Материалдар / 5 сыныпқа арналған көркем еңбектен 1 тоқсанның сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сыныпқа арналған көркем еңбектен 1 тоқсанның сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған көркем еңбектен 1 тоқсанның сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2024
257
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары..

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі

өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде АКТ қолданып).

Сабақтың мақсаты:

  • дүниежүзілік және қазақ классиканың туындыларымен таныстыру

  • -бейнелі өнердегі жанрлар түрлерімен танысу

  • -жанр және бейнелі өнердің көріністерін зерттеу

  • -АКТ-ны қолданып,жанрдың және өнердің көрінісінің сараптау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы



Оқушылармен амандасу. Мектеп құндылықтары мен ереже-тәртіпті еске түсіру.

3-сабақ: көзге арналған жаттығу;

7-сабақ: дене жаттығуларын орындау.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы суреттер





Ортасы





Бірінші тапсырма:

Оқушылардан алдыңғы сабақтағы білімдерін қайталап шығуы керек. (Ұ) (Ұ) Тақырып бойынша видеороликтер немесе суретшілердің жұмыстарын көрсетуге болады.

Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.

Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.

Живопись. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

  • Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған..

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюрморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді.

Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.

Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Сарамандақ жұмыс

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді.


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.



Портрет жанрының түрлерін оқушылар мысал негізінде қарастырып өтеді.

Презентация:

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын таныстырады.

Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады



Жұмыс дәптерінде тапсырма орындау

Дескриптор

Портрет жанрының өзіндік ерекшелігін анықтайды;

Түрлі ақпарат көздері арқылы портрет жанрындағы картиналарды қарастырып,оның түрлерін зерттейді;


Үлестірме материалдар

Жұмсақ қарындаштар, түрлі түсті қарындаштар, сурет салу борлары, пастель, фломастерлер, көмірмен салу.

Мүсін

https:// ru.wikipedia.org/wiki/

кескіндеме https://ru.wikipedia.org/wiki/

графикаhttps:// ru.wikipedia.org/wiki/

Өнер туындыларының жанрлар бойынша түрлері.


Аяқталуы



Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.

  1. Бейнелеу өнерінің түрлері қандай?

  2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрының айырмашылығы?

(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.









































Көркем еңбек

Мектеп: №201 Әл Фараби атындағы мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г.

Сынып: 5 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Классикалық өнердің өнердегі үздік туындылар. Қазақстан суретшілерінің шығармашылығы. Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.3.2.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

5.3.3.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  • дүниежүзілік және қазақ классиканың туындыларымен таныстыру

  • -бейнелі өнердегі жанрлар түрлерімен танысу

  • -жанр және бейнелі өнердің көріністерін зерттеу

-АКТ-ны қолданып,жанрдың және өнердің көрінісінің сараптау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы






Сұрақтарға жауап бер:

1-(МК)Оқушыларға Атақты өнер туындыларын қарауды сұрау

."Джоконда" деген Леонарда да Винчи

"Давид" Микеланджело

"Турксиб" Кастеев А.

-Неге осыларды өнер туындылары деп атайды.?

-Өнердің туындылары қайда сақталады?

-Қазақстанда қандай ірі мұражай бар?

Сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысу.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген графикалық суреттер

Ортасы


7-(Ж)(Т) бейнелеу өнерінің түрлері.

Оқушылар анықтай алады

Жанр не екенін біледі, сондықтан өнердің түрлеріне қарай классификациялай алады.

Әр-жанрдағы Топтар натюрмортқа, портретке классификация жүргізу,мысалы

  • түсті сурет, бояулармен салынған

  • ақ-қара бейне

  • жұмыстар орындалған балшық, пластилина, металлдармен

  • фото суреттер.

  • басқалар

  • қандай мәліметтерге байланысты бейнелеуді жіктеді?

  • Неге?

8-анықта

Мұғалім слайтарды көрсетеді,оқушы өнердің түрлері мен жанрын анықтайды.

Егер уақыт қалып жатса,сурет материалдарын қолданып, ұнаған суретшінің суретіндегі бейнелердің нобайын салуға болады.

(Түсініктемелер беру)оқушылар өз жұмыстарымен ой бөлісіп,түсініктемелер бере алады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.


Презентация:

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын таныстырады.

Оқушылардың практикалық тапсырмалары альбомда орындалады.

Дескриптор

Отандық суретшілердің картиналарын зерттейді.

Қазақстандық суретшілердің портреттеріндегі ерекшеліктерді анықтайды.

Қазақстандық суретшілердің жұмыстарының негізінде эскиз орындайды.

Үлестірме материалдар

Статья о Казахстанском художнике

http://www.altyn-orda.kz/vse-vozrozhdaetsya-iz-pepla-strany-remesla-iskusstva%E2%80%A6/

Еркен Мергенов(мүсін).

http://erkinmergenov.com/

Наурызбаев Х.(мүсін)

Гаев Н.(линогравюра)


Аяқталуы



Бағалау

Оқушылардың тәжірибелік тапсырма бойынша орындаған постерлерін тақтаға іліңіз. Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын "Галереяға саяхат" бойынша бағалайды.


Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Жалпы сабақ бойынша нені білдім?

  • Нені білгім келеді?

Нені жақсартуға болады?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.












































Көркем еңбек

Мектеп: №201 Әл Фараби атындағы мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г.

Сынып: 5 сабақ 3-4


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт өнері, Ұлттық үлгідегі сәндік натюрморт

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар

орындау.

5.1.6.4 Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен эксперимент жүргізу.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстандық және әлемдік суретшілердің (натюрморт) туындыларын зерттеп, қарастыру

  • Заттарды қолдана отырып қағаз бетіне композицияның ержелерін ескере отырып конструкциясын тұрғызу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы






Амандасу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Натюрморт өнері, Ұлттық үлгідегі сәндік натюрморт. Оқушыларға мақсатпен критерий парағын таратып беру.

Презентация Қазақстандық және әлемдік суретшілердің (натюрморт) туындыларын оқушылар назарына ұсыну.

Сұрақ:

  • Берілген жұмыс қандай жанрда орындалған?

  • Ұлттық мән мәтінді натюрмортты қандай элементтер арқылы ажыратамыз?

  • Натюрморттағы ұлттық элементтер арқылы қандай мәдениет бар екенін түсіндіру.

  • Оларды не біріктіріптұрғанынайту.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Сәндік натюрморт

http://artisthall.ru/zanyatiya-zhivopisyu/dekorativnyj-natyurmort/

Көркемдік галерея ARTUMAR. Натюрморт бөлімі

http://artumar.kz/still-life/


Ортасы


Практикалық жұмыс: жекежұмыс

Бірнеше ұлттық заттарды жинақтау (ұлттық ыдыстар, музыкалық аспаптар, бас киімдер, және т.б.) оқушылар оймен өзіндік композицияларын құрастырады.

Оқушылар таңдаған бірнеше заттарды құрастырып форматқа композициясын орындайды.

Оқушылар орындалу техникасын таңдайды (гуашь, акварель, түрлі түсті қарындаштар)

Жұмыстарын таныстыру үшін 3-4 минут беріледі.


Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.


Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Альбомда эскиздерді орындау.

Дескриптор


Бағалау

критерийлері:

- Сызықты портрет жасайды.

-кейіпкердің мінезін жеткізеді.


Натюрморт:

http://www.picture-russia.ru/genre/6

http://veta.kz/products/1247420

http://afisha.kz/news/vystavki/the_opening_of_a_personal_exhibition_gulfairus_ismailova/

Сурет көшірмесі

Айша Ғалымбаев


Аяқталуы



Сабақтың соңында рефлексия орындайды:

-нені білемін, нені үйрендім

-не түсініксіз болды

-немен міндетті түрде жұмыс жасау керек

Оқушылар стикерлер арқылы алдын ала шағын көрмеге ұйымдастырылған жұмыстарын бағалайды.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




































Көркем еңбек

Мектеп: №201 Әл Фараби атындағы мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г.

Сынып: 5 сабақ 5-6-7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

  • Оқушылар суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өздерінің бейнелеген жұмыстарындағы түстік шешімдерді дұрыс табу арқылы орындау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Өткен сабақты еске түсіру не жасалып, не қарастырғаны жайлы еске түсіру.

Сабақтың тақырыбы мен сұрақ қою арқылы мақсатын ашу

- осы жұмысты орындау барысында қандай қиындықтар туындады?

- осы жұмысты орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер6 берілген графикалық суреттер

Ортасы


Бірінші тапсырма:

Оқушылардан алдыңғы сабақтағы білімдерін қайталап шығуы керек.

Мұғалім слайтарды көрсетеді,оқушы өнердің түрлері мен жанрын анықтайды.

Оқушыларға өткен сабақтардан азғана миға шабуыл жасау.

  1. Өнерде қандай жанрларды білесіз?

  2. Өнердің қандай түрлерін білесіз?

  3. Пейзаж жанрында жұмыс жасаған суретшілерді ата?

