Материалдар / 5 сынып оқушыларына (қыз балаларға) арналған «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің авторлық бағдарламасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

5 сынып оқушыларына (қыз балаларға) арналған «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің авторлық бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2020
3502
33 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Сәндік-қолданбалы өнер




5 сынып оқушыларына (қыз балаларға) арналған


«Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің авторлық бағдарламасы


Құрастырушы көркем еңбек пәнінің мұғалімі:

Жылкибаева Маржан Ешимханқызы












Қарабұлақ кенті



МАЗМҰНЫ





  1. Кіріспе .............................................................................................3 бет

  2. Мақсат, міндет, нәтижесі ..............................................................4 бет

  3. Пәнаралық байланыс, практикалық жұмысты талдау, бағдарламаның негізгі құрылымы ...............................................5 бет


  1. Түсінік хат ......................................................................................6 бет

  2. «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесі тақырыбы, жоспары ....... 7-8 бет


  1. Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар, еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі, үтікпен жұмыс істеу тәртібі, қайшымен жұмыс істеу тәртібі, желіммен жұмыс істеу тәртібі................................................................................. 9 бет


  1. Әдебиеттер тізімі ........................................................................10 бет.




























Кіріспе

Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу,  үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

«Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйретеді. Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын дамытуға ықпал етеді. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады.

«Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – жанып тұрған шырақ» дегендей, өнерлі де білімді жастар – еліміздің ертеңі. Содан да сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматтарын тәрбиелеу үшін баланың жан дүниесін өнердің алуан түрімен байыту қажет-ақ. Бала бойындағы қабілетті ашып, ізденіске жетелеуде үйірменің үйретері көп.
Ел аузынан «Ұстаз пейілді болса, шәкірті зейінді болады», «Ұстаз – екінші анаң», «Ұстазыңды өле-өлгенше мадақта, сол емес пе сені қосқан санатқа» деген ұлағатты сөздер қалған. Содан да балаларды ұлттық қолөнерге баулу – менің парызым мен қарызым. Бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  5 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Қорыта келе ұлттық дәстүріміз бен өнерімізді жас өрендер бойына сіңіруге, көптің игілігіне айналдыруға жан сала жігер жұмсап, жұмыс істеуіміз қажет-ақ. Сонда ғана шәкірттеріміздің шеберліктері арта түсіп, ұлттық өнеріміздің өркен жаятыны ақиқат.

Бағдарлама түрлі жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады:

Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер  арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура  келеді.

Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-әрекеттерімен көрсетуде.

Мақсаты:

Оқушыларға ұлттық қолөнердің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшелігі мен салт-дәстүрді ұлттық қолданбалы қолөнерге үйрету және оқушымен жеке жұмыс жасау арқылы оның шығармашылық ой-қиялын дамытып, эстетикалық тәрбие беру, табиғи қабілетіне сай еңбек етуге мүмкіншілік жасау. Салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеті:

- Ұлттық қолөнер негізіне сүйене отырып, оқушылардың теориялық білімдерін шығармашылықпен ұштастыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

- Заман талабына сай білім ала отырып, өнер түрлерімен таныстырып, олардың қазіргі қоғамда алатын орнын көрсету.

- Балаларды байқай білуге, ойлана білуге, қиялдауға, заттың пішімін, құрылысын алдын ала жобалай білуге дағдыландыру.

- Оқушының өнерге деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

- Халық дүниесін топтастырып, заман талабына сай түрлендіре отырып тұтыну.

Жаңашылдығы:

Өзге халықтар сияқты, қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиған-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген. Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесі арқылы сол ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына дарытудың маңызы зор.

Өзектілігі:

Бүгінгі жасөспірімдерге білім берумен қатар, ұлттық дәстүрде тәрбиелеу – басты міндет. Оның қайнар бұлағы – халықтық педагогикасы. Үйірме сабақтарында халықтың бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, жеке тұлғаны еңбекке, елінің ар-намысын қорғауға баулып ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, ойлану қабілетін дамыту, эстетикалық тәрбие беру іске асырылады. Халық педагогикасы тәсілдерін мектептегі оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолдану–келешек ұрпақты Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің, ғылым мен мәдениетке, өнерге баулудың қайнар көзі.

