5 сынып. Жол жүру ережелері қашан пайда болды? 3-4 сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сынып. Жол жүру ережелері қашан пайда болды? 3-4 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып қазақ тілі. Жол жүру ережелері қашан пайда болды? 3-4 сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"№ 1 жалпы білім беру орта мектебі" КММ

(білім беру ұйымының атауы)

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

     Бөлім:

7-бөлім. Көлік және жол белгілері

Педагогтің аты-жөні

Тасқынбай Маусымжан

Күні:

05.02.24

Сынып: 5 “Б”, “В”, “Ғ”

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жол жүру ережелері қашан пайда болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.4.1 - тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.4.4.3 - сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаты

- тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

- сын есімдердің (сапалық, қатыстық )түрлерін меңгереді;

-сын есімді зат есім орнына қолдана біледі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар

Амандасады

1 ұпай



Сабақтың ортасы


Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Негізгі ойды анықтаңыз.

5.1. Тыңдалым.

Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында теміржол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электрондық есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.

Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.

1—тапсырма.

1. Көшенің тәртібін кімдер қадағалайды?

2. Алғашқы бағдаршам қашан және қай жерде пайда болған?

3. Электрлі бағдаршам қайда пайда болған?

4. Ал бүгінгі таңда бағдаршам қалай жүзеге асырылған?

Мәтіндегі негізгі ой:

Жолға тәртіптілік өте қажет, адам өміріне қауіп төнбеуі керек.




- тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;



Дескриптор:

Сұрақтарға жауап 2

Нег.ой 1

3 ұпай

Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.

Сапалық сын есім сын есімнің негізгі түп қазығы, негізгі ұйытқысы. Өйткені сапалық сын есімдерге кішірейту, ұлғайту, жұрнақтары және үстеме буындар жалғанып түрленеді.

Қатыстық сын есімдер деп бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білідіретін сын есімдерді айтамыз. Мысалы, Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар дегендегі балалы, баласыз деген сөздер үйдің баласы бары-жоғын білдіріп тұр.

Қатыстық сын есімдер қай сөзден жасалса, сол сөздің мағынасымен байланысып кейде сол сөзге синоним сияқты болып тұрады. Мысалы, Аталық борыш, синонимі атаның борышы
























Сабақ

тың соңы

  1. тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерден сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратады.

Өмір – үлкен мектеп. 



Білім арзан, білу қымбат.  



Жаңа айдан жақсылық.



Балалы үй базар, 

Баласыз үй мазар. 



Өткір пышақ қол кесер. 



Білекті бірді жығар, 

Білімді мыңды жығар. 



Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.





  1. тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құра. Сын есімдерді тауып, түрін анықта.

бойшаң адам, өнерлі бала, аспалы шам, ашық есік



Үлгі: Айнагүл дәмді тамақ әзірледі.

Дәмді – қатыстық сын есім. Негізгі түбір зат есімге (дәм) сөз тудырушы -ді жұрнағы жалғанып тұр.

- сын есімдердің мағыналық сипатын жазады;

Сапалық/қатыстық ажыратады;














Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрайды.

Сын есімнің түрін ажыратады

Дескритор:

Мағн сипаты1

Сапалық 1

Қатыстық1

Барлығы 3 ұпай










Дескритор:



3 ұпай




Қима қағаз





Қосымша материал





Кері байланыс

Бағдаршам әдісі”




Үйге тапсырма



3 - тапсырма


























Shape1

2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2024
801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі