Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 сынып/Қазақ тілі ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып/Қазақ тілі 2 тоқсан, 2 бөлім бойынша тоқсандық жиынтық бақылау жқмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы Успен ауданының «№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тогтал Ульжан

Қазақ тілі/ 5 сынып

2-ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу

2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы


Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

Тапсырма түрлері

Ұпай

Тыңдалым,

Айтылым және әдеби тіл

нормалары

Жануарлар

әлемі мен

өсімдіктер

дүниесі


Бос уақыт

және хобби

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру


5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Толық

жауапты

қажет ететін

сұрақтар

5

5

Оқылым және әдеби тіл

нормалары

5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану


5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Көп таңдауы

бар сұрақтар

5

5

Жазылым және əдеби тіл

нормалары

5.3.4.1 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу


5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Толық

жауапты

қажет ететін

сұрақтар

10







Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.







Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тап-сыр-ма

Қамтылатын мақсаттар

Ойлау дағыларының деңгейі

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1




5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру


5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Білу


Түсіну



Қолдану

Толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар 80-90 сөзден тұратын мәтінді мұғалімнің оқуы арқылы тыңдайды.

«Тыңдайтын үшбұрыш» тәсілінің шартына сүйене отырып, өз көзқарасын жан-жақты тұжырымдап, пікір алмасады. Бірінші оқушы екінші оқушыға сұрақтар қояды, екінші оқушы үшінші оқушыға сұрақ қояды. Ал үшінші оқушы бірінші оқушыға сұрақ қояды. Оқушылар өзара сұрақтарға жауап беру арқылы тапсырманы орындайды. Сұраққа жауап бергенде белсенділік танытады, мәтін бойынша сөйлеу барысында омоним, антоним, синоним сөздерді қолдануы қажет.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

5

5

2-11




5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану


5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану


Қолдану



Көп таңдауы бар сұрақтар

Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын көп таңдауы бар сұрақтардан бірнеше дұрыс жауабын таңдайды. (2 дұрыс жауап) Омоним, антоним, синонимдерді мәтіннен тауып көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

10

5

5

12

5.3.4.1 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу


5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Жоғары дағды деңгей-лері

Жазба

ша толық жауап

ты қажет ететін сұрақтар

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтаған. Эссе жазу барысында өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуды ескеруі, жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. (80-90 сөз көлемінде)


25

10

Барлығы

40 минут

30

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңыз. (3 сұрақтан кем емес) «Тыңдайтын үшбұрыш» тәсілінің шартына сүйене отырып, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, пікір алмасыңыз.

Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Сұраққа жауап бергенде белсенділік танытыңыз, мәтін бойынша сөйлеу барысында омоним, антоним, синоним сөздерді ерекшеліктеріне сай қолдаңыз. [10]


А мәтіні


Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан, олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әртүрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы ортаның тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, тыңдау арқылы есту жүйесін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздеп табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар.

Ғаламшарымыздағы бір жарым миллионнан астам жануарлар дене құрылысы бойынша омыртқасыздар және омыртқалылар болып бөлінеді.


(https://kk.wikipedia.org/wiki/сайтынан, 87 сөз)

Ә мәтіні


Жер бетінде қызғалдақтың 120-дан астам түрі бар болса, олардың басым көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен. Ал біздің отандық мамандар бұл гүлдің «грейг»* деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. «Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы», – дейді олар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы саналады.

https://nationalgeographic.kz/2017/04/19/5278.html, (81 сөз)


* Грейг қызғалдағы (Регель қызғалдағы, Tulipa greigii) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік.







Оқылым

Тапсырма


Мәтіндерді оқып шығыңыздар.[10]


А мәтіні

БАЛА ШОҚАН

Мүсiншi Мысық


Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықты кiм iстедi? – деп Шоқан сары балаға жылы амандасып, күлiмдей қарады.

