Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5 сынып оқушылары орта буынға бейімделу кезеңі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"№14 орта мектебі"КММ
5 "Б"сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне арналған
педагогикалық консилиумның хаттамасы
Әдістемелік кеңеске 5-сыныбына сыныптық - бақылау нәтижесі.
02 қазан 2020 жыл
Қатысқан - 5 "Б"сынып ата-аналары, сынып жетекші, пән мұғалімдері, мектеп психологы, мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
1. Тренинг.
2. Сынып жетекшінің оқушылар жайлы мағлұмат.
3. Сауалнама қорытындыларымен таныстыру.
4. 5 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің қорытынды сөзі.
Тыңдалды:
Педагогикалық консилиумның негізгі мақсаттары:
-
Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу;
-
Негізгі жағдаяттарды талқылау;
-
Туындаған жағдаяттарды шешудегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау;
-
Педагогикалық ұжым мен оқушылар ұжымының бірлескен негізгі жұмыс бағдарын анықтау;
-
Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі мұғалімдердің тәжірибе алмасуы.
Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі- бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан педагогикалық ұжым алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр.
Мұндай жағдайда бала қандай қиындықтарға тап
болады?
1. Бастауыш мектеппен
салыстырғанда бесінші сыныпта оқыту шарттары түбегейлі
өзгереді:
1. Балалар негізгі бір
мұғалімнен сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ауысады, жаңа
мұғалімдер әр баланың ерекшеліктері мен оқу мүмкіндіктерін әлі біле
қоймайды;
2. Кейбір балалар басқа
мектептерден ауысып келді немесе басқа қалалардан келді, яғни ұйым
ортасын ауыстырды;
3. 5
сыныпта оқу жүктемесі қосылды.
Зерттеу бойынша оқушылар бесінші сыныпта
оқудың басында бірінші сыныпта оқығандай сипаттағы жаңа оқу
жағдайларына бейімделу кезеңін бастан
кешеді.
Нәтижесінде оқушының
психикасына жүктеу артылады.
Сондықтан бір балалар сезімтал, мазасыз,
біреулері керісінше еркін, тынымсыз болады. Олардың еңбекке
қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салғырт болуы мүмкін. Көбінде осындай
ауытқулар бірыңғай сипатта болады және оқу басындағы 2 - 4 аптадан
кейін жойылады. Бірақ кейбір балаларда бейімделу кезеңі бірнеше
айларға созылуы мүмкін.
2. Үй жұмысын орындау туралы
мәселе.
Неліктен бесінші сыныпта үй жұмысын орындау
мәселесі қиындайды?
Біріншіден, балалардың әр мұғалімдермен
оқытыла бастауы себеп болады. Әр пәннің үй жұмысын дайындаудағы өз
ерекше талаптары бар. Егер оқушы оларды білмесе, егер оларды игере
алмаса, ол үлкен қиындықтарға тап болып, оқу нәтижелеріне, оның
физикалық және эмоционалдық күйлеріне де ықпал
етеді.
Екіншіден, оқушы мен
мұғалім қарым - қатынасы жағдайы
өзгереді.
Бастауыш сыныпта бала бір
мұғаліммен қарым - қатынасқа қабілеттенсе, енді орта буында оқуда
көптеген ересектермен қатынасқа түсетін болғандықтан, оның
міндеттері қиындай түседі. Ол қатынас ылғи да және бірден жағымды
бола бермейді: бала мұғалімге артық сұрақ қоюдан қорқады,
түсінбеген сұрақтарын, параграфтарын, тақырыптарын жасырып қалады.
Осының бәрі үлгерімнің күрт төмендеуіне
әкеледі.
Үшіншіден, бастауыш
сыныпқа қарағанда үй жұмысының мазмұны да өзгереді. Бастауыш
сыныпта көбінесе оқушылардың жазу, оқу, санау дағдыларын дамытуға
(қайталауға) бағытталған, 5 сыныпта үй тапсырмалары пайымдау,
талдау, өз бетімен қорытындыға келу қабілеттерін дамытуға
бағытталған.
