400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6.3.1.3 Заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тарау тақырыбы:

6.2 А Заттар және мариалдар

Күні: 18.11

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы:

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.3 Заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Заттардың қасиеттерін біледі және кейбір заттардың қайнау температураларын мұғалімнің көмегімен анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Заттардың қасиеттерін біледі және кейбір заттардың қайнау температураларын анықтайды. Қайнау температураларына байланысты мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар:

Заттардың қасиеттерінің өзгеруінің себеп- салдарын сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы


0-6 мин




















  1. Жұптық жұмыс-сынып форматы

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, жауапты жұпта талдап, сынып форматында жариялайды.

5 сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, берілген заттардың қасиеттерін сипаттайды

- Берілген заттардың өздерің білетін қасиеттерін сипаттаңдар?

Заттардың қасиеттері:

түсі, агрегаттық күйі, тығыздығы, аққыштығы, тапталғыштығы, иілімділігі, жылу және электрөткізгіштігі, балқу және қайнау температуралары

Жауапты толықтыру қажет болған жағдайда мұғалім толықтырады.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • Затқа тән қасиеттерді сипаттайды

  • Заттың физикалық қасиетін сипаттайтын қасиеттерді анықтайды

  1. Мақсатты тұжырымдау.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады.

Слайд №1-2






Әр түрлі қасиеттері бар заттарды алуға болады: спирт, алюминий, мыс, пенопласт және т.б.










Сабақтың ортасы


7-12











13-18


















19-24




















25-38

























3. Мәтінмен жұмыс:

  • «Балқу - заттың қатты күйден сұйық агрегаттық күйге өтуі

  • Балқу температурасы - заттың балқитын температурасы

Қатты денені балқыту үшін оны барлық молекула агрегаттық күйін өзгерткенше қыздыру керек. Қатты заттың барлық бөлшегі өзара тартылыс күштерін жеңуі үшін ұзақ уақыт қыздыру қажет.

  • Қайнау - заттың сұйықтықтан газ күйіне өтуі

  • Қайнау температурасы - заттың газға айналатын температурасы

Су үшін қайнау температурасы 100°C-ді құрайды.


 4. Сен білесің бе?

Заттардың қайнау және балқу температуралары әртүрлі. Қант 186°C температурада, ал темір 1539°C температурада балқиды. Қантты оңай балқитын зат деп, ал темірді отқа төзімді деп қарастыруға болады.

Металдың барлығы жоғары температурада балқымайды. Сынап – балқу температурасы теріс мәнге ие металл, ол -39°C-қа тең. Сынаптың қайнау температурасы 357°C құрайды. 2-суретте тамшуыр арқылы сынаптың қалай құйылатындығы көрсетілген.

Ауа компоненттерінің қайнау температуралары: оттегі мен азот теріс мәндерге ие. Оттегінің қайнау температурасы 183°C, ал азоттың қайнау температурасы 196°C. Жердегі ауа температурасы -88,3-тен (Шығыс станциясы, Антарктида) + 58,7°C дейінгі (Гарьян, Ливия) аралықта өзгеріп отырады. Сондықтан азот пен оттегінің судан айырмашылығы атмосферада әрдайым газ тәрізді күйде болады.

5. 1- Тапсырма

Берілген суретті зерттеп,

сөйлемді толықтыр.

Суретте ………………..температурада жүзеге асатын судың……………………процесі көрсетілген. Барлық су молекуласы сұйық күйден …………………күйге толық

ауысу үшін сұйықтықты ұзақ уақыт қыздыру қажет.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қайнау температурасы ұғымдарын дұрыс қолданады

  • қайнау процесіндегі ерекшеліктерді ажыратады

  • Сөйлемді толықтырады


2- Тапсырма

Температураны бөлме температурасынан 90°C дейін көтергенде қандай заттарды балқытуға болады?

Жауап беру үшін кестедегі деректерді қолдан:

2- Тапсырма

Температураны бөлме температурасынан 90°C дейін көтергенде қандай заттарды балқытуға болады?

Жауап беру үшін кестедегі деректерді қолдан:

Заттар

Балқу нүктесі,оС

натрий

97,8

салол

41,5

күкірт

112,8

ақ фосфор

44,0

Shape2

Дескрипторлар

Оқушылар

  • балқу температурасы ұғымдарын дұрыс қолданады

  • балқу процесіндегі ерекшеліктерді ажыратады

  • кестедегі деректерді қолданады


Мұғалім кері байланыс береді.

Слайд 3-4



Қосымша №1














Слайд 5-6,7





Слайд 7-8
















Слайд 10-11


















Сабақтың соңы:


39-40

7. Кері байланыс

Мұғалім оқушылардан сабақта алған білім мен түсіну деңгейін бағалауды ұсынады:

Сабақта мен....

білдім _________________________

түсіндім_________________________

үйрендім

Слайд 8







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі