Материалдар / 5-сынып қазақ тілі саяхат бөлімі. 4- сабақ Шығыс Қазақстанға саяхат. жұмыс парағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

5-сынып қазақ тілі саяхат бөлімі. 4- сабақ Шығыс Қазақстанға саяхат. жұмыс парағы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып қазақ тілі саяхат бөлімі. 4- сабақ Шығыс Қазақстанға саяхат. жұмыс парағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
71
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушының аты-жөні ___________________ Қазақ тілінен жұмыс парағы

Бөлім: САЯХАТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстанға саяхат

































Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысын еліміздің басты қоймасы деп атайды. Облыстың жер қойнауы  тұнған қазба байлық. Мұндағы кентастарда қорғасын, мырыш, мыс, күміс және кадми, индий секілді сирек кездесетін металдар бар. Ал ормандары аң-құсқа, өзендері мен көлдері балыққа бай.

Шығыс Қазақстан  тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Онда шипажайлары, емдеу орындары бар, табиғаты сұлу Қатонқарағай ұлттық саябағы орналасқан.

Мәңгілік мұздармен қапталған, шыңдары бұлттарға тірелген Мұзтау, Марқакөл қорығы, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы және Тарбағатай ұлттық саябағы да осында орналасқан. Шығыс Қазақстан өңірі жазда да, қыста да керемет!


ТІЛДІК БАҒДАР

Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келген жағдайда алғашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы:

Қазақ халқында «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл бар, – дегенді жиі айтатын ол.

Абай облысы

Арман атасының қатты шыққан дауысын естіп, бөлмесінен жүгіре басып шықты. Атасы көгілдір экран алдында тұр:

Сүйінші, сүйінші! Мұнда келіңдер, бүгін – ақ түйенің қарны жарылған күн! Арман орындалды деген осы! – деп, қолын бұлғайды. Қуанышын түсінбей, аңтарылып қалған мені көріп, сәл сабасына түсті де, қос қолымен теледидарды көрсетті. Сол сәтте тележүргізушінің:

Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан және Абай облысы болып екіге бөлінді. Абай облысының әкімшілік орталығы – Семей қаласы, – деген дауысы естілді.

Атамның қуанышын енді түсініп, құшақтаған бойда орнына отырғыздым. Атам:

Бұл тамаша жаңалық болды, – деп, көз жасын сүртті. – Еее, балам, Семей өңірі – ұлылар мекені. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған киелі жер, – деп, ойлы көзін алысқа тікті.

Иә, онысы рас, қарт Семей өткен ғасырлардан сыр шертетін тамаша орындарға бай. Мысалы, Семей қаласында Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы және ұлы ақынның туған жері Жидебайда мұражай-үйі, Абай жеріне баратын қасқа жолдың бойында Еңлік-Кебек кесенесі бар. Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары орналасқан. Бұл – X–XI ғасырларда тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші.

Тамыры терең Семейім – талай тарланның ізі қалған Алаштың астанасы. 



6-тапсырма. Үлгі бойынша 2 сөйлем құрап жаз.

Үлгі:
  – Төл сөз: «Төл сөз», – автор сөзі.
  – Әкем «Біреудің ала жібін аттама» деп отырушы еді, – деді ол күмілжіп.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7-тапсырма. Шығыс Қазақстан табиғатын сипаттап досыңа хат жаз. Хаттың жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақта.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!