Оқушылардың білім сапасын, сынып ұжымының қалыптасу деңгейін, білім алудың екінші сатысындағы балалардың бейімделу деңгейін бақылау мақсатымен жоспарға сәйкес 07 қыркүйек пен 02 қазан аралығында 5 «Б»сыныбында сыныптық-қорытынды бақылау жүргізілді.
3.5 сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесі: 5"Б" сыныбында 19 оқушы бар. Оның ішінде 11 ұл бала, 8 қыз бала бар.
5-сыныптың барлық оқушылары оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушылары сабаққа белсенділікпен қатысады. Сынып жаратылыстану – математикалық бағытта пәндерді тереңдетіп оқиды. Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Жақсы оқитын балалар саны – 8, орташа оқитын балалар саны –8, қалғандары қанағаттанарлықтай -3. Сынып оқушылары өнерлі, білімге құштар, жан – жақты. Сынып оқушылары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысады. Жыл басында «Конституция күні»Қалибекова Еркеназ Қалалық сайыстан 2 орын, «Отбасы күні», «Нравственный выбор»конкурсынан Құрманбекова Анель 1 орын,Оразбеков Ілияс 2 орын. «Қарттар күні» , «Ұстаздар күні» атты іс-шараларға өз құттықтауларын жіберді.
4.Сынып жетекшісі сыныптағы әлеуметтік-психологиялық ортаға талдау жасады.
5 «Б»сынып оқушыларының жалпы даярлықтарын және негізгі мектепке оқуларын анықтау мақсатында қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінен «кіріс» тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.
Математика пәні мұғалімі Балтабаева Салтанат Саинқызы оқушылардың танымдық қабілеттері жақсы. Үй тапсырмасын орындауын қадағалау, сызу құралдарын түгел болуын қадағалап отыру, сабаққа қатысу ұсынылды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кенжегужинова Диляра Турсынхановна оқушылардың білімге құштар екендігін атап шықты, бірақ жұмыс темпі баяу, кейде үлгермейді, оқу бағдарламасы күрделенді. Айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым қатар жүреді. Каллиграфиясын жақсарту керек, үйде көп оқыту керек.
Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Темерканова САйран Мауытовна ауызша жауап берулері жақсы, бірінші тарауды біледі, суретке қарап әңгіме жазу тапсырмалары көп екенін айтты. Тақырыптар күрделенді, үй жағдайында көп дайындық керек, ата-аналар соны қадағалап, тексеріп бірге оқып өтінді.
Жаратылыстану пәні мұғалімі Резабекқызы Гулбаршын өз сөзінде қиындық тудыратын сабақ темпіне үлгермейді, кейбір оқушылардың қимылдары баяу. Ауызша пән болғасын көп сөйлету керек. Сабақ мақсатын нақты қоя отырып, сабақтың әр кезеңінде олардың орындалуын оқушыларға жариялап отырды. Сабақта жалпы және арнайы оқу дағдыларының орындалуына назар аударды. Деңгейлеп оқыту арқылы әр оқушының қабілеттері ескерілді. Оқушылардың сабақ барысында ізденуіне жетелеу сұрақтарын ұйымдастырды. Сабақтың өмірмен байланысы жүзеге асырылып, оқушылар оқулықтағы негізгі ойды іріктей мысылдар келтірді. Қазіргі заман жаңалықтарымен таныстырылып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызды.
Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баяубаева Әлия Тулеугазиевна. пәннің күрделігіне тоқталды, баяу темппен орындайтын оқушылар мазмұнды толығымен түсінбейді. Қайырбекова Кәусар,Дюсенгазина Аделя,Иргебаев Арнұр,Тоқтаған Әлижан шапшаң орындайды, тиянақты, жауапты. Ата-аналарға ұсыныс: көп оқыту, үй жұмысына көмектесу.
