Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5-сынып Сыныптан тыс жұмыс "Атажұрт интеллектуалды ойыны"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Атажұрт» интелектуалды ойыны
-Құрметті ,оқушылар бүгінгі интелектуалды ойынымыздың тақырыбы: «Атажұрт»
Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтары мен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Білімділік: Оқушыларды 3 топқа бөле отырып, оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың шығармашылыққа ынталандыруын, ойлау, іздену қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, шұғыл шешім қабылдай білуге, іскерлік қабілетке, жинақылыққа, өз ойын еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабағы
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әдебиеті, дүниежүзі тарихы,математика, география.
Олай болса бүгінгі «Атажұрт» атты сайысымызды бастайық.
Ақыл – тон, аңдағанда
тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не, қозбайтұғын,-деп бүгінгі сайысымызға 5 «А,Ә,Б»
оқушылары қатысады.
Әділқазы алқасымен
таныстыру:
1.
2.
3.
Өмір деген көк мұхиттың
толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүл деп жататын
Құштарлықтың толғағы мен толқыны-деп Т.Айбергенов ағамыз
жырлағандай өмірдің өзі сайыс, өмірдің өзі
ойын.
Мен сайыстың ережелерімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең. Өткел. Сұрақ-жауап
2-кезең. Белес. Мақалды жалғастыр
3-кезең. Бекет. Конверт сұрақ
4-кезең.Жерұйық. Жылдар мен жұмыс
5-кезең. Қорытынды марапаттау
Ал, олай болса сайысымызды бастаймыз.1-кезең: сұрақ-жауап кезеңі 3 топқа 10 сұрақтан қойылады.
І-топ: 1.Алғашқы адамдар
бірлестігі (Тобыр)
2. Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең? (Тас дәуірі)
3.Тас дәуірі қанша кезеңге бөлінеді және оларды ата? (3 кезеңге
бөлінеді Ежелгі тас дәуірі-палеолит,орта тас дәуірі-мезолит, жаңа
тас дәуірі-неолит)
4. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі ескерткіштерін зерттеген
археолог,ғалым? (Хасан Алпысбаев 1950-1960ж)
5. Ботай қонысы Қазақстанның қай өңірінен табылды? (Солт. Қазақстан
1980ж. табылған Б.з.б. 3 ғасырға жатады )
6. Қола дәуірінің хронологиясы (б.з.б.2 мыңжылд.-б.з.б. 8 ғасыр
аралығын қамтиды)
7. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары қандай? (жайлау)
8. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жылы 16
желтоқсан)
9. Қазақстан Республикасының төл теңгесі қашан шықты? (1993жылы 15
қараша)
10. Қ.Р-ның жаңа гимнің авторлары? (Нәжімеденов,Назарбаев
әні:Ш.Қалдаяқов)
ІІ-топ: 1.Қазақстандағы
алғашқы адамдар кімдердің замандастары? (Питекантроп)
2. Адамзат тас пен мысты қатар пайдаланған кезең қалай
аталады?(энеолит)
3. Қола дәуірі қанша кезеңге бөлінеді? (3 кезеңге бөлінеді 1.Атасу
2.Нұра 3. Беғазы-Дәндібай)
4. Ботай мәдениетін зерттеген археолог кім? (Зайберт)
5. Алғашқы адамдардың даму сатысына қарай атаңдар?
(Аустролопитек,питекантроп-синантроп,
неандертальдық,кроманьондық)
6. Неандертальдық адам қай жерден табылды? (Германия, Өзбекстан
Тесіктас үңгірінен)
7. Берел қорымы қай жерден табылды? (Алтай тауының қойнауында,Шығыс
Қазақстандағы Катонқарағай ауданынан табылды)
8. Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
9. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз
10. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Бозоқ,Целиноград,
Астана)
ІІІ-топ: 1. Неолиттік төңкеріс
дегенді қалай түсінесің? (Терімшілікті егіншілік, Аңшылықты- мал
шаруашылығының алмастыруы)
2. Тасмола археологиялық мәдениеті қай жерден табылды? (Павлодар
облысы,Екібастұз ауданы Тасмола деген жерден табылды)
3.Тасмола қорғандарын не үшін мұртты обалар деп атады? (Мұртқа
ұқсас тізбектеле орналасқан)
4. Тасмола археологиялық мәдениетін зерттеген археолог ғалым? (М.Қ.
Қадырбаев
5. Сақ қоғамы қаншаға бөлінеді? (3 бөлінеді Абыздар,жауынгерлер,
малшылар мен егіншілер)
6. Қандай сақ патшайымдарын білесіңдер? (Томирис, Зарина)
7. Ежелгі көшпелілер неге табынған? (от пен күнге )
8.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
9. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
10. Тасқа салынған суреттер қалай аталады?
(петроглифтер)
2-кезең. Белес. Мақалды
жалғасыр
Әр топқа 3 мақал-мәтел беріледі. Сол мақалдың жалғасын
табады?
І – топ: 1.Қына тасқа
бітеді,
Білім жасқа бітеді
2. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді
3. Ғылым теңіз,білім-қайық.
ІІ – топ: 1.Ақыл тозбайтын
тон,
Білім таусылмайтын кен
2. Наданмен дос болғанша
Кітаппен дос бол
3.Білім гауһар, бағасы жоқ
Надандық кесел, дауасы жоқ
ІІІ – топ: 1.Мың малың
болғанша,
Бір балаң ғалым болсын.
2. Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады
3.Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім шықпас
3-кезең: «Бекет» бұл бөлімде оқушылар конверт сұрақ яғни, термин сөздермен жұмыс жасайды.Әр топқа 5 термин сөз беріледі.
І-топ:1. Тотемизм дегеніміз
не?(Ру немесе тайпа өздерінің шығу тегін белгілі бір жан-жануармен
немесе затпен байланыстыруы.
2. Саркофаг дегеніміз не? (Ағаштан,мәрмәрден,тастан жасалған, ашық
аспан астына не арнайы құрылыс ішіне қойылатын табыт)
3. Кремация дегеніміз не? (Өлікті өртеу бұл Андронов мәдениетіне
тән)
4. Полихромдық стиль дегеніміз не? ( Әшекей бұйымдарға асыл
тастарды орнатып, жіңішке сымды ширата өрнектеу)
5. Қ.Р. Президентінің «Рухани жаңғыру,болашаққа бағдар» мақаласы
қай жылы шықты? (2017 ж 21 сәуір)
ІІ-топ:1. Неолиттік төңкеріс
дегеніміз не? (Терімшілікті егішілік, аңшылықты мал шаруашылығы
алмастыруы)
2. Петроглиф дегеніміз не? (Тасқа қашап салынған
суреттер,бейнелер)
3. Грифон дегеніміз не? (Құс басты, жыртқыш денелі,қос мүйізді,қос
қанатты аңыздық бейне?
4. Анимизм дегеніміз не? ( Барлық заттардың жаны бар деп
есептелуі)
5. Қ.Р-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа биылғы жолдауы қашан
жолданды? (2018 ж. 10 қаңтар)
ІІІ-топ:1. Артефакт дегеніміз
не? (Табиғи емес адамның қолымен жасалған зат)
2. Бальзамдау дегеніміз не? (Мәйітті ұзақ уақыт сақтау үшін
шірітпейтін зат)
3. Ру дегеніміз не? (Алғашқы адамдардың туыстық жағынан бірлесіп
өір сүруі)
4. Бойтұмар дегеніміз не? (Бәле-жаладан,сәтсіздіктен, көз бен
тілден сақтайтын зат)
5. Сықырлауық дегеніміз не? (Киіз үйдің ағаш
есігі)
Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп
Сыныптан тыс жұмыс
«Атажұрт» танымдық
ойыны
Пән мұғалімі: Несіпбаева А.О
Сыныбы: 5 «А»
2017-2018 оқу
Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
«Сақ патшайымы Томирис»
Пән мұғалімі: Несіпбаева А.О
Сыныбы: 5 «А»
2017-2018 оқу жылы
Сабақ жоспары