Өзiмдiкi, өзiм iстедiм, – деп танауын бiр тартып, кiшкене көкшiл көзi шегiрейiп, Мысық ойыншықтарын бауырына қарай икемдей бердi. Шоқан құнаннан түсiп, өзiне қарай жүргенде, сары бала:

Иә, бермеймiн, – деп ойыншықтарын жинай бастады.

Ей, Мысық, немене, өзiң сонша қорқасың. Алмаймын, көрейiн, – деп күлiмдей сұрады Шоқан.

Жоқ, сенiң құнаның бар, алып қашып кетесiң. Мен жаяумын. Кеше әлгi бiр тентек бала өзiмдi сабап кеттi. Сен тимейсiң бе? – деп Мысық батылдана, мұңын шаға сөйледi.

Жоқ, мен алып қашпаймын. Тек көрем. Мысық Шоқанға бұрынғы үйiрлiгiне сенiп, ойыншықтарын тегiс көрсеттi.



(http://kazorta.org/ сайтынан 97 сөз)


Ә мәтіні


Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы» — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді.


(https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%B A%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF (90 сөз)



І. Берілген мәтіндер бойынша төмендегі сұрақтарға бір дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап беріңіз.


1. Сирек сөзіне антоним бола алатын сөз.

А) Бірең-сараң

В) Жиі

С) Кейде

D) Оқтын-оқтын

Е) Тез-тез


2. Берілген сөйлемдегі омоним бола алатын сөзді белгілеңіз.

Сен тимейсiң бе? – деп Мысық батылдана, мұңын шаға сөйледi.

А) Батылдана

В) Мысық

С) Мұңын

D) Сөйледі

Е) Тимейсің бе?


ІІ. Берілген мәтіндер бойынша төмендегі сұрақтарға бірнеше дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап беріңіз.


  1. Берілген екі мәтіннің стилін анықтаңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Ғылыми стиль

С) Көркем әдеби стиль

D) Публицистикалық стиль

Е) Ресми іс-қағаздар стилі


4. Бірінші мәтінге тән қасиет.

А) Еркіндікке құрылуында

В) Кейбір сөздер айтылмай түсіп қалуында

С) Қоғамдық ортада қолданылуында

D) Ресми орындарды қолданылуында

Е) Сөздердің баламасы қолданылуында


5. Мысықтың әуес ісі.

А) Бұйымдар жасау

В) Мүсіндер жасау

С) Ойыншықтар жасау

D) Қуыршақтар жасау

Е) Жануарлар жасау


6. Асты сызылған сөздің синонимін көрсетіңіз.

Мысық ойыншықтарын бауырына қарай икемдей бердi.

А) Арқасына

В) Жанына

С) Кеудесіне

D) Көкірегіне

Е) Қойнына


7. Мысық Шоқанды неге асыға күтті? Шоқанға қандай мінез сай келеді?

А) Аңғарғыш

В) Байқағыш

С) Қатыгез

D) Менменшіл

Е) Ұялшақ


8. Қызыл кітап қандай дәрежедегі кітап.

А) Мемлекетаралық

В) Облыстық

С) Республикалық

D) Халықаралық

Е) Энциклопедиялық


9. Қызыл кітапқа қандай жануарлар мен өсімдік түрлері тіркеледі

А) Айрықша қорғауды қажет ететін

В) Ерекше қорғауды қажет етпейтін

С) Жылдан жылға жойылып бара жатқан

D) Орманда күнделікті кездесетін

Е) Сирек әрі үнемі кездесетін


10. Табиғатты қорғау мәселесімен қандай ұйым айналысады.

А) Құстар мен өсімдіктерді қорғау одағы

В) Халықаралық жануарларды қорғау одағы

С) Халықаралық өсімдіктерді қорғау одағы

D) Халықаралық дәрежедегі табиғатты қорғау одағы

Е) ЮНЕСКО жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы


Жазылым


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
14117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12