Көркем еңбек пәні мұғалімі Кубентаев Рахат Арғынбекович сыныптың жағдайын жақсы деп айтты, салыстырады, логикалық ойлау деңгейі жақсы, шығармашыл балалар бар.
5. 5 «Б»сынып оқушыларының дәптерлерін тексеру қорытындысы:
Оқушы дәптері негізгі мектеп құралдарының бірі. Бастауыш сыныптан негізгі орта буынға өткенде дәптерге қойылаиын бірыңғай талаптар жалғастырылуы керек. Оқушы дәптерге сынып жұмыстары мен үй жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарын, сызбалар мен кестелерді түсіре отырып еске сақтау қабілеттері мен орфографиялық сауаттылықтары жетілдіріледі. Осы мақсатпен сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді.
14 қыркүйекте Жаратылыстану пәнінен 19 оқушының дәптерлері тексеруге алынды. Тексеру нәтижесінде төмендегідей жағдайлар анықталды. Таза, ұқыпты ұсталған дәптерлер: Кайырбек Кәусар,Дюсенгазина Аделя,Тоқтаған Әлижан,
6.5 «Б» сыныбының күнделік тексеру қорытындысы.
Оқушы күнделігі оқушының бірден-бір негізгі құжаты болып табылады. Мектеп пен ата-ананың, сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің, олардың оқушының ата-аналарымен байланыс құралы ретінде күнделіктің маңызы зор. Баланың күнделікті оқу үлгерімі, өсу динамикасы, сабаққа ынтасы, мұғаліммен қарым-қатынасы, тәртібі, қоғамдық істердегі жетістігі, мұғалімдердің мадақтаулары мен алғыстары, ескертпелері күнделіктен көрініс тауып отырады.
5-сыныпта бейімділікті байқаудың құралы ретінде қыркүйек айының 25-сінде күнделіктері тексеруге алынды. Тексеруге 5 оқушы күнделіктерін берді. Барлық күнделіктердің ұсталуы, үй тапсырмасының жазылуы, күнделіктің ұқыптылығы есепке алынды. Тексеру барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.
Барлық күнделіктер сынып жетекшісінің тексерілуінде болған. Сынып жетекшісі Резабекқызы Гүлбаршын күнделіктердің дұрыс толтырылуын қадағалап отырған. Күнделіктерін ұқыпты ұстаған оқушылар:Кайырбек Кәусар
Дегенмен, сынып оқушыларының күнделіктердің ұсталуынан төмендегідей кемшіліктер кеткен.
Саян Алихан мен Тоқтаған Әлижан күнделігінде тапсырмалар толық жазылмаған
7. Мектеп психологы тарапынан төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылды:
-
бастауыш сыныптан орта буынға ауысарда оқу мотивациясын аңықтауға арналған тест сұрақтары;
-
5 - сынып оқушыларының ата-аналарға арналған сауалнамалары;
-
мектеп психологы Ашкенева Эльвира Едиловна сөйлейді, ата-аналармен «Мен өз баламды қаншалықты білемін?» атты тренинг өткізді.
Ұсыныс:
Сынып жетекшісі Резабекқызы Гүлбаршын оқушылардың табысты бейімдеу кезеңін ұйымдастыру үшін сынып ұжымын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет.
Мектеп психилогы Ашкенева Эльвира Едиловна 5-сыныптың бейімделуін психологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет.
Пән мұғалімдері оқушылардың пәндік арнайы білім дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдануды жалғастыру керек.
Сынып жетекші: Резабекқызы Гулбаршын______
Ата-аналар:
1.Кайнемова Гульжан Ерлановна________
2. ЕсентаеваАйнұрМейрамқызы ________
3. СапинаГулмираСерікханқызы_________
4. КанатоваКуралайКанатовна___________
5. ОралбаеваАрдакЖанатқызы___________