Материалдар / §60. Қазақстанның экологиялық мәселелері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

§60. Қазақстанның экологиялық мәселелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
8.3.2.3- Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2024
48
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 сынып №69

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Себептері мен салдарлары. Оларды шешу жолдары. §60. Қазақстанның экологиялық мәселелері.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

23.05 22.05

Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Себептері мен салдарлары. Оларды шешу жолдары. §60. Қазақстанның экологиялық мәселелері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.2.3- Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіреді;

ЕБҚ: Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептерін сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға екі түрлі сурет немесе сөз көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру.


Жылыжайлық әсер

Озон тесіктері

Қышқыл жауын

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.




Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірін білдіреді.

«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

-кілт сөздердің айырмашылығын сипаттайды -1 балл;

Интерактивті панель Презентация



Оқушылардың назарын аудару

«Құндылық» Ұлттық мүде (Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу)


«Менен сұрақ-сенен жауап» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


«Экологиялық мәселе» деген терминнен сендер не түсіндіңдер? Сендер

тұратын жерде осындай мәселелер бар ма? Қазақстанның қандай нысандары (объектілері) тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр?

Менен сұрақ-сенен жауап әдісінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

- бір құндылық айтты – 1 балл;

- оқу мақсатына сай қойылған сұрақтарға жауап береді -2 балл;

Интерактивті панель Презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

Сабақтың оқу мақсаты:

8.3.2.3- Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру;


Сабақтың мақсаты:

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіреді;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Интерактивті панель Презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Инсерт» кесте әдісі.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.

Оқушылар мәтінді оқиды.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланады, танысып шығады. Кестені толтырады. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель Презентация


Сабақтың ортасы


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Атаулар мекені»

Тақырып бойынша термин сөздердер беріледі. Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын сипаттау, теориялық білімдерін молайту.


Полигон,

Экологиялық қозғалыс,

мораторий,

экологиялық апат.

Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын жазып, теориялық білімдерін молайтады.


«Ашық журнал» әдісі


Дескриптор:

-кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды – 2 балл;

Интерактивті панель Презентация


Практикалық тапсырмалар беру.

Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель Презентация


Үлестірме парақтар

Жұмыс дәптерлері

Бағалау

Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель Презентация


Үлестірме парақтар

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы


Кері байланыс беру

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Интерактивті панель Презентация




Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Үй тапсырма: қайталау

Білім алушылар алдыңғы өткен оқу мақсаттарын қайталайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША

Құндылықтарды енгізу шарттары:

  • Құндылықтың атын айтпау;

  • Лекция ретінде болмауы;

  • Максималды ұзақтық-10 минут;

  • Жас ерекшелігіне сай болуы;

  • Іс-шаралардың әртүрлі болуы;


«Тақырып» §60. Қазақстанның экологиялық мәселелері.

«Құндылық» Ұлттық мүде (Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу)

«Түрі» Сұрақ

«Атауы» Адам табиғатқа не істей алады?



Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.


«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»








Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалар.

Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған мемлекеттің бірі. Еліміз аумағының 60%-дан астам алқабы экологиялық апатты аймақтарға жатады. Қазақстанның шығысы тау-кен металлургия өнеркәсіптерінен шыққан түрлі улы заттармен ластануда. Еліміздің батыс аймағы мұнай, газ өнеркәсібінің өнімдерінен және Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарында жүргізілген сынақ зардаптарынан ластанған. Арал өңірі мен Орталық Қазақстан аймағында Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының ластау әсері айқын байқалуда. Өлкеміздің оңтүстік өңірі фосфор, қорғасын, цемент өнеркәсіп орындарынан шыққан химиялық заттармен және уран кен орындарынан шыққан радиациялық сәулелердің әсерінен зардап шегуде.

Қазақстанның экологиялық апатты аймағының бірі — Арал теңізінің тартылуы дүние жүзіне әйгілі. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын шектен тыс ауыл шаруашылығына бейберекет пайдалану Арал теңізінің тартылуына басты себеп болды. Соның нәтижесінде теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеп, суының тұздылығы 25—30%-ға дейін артып кетті. Судың тартылуынан бұрынғы теңіз қазір үлкен және кіші Аралға бөлініп қалды. Кіші аралдың су деңгейін көтеру мақсатында Үлкен Арал мен Кіші Арал арасында Көкарал бөгеті салынды. Қазір Кіші Аралдың суы молайып, деңгей едәуір көтерілгендігі байқалады. 

Каспий теңізінің жағалауындағы мұнай және газ өндіру кәсіп орындары сол маңдағы аймақтың және теңіз суының күкіртпен ластануына тікелей ықпал етуде. Осындай ластану салдарынан Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтар мен түлендердің көптеп қырылуы байқалып отыр.  

            Қоршаған ортаны ластандыруға тікелей әсер ететін нысандарға байланысты ластану көздерін бірнеше топқа бөледі:

1. Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагнитті
толқындар, жылу, шу және т.б. заттардың әсерінен болады.

2. Химиялық ластануға көміртек қосылыстары, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, тұрмыс қажетінен шыққан сулар, минералдық
тыңайтқыштар, пестицидтер, ауыр металдар, аэрозолдар, автокөліктер
шығаратын улы газдар, сондай-ақ өнеркәсіп орындарынан шығатын
түтіндер, шаң-тозаңдар, т.б. жатады. Ластанудың бұл түрі қазіргі кезде
дүние жүзінің барлық аймақтарында кеңінен таралған.

3. Биологиялық ластану — ауру қоздыратын бактериялар, вирустар, кей жылдары шектен тыс көбейіп кететін зиянды жәндіктер
арқылы таралады. Бір кездегі дүние жүзіндегі биологиялық қару
ретінде пайдалануға арналған сынақ алаңы да Қазақстан жерінде
(Арал теңізіндегі Возрождение аралы) орналасқан.



Каспий теңізі - өзіне құятын өзендермен қоса алғанда ішкі сулардың ішінде балық шаруашылығы жөнінен ерекше орын алатын су көзі. Бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік қорының 90%-н ала отырып, оның өнімдерін ішкі және сыртқы базарларға шығарады. Тұщы суда өсетін қара балықтарды аулау дүниежүзінде бірінші орын алады. 

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!