Оқушылардың жауабы:

(Ұ)(Ұ) Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасайды.Өздері бейнелеген пейзаждарын түстік шешімдерін табуға кірісу.

Жеке жұмыс:

Табиғаттың түрлі (орман, шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш) оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді ұсынып, орындату.

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

Оқушылар жеке түстермен жұмыс жасайтын болады.

Мысалы: Оқушыларға түстерді көрсетіп:

Сұрақтар қою:

Мына түстер суық түске жатады ма?

Мына түстер ше?

Картинадағы көлеңкелерде қандай түстер болады?

Оқушылардың жауабы.

Оқушылар түстерді бір-біріне қосып керекті түстерді шығаруда тәжірибиелер жасайды. Бояуларды өздері бейнелеген пейзаждарына түстеріне қарай жағады. Мысалы: таудың түсі, жасыл шөп, талдың түсі,су осы жұмыстың бәрі мұғалімнің қадағалауымен орындалуы керек.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Альбомда эскиздерді орындау Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп сұрақтарға жауап береді. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына өз пікірлерін айтады

. Оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып түсіндіріп кетеді.


Дескриптор


Бағалау

критерийлері:

- Сызықты портрет жасайды.

-кейіпкердің мінезін жеткізеді.


Суретшілер жұмыстарының көшірмелері

И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар Абжанова

Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар / Nature of Kazakhstan

https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0

https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU



Аяқталуы




Үйге тапсыма беру

Кері байланыс

  • Не білдім нені түсіндім?

  • Түсініксіз не болды.?

  • не жетілдіруіміз кажет?

  • Қандай қиыншылықтар болды

  • Не оңай болды?

  • Болашақ сабақтарда не көргілері келеді.?

Өнер материалдарын әкелу.

Бір-біріне сұрақтар қою арқылы талқыланады.

Оқушылар бір –бірінің жетістіктерін бағалайды.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

























Көркем еңбек

Мектеп: №201 Әл Фараби атындағы мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г.

Сынып: 5 сабақ 8-9-10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Сызықтық перспективаның басты ережелерімен танысу

  • Табиғатты бейнелейтін суретшілердің жұмыстарымен таныстыру

  • Сызықтық перспективаны сақтай отырып эскиз орындау

  • Практикалық жұмысты орындау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру кезеңі

Каллоборативты ортаны ұйымдастыру

Оқушылар алдында сабақтың мақсаты мен міндетін қою. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.

сызықтық перспектива негізінде салынған жұмыстарын көрсету.

Оқушыларға төмендегідей сұрақтарға жауап беруін сұрау мәселен, сіздер қалай ойлайсыздар? Сызықты перспектива дегеніміз не? Картинадан не көріп тұрсыз? Көрерменнен әртүрлі қашықтықта тұрған бірдей нысандар бір бірінен қалай ерекшеленеді?

Көру бұрышы нысанды бейнелеуге каншалықты әсер етеді?

Бір нүктеден шығатын сызықты перспектива туралы оқушыларға тиянақты түсіндіру.

Тақта да сызықты перспективаның бір нүктеден келесі қиылысу нүктесіне дейін көрсету.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер6 берілген графикалық суреттер

Ортасы


Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.

Пейзаж түрлері:

Ауыл, Саябақ, Теңіз
Сәулет пейзажы, бірақ бүгін біздің қарастыратымыз:

Индустриялық және қала пейзажы.

Қала пейзажында адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.

Мәскеу суретші Алексей Шалаев Суретші Ерышев Индустриялық пейзаж




Индустриялық пейзажда суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

Тапсырма:

Оқушыларға топтасып өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуді, суретке түсіруді тапсыру. Мысалы, қаланың әртүрлі бұрыштарын (көшелерді, бұрышта орналасқан ғимарттарды, жолды, мектеп маңындағы саябақтарды). Өздері үйден түсіріп, жинақтаған фотосуреттерді қарастырып, оқушылар сызықты перспектива заңдылықтарын талдайды. (2-3 минут).

Шығармашылық жұмыс:

Меңгерген білімдері мен өздері түсірген фотосуреттері негізінде оқушылар сызықты перспективаны (желілік көрініс) салады, жол, ағаштар, әртүрлі заттар, үй немесе адамдарды қарапайым қарындашпен(нобай жасау) салады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Альбомда эскиздерді орындау Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп сұрақтарға жауап береді.



Топтар сыныпта көрсетіп, түсіндіру үшін бірнеше фотосурет таңдап, орындалған жұмыс сипаты мен маңызын әңгімелейді.


