Материалдар / 5-сынып Тіл-қарым-қатынас құралы

5-сынып Тіл-қарым-қатынас құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдермен тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2019
12535
140 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас

Пәні : Қазақ тілі

Мектеп: Алматы қаласы, Медеу ауданы,

КММ №53 мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің тегі, аты: Нусупбекова Меруерт Бекеновна

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырыбы:

Тіл-қарым-қатынас құралы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

1 Берілген мәтінді түсініп, негізгі ойды анықтайды.

2. Тілдесім барысында ауызша және жазбаша диалог құра алады.

3.Өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізе алады.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Диалог құра алады.

Өз ойын нақты әрі еркін жеткізеді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

1. Оқушылар тіл-қатынас құралы екенін түсінеді.

2. Ауызша, жазбаша бір-бірімен тілдесе алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог, ауызша, жазбаша, т.б.

Өз ойларын айтуға арналған пайдалы тіркестер:

(тіл, тілдік бірлік, диалог, қарым-қатынас, ана тілі, т.б.)

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тіл неліктен құралға жатады?

Тіл-қарым-қатынас құралы дегенді қалай түсінесің?

ҚР мемелекеттік тілі қай тіл?

Бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыздар?

Алдыңғы оқу

Кіріспе

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын сақтау. Жұптық жұмыс барысында өзара сыйластыққа, құрметпен қарауға үйрету. Жауапкершілікті сезіну, достық,татулық секілді адами қасиеттерге баулу, уәдеде тұру, опасыздық жасамауға тәрбиелеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы







1 мин







2 мин




4 мин











5 мин.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасамын.

2. Психологиялық ахуал («Білім шаңырағы» әдісі) Оқушылар шеңбер құрып, түрлі-түсті жіпті өздері білетін мақал-мәтелдер айту арқылы қарама-қарсы орналасқан оқушыға береді.

3. Сынып оқушыларын қима қағаздар(тіл туралы мақалдар) арқылы топқа бөлінеді. Әр топ өз мақал-мәтелінің мағынасын ашып түсіндіреді.

1-топ – Ана тілі (Өнер алды – қызыл тіл)

2-топ – Тіл – құрал (Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім)

3-топ- Тіл – күретамыр (Тіл – ұлттың жаны)

Сабаққа кіріспе

«Бұлтты күн» әдісі арқылы топтарға интербелсенді

тақтадан тапсырма беремін. Сұрақ толы ала бұлттарды сейілтіп, нұрын шашқан күннің жылуын сезіну.

Тіл неліктен құралға жатады?

Тіл-қарым-қатынас құралы дегенді қалай түсінесің?

ҚР мемелекеттік тілі қай тіл?

Тіл туралы заң қашан қабылданды?

Бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыздар?

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»


Мақал-мәтел, қима қағаздар, түрлі-түсті жіп
















Сабақтың ортасы




















Сергіту сәті





















10 мин






4 мин













1 мин


7 мин



















Жаңа сабаққа.

Тыңдалым/Айтылым тапсырмалары

1.Жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырманы тыңдату. (Атамұра баспасы, 4-бет)

2-тапсырма: Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Адамдардың қарым-қатынасы не арқылы жүзеге асады?

Тілдік қатынас деген не?

Тілдік қатынас қандай жағдайда орын алады?

Тілдік қатынасқа кімдер түседі?

Адамдар тілдің көмегімен нені жеткізеді?


Дескриптор:

Мәтінді мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді;


ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі


Топтық жұмыс (Айтылым)


(3-тапсырма) Суреттерге қарап «Тіл - қарым-қатынас құралы» деген тақырыпта топпен диалог құрады.


1-топ : 1-сурет

2-топ – 2-сурет

3-топ – 3-сурет


Дескриптор:

Диалог құру барысында суреттерді тиімді пайдаланады

Тақырыптан ауытқымай диалог құрады

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі


4-тапсырма: Сыныптағы бір оқушы оқылым мәтінін оқиды. Басқа топ мүшелері мұқият тыңдайды. Тыңдалған мәтін бойынша топтық тапсырмалар орындайды.

1-топ : «Ана тілінің адам өміріндегі рөлі қандай?» тақырыбында ауызша жинақы мәтін құрады

2-топ: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, кластер құрастырады

3-топ: Мәтін мазмұнына сай 5 сұрақ құрастыру және өздері үшін тілдің маңыздылығы туралы айтады.



Дескриптор:

Мәтінді мұқият тыңдайды, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

Тыңдалған мәтін мазмұнына сай сұрақтар мен ауызша жинақы мәтін құрады


ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі


Оқулық

Аудиомәтін





























































Сабақтың соңы




1 мин

Үй тапсырмасы: 5-тапсырма, 5-бет.


2 мин


3 мин

Кері байланыс: «Баспалдақ » әдісі арқылы оқушылардың тақырыпты меңгергендігін тексеру.


Қорытынды бағалау: Әр оқушыны сөзбен мадақтау.


Қосымша ақпарат:

Саралау.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай ж опарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс.

«Бұлтты күн» әдісі арқылы топтық жұмыс кезінде оқушыларда ЖАДА/жақын арадағы даму аймағы/ қалыптасады.

Оқушылар «Семантикалық карта» әдісі бойынша топтаса отырып интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды, өз ойларын тұжырымдайды.

Кинофильмнен үзінді көру арқылы тақырыпты болжайды. Кейіпкер образын ашу үшін нақты дәлелдермен өз ойын жеткізеді,шығармаға өзіндік баға береді.

1.«Екі жұлдыз,бір ұсыныс »

2. «Күлегеш»,

3 «Күлегеш»,

4.Өзін-өзі бағалау,бірін-бірі және топтық бағалау.



Сергіту, АКТ қолдану, ресурстар, интербелсенді тақта, слайд, қима қағаздар.


Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды деп есептеймін.Себебі, оқу мақсатқына сай берілген тапсырмалар толық орындалды.Оқушылар сабақ барысында белсенді қатысып отырды.

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Оқушылар сыни ойлау арқылы өзіндік тұжырым жасай алуды, өзгелердің пікірін тыңдай білуді және құрметпен қарауды, қарым-қатынас және сөйлеу мәдениетін,топпен,жұппен және жеке жұмыс тиімді жасауды, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Сабақта оқу мақсатына сай жоспарланған тапсырмалар өз уақытында орындалды. Белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы ынтымақтастық ортасы қалыптасты. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары ,сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Тақырыпты оқушыға меңгерту үшін берілген тапсырмалар нақты және жүйелі болды.

Жұптық, топтық жұмыстарды орындау барысында түсіну, білу және қолдану кезеңдерінің тапсырмаларын саралап оқыту тәсіліне сай берілген жұптық тапсырмалар орындалды;

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарланған жұмыстар өз уақытында толық орындалды.

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтағы жұптық тапсырмада саралап оқыту тәсілін қолдандым.Ол тәсіл арқылы деңгейлік тапсырмалар орындаттым.

Саралап о қыту тәсілін қолдану барысында оқушылардың танымдық деңгейіне, мұғалім тарапынан берілетін көмекке басты назар аудардым.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты(оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз)

1.Жұптық жұмыс. «Жалғасын тап»әдісі.

2. Топтық жұмыс.

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1.Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру;

2.Саралап оқыту тәсілін қолдануды дамыту;

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Дәптермен жұмысты көбірек жүргізу;

2.Оқушының ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар түрін жетілдіру;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