Күтілетін нәтиже:

Қорыта келіп, осы ұстанымды негізге алып мектеп қабырғасында ұстаздық еңбегіміздің басты бағыт-бағдары болып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстану бағыттары:

- Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдарын жасауда іскерлік, икемдік қабілеттері артады;.

- Оқушы салт –дәстүріміздегі қолөнеріміздің тәрбиелік дағдысын жете түсінеді;

- Оқушылардың алған білімдерін практикамен ұштастырып, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді;
-Оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды баламен жеке жұмыстар жүргізіледі;.
- Танымдық-ізденуші, зерттеу жұмыстарын жүргізе біледі;
- Зерттеу бағытында жоба тақырыптарымен айналыса алады.


Пәнаралық байланыс.

Өздерінің жасаған бұйымдарын көрмеге шығару және жәрменкелер ұйымдастыру арқылы қазақ әдебиеті пәнімен байланыстырып, өзіндік ой-пікірлерін айта білуге баулу. Әр түрлі схемаларды, үлгілерді сызу арқылы бейнелеу өнері, сызу пәндерімен байланыстыру, құрақтың шығу тарихын іздену, оқу бойынша тарих пәнімен, қиықтарды өлшеп үлгі жасау, өлшемдерін симметриялы орналастыру арқылы геометрия, математика пәндерімен байланыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Практикалық жұмысты талдау:
- Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету;
- Топ болып немесе жеке жұмыс жасағанда жіберілген қателерге талдау жасау;
- Жұмыстарын бағалау.

Бағдарламаның негізгі құрылымы:

  • Қазақ қолданбалы қолөнерінің оқушыларға берер тәрбиелік мәні туралы айтылған;

  • Қазақ халқының қолөнерінің түрлері;

  • Оқыту және тәрбие беру жүйесі;

  • Тақырыптары шығармашылықты арттыруға арналған жұмыстар;

  • Пәнаралық байланыс.









Түсінік хат


Ы.Алтырнсарин жас ұрпақты оқытумен қатар, оларды, еңбек арқылы тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Адамды тәрбиелейтін құрал – еңбек деп білген. Еңбек ету , іс-әрекет жасау–ішкі (психикалық) және сыртқы (физикалық) сана арқылы ретке келтіретін белсенділік.

Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі–оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. Жасөспірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді. Оқушылардың білімін тереңдете түсуде, білімін шығармашылық деңгейге көтеруде өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен.Өз бетімен білім алу, өз білімін өзі бақылай алу қағидасы негізінен,оқушының өзін-өзі бағалай білу шеберігі мен өз білімін белсенді түрде толықтыру мен жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады. Бұл оқушылардың интеллектуалдық жіне эмоционалдық дамуын жетілдіріп, қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Өнер туындыларының ауқымды мұрасын ашып көрсетуге бағытталған «Сәндік-қолданбалы» өнер үйірмесінің негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады. Бұл бағдарлама оқушының жас ерекшелігін ескере отырып 5-сынып оқушыларына арналып құрастырылды. Сабақтың түрлері: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылып, сағатқа айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдылары сабақта пайдаланылады. Оқушылармен жұмыс барысында қазақ өнерінің жалпы сипаттамасы және оның басқа өнер түрлерінен айырмашылығы, ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру.





















Сабақтың тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны


Осының ішінде

Теория

Практика

Сәндік-қолданбалы өнер (34 сағат)

1

Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері.

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

2

2


2

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері және оларды жапсырмалау 

5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

2


2

3

Көркем кестелеу. Кесте түрлері.

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

4


4

4

Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу.

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

.

1

1


5

Нобай орындау

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

3


3

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!