Материалдар / 5 сынып қазақ тілі аспан әлемі, Жұлдыздар Төл сөз бен автор сөзі. жұмыс парағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

5 сынып қазақ тілі аспан әлемі, Жұлдыздар Төл сөз бен автор сөзі. жұмыс парағы

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып қазақ тілінен төл сөз бен автор сөзі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
137
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-тапсырма

Жұлдыздар


Жұлдыз – қызған сутегінен құралған көлемді шар. Жердегілерге бұл шар түнгі аспанда жарқыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Жұлдыздардың кішкентай боп көріну себебі – олар Жерден өте алыста орналасқан. Көптеген жұлдыздың көлемі бізге жақын орналасқан жұлдыз – Күннің көлемінен көп есе асып түседі. Күн әрі ыстық және белсенді жұлдыз болғандықтан, өте қатты жарқырайды. Міне, оның бізге аспанда нұр шашып көрінетіні сондықтан.

Жұлдыздардың өмір сүру ұзақтығы миллиондаған жылды құрайды. Өзінің өмір сүру кезінде жұлдыздар жарық пен жылу бөледі. Қуат жұмсайды. Жұлдыздардың кейбірі өте үлкейген кезде жарылады да, көгілдір түсті жаңа жұлдыз пайда болады.

Жұлдыздар бір-бірінен өлшемі мен қызуы жағынан дараланады. Күн – орташа өлшемдегі ыстық сары жұлдыз. Ең үлкен жұлдыздар алыптар деп аталады.

«Сұрақ және жауап» энциклопедиясынан



Жұлдыздар неліктен ноқат болып көрінеді?

Жұлдыздардың өмір сүру кезі туралы не айтылған?

Күн қандай жұлдыз?

2-тапсырма

Білгір апай: Ақтелпек, сеніңше, ғарышқа ұшудың қажеті қанша? Адамдар неге оған сонша құштар? Ғарышта қараңғы, суық, аттаған сайын қауіп-қатер күтіп тұрады емес пе?

Ақтелпек: Апай, жұлдыздарды жақыннан көру үшін.

Білгір апай: Міне, мұның жөн. Астрономдардың айтуынша, «Жерден қарағанда жұлдыздар онша анық көрінбейді. Себебі ауа кедергі келтіреді».

Ақтелпек: Апай, есіме түсті, кеше оқып едім. «Ауада үнемі шаң-тозаң, су тамшылары, түтін тұнып тұрады», – депті астрономдар.

Білгір апай: Иә, Ақтелпек. Астрономдар: «Аспанды бұлт бүркеген кезде жұлдыздар мүлде көрінбей қалады», – дейді.

Ақтелпек: Сіздіңше, жұлдыздарды ғарышқа барып зерттеген тиімді дейсіз, иә?

Білгір апай: Меніңше, солай.

«Негеш» энциклопедиясынан



Төл сөз бен автор сөзі

Төл сөз дегеніміз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде бөгде біреудің сөзін еш өзгеріссіз, сол қалпында қолдануы.

Төл сөзге қатысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Мысалы: «Кел, балалар, оқылық!», – деген Ыбырай. Берілген мысалдағы «Кел, балалар, оқылық!» – төл сөз, «деген Ыбырай» – автор сөзі.

Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Оқылым мәтінінен төл сөз бен автор сөзі кездесетін сөйлемді көшіріп жаз.,

Shape1



ЖАЗЫЛЫМ

7-тапсырма. Тыңдалым, оқылым мәтінінде келтірілген ақпараттар негізінде жинақы мәтін жаз. Мәтінде төл сөз бен автор сөздерін қолдан. (45–50 сөз)













ЖАЗЫЛЫМ

7-тапсырма. Тыңдалым, оқылым мәтінінде келтірілген ақпараттар негізінде жинақы мәтін жаз. Мәтінде төл сөз бен автор сөздерін қолдан. (45–50 сөз)

Shape2

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!