Дескриптор


Бояудың көмегімен беттің формасын және эмоцияны дәл келтіре алады.


Интернет ресурстар:

https://www.youtube.com/watch?v=bbSjrKxDPTI

http://say-hi.me/obuchenie/osnovy-risovaniya-portreta-proporcii-i-rakursy.html





http://www.artrecept.com/risunok/chelovek/kak-risovat-lico

Аяқталуы

Үйге тапсыма беру

Таныстыру:

Оқушылар жаңапәндік терминдерді қолдана отырып, жұмыстарын көрсетіпқорғайды.

Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын талқылайды, ұсыныстар береді.

Алдын ала белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарын бағалайды.

Оқушылар жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыруларына болады.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.






























Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 сабақ 11-12-13-14

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.3.3.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  • Мүсіннің бірнеше түрін қарастыру,

  • Пластилиннен немесе глинадан формалар орындау (рельеф).

  • Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын толық жеткізу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Амандасу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру

1.Ой шақыру.

Мұғалім оқушыларға оқу мақсаттарын көрсете отырып, біріге содан сабаққа мақсатты анықтауды ұсынады.

(МКОқушыларға мүсін туралы бірнеше видеороликті көріп шығу ұсынылады.)

ағаштан жасалған мүсін;

құмнан жасалған мүсін;

металдан жасалған мүсін;

мүсіннің дәстүрлі емес формалары

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер6 берілген графикалық суреттер

Ортасы


(Ұ) Алдағы жұмыстарды түсініп, орындау мақсатында оқушылар видеороликтер мен көшірмелерді көреді.

2.(Ұ)(МК)

Мұғалім көрсетеді: оқу мақсаттарына қарап, сабақ мақсаттарын анықтау.

Мақсат:мүсін өнері және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру

3.(Ұ) Мүсін өнерінің түрлері туралы

ақпараттар беріледі

  • Мүсін

  • кішігірім формалы

  • бюст

  • монументті

  • интерьер мүсіні

  • рельеф

  • ескерткіш

Сыныпта 3-6 оқушыға топтастыру қажет, ұсынылған ақпараттарды оқушыларға таратып, топтарда талқылатып, өздерінің жалпылама ойларын білдіруді ұсыну. Осы тапсырма бойынша мұғалім көшірмелер таңдап, жинайды. (әсіресе, әртүрлі материалмен орындалған статуэткалар, әртүрлі бейнедегі мүсін фотосуреттері).

Визуальді көріп танысу, салыстыру көрінісі және мүсін өнерінің түрлерін білу.

-Өнердің қандай туындылары сендердің көңіліңді қаратты?



-Неге?

-Жұмыстардың бір–бірінен қандай айырмашылықтары бар?

4.(Ж)(Т)Анықта...

Мұғалім оқушыларға материалмен бірнеше тәсілді қолданып жасалған жұмыстарды көрсетеді және өздері қолданатын материалды ыңғайлы, үнемді қолдануларын ескертеді.

Мысалы:пластикалық өнерді жасау кезінде образды формаларды, әртүрлі материалдар мен құралдарды (сазбалшық, ермексаз, қағаз, сымдар, әйнек, ағаш, тас, сүйектер, металл, пластик және т.б) оқушыға көрсетіп, таныстыру...

Мұғалім тақырыпты толық түсіндіру үшін кең көлемде көрнекіліктер жинайды.

Презентациялар, роликтер, антикалық мәдениет бүгінгі кезеңге дейінгі өнер, Қазақстандық мүсіншілерді қоса, жергілікті ескерткіштер фотосуреттерін жинақтап көрсетеді.

5.Практикалық кезең

(Қ)(Т)(Ө) Оқушылар топтарда тапсырма бойынша берілген жұмыстарын жасауда меңгерген білімдері арқылы форма береді:

1-топ рельеф шығару;

2- топ бюст;

3-топ мүсіндеуді орындайды.

6.Мұғалімнің жетекшілігімен жасалатын практикалық жұмыстар

Дер кезінде оқушыларға нұсқау жасай отырып,кері байланысты жасау;

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау;

Алынған білімнің дәрежесі мен сапасын көрсету; Оқушылар өз жетістігін таблица толтарумен бағалай алады

7.(ОТ)(Қ)Қорытынды жасау:

Сабақтың соңында оқушылар жасай алады:

Өзінің және басқалардың жұмысын орындалуға сәйкес критерилерге байлынысты бағалайды:еріктілер нақты кемшіліктерді анықтап, талдай алады.

