5-сынып Қазақ тілі. Тест нұсқасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-сынып Қазақ тілі. Тест нұсқасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілерге, жас мамандарға көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып. Қазақ тілі

1. “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім. B) Биік тау. C) Биік ой. D) Биік тұлға. E) Биік сөз.

2. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің. B) Қисық. C) Болса. D) Ағайынға. E) Өкпелеме.

3. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт. B) Самат аяғын ауыртып алды.

C) Ол науқасынан айығып кетті. D) Жел күшейе түсті. E) Ол аяғын созып жатыр.

4. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

A) Бұлақтың. B) Көзін. C) Ашу. D) Игі. E) Іс.

5. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Сүт таңертең ұйып қалды. B) Оң қолым ұйып қалды.

C) Әңгіме ұйып тыңдалды. D) Олар сүттей ұйып отыр. E) Сүттей ұйыған жанұя.

6. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Қарындашын ұштау. B) Найзаны ұштау. C) Қайланы ұштау.

D) Шеберлікті ұштау. E) Таяқты ұштау.

7. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.

A) Затты атап білдіретін мағынасы. B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз.

C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы. D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.

8. Омонимдес сөзді көрсетіңіз.

A) Гүлнәр мектепке барды. B) Ол ақылды бала. C) Айт болды.

D) Уақытты бағала. E) Айгүл – зерек оқушы.

9. Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.

A) Шапан, келін. B) Алты, жеті. C) Арықтан суару.

D) Кел, оқып отыр. E) Бәрі, тегіс.

10. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.

A) Күшті, мықты. B) Шелдену, қоңдану. C) Бағалы, құнды.

D) Әлді, қарулы. E) Қайратты, қажырлы.

11. “Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Зерігу, құмар болу. B) Еріну, кешіру. C) Жалтару, қорғану.

D) Зерігу, іш пысу. E) Ығыр болу, көңілі қалу.

12. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Тыным, тыныштық таппаған.

B) Бұраң бел, алма мойын. C) Ара гүлге қонды.

D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз. E) Сөз ағасы – құлақ.

13. Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Қара. B) Ірі. C) Сары. D) Осал. E) Қас.

14. Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.

A) Егемен, әмбебап. B) Кешен, нарық. C) Нән, сүгірет.

D) Пышқы, шербек. E) Сиықты, маңлай.

15. Ашық дауысты дыбысты табыңыз.

A) А, Ә. B) Ы, І. C) Ұ, У. D) Ү, Й. E) Ы, У.

16. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

A) Бейсенәлі. B) Әлдеқашан. C) Кінәрат. D) Ойыншық. E) Күйзеліс.

17. Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз.

A) Әділет. B) Жауырын. C) Ғылыми. D) Төсек. E) Іңкәр.

18. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

A) Ү, У, Е. B) А, Ә, И. C) Э, Е, Ү. D) Ы, Ұ, И. E) Ә, Ү, Ы.

19. Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.

A) Үннен ғана тұратын дыбыстар. B) Дыбыстық жақты зерттейтін.

C) Дыбыстың жазудағы таңбасы. D) Алиф пен би атауларының бірігуі.

E) Кедергісіз шығатын дыбыстар.

20. Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз.

A) Жазба, ашық түрі. B) Жазба, баспа түрі. C) Ашық, тұйық түрі.

D) Баспа, ұяң түрі. E) Қатаң, ұяң түрі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2020
890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі