламан бәйге» ойыны

Оқушыларға слайд арқылы сұрақтар беріп, дұрыс жауап бергендерге қызыл фигура беріледі.

Дескрипторлар:

- Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Объект 9 Объект 10 Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.


«Рейтинг шкаласы» әдісі бойынша оқушыларды бағалау мәресі

Әр кезең тапсырмасы оқушы белсенділігіне қарай өте жақсы орындаса не жауап берсе қызыл фигура, орташа жағдайда ашық қызыл фигура жинап, өз шкаласына жапсырып шығады.

Қызыл фигуралардың саны арқылы жеке оқушыны, топтағы барлық қызыл фигуралардың саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.

Сабаққа белсенді қатысқаны үшін оқушыларға сертификат беріледі.

Оқушылар өткен материал бойынша таратпа перфокартаға кесу құралдарының аттарын жазады.


















Дескриптор критерийіне сәйкес алған фигураларын бағалау парақшасына жапсырады.




Жаңа тақырыппен танысады.














«Сәлемдеме» әдісі бойынша жаңа тақырыппен танысып, топтар бір-бірігн жіберу арқылы алмасып, ақпарат алады.


Тапсырмаларды орындап шығады.




















































Дескриптор критерийіне сәйкес алған фигураларын бағалау парақшасына жапсырады.



















Оқушылар көркем аралау үшін тақырып және сурет таңдайды.






Болашақ панно үшін таңдалған үлгі шаблонды жұпта бірлесіп, ДВП не ағаш фанераға түсіреді.












Презентация:

Оқушылар өздерінің көрме жұмысын таныстырады.

Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады.


Дескриптор критерийіне сәйкес алған фигураларын бағалау парақшасына жапсырады.






Оқушылар сабақ қорытындысы бойынша бағаланады.

Дескриптор

Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындайды;

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен сұлбалар орындайды;

Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындайды.

Қыларамен кесу. SCROLL SAW, DeWALT DW – 788

https://www.youtube.com/watch?v=Q0agA0TcwzE

ttps://www.youtube.com/watch?v=XELvhdZrVYo


https://www.youtube.com/watch?v=XELvhdZrVYo


Скечбук, жұмыс дәптері, сызғыш, қалам, сызу құралдары


Ағаш, фанер, көшірме қағаз, шаблон, ара, қылара, зімпара, егеу


Аяқталуы


5 мин.

7. Сабақ шарттары бойынша өзіңдік бақылау және нәтижеге өзіңдік баға беру.

Сабақтың соңында оқушылар жасаған жұмыстарына талдау жүргізеді және қандай жұмыс жақсы атқарылды ал, қай жұмысты жақсарту керек екендігіне белгілер (рефлексия) жүргізеді.

Кері байланыс:
- Қандай қиындықтармен сіз кездестініз?
- Сіз жұмысынызға ризасыз ба?

-Кімнің жұмысы сізге ұнайды?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп, білгендерін айтады, жасаған жұмыстарына талдау жүргізеді


Смайликтерді шкаладағы өз санының үстіне жапсырып шығады.

Пікірлерін айтады.

Смайликтердің сыртына өз ойларын жазады.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!