Рубрикаторлардың көмегімен өзіңнің нәтижелеріңді бағала:

Рубрикаторлар

Мен мақсатқа жеттім

1

Көрсетілген ақпараттар тапсырмаларға қаншалықты сәйкес келеді.


2

Мүсін өнері туралы қандай анық және шынайы дәлелдемелер көрсетілді?


3

Тапсырмаларды орындауға уақыттың тиімді қолданылуы



Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.





Альбомда эскиздерді орындау Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп сұрақтарға жауап береді.






Оқушылар өздерінің сыныптастарының қандай дәрежеде жұмыс жасап жатқандарын,олардың сапалары туралы пікірлесе алады.Сонымен қатар сабақ барысында салыстырмалы түрде бір-бірінің жұмыстарын талқылайды.Оқушылар берілген тапсырманы орындап болған соң дайын бұйымдарын жария түрде қорғап, ұсынады.

Оқушылар мұғалім көмегімен орындау техникасы мен материалын өзі таңдайды

Дескриптор

Мүсін түрлерін біледі.



























Пластилиннен немесе глинадан формалар орындай алады.

Жұмыстарын таныстыра алады.


Интернет ресурстар:

Мүсін туралы ақпарат көздері









Аяқталуы


Үйге тапсыма беру

Сабақтыңсоңыөткентақырыпқабайланыстысұраққоюенаяқталады.

Мүсін дегеніміз не?

Неге мүсінді өнер деп есептейді?

Жақсы релефті орындау үшін ненеі ескеру керек?

Сабақтың соңында рефлексия орындайды:

-нені білемін, нені үйрендім

-не түсініксіз болды

-немен міндетті түрде жұмыс жасау керек

Оқушылар бір –бірінің жетістіктерін бағалайды.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.















































Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 сабақ 15-16-17-18

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Шығармашылық жұмыс. Көрме ұйымдастыру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

5.1.6.4 -Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  • Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу

  • Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

  • Жұмыстардың таныстырылымы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Амандасу

Коллабаративті орта құру

Белсендіойын«Бірбіріне»

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Шығармашылық жұмыстар

Көрме ұйымдастыру

  • Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу

  • Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Жұмыстардың таныстырылымы

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер6 берілген графикалық суреттер

Ортасы


Практикалық бөлім:

Көрме ұйымдастыру үшін көркем материалдарды қолданып жұмыстарды әсемдеу және АКТ қолдана отырып электронды көрме ұйымдастыру

  • жұмысты әсемдеу

(картинка қою)

  • Электронды көрме ұйымдастыру (дизайн, функционалдылық)

Жеке идеяларын көрсетумен дамытуда оқушылар өз ойларын айтып, алған әсерлері мен шығармашылық шабыттарын сезінеді.

Шығармашылық шабыт сезімінде оқушылар альбомда немесе фотоаппарат көмегімен өздерін әуестендірген сәттерді жинап, түсіреді.






Оқушылар шығармашылық жұмысқа тақырыпты, орындау техникасын және қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды өздігімен (мұғаліммен келісе отырып) таңдайды. Оқушылар өздерінің шешімдерін көрсетіп, материалдар мен тәсілдерді пайдалануды жүзеге асырады.

Оқушылар өз жұмысында суреттеу құралдарын қолдана отырып өз идеяларын жеткізуі қажет. Жұмыс барысында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын талдап, мұғалім кеңесін алып, берілген ұсыныстар негізінде аяқтайды.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Альбомда эскиздерді орындау








Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп сұрақтарға жауап береді


Оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыруларына болады.

.

Дескриптор


Бояудың көмегімен беттің формасын және эмоцияны дәл келтіре алады.


Интернет ресурстар:

Кескіндемешілер: Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмаганбетов,Ә. Кастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов





Ж.,Анар Абжанова

Мүсіншілер:

Еркен Мергенов

http://erkinmergenov.com/

Даши Надаков

http://culturemap.kz/ru/object/monument-jer-ana-zemlya-mat


Аяқталуы


Үйге тапсыма беру

Әрбір оқушы өз жұмысын жариялап, қорғайды. Жұмыстағы негізгі ойды айқын түсіндіріп, өнерден өзінің білімін көрсетеді.


Жұмыстарға жалпы сипаттама беріп, оқущылардың шығармашылық жұмыстарына ұсыныстар айту.


Электронды көрме жасау бойынша жасалынған шығармашылық жұмыстардың ішінен таңдалған жұмыстар мектептің сайтына жүктеледі

Оқушылар ой бөліседі. бір-біріне сұрақтар қою арқылы талқыланады.

Оқушылар бір –бірінің жетістіктерін бағалайды.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!